Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вто шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.06 Кб
Скачать

29. Еуропадағы сауда-экономикалық ынтымақтастығына дсұ аясынан түсініктеме беріңіз

Халықаралық экономикалық ынтымақтастық (ХЭЫ) - жекелеген елдер мен елдер топтары арасындағы шаруашылық байланыстар кешені. Ынтымақтастық нысандары барған сайын күрделіленіп, неғұрлым кешенді сипатқа ие болып отыр. Соңғы жылдары, мыс., өндірістің мамандануы, өтемдік негізде өндірістің кооперациялануы, тікелей байланыстар, сондай-ақ, ынтымақтастықтың басқа көптеген түрлері кеңінен дамып келеді.[1]

Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың басты даму бағыттары ретінде ғаламдану және аймақтану процестерін атауға болады.

Ұлтаралық бірлестіктердің дүниежүзілік нарықтағы орны екі жақты сипат алуы мүмкін, бұл олардың өздері шыққан елдермен қарым-қатынасымен тікелей байланысты. Бұл байланыс күшті болған жағдайда жоғары дамыған елдер өз фирмалары арқылы дамушы елдер экономикасына үстемдік жасау мүмкіндігіне ие болады. Өз елімен байланысы әлсіреген жағдайда ҰАБ халықаралық экономикалық, ассоциацияларға айналып, дүниежүзілік нарықты ыкпал ету аймағына бөледі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің жұмысын үйлестіруде әр-түрлі халықаралық деңгейдегі ұйымдар мен бірлестіктер жұмыс істейді. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы қаржылық операцияларды халықаралық және ұлттық қаржы мекемелері (Әлемдік Банк, Еуропалық Даму банкі, Азиялық Даму банкі, АҚШ, Жапония және Германияның ұлттық банктері) жүзеге асырады

Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ЕЭЫДҰ (Organіsatіon for Economіc Cooperatіon and Development, OECD) — халықаралық экономикалық ұйымЕуропа елдерімен ынтымақтастықта Еуропаны қалпына келтіруге Американың экономикалық және қаржы көмегін оңтайлы пайдалану (Маршалл жоспары) мақсатымен 1948 жылы Парижде құрылған Еуропа экономикалық ынтымақтастық ұйымының мирасқоры. 1961 жылдан бастап Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы деп аталады. Мақсаты — мүше мемлекеттердегі қаржы тұрақтылығын сақтау арқылы, олардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды жақсарту және тұрмыс жағдайын көтеру.

30. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және дсұ кіру мәселелерін жүйелі түрде пайымдаңыз

Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының экспортының негізгі бөлігі дайын емес шикізатқа негізделген. Еліміздің сыртқы саудасы кедендік одаө елдері және де ЕО елдерімен сондай ақ Орта Азия мен Қытайелдері арасында жүреді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ қазіргі таңда Қазақстан дайын өнім көлемін өндіруге және оны экспорттауға мүдделі. Осы мақсаттағы сауда саясатын жүргізу үшін Қазақстан ДСҰ елдірінің Халықаралық сауда құқықтарындағы артықшылықтарын пайдалануы тиіс. Ол үшін Қазақстанның ДСҰ-на мүшелікке қабылдануы тиіс. 20 ғасырдың екніші жартысынан бастап Тарифтер мен сауда жөніндегі халықаралық ұйым пайда болды. Солардың негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы, құрылды. Қазіргі кезде кқрамында 159 ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Бұл ұйым кұрамына кіруге Қазақстанда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ жанындағы сауда мен даму жөніндегі Комиссия да (UNCTAD) өз жұмысын елімізде белсенді жалғастыруда. Қазіргі таңда Қазақстанның сыртқы сауда саясатының негізгі алаңы Кедендік одақ елдерімен және ҚХР-мен жүргізіліп жатқан сауда болып отыр. Қазақстанның сыртқы сауда саясатында үлкен рөл ойнайтын бұл Қазақстанның геосаяси орны көлік жолдары және де ең бастысы Кедендік тарифтері қазіргі таңда әлем елдері интеграция нәтижесінде халықаралық саудадағы жеңілдіктер мен тиімді мүмкіндіктерді өз пайдаларына жаратуда. Осындай қадамдардың бірі ретінде КО-ты атап еткен жөн. Қазақстанның 2013 жылғы сыртқы саудасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға артқан. Бүгiнгi күнi Қазақстанның 120 астам елдермен сауда қатынастары бар. Оның негiзгi әріптестерiне Ресей, ТМД елдерi, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Туркия, Корея жене т.б. елдер кiредi. Қазiргi уақытта ҚР сыртқы саудасының даму бағыттарына:  • импорт құрылымын рационализациялау;  • жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру үшiн протекционистік саясат жургізу;  • өндiрiстi жаңарту үшiн қазiргi заманғы технология мен құрал-жабдықтар импортын ынталандыру жатады. 

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен бірлесіп, Кеден одағының шеңберінде жұмыс істейді. Кеден одағын құрудың негізгі міндеті осы аумақтан шығатын тауарларға қатысты бірыңғай кеден аумағын құру, сондай-ақ оларға кедендік баждар мен экономикалық сипатына шектеу қолданылмайтын еркін айналымға шығарылған үшінші елдерден әкелінген тауарлар болып табылады. Бұл ретте қатысушы мемлекеттер бірыңғай кеден тарифін және үшінші елдердің тауарларымен сауда жасауды реттеудің бірыңғай шараларын қолданады. Қазақстан Республикасындағы сауда саясатын дамыту және жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу;        Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудi реттеудiң кеден-тарифтiк және тарифтiк емес шараларын қолдану жөнiндегi, тарифтiк квоталарды енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты және iшкi нарықты қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу; Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру жолымен Қазақстанның әлемдiк сауда жүйесiне тиiмдi ықпалдасуы жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына өту бойынша келіссөздерді жүр­гізу мақса­тын­да 1996 жылы ҚР Үкіметінің қау­лысымен ДСҰ мә­се­лелері жөніндегі Ведомство­аралық комиссия құрыл­ды, кейін ол Кеден-та­риф саясат және халықаралық эко­номикалық ұй­ым­дарға қатысу мәселелері жөніндегі ведом­ство­аралық комиссияға, ал 2006 жылғы қыркү­йек­те – ҚР сауда саясаты және халықаралық эко­номи­калық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведом­ствоаралық комиссиясына ауыс­тырылды. Келіссөздер­ді Қазақстан атынан бір ғана адам жүргізбейді. Бұл үдерісте мем­лекеттік барлық органдардың (Мұнай жә­не газ, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруа­шылығы, Ден­саулық сақтау министрліктері және т.б.) өкілдері жұ­мылдырылған. Бұл ұйымға кірудің ел экономикасы үшін айрықша пайдасы бар деп айту қиын. Өйткені, біздің нарық ашық саудаға, бәсекелестікке дайын

емес. Бұл Кедендік одаққа кіру барысында белгілі болды. Кәсіпкерлеріміз әлемдік бәсеке түгілі, Ресейдің нарығына енуге қауқарсыз болып шықты. Біздің тауарымыз – шикізат. Мұнай, газ, металл. Кедендік одақтың пайдасын тек солар көруде. Ал қарапайым халық қызығын емес, шыжығын тартуда. Әлемдік тәжірибеге қарасаңыз, ДСҰ-ға кірген елдердің кейбірі басқа да әлемдік экономикалық одақтарға енген. Олар соның екеуін де тиімді пайдаланып отыр. Бізге де сөйтуге болады. Тек, ел экономикасы үшін, халықтың әлеуметтік жағдайын оң әсер ететін жағына қарастырғанымыз жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]