
- •1. Халықаралық сауда теориясының мәні мен эволюциясын сипаттаңыз
- •2. Дсұ кіру және ұйымнан шығу ережелерін жүйелі түрде сипаттаңыз
- •3. Дсұ аясында құрылатын жұмысшы топ елдері атқаратын негізгі қызметтерді пайымдаңыз
- •4. Халықаралық сауданы реттеуде қолданылатын құралдарды жүйелендіріңіз
- •5. «Протекционистік саясат» отандық өндірүшілерді қолдау саясаты атты ұғымды тұжырымдаңыз
- •6. Халықаралық сауданы реттеудегі «Кедендік тарифтер» рөлін сипаттаңыз
- •7. Халықаралық саудада қалыптасқан Мерканталистік теорияның негізгі қағидаларына талдау жасаңыз
- •8. Абсолюттік және салыстырмалы артықшылық теорияларының алғышарттарын тұжырымдаңыз.
- •Хекшер-Олин теориясының алғышарттарын жүйелендіріңіз
- •В.Леонтьев парадоксының қалыптасу себептерін нақтылаңыз.
- •Әлемдік ауылшаруашылық нарықтарына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Тмд елдерінің азық-түлік және ауыл шаруашылық шикізат нарықтарының сипаттамасын беріңіз
- •Дсұ мүше елдердегі қара және түсті металлдар нарықтарындағы жағдайға сипатттама беріңіз
- •Брикс елдерінің сауда экономикалық қарым қатынасына түсініктеме беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының Кедендік одақ аясында өнеркәсіптік тауарлармен алмасуына талдау жүргізіңіз
- •Қазіргі таңдағы халықаралық сауда саясаты және дсұ қызметіне сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: еңбек нарығы, капитал нарығы тұрғысынан пайымдаңыз
- •23. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: артықшылықтары мен кемшіліктерін әр ел тұрғысынан қарастыра отырып салыстырмалы талдау жасаңыз
- •25. Қазақстан Республикасының дсұ на кіру маселелерінің саласы бойынша жүйелендіріңіз.
- •26. Халықаралық нарықта сақтандыру қызметін көрсетудің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •27. Әлемдік экономикадағы қызмет саласын жіктей отырып ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •28. Дсұ аясындағы қызмет саудасының ерекшеліктерін
- •29. Еуропадағы сауда-экономикалық ынтымақтастығына дсұ аясынан түсініктеме беріңіз
- •30. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және дсұ кіру мәселелерін жүйелі түрде пайымдаңыз
- •31.Халықаралық саудадағы елдердің интеграциялық топтары мен халықаралық экономикалық ұйымдардың орны мен рөлін сипаттаңыз.
- •Саудадағы қорғаныс шаралары
- •33.Дсұ келісімдері және олардың сипаттамаларын жүйелендіріңіз
- •34. Тауарларға арналған кедендік декларация: түсінігі, оларды табыс етуге қойылатын талаптар, декларацияда көрсетілетін негізгі мәліметтер, тапсыратын мерзімдері жайлы сипаттама беріңіз
- •35. Халықаралық сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз
- •36. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері жайлы жүйелендірілген анықтама беріңіз
- •37. Халықаралық саудадағы мемлекеттік реттеудің рөліне сипаттама беріңіз
- •38. Трансұлттық корпорациялардың халықаралық сауданы реттеудегі рөлін пайымдаңыз
- •39.Гатт халықаралық сауда жүйесінің дсұ өту эволюциясына талдау жүргізіңіз
- •40. Халықаралық сауданы реттеудегі тарифтік және тарифтік емес реттеулерге салыстырмалы талдау жүргізіңіз
- •Дсұ аясында сауда келіссөздеріне байланысты қалыптасқан шиеленістерді шешу үрдісін сипаттаңыз
- •Юнктад ұйымының халықаралық сауданы реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз
- •Трипс және тримс бірлестіктерінің мәні және мазмұны жайлы салыстырмалы пайымдама беріңіз
- •Қызмет саудасы бағытындағы көпсалалық сауда келісімдері мен зияткерлік меншік саудасына сипаттама беріңіз
- •Қазақстан Республикасының негізгі сауда ұйымдарына қатысты орнына тұжырымдама жасаңыз (дсұ, бұұсдк (юнктад), опек)
- •Қазақстан Республикасының аймақтық интеграцияға қатысуына талдау жүргізіңіз.
