
- •1. Халықаралық сауда теориясының мәні мен эволюциясын сипаттаңыз
- •2. Дсұ кіру және ұйымнан шығу ережелерін жүйелі түрде сипаттаңыз
- •3. Дсұ аясында құрылатын жұмысшы топ елдері атқаратын негізгі қызметтерді пайымдаңыз
- •4. Халықаралық сауданы реттеуде қолданылатын құралдарды жүйелендіріңіз
- •5. «Протекционистік саясат» отандық өндірүшілерді қолдау саясаты атты ұғымды тұжырымдаңыз
- •6. Халықаралық сауданы реттеудегі «Кедендік тарифтер» рөлін сипаттаңыз
- •7. Халықаралық саудада қалыптасқан Мерканталистік теорияның негізгі қағидаларына талдау жасаңыз
- •8. Абсолюттік және салыстырмалы артықшылық теорияларының алғышарттарын тұжырымдаңыз.
- •Хекшер-Олин теориясының алғышарттарын жүйелендіріңіз
- •В.Леонтьев парадоксының қалыптасу себептерін нақтылаңыз.
- •Әлемдік ауылшаруашылық нарықтарына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Тмд елдерінің азық-түлік және ауыл шаруашылық шикізат нарықтарының сипаттамасын беріңіз
- •Дсұ мүше елдердегі қара және түсті металлдар нарықтарындағы жағдайға сипатттама беріңіз
- •Брикс елдерінің сауда экономикалық қарым қатынасына түсініктеме беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының Кедендік одақ аясында өнеркәсіптік тауарлармен алмасуына талдау жүргізіңіз
- •Қазіргі таңдағы халықаралық сауда саясаты және дсұ қызметіне сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: еңбек нарығы, капитал нарығы тұрғысынан пайымдаңыз
- •23. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: артықшылықтары мен кемшіліктерін әр ел тұрғысынан қарастыра отырып салыстырмалы талдау жасаңыз
- •25. Қазақстан Республикасының дсұ на кіру маселелерінің саласы бойынша жүйелендіріңіз.
- •26. Халықаралық нарықта сақтандыру қызметін көрсетудің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •27. Әлемдік экономикадағы қызмет саласын жіктей отырып ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •28. Дсұ аясындағы қызмет саудасының ерекшеліктерін
- •29. Еуропадағы сауда-экономикалық ынтымақтастығына дсұ аясынан түсініктеме беріңіз
- •30. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және дсұ кіру мәселелерін жүйелі түрде пайымдаңыз
- •31.Халықаралық саудадағы елдердің интеграциялық топтары мен халықаралық экономикалық ұйымдардың орны мен рөлін сипаттаңыз.
- •Саудадағы қорғаныс шаралары
- •33.Дсұ келісімдері және олардың сипаттамаларын жүйелендіріңіз
- •34. Тауарларға арналған кедендік декларация: түсінігі, оларды табыс етуге қойылатын талаптар, декларацияда көрсетілетін негізгі мәліметтер, тапсыратын мерзімдері жайлы сипаттама беріңіз
- •35. Халықаралық сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз
- •36. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері жайлы жүйелендірілген анықтама беріңіз
- •37. Халықаралық саудадағы мемлекеттік реттеудің рөліне сипаттама беріңіз
- •38. Трансұлттық корпорациялардың халықаралық сауданы реттеудегі рөлін пайымдаңыз
- •39.Гатт халықаралық сауда жүйесінің дсұ өту эволюциясына талдау жүргізіңіз
- •40. Халықаралық сауданы реттеудегі тарифтік және тарифтік емес реттеулерге салыстырмалы талдау жүргізіңіз
- •Дсұ аясында сауда келіссөздеріне байланысты қалыптасқан шиеленістерді шешу үрдісін сипаттаңыз
- •Юнктад ұйымының халықаралық сауданы реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз
- •Трипс және тримс бірлестіктерінің мәні және мазмұны жайлы салыстырмалы пайымдама беріңіз
- •Қызмет саудасы бағытындағы көпсалалық сауда келісімдері мен зияткерлік меншік саудасына сипаттама беріңіз
- •Қазақстан Республикасының негізгі сауда ұйымдарына қатысты орнына тұжырымдама жасаңыз (дсұ, бұұсдк (юнктад), опек)
- •Қазақстан Республикасының аймақтық интеграцияға қатысуына талдау жүргізіңіз.
