
- •1. Халықаралық сауда теориясының мәні мен эволюциясын сипаттаңыз
- •2. Дсұ кіру және ұйымнан шығу ережелерін жүйелі түрде сипаттаңыз
- •3. Дсұ аясында құрылатын жұмысшы топ елдері атқаратын негізгі қызметтерді пайымдаңыз
- •4. Халықаралық сауданы реттеуде қолданылатын құралдарды жүйелендіріңіз
- •5. «Протекционистік саясат» отандық өндірүшілерді қолдау саясаты атты ұғымды тұжырымдаңыз
- •6. Халықаралық сауданы реттеудегі «Кедендік тарифтер» рөлін сипаттаңыз
- •7. Халықаралық саудада қалыптасқан Мерканталистік теорияның негізгі қағидаларына талдау жасаңыз
- •8. Абсолюттік және салыстырмалы артықшылық теорияларының алғышарттарын тұжырымдаңыз.
- •Хекшер-Олин теориясының алғышарттарын жүйелендіріңіз
- •В.Леонтьев парадоксының қалыптасу себептерін нақтылаңыз.
- •Әлемдік ауылшаруашылық нарықтарына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Тмд елдерінің азық-түлік және ауыл шаруашылық шикізат нарықтарының сипаттамасын беріңіз
- •Дсұ мүше елдердегі қара және түсті металлдар нарықтарындағы жағдайға сипатттама беріңіз
- •Брикс елдерінің сауда экономикалық қарым қатынасына түсініктеме беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының Кедендік одақ аясында өнеркәсіптік тауарлармен алмасуына талдау жүргізіңіз
- •Қазіргі таңдағы халықаралық сауда саясаты және дсұ қызметіне сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: еңбек нарығы, капитал нарығы тұрғысынан пайымдаңыз
- •23. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: артықшылықтары мен кемшіліктерін әр ел тұрғысынан қарастыра отырып салыстырмалы талдау жасаңыз
- •25. Қазақстан Республикасының дсұ на кіру маселелерінің саласы бойынша жүйелендіріңіз.
- •26. Халықаралық нарықта сақтандыру қызметін көрсетудің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •27. Әлемдік экономикадағы қызмет саласын жіктей отырып ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •28. Дсұ аясындағы қызмет саудасының ерекшеліктерін
- •29. Еуропадағы сауда-экономикалық ынтымақтастығына дсұ аясынан түсініктеме беріңіз
- •30. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және дсұ кіру мәселелерін жүйелі түрде пайымдаңыз
- •31.Халықаралық саудадағы елдердің интеграциялық топтары мен халықаралық экономикалық ұйымдардың орны мен рөлін сипаттаңыз.
- •Саудадағы қорғаныс шаралары
- •33.Дсұ келісімдері және олардың сипаттамаларын жүйелендіріңіз
- •34. Тауарларға арналған кедендік декларация: түсінігі, оларды табыс етуге қойылатын талаптар, декларацияда көрсетілетін негізгі мәліметтер, тапсыратын мерзімдері жайлы сипаттама беріңіз
- •35. Халықаралық сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз
- •36. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері жайлы жүйелендірілген анықтама беріңіз
- •37. Халықаралық саудадағы мемлекеттік реттеудің рөліне сипаттама беріңіз
- •38. Трансұлттық корпорациялардың халықаралық сауданы реттеудегі рөлін пайымдаңыз
- •39.Гатт халықаралық сауда жүйесінің дсұ өту эволюциясына талдау жүргізіңіз
- •40. Халықаралық сауданы реттеудегі тарифтік және тарифтік емес реттеулерге салыстырмалы талдау жүргізіңіз
- •Дсұ аясында сауда келіссөздеріне байланысты қалыптасқан шиеленістерді шешу үрдісін сипаттаңыз
- •Юнктад ұйымының халықаралық сауданы реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз
- •Трипс және тримс бірлестіктерінің мәні және мазмұны жайлы салыстырмалы пайымдама беріңіз
- •Қызмет саудасы бағытындағы көпсалалық сауда келісімдері мен зияткерлік меншік саудасына сипаттама беріңіз
- •Қазақстан Республикасының негізгі сауда ұйымдарына қатысты орнына тұжырымдама жасаңыз (дсұ, бұұсдк (юнктад), опек)
- •Қазақстан Республикасының аймақтық интеграцияға қатысуына талдау жүргізіңіз.
- •Қр сыртқы саудасына статистикалық талдау жүргізе отырып сауданың тауарлық және географиялық құрылымын сипаттаңыз
- •Халықаралық тасымалдау қызметін жүзеге асыруда Инкотермстің теңіздік тасымалдауды реттейтін шарттарын сипаттаңыз
- •49.Қр импорттық реттеу бойынша ұстанылатын негізгі шарттарға сипаттама
Қазақстан Республикасының аймақтық интеграцияға қатысуына талдау жүргізіңіз.
