
- •1. Халықаралық сауда теориясының мәні мен эволюциясын сипаттаңыз
- •2. Дсұ кіру және ұйымнан шығу ережелерін жүйелі түрде сипаттаңыз
- •3. Дсұ аясында құрылатын жұмысшы топ елдері атқаратын негізгі қызметтерді пайымдаңыз
- •4. Халықаралық сауданы реттеуде қолданылатын құралдарды жүйелендіріңіз
- •5. «Протекционистік саясат» отандық өндірүшілерді қолдау саясаты атты ұғымды тұжырымдаңыз
- •6. Халықаралық сауданы реттеудегі «Кедендік тарифтер» рөлін сипаттаңыз
- •7. Халықаралық саудада қалыптасқан Мерканталистік теорияның негізгі қағидаларына талдау жасаңыз
- •8. Абсолюттік және салыстырмалы артықшылық теорияларының алғышарттарын тұжырымдаңыз.
- •Хекшер-Олин теориясының алғышарттарын жүйелендіріңіз
- •В.Леонтьев парадоксының қалыптасу себептерін нақтылаңыз.
- •Әлемдік ауылшаруашылық нарықтарына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Тмд елдерінің азық-түлік және ауыл шаруашылық шикізат нарықтарының сипаттамасын беріңіз
- •Дсұ мүше елдердегі қара және түсті металлдар нарықтарындағы жағдайға сипатттама беріңіз
- •Брикс елдерінің сауда экономикалық қарым қатынасына түсініктеме беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының Кедендік одақ аясында өнеркәсіптік тауарлармен алмасуына талдау жүргізіңіз
- •Қазіргі таңдағы халықаралық сауда саясаты және дсұ қызметіне сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: еңбек нарығы, капитал нарығы тұрғысынан пайымдаңыз
- •23. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: артықшылықтары мен кемшіліктерін әр ел тұрғысынан қарастыра отырып салыстырмалы талдау жасаңыз
- •25. Қазақстан Республикасының дсұ на кіру маселелерінің саласы бойынша жүйелендіріңіз.
- •26. Халықаралық нарықта сақтандыру қызметін көрсетудің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •27. Әлемдік экономикадағы қызмет саласын жіктей отырып ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •28. Дсұ аясындағы қызмет саудасының ерекшеліктерін
- •29. Еуропадағы сауда-экономикалық ынтымақтастығына дсұ аясынан түсініктеме беріңіз
- •30. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және дсұ кіру мәселелерін жүйелі түрде пайымдаңыз
- •31.Халықаралық саудадағы елдердің интеграциялық топтары мен халықаралық экономикалық ұйымдардың орны мен рөлін сипаттаңыз.
- •Саудадағы қорғаныс шаралары
- •33.Дсұ келісімдері және олардың сипаттамаларын жүйелендіріңіз
- •34. Тауарларға арналған кедендік декларация: түсінігі, оларды табыс етуге қойылатын талаптар, декларацияда көрсетілетін негізгі мәліметтер, тапсыратын мерзімдері жайлы сипаттама беріңіз
- •35. Халықаралық сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз
- •36. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері жайлы жүйелендірілген анықтама беріңіз
- •37. Халықаралық саудадағы мемлекеттік реттеудің рөліне сипаттама беріңіз
- •38. Трансұлттық корпорациялардың халықаралық сауданы реттеудегі рөлін пайымдаңыз
- •39.Гатт халықаралық сауда жүйесінің дсұ өту эволюциясына талдау жүргізіңіз
- •40. Халықаралық сауданы реттеудегі тарифтік және тарифтік емес реттеулерге салыстырмалы талдау жүргізіңіз
- •Дсұ аясында сауда келіссөздеріне байланысты қалыптасқан шиеленістерді шешу үрдісін сипаттаңыз
- •Юнктад ұйымының халықаралық сауданы реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз
- •Трипс және тримс бірлестіктерінің мәні және мазмұны жайлы салыстырмалы пайымдама беріңіз
- •Қызмет саудасы бағытындағы көпсалалық сауда келісімдері мен зияткерлік меншік саудасына сипаттама беріңіз
- •Қазақстан Республикасының негізгі сауда ұйымдарына қатысты орнына тұжырымдама жасаңыз (дсұ, бұұсдк (юнктад), опек)
- •Қазақстан Республикасының аймақтық интеграцияға қатысуына талдау жүргізіңіз.