- •Қр сыртқы саудасына статистикалық талдау жүргізе отырып сауданың тауарлық және географиялық құрылымын сипаттаңыз
- •Халықаралық тасымалдау қызметін жүзеге асыруда Инкотермстің теңіздік тасымалдауды реттейтін шарттарын сипаттаңыз
- •49.Қр импорттық реттеу бойынша ұстанылатын негізгі шарттарға сипаттама
39.Гатт халықаралық сауда жүйесінің дсұ өту эволюциясына талдау жүргізіңіз
Дүниежүзілік сауда ұйымын құру тарихы (бұдан ары қарай–ДСҰ) түп тамырымен Екінші дүниежүзілік соғысы кезеңдеріне кетеді. 1940-шы жылдары әлемнің елдері арасында тауарларды сатуда кедергілерді көбейту, көп жақты сауда жүйесін құру қажеттілігін алдын ала анықтады.
Саудада кеден баждарының мөлшерлемелерін және басқа кедергілерін қысқарту мақсатында көп жақты сауда жүйесін ұйымдастыруды екі кезеңімен өткізуге жоспарланды:
1) Халықаралық сауда ұйымын құру (бұдан ары қарай – ХСҰ);
2) көп жақты келіссөздердің басталуы және кеден тарифтері мен сауда бойынша Бас келісімінде тарифтер бойынша міндеттемелерді өзгерту (бұдан ары қарай – ГАТТ).
Дегенмен ХСҰ құру ойы табысты аяқталған жоқ. ГАТТ Келісіміне өзгерістер енгізілді, бірақ ХСҰ ұйымдастырылған жоқ.
Сөйтіп, ГАТТ бастапқыда ХСҰ жүктелген қызметтерді өзіне алып, де-факто халықаралық ұйымы деп танылды. Ресми түрде ГАТТ, қатысушы-елдер арасында тауарларды сатуды реттеу үшін ережелері мен міндеттемелері мазмұндалған, 1947 жылы 23 елдерімен қол қойылған халықаралық шарты болып табылатын. Сонымен ХСҰ жөніндегі Уақытша комиссия өзінің әрекетін ГАТТ Хатшылығы ретінде жүзеге асырды.
Дүниежүзілік сауда ұйымын құруға дейін ГАТТ бірқатар сауда келіссөздері мен раундтарды өткізу арқылы көп жақты сауда жүйесін әзірлеп, 47 жыл тұрды. Егер бастапқы келіссөздер тауарларды сатуда тарифтерді қысқартуға арналған болса, онда келесі келіссөздер демпингке қарсы және тарифтік емес шараларын енгізетін болды.
1947 жылдан бастап 1994 жылдарға дейін Кеден тарифтері мен сауда бойынша Бас келісімнің шеңберінде, сауданың әртүрлі аспектілеріне арналған келіссөздердің сегіз раундтары өткізілген.
