Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вто шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.06 Кб
Скачать
  1. Қызмет саудасы бағытындағы көпсалалық сауда келісімдері мен зияткерлік меншік саудасына сипаттама беріңіз

Халықаралық қызмет саудасы көптеген жылдар бойы мемлекеттердің реттеуінсіз жүзеге асырылды. Мұндай жағдай нарықта шетел және отандық қызмет көрсетушілер арасында бәсекелестік пайда болғанға дейін жалғасын тапты. Қызмет саудасын халықаралық деңгейде реттеудің алғашқы үлгісі ретінде ХҮІІ ғасырда теңіз державаларымен енгізілген шетел теңіз кемелерінің ұлттық порттарға кіруін шектеуді (кеме туына байланысты әр түрлі порттық алымдар алу) айтуға болады. Мұндай шектеулердің пайда болуы мүдделі мемлекеттерді келіссөздер арқылы теңіз тасымалында қолданылатын шектеулердің бірыңғай ережелері мен қағидаларын жасауға мәжбүрледі. Халықаралық экономикалық қатынастарда жаңа реттеу жүйесін құрудың алғышарттары ретінде АҚШ-тағы «ұлы дағдарыс» сияқты ХХ ғасырдың 30-40 жылдары болған әлемдік экономикадағы ірі көлемді оқиғаларды атап өтуге болады. Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс зардаптары да әлемді, оның ішінде экономика саласын да қайта құру қажеттігін тудырды. Әлемдік қызмет саудасының ережелері мен қағидаларын жасауға алғаш рет ХХ ғасырдың 40 ж.ж. әрекет жасалды. Бұл әрекеттер Халықаралық сауда ұйымын (ХСҰ) құруға дайындықпен байланысты болды. Сол кездің өзінде ХСҰ Жарғысында халықаралық қызмет саудасының маңызды элементі қызметтер (көлік, байланыс, сақтандыру және банк ісі, т.б.) екені, әрі іскерлік тәжірибенің қауіпті салдары болуы мүмкін екені айқындалған. Алайда ХСҰ Жарғысы қабылданбады, ал Тарифтер мен сауда бойынша бас келісім (ГАТТ) мәтінінде бұл ережелер көрініс таппады (ГАТТ мәтініне тек кинофильмдерді демонстрациялау және транзит туралы баптар ғана қосылған). Тарифтер мен сауда бойынша бас келісімге 1947 жылдың 30 қазанында қол қойылып, 1948 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. ГАТТ мәтінінде қызмет саудасын реттейтін ережелердің болмауын американдық ғалымдар аталмыш келісімге қол қою сәтінде қызмет саудасының әлемдік сауда көлемінің аз ғана бөлігін  құрағандықтан деп түсіндіреді. Әрі қызметтер жекелей өнім ретінде экспортқа шығарылмаған еді.

 1984 жылдың қарашасындағы ГАТТ сессиясында қызметтерге қатысты ақпарат алмасуды жетілдіру туралы келісімге қол жеткізілді. Ол кезде ОЭСР және дамыған мемлекеттердің басым көпшілігінің осы қозғалыстың жақтастары екені анықталған еді. АҚШ 1984 жылғы «Сауда және тарифтер туралы актіге» қызмет саудасы бойынша келіссөздер жүргізуге мандат және қызмет саудасына қатысты серіктестердің протекционизміне қарсы шара қолдануға мүмкіндік беретін ереже қосты. Соңғысы қызмет саудасы бойынша халықаралық ережелер дайындауға қосымша аргументке айналды. Осы мәселелер бойынша жұмыс істеу үшін (ГАТТ шеңберінде) Қызметтер бойынша келіссөздер жүргізуші топ құрылды.

                  ГАТТ келіссөздерінің Уругвай раундының басталуы қарсаңында қызмет саудасы туралы болашақ Келісімнің форматына қатысты негізгі көзқарастар осындай еді. Қазіргі таңда ДСҰ аясында қызметтер саудасын реттеу бойынша кеңес жұмыс атқарады. Осы кеңес 3 мамандандырылған комитеттерден тұрады:

Қаржы қызметтерiмен сауда бойынша комитет сауда және қаржы қызметтерiнiң реттеуiнiң сұрақтары жетекшiлiк етедi. Осы комитет қызметтердiң ерекше секторларындағы Гатстың келiсiмiнiң қолдануына барлауды жүзеге асырады және қаржы қызметтерiнiң секторына техникалық талқылауларды өткiзу және регуляция дамытуын баға үшiн алаңмен қызмет көрсетедi.

