Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вто шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.06 Кб
Скачать
  1. Юнктад ұйымының халықаралық сауданы реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз

Колониализм дәуірінің аяқталуымен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында дамушы елдердің саны айтарлықтай өсті. Бірақ олардың ГАТТ-қа әсер етуі шамалы болды, себебі үшінші әлем елдері (66) Шығыстық блок елдерімен одақтасып әлемдік сауданың социалистік бағыттары бойынша жаңа ретін құруды талап етті.

77 дамушы елдерден құралатын топ ақыры 1964 жылдың 30 желтоқсанындағы сауда және даму бойынша Біріккен Ұлттар Конференциясының (ЮНКТАД) кеңсесінің көмегімен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясының тұрақты мүшесі болды. Орналасқан жері Женева. БҰҰ-на, оның арнайы халықаралық ұйымдары немесе атомдық энергетика бойынша халықарлық ұйымдарына кіретін мемлекеттер оның мүшелері бола алады. Генералды Ассамблея мен Кеңес ЮНКТАД мүшелері болып табылады. Генералды Ассамблея 4 жыл бойы жұмыс істейді. Оның резолюцияларының міндетті күші жоқ, бірақ олардың белгілі бір моральді күші бар. Даму және әлемдік сауда бойынша Кеңес тұрақты мүшесі болып табылады, ол жылына екі рет мәжіліс құрайды және Генералды Ассамблеяның шешімдерін орындайды.Қазіргі кезде Кеңеске жеті ерекше комитет бағынады, олар шикізат, қаржы және технология трансферті мәселелерімен айналысады. Генералды секретариаттың орналасқан жері-Женева.

ЮНКТАДТЫҢ міндеттері келесілерге бағытталған: халықаралық саудаға жәрдемдесу, халықаралық сауда үшін негізгі жағдайлар мен нұсқауларды жасау, БҰҰ-ның сауда және экономикалық даму саласындағы басқа да институттарының қызметін координациялау, сонымен қатар сауданы Гармонизациялау Орталығын және онымен байланысты даму саясатын дайындау.

1968 жылдан бастап Халықаралық сауда орталығы ГАТТ/БСҰ және БҰҰ-ның біріккен мүшесі ретінде функционирленеді, ал соңғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму Конференциясы арқылы әрекет етеді. Бұл орталық жартылай автономды ұйым болып табылады. ЮНКТАД/БСҰ эгидасымен Халықаралық сауда орталығы (ХСО) қызмет етеді, олар әлемдік сауда саласында дамушы елдерге көмектеседі және оның функциялары келесілерге бағытталған;

-сауда құрылымын ынталандыруды дамыту және экспортты мемлекеттік және жеке секторларда ынталандыру;

-дәстүрлі және дәстүрлі емес экспорттық тауарлар үшін нарықтық мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

-импорт саласында тиімді басқару тәсілдерін пайдалану арқылы шетел валютасының дефицитті ресурстарын пайдалануды оптимизациялау мақсатында импорттық операцияларды жетілдіру;

-мемлекеттік қызметкерлерді, іскер орта өкілдерін және экспорттық-импорттық операциялар технологиясы бойынша оқытушыларды оқыту, оқу мекемелерін нығайту, сыртқы сауда мәселелері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды зерттеу және жетілдіруді жүргізу.

  Халықаралық сауда орталығы өз қызметін бірқатар халықаралық, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін ұйымдармен үйлестіреді.

  Халықаралық сауда палатасы  үкіметтік емес ұйым ретінде 1919 жылы негізін қалады. Бұл халықаралық масштабта қызмет ететін, дамыған және дамушы елдердің компаниялары мен басқа да құрылымдарын біріктіретін жеке кәсіпкерлік ұйым. Оның қызметі келесілерге бағытталған:

  а) сауданы, инвестициялар мен еркін нарықтарды, капиталдың еркін айналымын ынталандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу,

  б)сауданың дамуы мен еркіндігінің үйлесімділігі мақсатында экономикалық және құқықтық салаларда тиімді және дәйекті шараларды қабылдау,

  в) жеке кәсіпкерлік жүйесін қорғау,

  г) кәсіпкерлердің өздері арқылы кәсіпкерлікті реттеуді ынталандыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]