Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вто шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.06 Кб
Скачать

3. Дсұ аясында құрылатын жұмысшы топ елдері атқаратын негізгі қызметтерді пайымдаңыз

Қазіргі таңда сауда ұйымына кіру үрдісі белгілі бір уақыт кезеңінен өтуі қажет, яғни ережелерге сәйкес қатысуға ынта білдіргне мемлекет ең алдымен тапсырыс жібереді. Аталған тапсырыс негізінде ДСҰ басшылығы тарапынан жұмысшы топ құрылады. Бұл топ тапсырыс беруші мемлекет пен түрлі қарым қатынастарға ынталы мемлекеттерден құрылуы мүмкін. Яғни, ДСҰ негізгі ережелерімен қатар және сол ережелерді сақтай отырып, жұмысшы топтағы мемлекеттер екі ел арасындағы сауда қатынастарына байланысты шектеулерді жояды.Аталған жұмысшы тобы өтініш жазған мемлекеттің үсынуымен оған қоса, сыртқы сауда тәртібін баяндау, «Сыртқы сауду тәртібі туралы меморандум» бас келісімінің нормалары мен принциптері негізіне мемлекеттің сыртқы сауда саясаты мен заңдылыққа сәйкес болуын қарастырады. Тапсырыс берген мемлекет бес жыл ішінде қажетті келіссөздерді жұргізіп, қатысуы жайлы шешім қабылдауы керек. Яғни бес жылдың ішінде келесідей үрдістер өзгеруі қажет: сыртқы саудаға байланысты заңнама, миграциялық саясат, кедендік тарифтер, салық саясаты, екі ел арасындағы саяси қатынастар, инвестициялық саясат, тауарлардың нарыққа шығу механизмдері. Аталған ережелерді ескере отырып, жұмысшы тобы сауда ұйымы басқарушыларына ұсыныс енгізеді, ал тапсырыс беруші мемлекет алдын ала дайындалған меморандумға қол қойып ұсынады. ДСҰ басшылығы тарапынан қабылданған шешімді жұмысшы тобы арнайы хаттама ретінде бекітіп, тапсырыс беруші мемлекеттің Парламентіне ұсынады. Парламент оңтайлы деп тапқан хаттама 30 күн ішінде заң күшіне енеді.

ДСҰ аясында құрылатын жұмысшы тобы елдерінің негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

  • Ол топ өтініш білдірген мемлекеттің экономикалық механизмінің және сауда саяси режимінің ұйым ережелерімен сәйкестігін қадағалайды;

  • Бас келісімінің нормалары мен принциптері негізіне мемлекеттің сыртқы сауда саясаты мен заңдылыққа сәйкес болуын қарастырады;

  • Өтініш білдірген мемлкетке кеңес береді;

  • Жұмысшы топтағы мемлекеттер екі ел арасындағы сауда қатынастарына байланысты шектеулерді жояды;

  • Келіссқздерді жүзеге асырады;

  • Сол мемлекеттің ұйымға кіру туралы мәлімдесемесін жасайды;

  • Ережелер мен келіссөздерді ескере отырып жұмысшы тобы сауда ұйымы басқарушыларына ұсыныс енгізеді;

  • ДСҰ басшылығы қабылдаған шешімді арнайы хаттама ретінде бекітіп, тапсырыс беруші мемлекеттің Парламентіне ұсынады.

4. Халықаралық сауданы реттеуде қолданылатын құралдарды жүйелендіріңіз

Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны. Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады. Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік және тарифтік емес шектеулер кіреді. 1)Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады. Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі. Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Кедендік тариф мемлекеттің импорттық саясатының басымдықтарын көрсете отырып, импорттың құрылымын оптималдау және валюта шығындарын рационалдау үшін жасалған тауарлар немесе тауар топтамалары бойынша баждардың көлеміне байланысты кедендік тариф не отандық өндірісті шетелдік бәсекелестіктен қорғауға, не отандық және шетел өндірісінің арасындағы бәсекелестікке мүмкіндік жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен қатар отандық өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Кедендік баж салығы төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді: -Тауар қозғалысының бағыты бойынша. Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып белінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады. -Баж салығын орнату әдісі бойынша. Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды. Осыған байланысты импорттық тауарларды бағалау әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі. Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті мағынасында орнатылады. Кұрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген екі әдіспен орнатылады.

2) Тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді: -белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын толтыру (компенсационные) алымдары, импорттық депозиттер, және демпингке қарсы және орнын толтыру (компенсационные) баж салықтары; -тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін әкімшілдік шаралар: кедендік құжаттарды дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар т.б.сияқты. -Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған; бірақ сол нәтижеге әкелетін басқадай шаралар: Квоталар мен лицензиялар. Квота (контингент) деп - белгілі бір кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. О-ге тең квота қойылған жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго орын алады. Квота импорт пен экспорт мүмкіндіктерінен жоғары деңгейде де қойылуы мүмкін. Импортқа квота енгізудің елдің әл-ауқатына тигізетін әсері мен салдары импорттық баж салығын енгізумен ұқсас болады. Экспорттық квоталар өте сирек қолданылады. Ол тек осы өнім бойынша елде жетіспеушілік кезінде және саяси мақсаттарда (дискриминациялық сипатта) қолданылады. Импорттық квоталар ұлттық өндірісті шет ел бәсекелестерінен қорғау, жұмыссыздықты қысқарту, төлем балансын жақсарту, тауар қозғалысын бақылау үшін қолданылады. Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табы-лады. Көбінесе ол дағдарыстағы салалар өніміне байланысты қолданылады. Квотаның басқа бір түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салығынсыз жүзеге асырылып, осы көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады.. Квоталар көбінесе лицензия негізінде бөлініп, осы жағдайда ол экспорт пен импортқа рұқсат болып табылады. Сыртқы сауданы шектеуде басқа да тарифтік емес шектеулер қолданылуы мүмкін. Мысалға: сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия, жергілікті шикізатты пайдалану талаптары, экспорттаушыларға салық жеңілдіктерін беру және т.б. Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.