Аймақтық интеграция – бұл глобализацияның бірден-бір сатысы болып саналады. Ал әлемдік деңгейде өзара тығыз байланыста болуды интеграциялық блоктар жеңілдетеді. Оған қоса, аймақтың экономикалық дамуына, капитал, тауар мен қызмет, адам ресурстарының еркін қозғалысын белсендетеді. Соңғы жылдары аймақтық интеграция, жаһандану процесімен қатар, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды. Жаһандық интеграция әлемдік экономикада ДСҰ-н әлем елдерінің экономикалық дамуына тиімді дегенімен, еркін сауданың нақты режимі әлі де болса аймақтық интеграция арқылы іске асып отыр. Орта Азия тарих сахнасында әлемдік сауданың қиылысында болған. Яғни батыс пен шығысты қосқан Ұлы Жібек жолы Орта Азия елдерін қиып өткен. осы аймақты қайтадан әлемдік сауда орталығына айналдыру үшін Орта Азия елдерінің тиімді интеграциялық саясатын жүргізу қажет. Қазақстан аймақтық экономикалық интеграция арқылы нарығын кеңейтіп, тікелей инвестиция көбейеді. Посткеңестік елдер арасында экономикалық аймақтық интеграцияның бірнеше себептері бар. Оларға:
1. Ортақ шаруашылық жүйесі күйрегеннен кейін өндіріс, ауылшаруашылық, гуманитарлы саладағы күйреу;
2. Валюта-қаржылық қатынастардың, төлем механизмінің, баға қойылымының, салықтық қатынастардың реттелмегендігі;
3. Ұлттық ерекшелік салдарынан; экономикалық реформаларды жедел өзіндік іске асуының мүмкінсіздігі;
4. Географиялық жақындық, экономикалық бірыңғай түбір, әлеуметтік және мәдени қызығушылықтардың ортақ болуы аймақтық интеграцияға ортақ қызығушылықты көрсетеді;
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, әлемдік қауымдастыққа кіруін нығайтатын негізгі фактор болып Орта Азия елдерімен интеграциясы жатады. Орта Азия елдерінің ортақ экономикалық, мәдени, тарихи түбірлері бар. Бұл елдер аймақтық интеграциядан көптеген пайда алуына болады. Оларға:
1. Аймақтың барлық ресурс түрімен өзін-өзі қамтамасыз етуі;
2. Мықты экспорттық потенцияал;
3. Тиімді геосаяси жағдай;
4. Салыстырмалы түрде төмен еңбекақылы квалификациялы мамандар;
5. Бірлескен келісілген экономикалық, экологиялық саясатты жүргізу мүмкіндігі.
Орта Азия елдерінің интеграциясы ары қарай тиімді дамуы үшін приоритетті бағыт болып аймақтық транзиттік сауда, энергетика, транспорттық инфрақұрылым ықпалдастығы табылады.
Ортаө эконломикалық потенциалды бірігіп пайдалану проблемасы.
Қазақстан бүгінгі таңда ТМД, ЕврАзЭҚ, Кедендік Одақ сияқты аймақтық эконогмикалық интеграциялық ұйымдардың беделді мүшесі болып отыр.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.
Тарихы:
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
ЕврАзЭҚ – посткеңестік елдер құрған халықаралық экономикалық ұйым. Ұйымның негізгі мақсаттырының бірі - Кедендік одақ пен Ортақ экономикалық кеңістікті құру болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграциялық байланыстарды тереңдету.
Мүше елдер:
Белорусь
Қазақстан
Қырғызстан
Ресей Федерациясы
Тәжікстан
Ал бақылаушы елдер: Молдова, Украина, Армения.
Өзбекстан ұйымға мүшелігін тоқтатты.
Кедендік одақ үш ел арасындағы арнайы қорғаушы антидемпингтік және компенсациялық шараларды санамаған кезде кедендік баж салықтары пайдаланылмайтын, әрі басқа да экономикалық тосқауылдар алынып тасталған ортақ кедендік территория. Мүше елдер ортақ кедендік тарифтерді қолданады, сонымен қатар, үшінші елдермен тауар саудасында бақылау шараларын ортақ жүргізеді.
Кедендік одақты тиімді пайдалану арқылы 2015жылы Ресей 400млрд доллар, ал Белорусь пен Қазақстан 16млрд доллар табысқа жетуі күтілуде.
Кедендік Одақ аясында экспортқа нөлдік кедендік баж бекітілген, ал импорттау кезінде ҚҚС пен акциз мемлекеттік салық органдары арқылы өнделеді.
Басқару органдары:
Жоғарғы евразиялық экономикалық кеңес;
Евразиялық экономикалық комиссия.