Алайда 60- шы жылдардың ортасында жүргізілген Кеннеди раундтарының нәтижесінде ГАТТ-ң жаңа антмдемпингтік келісіміне қол жеткізілді. 70- ші жылдары жүргізілген Токиолық раунд жүйені жақсарту және кеңейтуге әрекет жасалды. 1973- 1979ж. ж. 102 мемлекет арасында жүргізілген Токиолық раундта ГАТТ тарифтерді біртіндеп кемітуге тырысты. Оның нәтижесінде негізгі әлемдік тоғыз өнеркәсіптік нарықтардағы кедендік баждар үштен бір бөлікке кеміді, нәтижесінде дайын өнімдерге орташы тарифтер ГАТТ құрылуының алғаш кезіндегі 40 %- дан 4,7 % — ға дейін кеміді. Тарифтерді кеміту сегіз жыл ішінде өзара келісушілік нәтижесінде жүзеге асырылды, сондықтан ең жоғары тарифтер ең кеміне қарағанда едәуір көп азайды. (1,24) Ал калған мәселелер бойынша Токиолык раундтың нәтижелері жақсы болған жоқ. Ауылшаруашылық өнімдер саудасы мен «қоргау шаралары» (импортқа қатысты төтенше шаралар) жайындағы мәселелер шешілгеи жоқ. Келісім сөздер барсында бірқатар бейтарифтік шек қоюлар жайындағы келісімдерге қол жеткізілді. Көп жағдайларда тек бірқатар индустриалды дамыған елдер бұл механизмдер мен келісімдерге (нәтижесінде олар «кодекстер» деген атпен танымал болды) қосылды.
Уругвай раунды сауда келіссөздердің сегізінші және соңғы раунды болды, оны өткізу ГАТТ қатысушы-елдерінде жеті жарым жыл алды.
Уругвай раундтың келіссөздерін аяқтайтын болған, 1990 жылғы желтоқсан айында Брюссель қаласындағы (Бельгиядағы) Министрлік конференциясы барысында, министрлерге ауыл шаруашылық өнімдерін сату саласында реформаның әдістері туралы келіскен жоқ және келіссөздерді жалғастыруға шешім қабылданғаны түсінікті болды.
«Қорытынды актінің» жобасы Женева қаласында 1991 жылы ұсынған болатын. Келіссөздерді аяқтау және осы құжатты қабылдау негізінен АҚШ және Еуропалық қоғамдастығы елдері арасында дауларды шешуге байланысты болды.
1992 жылы Вашингтонда АҚШ және ЕҚ елдері көбінесе ауыл шаруашылық тауарлары бойынша даулы мәселелерді шешті және «Блейерхаус келісіміне» қол қойды.
1993 жылғы ортасында АҚШ, ЕҚ, Жапония және Канада тарифтер және тауарлар мен қызметтер нарығына рұқсат алу бойынша маңызды прогреске қол жеткізді. Оның нәтижесінде, 1993 жылғы желтоқсан айында Уругвай раунды келіссөздерінің шеңберіндегі барлық келіссөздер ресми аяқталған. Осы раундтың Келісімдеріне пакеті Марракеште (Мароккода)1994 жылғы сәуір айында қол қойылған.
1995 жылғы 1 қаңтарынан әрекетін бастаған Дүниежүзілік сауда ұйымы мекемесі, сонымен қатар кейін ДСҰ құқықтық базасының негізін құрған, Бірқатаркелісімдерді қабылдау Уругвай раундының негізгі жетістігі болды.
Сөйтіп, ДСҰ – дискриминацияламау, еркін сауда және ашықтығы принциптерінің негізінде әрекет жасайтын, осы ұйымның қатысушы–мемлекеттері арасында көп жақты халықаралық сауда ережелерін өндіруге жасалған халықаралық ұйым. Көп жақты келіссөздер нәтижесінде қатысушы–мемлекеттері қол қойған және осы мемлекеттердің парламенттерімен ратификацияланған көптеген келісімдер ДСҰ негізі болып табылады.
ДСҰ Келісімдері – бұл әрекеттің кең шеңберін қамтитын құқықтық құжаттар: ауыл шаруашылығы, тоқыма және киім, банк секторы, телекоммуникациялар, үкіметтік сатып алулар, азық–түліктердің қауіпсіздігі, зияткерлік меншік және басқа мәселелер.