Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вто шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.06 Кб
Скачать
  1. Қр сыртқы саудасына статистикалық талдау жүргізе отырып сауданың тауарлық және географиялық құрылымын сипаттаңыз

  Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың  басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.

    Жалпы сауда саясаты бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.

Жалпы, қазақстанның сыртқы саудасының құрылымына келер болсақ, 2013 жылғы ұлттық бантің төлем балансының мәлеттері бойынша Тірі мал жəне мал шаруашылығының өнімдері, Өсімдік өнімдері, Малдан немесе өсімдіктен алынған тоң май жəне май, Азық-түлік өнеркəсібінің өнімдері, алкоголь, темекі, Минералды өнімдер, Химия өнеркəсібінің өнімі, Пластмасса жəне одан жасалған бұйым: каучук, Тері шикізаты, тері, аң терісі шикізаты жəне бұйымдар, Ағаш жəне ағаштан жасалған бұйымдар, Қағаз массасы, Тоқыма жəне тоқыма бұйымдар, Аяқ киім жəне бас киім, қол шатыр, таяқ, Тастан, гипстен, цементтен жəне асбестен жасалған бұйымдар, Асыл немесе жартылай асыл тастар, бағалы металдар, Асыл емес металдар жəне олардан жасалған бұйымдар, Машиналар, жабдық, механизмдер; электротехникалық жабдық, Жер, əуе жəне су көлігі құралдары, Оптикалық жəне фотографиялық аспаптар мен аппараттар, Қару жəне оқ-дəрі, Əртүрлі өнеркəсіп тауарлары, Өнер туындылары; антиквариат, Аралас жүк экспорт және иморт құрылымының маңызды бөлігін құрайды.

Экпорт жағынан Минералды өнімдер жалпы экспорттың 80,1 %, Асыл емес металдар жəне олардан жасалған бұйымдар 10,1%, Химия өнеркəсібінің өнімі 3,3% құрайды, ал импорт құрылымна келер болсақ, Машиналар, жабдық, механизмдер; электротехникалық жабдық 22,5 %, Минералды өнімдер 16,1% , Асыл емес металдар жəне олардан жасалған бұйымдар 10,9 %құрайды.

Георгафиялық құрылымына келер болсақ, ТМД елдері экспорттың 15,4%, имроттын 46,3% курайды. Оның ішінде Кеден одағы елдері арасындағы құрылымы: эскпорт 8,3% импорт 38,5% курайды. Еуроодақ елдері ішіндегі экспорт 47,8% импорт 13,3%, Еуроодақтан тыс еуропа елдері бойынша экспорт 12,7% импорт 5,3%. Азия елдері бойынша экпорт 19,8% импорт 27,4%. Басқа елдер бойынша экспорт 4,4%, импорт 7,7% құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]