«Мөлшерлік шектеулер» — сауда айналымын тарифтік емес реттеу формасы, ол белгілі бір уақыт аралығында экспорт пен импортқа рұқсат етілген тауарлардың саны мен номенклатурасын анықтайды.

Мөлшерлік шектеулер келесі формаларда болады: квоталау (контингенттеу), лицензиялау және экспортты «еркін» шектеу.

Квота немесе контингент — тауардың экспортын немесе импортын анықталған мөлшермен белгілі бір уақыт аралығында шектеудің мөлшерлік өлшемі.

Квоталар келесідей бөлінеді:

  1. экспорттық

  2. импорттық

  3. глобальді

  4. жекеше

Зерттеу барысында, протекционизмнің бұл түрінің артықшылығы жоқ, ал белгілі бір жағдайларда тарифке қарағанда нашар екендігі анықталды.

Еркін бәсеке жағдайында квоталарды енгізудің экономикалық нәтижесі баж салығын қолдану нәтижесіне ерекшеленбейді. Сондықтан квоталардың тарифтік эквиваленті туралы айтуға болады.

Тарифтік квоталар — белгілі уақыт кезеңінде, тарифтік бағаның ерекше, неғұрлым төмен ставкасымен елге енгізуге немесе шығаруға рұқсат алған тауарлардың мөлшерін бекіту.

Квоталау процесінің құрама бөлігі — лицензиялау. Лицензиялау — белгілі уақыт аралығында бекітілген мөлшермен тауарды елге енгізу немесе шығарудың мемлекетпен реттелетін рұқсат ету тәртібі.

Лицензияның бірнеше түрі бар:

І.Бір реттік лицензия — елге енгізуге немесе шығаруға 1 жыл мерзімге жазбаша түрде рұқсат ету, ол Үкіметпен нақты бір фирмаға, сыртқы сауда келісім шартын жүзеге асыру үшін беріледі.

2.Генералды лицензия — келісім шарт санына шектеу салынбайтын 1 жыл ішінде елге тауарды енгізуге немесе шығаруға рұқсат ету. Ол тауардың шектелмеген мөлшерін елге енгізуге құқық береді.

З.Глобалді лицензия — белгілі бір тауарды белгілі уақыт аралығында саны мен бағасын шектемей, әлемнің кез- келген еліне енгізуге рұқсат етеді.

Экспорттың «еркін» шектеулерінің мәні - қандай да бір тауарды, қандай да бір елге экспорттауды шектеу бойынша міндеттерді сауда әріптестерінің өз қарамағына алуына күштеу. Іс жүзінде мұндай экспорттық шектеулер еркін емес, керісінше міндетті болып табылады. Олар импорттаушы елдің саяси қысымы нәтижесінде, немесе неғұрлым қатаң протекционистик шараларды қолдану қаупінің әсерінен енгізіледі.

Халықаралық саудадағы техникалық тосқауылдар.

Техникалық тосқауылдар— бұл мемлекеттің бақылау және шектеу бойынша барлық шаралары, олар шетелден тауарды енгізуге кедергі жасаушы құрал ретінде қолданылуы мүмкін тауардың техникалық параметрлерінің талаптарымен байланысты. Техникалық тосқауылдар стандарттар, техникалық нормалар мен тәртіптер, қаптау талаптары түрінде болуы мүмкін.

Техникалық тосқауылдар ішінен мыналарды бөлеміз: санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық нормалар мен тәртіптер. Олар халықтың, ауылшаруашылық малдар мен өсімдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.

Келешекте техникалық тосқауылдарды сауданы реттеу құралы ретінде қолдануы кеңейіп, күрделене түседі, сонымен бірге, техникалық талаптар мен стандарттарды унификациялау процесі жүріп жатады.

Мемлекеттік монополия және эмбарго.

Мемлекеттік монополия — жалпы мемлекеттік қызығушылықтарға сәйкес ұлттық нарықтың әлемдік нарықпен өзара әсерін орталықтан реттеу мақсатында, тек мемлекет қана экспорттық-импортық операцияларды жүргізу құқығына ие екендігін білдіреді.

Сыртқы саудаға мемлекеттік шектеудің соңғы формасы сауда эмбаргосы болып табылады, ол қандай да бір елге тауар енгізуге немесе қандай да бір елден тауар шығаруға мемлекет тарапынан тыйым салуды білдіреді. Эмбарго, оны енгізетін елге және оған қарсы енгізілетін елге де экономикалық шығын әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]