Ерекше мiндеттемелер бойынша комитет БҰҰ классификатор кiретiн негiзгi өнiмдердiң қызметтерiне және ерекше мiндеттемелердiң тiзiм жататын сұрақтар жетекшiлiк етедi. Сонымен бiрге комитет форумдар, ерекше мiндеттемелердiң тiзiмнiң соңғы рет өтуiнiң арнаулы техникалық тұрғыларына өткiзедi.

Iшкi реттеу бойынша жұмыс тобы үш бағыттар бойынша Гатс келiсiм бойынша жұмыс тобының ережелерiмен сәйкес iшкi реттеудi салада жұмыс iстеудi енгiзуге өкiлеттiк берген: (Гатстың X келiсiмiнiң бабы) өте қорғау шаралары, (Гатстың XIII келiсiмiнiң бабы) мемлекеттiк сатып алу, (Гатстың XV келiсiмiнiң бабы) жәрдемақылар.

            Қызметтер саудасының еркіндігі әлемдік ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді мақсаты болып қала бермек. Мұны қызмет саудасын либерализациялау бойынша халықаралық келіссөздерге қатысушы мемлекеттердің санының ұлғаюынан да көруге болады. Алайда ешбір мемлекет еркін қызмет саудасының әмбебап халықаралық жүйесін құру үшін өз компанияларының мүдделерін құрбан етуге дайын емес. Бұдан біз еркін сауда теориясы мен тәжірибесі арасындағы оңай түсіндірілетін қарама-қайшылықты көре аламыз.

Интеллектуалды мүлік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім (ТРИПС)- интеллектуалды мүлікті қорғау стандарттары мен оларды қолдану шараларын орнатады. Әр мүше ел интеллектуалды мүлік кұкықтары жөніндегі келісімдер мен ТРИПС ережелерін қатаң сақтау керек жәже кері жағдайда әр мүше елге интеллектуалды мүлік құқықтарын қорғауға мәжбүрлеу саясаты қолданылады. ТРИПС ДСҰ- ның негізгі үш құқықтық құ-ралдарының бірі. Келісім 7 бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде жалпы қағидалар қарастырылады. Екінші бөлімде интеллектуалды мүліктің әр түрлі түрлерін қорғау стандарттары қарастырылған: авторлық кұкық, сауда белгілері, географиялық нұсқаулар, өндірістік көрсеткіште, патенттер, интегралды микросхемалар топологиясы, коммерциялық кұпия. Үшінші бөлім интеллектуалды мүлік құкықтарын орындауға мәжбүрлеу шараларын қарастырады. Төртінші бөлім бұл құқықтарды алу және дәлелдеу процедураларына сипаттама береді. V бөлім «Дауларды алдын алу және реттеу». VI бөлім «Өтпелі шаралар». Барлық елдер 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап Келісімге сәйкес өз заңнамасын жасауға 1 жыл көлемінде уақыт алды. Дамушы елдер үшін бұл уақыт 11 жылды құрады. VII бөлім – «Қорытынды ережелер». ТРИПС ДСҰ мүшелерінен Өндірістік мүлікті қорғаудың Париж конвенциясының міндеттемелерін (1967 ж.), Шығармашылық туындыларды қоргаудың Берн конвенциясын (1971 ж.). 1961 ж. Рим конвенциясы мен 1989 ж. Вашингтон келесімін орындауды талап етеді.

қазіргі таңда халықаралық құқықтық аспектілерде зияткерлік меншік мәселелерімен негізінен ТРИПС келісімі шеңберінде екі халықаралық ұйымдар: ВОИС және ДСҰ айналысады. ВОИС XIX ғасырда құрылды, ал 1974 жылы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін БҰҰ-на мамандандырылған мекемеге айналды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]