
- •1. Халықаралық сауда теориясының мәні мен эволюциясын сипаттаңыз
- •2. Дсұ кіру және ұйымнан шығу ережелерін жүйелі түрде сипаттаңыз
- •3. Дсұ аясында құрылатын жұмысшы топ елдері атқаратын негізгі қызметтерді пайымдаңыз
- •4. Халықаралық сауданы реттеуде қолданылатын құралдарды жүйелендіріңіз
- •5. «Протекционистік саясат» отандық өндірүшілерді қолдау саясаты атты ұғымды тұжырымдаңыз
- •6. Халықаралық сауданы реттеудегі «Кедендік тарифтер» рөлін сипаттаңыз
- •7. Халықаралық саудада қалыптасқан Мерканталистік теорияның негізгі қағидаларына талдау жасаңыз
- •8. Абсолюттік және салыстырмалы артықшылық теорияларының алғышарттарын тұжырымдаңыз.
- •Хекшер-Олин теориясының алғышарттарын жүйелендіріңіз
- •В.Леонтьев парадоксының қалыптасу себептерін нақтылаңыз.
- •Әлемдік ауылшаруашылық нарықтарына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Тмд елдерінің азық-түлік және ауыл шаруашылық шикізат нарықтарының сипаттамасын беріңіз
- •Дсұ мүше елдердегі қара және түсті металлдар нарықтарындағы жағдайға сипатттама беріңіз
- •Брикс елдерінің сауда экономикалық қарым қатынасына түсініктеме беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының Кедендік одақ аясында өнеркәсіптік тауарлармен алмасуына талдау жүргізіңіз
- •Қазіргі таңдағы халықаралық сауда саясаты және дсұ қызметіне сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: еңбек нарығы, капитал нарығы тұрғысынан пайымдаңыз
- •23. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: артықшылықтары мен кемшіліктерін әр ел тұрғысынан қарастыра отырып салыстырмалы талдау жасаңыз
- •25. Қазақстан Республикасының дсұ на кіру маселелерінің саласы бойынша жүйелендіріңіз.
- •26. Халықаралық нарықта сақтандыру қызметін көрсетудің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •27. Әлемдік экономикадағы қызмет саласын жіктей отырып ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •28. Дсұ аясындағы қызмет саудасының ерекшеліктерін
- •29. Еуропадағы сауда-экономикалық ынтымақтастығына дсұ аясынан түсініктеме беріңіз
- •30. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және дсұ кіру мәселелерін жүйелі түрде пайымдаңыз
- •31.Халықаралық саудадағы елдердің интеграциялық топтары мен халықаралық экономикалық ұйымдардың орны мен рөлін сипаттаңыз.
- •Саудадағы қорғаныс шаралары
- •33.Дсұ келісімдері және олардың сипаттамаларын жүйелендіріңіз
- •34. Тауарларға арналған кедендік декларация: түсінігі, оларды табыс етуге қойылатын талаптар, декларацияда көрсетілетін негізгі мәліметтер, тапсыратын мерзімдері жайлы сипаттама беріңіз
- •35. Халықаралық сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз
- •36. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері жайлы жүйелендірілген анықтама беріңіз
- •37. Халықаралық саудадағы мемлекеттік реттеудің рөліне сипаттама беріңіз
- •38. Трансұлттық корпорациялардың халықаралық сауданы реттеудегі рөлін пайымдаңыз
- •39.Гатт халықаралық сауда жүйесінің дсұ өту эволюциясына талдау жүргізіңіз
- •40. Халықаралық сауданы реттеудегі тарифтік және тарифтік емес реттеулерге салыстырмалы талдау жүргізіңіз
- •Дсұ аясында сауда келіссөздеріне байланысты қалыптасқан шиеленістерді шешу үрдісін сипаттаңыз
- •Юнктад ұйымының халықаралық сауданы реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз
- •Трипс және тримс бірлестіктерінің мәні және мазмұны жайлы салыстырмалы пайымдама беріңіз
- •Қызмет саудасы бағытындағы көпсалалық сауда келісімдері мен зияткерлік меншік саудасына сипаттама беріңіз
- •Қазақстан Республикасының негізгі сауда ұйымдарына қатысты орнына тұжырымдама жасаңыз (дсұ, бұұсдк (юнктад), опек)
- •Қазақстан Республикасының аймақтық интеграцияға қатысуына талдау жүргізіңіз.
- •Қр сыртқы саудасына статистикалық талдау жүргізе отырып сауданың тауарлық және географиялық құрылымын сипаттаңыз
- •Халықаралық тасымалдау қызметін жүзеге асыруда Инкотермстің теңіздік тасымалдауды реттейтін шарттарын сипаттаңыз
- •49.Қр импорттық реттеу бойынша ұстанылатын негізгі шарттарға сипаттама
25. Қазақстан Республикасының дсұ на кіру маселелерінің саласы бойынша жүйелендіріңіз.