- •Қр сыртқы саудасына статистикалық талдау жүргізе отырып сауданың тауарлық және географиялық құрылымын сипаттаңыз
- •Халықаралық тасымалдау қызметін жүзеге асыруда Инкотермстің теңіздік тасымалдауды реттейтін шарттарын сипаттаңыз
- •49.Қр импорттық реттеу бойынша ұстанылатын негізгі шарттарға сипаттама
23. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: артықшылықтары мен кемшіліктерін әр ел тұрғысынан қарастыра отырып салыстырмалы талдау жасаңыз
Қазақстан, Ресей және Беларусьтың кедендік одағы құрылуымен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция идеясы жүзеге асты (ол бұрынғы КСРО кеңістігінде Еуразиялық мемлекеттер одағын құруды 1994 жылы ұсынған болатын). Бұл жерде осы одақтың нәтижесінде үш елдің аумағы бір жағынан, Еуропа мен Азия арасындағы сауда-саттыққа дәнекер ретінде қаралса, екінші жағынан Еуроодақ пен даму үстіндегі Қытайдың қуатты экономикасына қарсы қайрат қылатын мүмкіндік ретінде маңыз берілді.
Кедендік Одақтың одақ мүшелері үшін зияны пен пайдасы әр түрлі. Ресей үшін КО пайдасы көбірек. Өйткені өткізу нарығы кеңейіп тауар экспорты жоғарылады, шикізат импорттауға мүмкіндік. Бір жағынан экономикалық тиімділігі ,ал екінш жағынан саяси тиімділігі бар. Өйкені одақтағы үш елдің ішінде Ресейдің құзыреті жоғары. Бұл одақ шарттарында көрсетілген. Осылайша Ресей одақ елдеріне экономикалық әрі саяси ықпал ете алады.
Ал Ресей мен Белорусь үшін одақтың пайдасы мен зияны әлге дейін даулы мәселе. Белорусь елі үшін КО-ның алғашқы әсерлері жағымсыз болды.
Кедендік одаққа қатысудан Ресей, Қазақстан және Белоруссия қандай дивидендтер алатындығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.
Кедендік Одақтың артықшылықтары да кемшіліктері де бар. Алайда одақ құрылғаннан бері айтарлықтай уақыт өтпегендіктен одақтың салдары біртіндеп қана көрініп келе жатыр. Одақтың елімізге берер келсідей мүмкіндіктерін атап өтуге болады:
бәсекенің жоғарылауы отандық өндірушілерімізді сапаны жоғарылатуға ынталандырады
еліміз тауар өндіретін емес оны тұтынатын елдер қатарына жатады. Ал үшінші елдерге қатысты кеден баждарының жоғарылауы отандық кәсіпкерлерді алып-сатарлықпен емес тауар өндіруге итермелейді. Бұл өз кезегінде өңдеуші өнеркәсіптің дамуына әсер етпек
одақ аясында өндіріс факторларының қозғалысы жеңілдеді. Енді елдер арасында капиталдың, еңбек күшінің, технологияның алмасуына жол қойылды.
өткізу нарығы кеңейді
тауарлар ассортименті жоғарылады
Дегенмен осы қысқа мерзімдегі салдарына келетін болсақ бағаның өсіп, жұмыссыздық көбейді. Осы тұрғыдан алғанда, бірқатар сарапшылар Қазақстанның кедендік одаққа қосылуы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлай түсуіне әкелді дегенді айтады. Соңғы екі жылдың көлемінде Қазақстанға кеден одағына мүше емес елдерден келетін азық-түлік пен тауарлардың бағасы күрт көтеріліп кетті. Оның ішінде жанар-жағармайдың, жеңіл көліктің, тұрмыстық техника, ет құнының және өзге де күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бағасының шарықтауы халықтың қалтасын қақты деуге болады. Жалпы қазақстанның сыртқы саудасында келесідей өзгерістер байқалды: одақ елдерімен тауар айналымы жоғарылап, Еуропа елдерімен тауар айналымы қысқарды, әсіресе одақ елдерінен импорт ұлғайды; бсекеге төтеп бере алмау себебінен кей салалардағы кәсіпкерлер саны қысқарды.
