Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.49 Кб
Скачать

1.Аудандық медициналық мекемелер.

Арнайы көмек көрсететін мекеме орталвық аудандық аурухана болып саналады . Оның құрамына: емхана, стационар, емдеу-текскру кабинеттері, жедел-жәрдем бөлімі, ұйымдастыру методикалық бөлімдері кіреді. О.А.А жұмысының мақсаты: аудан тұрғындарын маманданған аурухан және емхана қамтамасыз ету, жедел жәрдем көмегін ұйымдастыру. Және т.с.с.

О.А.А бас дәрігер және оның орынбасары басқарады. Еңбек экспертизасы бойынша, экономикалық сұрақтарды шешетін , шаруашылық бөліміне жауап беретін, және т.с.с жұмұс атқарады. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері аудандағы медициналық көмекті ұйымдастырады. Денсаулық ссақтау мекемелерін ақшалай және материалдық техникалық көмекпен қамтамассыз етеді. Халық арнайы мамандандырылған мед. көмек көрсету мен аудандағы мамандар шұғылданады.

Орталық аудандық аурухана

Консультативтік емхана Стационар

Тіркеу бөлімі қабылдау бөлімі

Емдеу бөлімі

Дәрігерлердің қабылдау каб. Жедел жәрдем көрсететін бөлім

Мед.көмек

14-16 түрлі мамандармен көрсетіледі ұйымдастыру методикалық Каб.

Орталық аудандық аурухананың құрылысы

  • Стационар- ауыл тұрғындарына маманданған және жоғары дәрежелі мед.көмек көрсетіледі.

  • Консультативтік емхана ауруду тексеруден өткізіп анықтайды және қорытынды диагноз қояды. Адамның еңбекке жарамсыздығын анықтайды.

  • Жедел жәрде және жоспарлы түсіндіру бөлімі мұнда хирург, нейрохурург, және т.б.

  • Ұйымдастыру методикалық бөлімі- статиастикалық кабинет облыстағы емдеу профилактикалық жұмыстарын басқарады. Мед. хабарларды жинайды. Бұл облыстық бас мамандармн бірігіп жұмыс істейді.

  • Облыстық аурухана емдеумен бірге педагогикалық және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргігетін мекеме. Дәрігерлер білімін жоғарылатады.

2.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекет аралық заң нормалары.

Қазақстан Республикасының конститутциясы (1995 ж. 30-шы тамыз).

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі.

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жж. денсаулық сақтауды реформалау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы.

13 қыркүйекте 2004 ж №1438 ҚР Президентінің жарлығы бойынша 2005-2010 жж ҚР денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның басты мақсаты болып мемлекет пен адам арасында денсаулық сақтау үшін ынтымақтасқан жауапкершілік принцптеріне, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басым дамытуға негізделген медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру қойылды.

Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заң 1997 жылы 19 мамырда қабылданды

Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың меншік нышандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау жөнінде азаматтардың Конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді

ҚР азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заң 14 тараудан құралады

І - жалпы ережелер

ІІ – ҚР-да азаматтардың денсаулығын сақтауды ұйымдастыру

ІІІ - ҚР-да азаматтарға медициналық көмек ұйымдастыру жүйесі

ІҮ – Донорлық

Ү – Дәрі-дәрмектік және протездік ортопедиялық көмек

ҮІ – Мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарының құқықтары мен міндеттері

ҮІІ –Денсаулық сақтауды қаржыландыру

ҮІІІ – Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары

ІХ - Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы міндеттері

Х – Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері

ХІ – Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету

ХІІ – Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және олардың әлеуметтік қорғалуы

ХІІІ – Медициналық сараптама

ХІҮ – Қортынды ережелер

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет Басшысының Қазақстан Халқына 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы №535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет Басшысының Қазақстан Халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы “Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - әлеуметтік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №1019 Жарлығымен бекітілген Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 ақпандағы №1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-иновациялық даму стратегиясы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі №1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]