Қазақстан ДСҰ-ға кіру жұмыстарын жүргізуде. Ашық халықаралық сауда саясаты кіші ішкі нарығы бар және әлемдік нарықты қажетсінетін ел үшін аса қажет. Алайда ҚР-дың ДСҰ-ға кіруі кейбір әлеуметтік-экономикалық салдарды туғызып, әр түрлі экономика салаларындағы барлық нарықтың субъектілеріне пайдалы болмайды. Бәсеке қабілетсіз өнімді өндіруші отандық кәсіпорындардың көпшілігі үшін ДСҰ шарасыз таңдауды білдіреді: өндірісті модернизациялау немесе оны жабу. Кәсіпорын жұмыс істегісі келсе, онда ол бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға мәжбүр болады.
Бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің ауыл шаруашылығында негізгі оқиғалардың бірі ҚР-дың Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі. Алайда бұл ұзақ процесс және әлі соңына дейін аяқталмай отыр, себебі отандық ауыл шаруашылық өндірушілері халықаралық өндірушілермен бәсекеге дайын емес. Осындайда мемлекеттердің негізгі мақсаты болып ішкі нарық пен шұғыл өзгерістерге дайын емес өндірушілерді қолдау болып табылады. Осы жерде тағы айтып кететін жайт, ТМД елдеріне ДСҰ-ға кіруде ерекше шарттарды бергізбейді (мысалы, ұзағырақ өтпелі кезеңдерді тағайындау), осыны ұйым ДСҰ-ға кіру шарттарын орындау өзінен өзі нарықтық экономикаға өту элементі болып табылатындығымен түсіндіреді.
Жалпы, Қазақстан Республикасының ДСҰ на кіру маселелерінің саласы бойынша жүйелендірсек, негізінде ауыл шаруашылығы саласы үлкен мәселе және бұл саланы ДСҰ-ға кіруге дайындау үкіметтің басты мақсаты болып отыр. Мұнда АӨК-ның өндірісін дамыту, қолдау шаралары қарастырылған. Оларға Президенттің 2002 жылы 5 маусымда шыққан N889 жарлығы “2003-2005 жылдарға арналған ҚР-дың мемлекеттік агро азық-түлік бағдарламалары туралы”, 2003 жылы 10 шілдедегі N 1149 жарлығы “2004-2010 жылдарға арналған ҚР-дың ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы”, т.б. Осы жарғыларда аграрлы сектордың негізгі мақсаттары, кезеңдері, даму мен сауықтыру тәсілдері қарастырылған. Осы бағдарламалық құжаттарда негізгі орында елдің азық-түліктік қауіпсіздік, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылық өнімдерінің сатылу көлемін арттыру алады.
ДСҰ-ға кірудің келесі баспалдағы 2003 жылы 20 маусымдағы қабылданған ҚР-дың Жер кодексі болды, онда ауыл шаруашылығына арналған жерлердің жеке меншікке қатысты легализациялық құқықтар қарастырылды. Аталған құжаттар 2005 жылы 8 шілдеде қабылданған “Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аймақтарды мемлекеттік реттеу” туралы ҚР заңын жасауға мүмкіндік берді. Осы заңда қазіргі ҚР агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аймақтарды дамытуының мемлекеттік реттеудің құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік негіздері айшықталған. Осы заңға дейін ҚР-да “Ауыл, аудан және АӨК-нің басымдығы” туралы заң күшінде болды, алайда бұл заңда халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкес келетін баптар жоқ болатын. Жаңа заңдағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары ретінде: азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АӨК нарықтарының тұрақтылығы, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін қалыптастылру, отандық өнімдердің бәсекелік артықшылықтарын қолдау, ауыл шаруашылық және өндірістік шикізатты қайта өңдеу, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік. Заңда, сонымен қатар, ДСҰ-ға қатысты жасыл және сары себеттер бойынша шаралар қолдану қаралған. Оған ҚР заңнамасына сәйкес АӨК және ауылдық жерлерді несиелеу мен субсидия беру, сатып алулар мен бағалық интервенцияларды қолдану, арнайы ұйымдарды құру, салықтық, бюджеттік, кеден-тарифтік, техникалық және т.б. реттеу шаралары жатады. ДСҰ-ның белгілі ережелерін орындау үшін ҚР-да ауыл шаруашылығына қатысты санитарлық және фитосанитарлық нормалар мен талаптар бар құқықтық-нормативтік актілер қабылданды. Оларға “Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы” заңын жатқыза аламыз. Сонымен қатар, ҚР-да саудадағы техникалық тосқауылдар, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша ақпараттық орталық құрылған. Бұл орталық ДСҰ Секретариатымен, ДСҰ-ға мүше елдермен қолданылып жатқан санитарлық және фитосанитарлық шаралар жайлы ақпарат алмасып отырады. Сонымен қатар, “Агробизнес 2020” бағдарламасы іске қосылуда.
Басқа салаларды алсақ, ДСҰ-ға кіруде дайын өнімді шығарушы кәсіпорындар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, қызмет салаларында, коммуникация, машина жасау, техника салалары үлкен бәсекеге душар болып, мүлдем құлдырап кетуі ықтимал. Оның алдын алуы үшін мемлекет тарапынан “Өнімділік 2020”, “ГПФИИР 2010-2014”, “Экспо2017”, жекелеген салалар бойынша т.б. бағдарламалар мен жобалар жүргізілуде.