Елімізде халық тұтынатын тауарлар өндірісі әлі қалыптаспағандықтан, ол негізінен Түркиядан, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктерінен тасымалданатын. Кедендік одақтастарымыз Ресей мен Беларусьта да бұл санаттағы тауарлар түрі мол және сапалы, ауқымды ортақ нарықтың сұранысын қанағаттандырады деп айта алмаймыз. Ал үшінші елдерден келетін тауарларға кедендік баж салығы біршама көтерілгендіктен, қалтасы жұқа халықтың қалың бөлігі біраз қиналып қалды. Оның үстіне статистика бойынша еліміздегі 2,5 миллион өзін-өзі еңбекпен қамтығандар қатарындағы Қытаймен екі арада ала дорба арқалап, сауда-саттықпен бала-шағасын асырап келгендердің де шаруасы шатқаяқтады.
Ал Ақ Жол партиясы болса келесі мәселелерге тоқталған/2/. Кедендік Одаққа дейін Қазақстан еуропалық капитал мен қытай тауарлары кездесетін буферлік зона ретінде болса, ал қазір Қазақстан осындай партнерлік территория болудан айрылады деп келтірген. Ал Экономикалық даму және сауда министрлігінің статистикалық мәліметтері өзгеше суретті береді: 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 8 млрд 730 млн долларды құрады, 2011 жылғы осы мезгілдегі көрсеткіштен 29,8% өсті/3/. Ал Еуропалық Одақпен сауда айналымы 2011 жыл бойынша 50 млрд құрады, бұл 30,9% көп 2010 жылға қарағанда. Жетіген-Қорғастеміржол бағытының салынуы, Н.Назарбаевтың Австрия, Чехия елдеріне сапарлары және басқа сыртқы саяси-экономикалық шаралар Қазақстан тек Кедендік Одақпен сауда етумен шектеліп қоймайтынын ашық көрсетеді. Изоляция немесе бір жақты серіктестікті дамыту ҚР сыртқы саясатының түпкілікті мақсаттарына қайшы келеді. Дегенмен, Кедендік Одаққа кірмейтін мемлекеттер үшін Қазақстанның сыртқы шекарасы арқылы тауар тасымалдау қиындай түсті. Мысалы, Қырғызстаннан келетін үлкен жүкті автомобильдердің ҚР шекарасында өткізетін уақыт 47 % көбейді/4/.
Алайда экономикалық одақтың тиімділігін талдау үшін бұл өте қысқа мерзім. Кез келген мұндай одақтың алғашқы статикалық салдары оң бола бермейді. Ал динамикалық салдары болашақта көріне жатар.
24. ДСҰ қалыптасуы және ұйымға кіру шарттарына жүйелі түрде тұжырымдаңыз
ДСҰ-ның негізгі мақсаты бірыңғай сауда жүйесін құру болып табылады, мұнда ДСҰ мүше-мемлекеттер бір-бірімен әділетті және еркін бәсекелестік шартында сауда жасаса алады.
Бұл ретте, берілген ұйым шеңберінде маңызды принциптердің бірі болып ашықтық принципі табылады, ол нормативтік құқықтық актілердің жарияланғанға дейін қолданбау принципі болып табылады. Бұл принципке әлемнің барлық өркениетті елдерінің құқықтық жүйелері негізделген.
Берілген принцип ДСҰ заңды жүйесін түйрейді. Ол ДСҰ Келісімдерінің шеңберінде қабылданған сол немесе өзге міндеттіліктерді қадағалау үшін, мүше-елдер сауда саласындағы жаңа қабылданатын ережелер немесе қазіргі реттеудің сол не өзге ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы хабардар етуі тиіс.
Одан басқа, 1994 жылы ГАТТ Х Тарауына (Сауда ережелерін жариялау және қолдану) сәйкес мүше-елдер сол не өзге ДСҰ Келісімдерге қатысты заңдарды, ережелерді, соттық шешімдерді және жалпы қолданылатын басшылық өкімдерді жариялауға міндетті.
ДСҰ-на өзінің сауда саясатын өткізуде автономиясына ие, кез келген мемлекет немесе кеден аумағы кіре алады. Сонымен ДСҰ-на кіретін ел ДСҰ-на өзінің мүшелігінің шарттарын келістіру тиіс.