- •Қр сыртқы саудасына статистикалық талдау жүргізе отырып сауданың тауарлық және географиялық құрылымын сипаттаңыз
- •Халықаралық тасымалдау қызметін жүзеге асыруда Инкотермстің теңіздік тасымалдауды реттейтін шарттарын сипаттаңыз
- •49.Қр импорттық реттеу бойынша ұстанылатын негізгі шарттарға сипаттама
35. Халықаралық сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз
ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар сыртқы экономикалық қатынастардың тауарлық номенклатурасы арқылы тауар кодтарының сәйкесінше өткізіледі.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында тауарлардың жүйелік тізімі, бұған тауарлардың толық атауы, қажеттілігі және өлшем бірлігі берілетін кодтар кіреді.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы – цифрлық белгі немесе цифрлық белгілер тобы ( кодтары) түріндегі тауар топтарын, позицияларын, кіші субпозицтяларын қамтитын тауарлар жіктеушісі. Жіктеудің кезкелген деңгейіндегі позицияларға ескертулер, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелері Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тарифтік және тарифтік емес реттеу ҚР кедендік статистикасын жүргізу үшін қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын ҚР үкіметі бекітеді. ҚР қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарларды сипаттаумен кодтаудың үйлестірген жүйесіне және ТМД-ның Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес келеді.
ЕврАзЭҚ елдерінің сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасы ТМД елдерінің тауарлық номенклатурасының негізінде құрылған. Ал ТМД елдерінің сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Гармониялық жүйенің негізінде құрылған. Гармониялық жүйе туралы халықаралық конвенцияға 1988 жылы 1қаңтарында қол қою күшіне енген бұл құжатқа қосымша болып гармониялық жүйенің номенклатурасы болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Сыртқы экономикалық қызметті мемлекетті реттеу үшін статистика ақпаратты жинау үшін қолданылады. Сонымен қатар ҚР кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар декларациялау мемлекеттік маңызы бар тауарлардың экспортын және импортын бейтарифтік реттеу шараларын қолдану үшін пайдаланылады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі өклетті орган сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуді жүзеге асырады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі өклетті орган:
1. Халықаралық ұйымдарда халықаралық негізді әзірлеу, өзгерту, толықтыру, түсіндіру және қолдану бөлігінде Қазақстандық тараптан өкілдік етеді. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы халықаралық негізінің өзгерістерімен толықтыруларын, бұл негізді түсіндіру жөніндегі халықаралық анықтаулар мен шешімдерді қадағалауды қамтамасыз етеді.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді,мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын әзірлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді.
3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының эталон данасын әзірлейді және оны сайма-сай қалыпта ұстап отырады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын, халықаралық түсініктемелермен халықаралық негізді түсіндіру жөніндегі шешімдердің жариялануын қамтамасыз етеді.
4. Жекелеген тауарларды жіктеу бойынша орындау үшін міндетті шешімдерді әзірлейді, бекітеді және жариялауды қамтамасыз етеді. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуге қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасында тауарларды жіктеу, тауарларды декларациялау кезінде декларант олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген жағдайда кеден органы мұндай тауарды өз бетінше жіктеуге құқылы.
Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдер міндетті болып табылады. Кеден органдарының шешімдеріне кедендік кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Тауарларды жіктеу кезінде кеден органдары тауарлар кодтарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес қолданылады. Тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ сараптама ұйымдары беретін қортындылар, анықтамалар, сараптама актілері көмекші (ақпараттық) сипаттама болады және тұлғаларды жіктеу кезінде назарға алынады. Тұлғаның сұрату бойынша кеден органы осы бөлімге сәйкес тауарлардың жіктемесі бойынша алдын ала шешім қабылдайды.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.