
- •1. Халықаралық сауда теориясының мәні мен эволюциясын сипаттаңыз
- •2. Дсұ кіру және ұйымнан шығу ережелерін жүйелі түрде сипаттаңыз
- •3. Дсұ аясында құрылатын жұмысшы топ елдері атқаратын негізгі қызметтерді пайымдаңыз
- •4. Халықаралық сауданы реттеуде қолданылатын құралдарды жүйелендіріңіз
- •5. «Протекционистік саясат» отандық өндірүшілерді қолдау саясаты атты ұғымды тұжырымдаңыз
- •6. Халықаралық сауданы реттеудегі «Кедендік тарифтер» рөлін сипаттаңыз
- •7. Халықаралық саудада қалыптасқан Мерканталистік теорияның негізгі қағидаларына талдау жасаңыз
- •8. Абсолюттік және салыстырмалы артықшылық теорияларының алғышарттарын тұжырымдаңыз.
- •Хекшер-Олин теориясының алғышарттарын жүйелендіріңіз
- •В.Леонтьев парадоксының қалыптасу себептерін нақтылаңыз.
- •Әлемдік ауылшаруашылық нарықтарына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Тмд елдерінің азық-түлік және ауыл шаруашылық шикізат нарықтарының сипаттамасын беріңіз
- •Дсұ мүше елдердегі қара және түсті металлдар нарықтарындағы жағдайға сипатттама беріңіз
- •Брикс елдерінің сауда экономикалық қарым қатынасына түсініктеме беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының Кедендік одақ аясында өнеркәсіптік тауарлармен алмасуына талдау жүргізіңіз
- •Қазіргі таңдағы халықаралық сауда саясаты және дсұ қызметіне сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: еңбек нарығы, капитал нарығы тұрғысынан пайымдаңыз
- •23. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: артықшылықтары мен кемшіліктерін әр ел тұрғысынан қарастыра отырып салыстырмалы талдау жасаңыз
- •25. Қазақстан Республикасының дсұ на кіру маселелерінің саласы бойынша жүйелендіріңіз.
- •26. Халықаралық нарықта сақтандыру қызметін көрсетудің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •27. Әлемдік экономикадағы қызмет саласын жіктей отырып ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •28. Дсұ аясындағы қызмет саудасының ерекшеліктерін
- •29. Еуропадағы сауда-экономикалық ынтымақтастығына дсұ аясынан түсініктеме беріңіз
- •30. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және дсұ кіру мәселелерін жүйелі түрде пайымдаңыз
- •31.Халықаралық саудадағы елдердің интеграциялық топтары мен халықаралық экономикалық ұйымдардың орны мен рөлін сипаттаңыз.
- •Саудадағы қорғаныс шаралары
- •33.Дсұ келісімдері және олардың сипаттамаларын жүйелендіріңіз
- •34. Тауарларға арналған кедендік декларация: түсінігі, оларды табыс етуге қойылатын талаптар, декларацияда көрсетілетін негізгі мәліметтер, тапсыратын мерзімдері жайлы сипаттама беріңіз
- •35. Халықаралық сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз
- •36. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері жайлы жүйелендірілген анықтама беріңіз
- •37. Халықаралық саудадағы мемлекеттік реттеудің рөліне сипаттама беріңіз
- •38. Трансұлттық корпорациялардың халықаралық сауданы реттеудегі рөлін пайымдаңыз
- •39.Гатт халықаралық сауда жүйесінің дсұ өту эволюциясына талдау жүргізіңіз
- •40. Халықаралық сауданы реттеудегі тарифтік және тарифтік емес реттеулерге салыстырмалы талдау жүргізіңіз
- •Дсұ аясында сауда келіссөздеріне байланысты қалыптасқан шиеленістерді шешу үрдісін сипаттаңыз
- •Юнктад ұйымының халықаралық сауданы реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз
- •Трипс және тримс бірлестіктерінің мәні және мазмұны жайлы салыстырмалы пайымдама беріңіз
- •Қызмет саудасы бағытындағы көпсалалық сауда келісімдері мен зияткерлік меншік саудасына сипаттама беріңіз
- •Қазақстан Республикасының негізгі сауда ұйымдарына қатысты орнына тұжырымдама жасаңыз (дсұ, бұұсдк (юнктад), опек)
- •Қазақстан Республикасының аймақтық интеграцияға қатысуына талдау жүргізіңіз.
- •Қр сыртқы саудасына статистикалық талдау жүргізе отырып сауданың тауарлық және географиялық құрылымын сипаттаңыз
- •Халықаралық тасымалдау қызметін жүзеге асыруда Инкотермстің теңіздік тасымалдауды реттейтін шарттарын сипаттаңыз
- •49.Қр импорттық реттеу бойынша ұстанылатын негізгі шарттарға сипаттама
36. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері жайлы жүйелендірілген анықтама беріңіз
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы - цифрлық белгі немесе цифрлық белгілер тобы (кодтары) түріндегі тауар топтарын, позицияларын, субпозицияларын, кіші субпозицияларын қамтитын тауарлар жіктеушісі.
Қажеттілігі және бекітілуі:
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тарифтік және тарифтік емес реттеу, Қазақстан Республикасының кедендік статистикасын жүргізу үшін қолданылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден Одағының комиссиясы бекітеді.
СЭҚ ТН-мен сонымен қатар:
Кедендік баж салығының қөлемі анықталады;
Тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады;
НДС және акциз төлемдеріне қатысты сұрақтар шешіледі;
Кедендік статистика мен сыртқы сауданың статистикасы жүргізіледі.
Тауарларды декларациялау кезінде олар сыныпталуға тиіс, яғни тауарларға қатысты Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша коды (кодтары) белгіленеді.
Тауарларды декларациялау кезінде декларант олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген жағдайда бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа, кеден органы мұндай тауарды өз бетінше жіктеуге құқылы.
СЭҚ ТН-да тауардың он сандық схемасын келесі түрде көрсетуге болады:
10 (тауар тобы 10 – «Дәнді-дақылдар»)
1006 (тауар позициясы “күріш”)
1006 10 (тауарлық субпозиция “тазартылмаған күріш ”)
1006 10 100 0 (тауарлық кіші субпозиция “себуге арналған”)
Тауар номенклатурасы халықаралық деңгейде реттелетін негізгі құжаттар:
БҰҰ:
HS- Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі
ЕО:
KN – құрамдасқан номенклатура
ТМД:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы
ҚР-ның ішкі заңдары:
“ҚР Кеден ісі туралы” Кодексі (2010 ж. 10 маусым)
Кедендік тарифтер және СЭҚ ТН (2008 ж.)
ҚР Үкіметінің қаулылары
37. Халықаралық саудадағы мемлекеттік реттеудің рөліне сипаттама беріңіз
Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.
Ұлттық және әлемдік нарықтардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын сауда саясаты анықтайды. Белгілі мемлекеттің сауда саясаты өз бейнесін сауда режимінде табады. Сауда режимі – бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.
Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін, сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташа деңгейін есептейтін агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады.
Импорттық кедендік салымының орташа деңгейі 10% төмен, ал сандық шектеу импорттың 25% басып, тіркеу сипатына ие болатын мемлекеттің сауда режимі салыстырмалы түрде ашық болып танылуы мүмкін.
Мемлекеттік халықаралық саудаға араласу масштабына байланысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы либерализациялау деп аталады).
Еркін сауда – еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.
Протекционизм – тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.