Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вто шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343 Кб
Скачать

38. Трансұлттық корпорациялардың халықаралық сауданы реттеудегі рөлін пайымдаңыз

Дүниежүзілік шаруашылықта жүріп жатқан объективті экономикалық процестердің нәтижесінде пайда болған трансұлттық корпорациялардың өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар.

Трансұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысушы ретінде оның дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.

Трансұлттық корпорациялар капиталдарының қозғалысы, әдетте, сол корпорациялар орналасқан елдегі жүріп жатқан процестерден дербес, тәуелсіз. Трансұлттық корпорациялар халықаралық өндірістер жүйесін қалыптастырады. Олар дүние жүзінің көптеген елдерінде филиалдар, сыбағалас компаниялар, бөлімшелер ашуға негізделген.

Трансұлттық корпорациялар орасан зор инвестициялар мен жоғары дәрежелі маман кадрларды қажет ететін жоғары техно­логиялық және ғылыми сыйымды өндіріс салаларына сыналай кіріп, оларды өзіне бағындыра бастайды. Осы кезде трансүлттық корпорациялардың жекелеген салаларды монополизациялауға ұмтылысы тенденциясы байқалады.

80-жылдардың орта тұсында капиталистік елдердің өнеркәсіп өнімінің төрттен үші 2 мыңдай куатты корпорациялардың күшімен өндірілген. Солардың ішінде бірнеше жүздеген корпо­рациялар өнімнің ең маңызды түрлерінің 50%-тен 80 процентке дейінгі үлесін өндірген.

Бұл трансұлттық корпорациялар негізінен өндірістік және иновациялық (жаңалықтар) ауыртпалықтарды да көтереді.

Дүние жүзіндегі қуатты 500 трансұлттық корпорациялардың 85-і шетелдік инвестициялардың 70% өз қарауында ұстайды. Осы орасан зор компаниялар электроника мен химия өндірісі өнімдерінің 80% , фармацевтиканың 95% , машина жасау өнімінің 76% өндіріп, өткізеді.

Батыс экономистерінің болжамы бойынша 2000 жылға дейін дүниежүзілік шаруашылықта 600-ге жуық трансұлттық корпорациялардың үстемдігі орнайды. Сонымен бірге 300 корпорация дүниежүзілік жиынтық өнімнің 75 процентіне иелік етіп, өз өндірісі мен қызмет көрсету түрлерін едәуір диверсификациялауды жүзеге асырады. Диверсификация- шаруашылық қызметін жаңа әрекет өрісіне тарату. Мысалы, Швециялық «Вольво» автомобиль концерні қазірдің өзінде тек қана автомобиль жасап отырған жоқ. Бүл трансұлттық корпорацияның Швецияның өзінде 30-дан ас-гам әр түрлі пішіндегі еншілес компаниялары жүмыс істейді. Ал шетелдерде бұл корпорацияның катерлер үшін мотор, авиақозғалтқыштар т. б. жасайтын ондаған филиалдары бар.

Өз кезегінде АҚШ-тағы 500 ең ірі трансұлттық корпорациялардың әрқайсысының орта есеппен 11 салада өз кәсіпорындары бар, ал орасан зорларының 30-дан 50-ге дейінгі салаларда сыбағалас кэсіпорындары жұмыс істейді. Ұлыбританияның 100 жетекші өнеркәсіп фирмаларыныц 96-сы көп салалы фирмалар. Мүндай фирмалардың саны Алманияда-78, Францияда-84, Италияда-90. Трансұлттық корпорациялардың құрамына кіретін кә-сіпорындардың саны мен мәні алға қойған экономикалық мақсаттарға сэйкес анықталады.

Қуатты өндірістік базасы бар трансұлттық корпорациялардың сауда-өндірістік саясаты тиімділігі жоғары өндіріс пен тауар рыногын қалыптастыруға бағытталған.

Трансұлттық корпорациялар халықаралық аренада күрделі қаржы мен ғылыми-зерттеу жүмыстарына байланысты икемді динамикалық саясатты жүзеге асырады. Халықаралық корпорациялардың пайда болуын және дамуын көрсететін мысал ретінде өз қарауында тұрмыстық электротехника мен өнеркэсіптік жабдықтардың дүниежүзілік рыногының 25 процентін қамтитын «Электролюкс» трансұлттық корпорациясының эрекетін келтіруге болады.

1912 жылы екі швед компаниясының бірігуінен пайда болған «Электролюкс» 20-жылдардың аяғында-ақ өзінің өндірісін Авс­тралия мен Жаңа Зеландияда ұйымдастырып үлгерді. Соңғы он жылдықта «Электролюкс» АҚШ-тың - «Уайт Консолидейтед», Италиядағы ең ірі электр тауарларын өндіруші - «Занусси» және Алманиядағы негізгі электр тауарларын өндіруші - «АЭГ» компанияларын иемденді.

Аталған үш фирманы қосып алғаннан соң «Электро-люкс» өз саласында дүние жүзіндегі жетекші трансұлттық корпорацияға айналды. Қазіргі кезде оның 75 елде тұрмыстық электротехниканы өндіретін, өткізетін және қызмет көрсететін дамыған жүйесі ырғақты жүмыс істеп тұр. 90 - жылдардың ортасында аталған трансұлттық корпорацияның кәсіпорындарында 110 мыңнан астам адам еңбек етіп, жылдық айналымы 10 млрд. долларға жетті.

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы трансұлттық корпорациялардың ролі күшейіп отыр. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі олардың алатын орны, ұлттық экономикаларды дамытуға ықпалы ерекше маңызды.

Өнеркәсібі дамыған елдердің сыртқы экономикалық байланыстарының мән-мағынасын солардың трансұлттық корпорацияларының шетелдердегі шаруашылық қызметтері көрсетеді.

Трансұлттық корпорациялардың шетелдегі жиынтық инвестициялары қазірдің өзінде сыртқы сауда айналымын басып олардың қарқыны уақыт өткен сайын жеделдеп келеді

Трансұлттық корпорациялар халықаралық экономикалық бай-ланыстарда қандай бір елдің болмасын экономикалық тағдырына әсер eтe алатын негізгі күшке айналып отыр. Олардың белсенді өндірістік, инвестициялық жэне сауда саясатының өндіріс пен бөлуді реттейтін ықпалды халықаралық фактор екендігінде ешкімнің күмәні болмаса керек. БҰҰ сарап-шыларының талдауы бойынша, трансүлттық корпорациялар дүниежүзілік экономикалық интеграция қозғалысына өзінің игі әсерін тигізеді. Олар мемлекет меншігіндегі салаларға да сұқтанып, оған кірігу мүмкіндіктерін қарастырады. Трансұлттық корпо­рациялардың мұндай ұмтылыстары дүниежүзілік экономиканың толық жэне түгел интеграциялануын қадағалауға қызығушылық емес, осы процестің шеңбері мен шектерінде мейлінше мол пайдаға кенелуге деген ұмтылыс.