Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вто шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.06 Кб
Скачать

49.Қр импорттық реттеу бойынша ұстанылатын негізгі шарттарға сипаттама

Республиканың қазіргі сауда режимінде экспорт және импорт тарифтік (экспорттық баж) және бейтарифтік (лицензиялау, квоталау, тыйым салу тағы басқалар) шаралармен реттелінеді.

Кеден кодексіне сәйкес тауарлардың экспорты мен импорты бейтарифтік реттеу шаралары  сақталған және кеден баждары төленген жағдайда жүзеге асырылады.

Импорттайтын тауарлар мен көлік құралдарына ҚҚС пен акциздер кеден органдарымен ҚР кеден заңдарына сәйкес салынады.

ҚР аумағына әкелінетін тауарлар бойынша ҚҚС-ты салу объектісі болып, келесі сомаларды қамтитін көрсеткіш қарастырылады: ҚР заңдарына сәйкес анықталатын тауардың құны, кедендік рәсімдеу үшін алынатын алымдар, импорттық кедендік баж, импорттайтын тауарларға төленетін акциз қолданады, ал алыс шетел мемлекеттерімен саудаласқанда жеткізу орны принципі бойынша.

Кеден заңдарына сәйксс анықталатын кедендік құн немесе тауардың заттай мөлшері импортталатын акциздік тауарлар бойынша салық салу объектісі ретінде алынады. Белгілеуге жататын тауарлар бойынша, есептелген акциз сомасы алып келінетін тауарлардың көлемі бойынша акциздік алым маркаларының құнына азайтылады.

Кеден ісі заңыньң 137 бабына сәйкес импорттайтын шикізат пен материалдарды өнеркәсіптік өңдеуге жататын кеден бажын төлеу мерзімін ұзарту әлде бөлшектеу кеден төлем органымен берілгеннен басқа уақытта кеден төлемдері ҚР кеден органдарымен кеден декларациясын қабылдамай тұрғанда, әлде қабылдаған күні төленеді. Кедендік рәсімдеу үшіп кедендік алымдарды төлеу үшін төлеу мерзімі не ұзартылмайды, не бөлшектелінбейді.. Жеке тұлғалар ҚР кедендік шекарадан тауар алып өткізілгенде кедендік рәсімдеу үшін төленетін кедендік баж салымдар кедендік органдар мен кедендік декларация қабылданған кезде бірге төленеді. Егер белгіленген мерзімде кедендік декларация берілмеген болса, онда кедендік іс Заңының 195 бабына сәйкес анықталғандай кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік баж бен салымдардың төлеу мерзімі, кедендік декларация беру мерзімінің аяқталған күнінен бастап саналады.

Қазақстанның ДСҰ ға кіру үрдісі кезінде импорттық реттеу шаралары ретінде тауарларды импорттау үшін берілетін лицензиялардың мерзімі 30-дан 15 күнге дейін қысқартылды. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап дәрі- дәрмектерді және фармацевтикалық тауарларды импорттау үшін мемлекет тарапынан  лицензия талап етілмейтін болды. Ал 2012 жылдан бастап этилдық спиртті және алкоголдік ішімдіктерді импорттау үшін мемлекет тарапынан лицензия қолданылмайтын болды. Қазақстанның заңнамаларына енгізілген бұл өзгерістер сауда саласында жұмыс істеп жатқан бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар Қазақстанда импортттық тауарларға қолданатын кедендік баждар деңгейлері бойынша екі жақты келісссөздер ДСҰ-ға мүше 30 мемлекеттермен 2004-2009 жылдардың барысында жүргізіліп, аяқталды.

Бұл келіссөздердің нәтижесінде қол жетіскен орташа импорттық кедендік тарифтың деңгейі 7,9% мөлшерін құрап отыр. Оның ішінде өндірістік тауарларға - 6,5%, ауыл шаруышылық тауарларға- 13,2%.

Бұл келіссөздердің нәтижесі отандық тауарларды импорттық тауарлар тарапынан бәсекелестіктен қорғауға және шикізаттан тыс жаңа өндіруші салаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]