ДСҰ-на кіру процесі үш негізгі кезеңдерінен тұрады:
1. Мемлекет өзінің сауда және экономикалық саясатының аспектілері туралы толық ақпаратты ұсынады, сонымен қатар олар ДСҰ принциптеріне қай түрде сәйкес келетінін көрсетеді. Осы құжаттар меморандум түрінде ұсынылады және осы мақсаттарға арнайы қалыптасқан Жұмыс тобымен талқыланады. Аталған топ ДСҰ елдеріне кіретін мүшеліктің шарттарын талқылауға мүдделерін танытқан елдерден тұрады. ДСҰ мүшелері осы ұйымға ыңғайланатын мемлекетпен тікелей келіссөздер өткізеді. Келіссөздер барысында, кеден баждардың мөлшерлемелерін және тауарлар мен қызметтер нарығына рұқсат алуда міндеттемелерді қоса отырып, бар даулы мәселелер реттелген болу тиіс. ДСҰ жаңа мүшелерімен міндеттемелерді қабылдауда және ұйымның басқа мүшелеріне қатысты «Дискриминациялаусыз сауда» принципі бойынша олар автоматты қолданылады.
2. Келіссөздер аяқталғаннан және кіретін елдің сауда режімін талдаудан кейін Жұмыс тобы, оларды орындауға мерзімдерін көрсетумен Кіру Хаттамасының жобасын және Міндеттемелер тізімін енгізіп, ДСҰ әлеуетті қатысушысы туралы арнайы баяндама дайындайды.
3. ДСҰ Бас Кеңесі мәжілісінде немесе ДСҰ министрлер конференциясында Жұмыс тобы кіретін мемлекет туралы құжаттарды ұсынады. Осыдай кейін формалды дауыс беру – ДСҰ жаңа келген адамды қабылдауға осы ұйымның екіден үш бөлігінен кем емес мүшелері дауыс беру тиіс.
ДСҰ мекемесі туралы Келісімінде ДСҰ қосылудың жалпы принциптері ғана белгіленгенін белгілеу керек. Қосылу шарттары ДСҰ жұмыс тобының мүше–елдері және қосылатын елдері арасындағы келіссөздер процесінде анықталады. Оның нәтижесінде, белгілі дәрежеге дейін болжамсыз болады, өйткені ДСҰ жеке мүшелерінде қосылатын, ДСҰ келісімнің шегінен тыс шығатын, елдің міндеттемелеріне қойылатын қосымша талаптарды қоюға құқығы бар. Осындай талаптар «ДСҰ плюс» тұжырымдамасына жатады. Жақында қосылған елдің тәжірибесі, міндеттемелердің минималды жиынтығы маңызды кеңейтілгенін және жекешелендіру, инвестициялық тәртібі, экспорттық тарифтің мөлшерлемелерін байланыстыру сияқты салаларды қамтитынын көрсетеді.
Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім – 1994ж.: тауар саудасының негізгі ережелерін сондай-ақ ДСҰ мүшелерінің осы саладағы құқылары мен міндеттерін айқындайды.
Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім: Ауылшаруашылық тауарлары саудасын реттеу ерекшеліктері мен осы саладағы өндіріс және сауданы мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану механизмін айқындайды.
Тоқыма бұйымдары мен киім –кешек жөніндегі келісім:Тоқыма бұйымдары мен киім-кешек саудасын реттеу ерекшеліктерін айқындайды.
Санитарлық және фитосанитарлық нормалар жөніндегі келісім: санитарлық және фитосанитарлық бақылау шараларын қолдану жағдайын белгілейді.
Саудадағы техникалық кедерілер жөніндегі келісім: Стандарт, техникалық регламент, сертификаттау үрдісін қолдану жағдайын анықтайды.
Саудаға байланысты инвестициялық шаралар жөніндегі келісім: капитал енгізуге байланысты отандық тауарларды тұтынуды ынталандыру шараларын шектеу.
Тауарларды кедендік бағалау жөніндегі келісім (1994): Тауардың кедендік құнын бағалау ережелерін анықтайды.
Тауарды жөнелтеу алдындағы инспекция жөніндегі келісім: тауарды жөнелту алдында инспекция жүргізу жағдайын анықтайды.
Шығу тегінің ережесі жөніндегі келісім: Тауардың шығу қағидаларын анықтайды.
Импорттық лицензиялау процедурасы жөніндегі келісім: Импортты лицензиялау процедуралары мен формаларын белгілейді.
Субсидия және өтемдік шаралар жөніндегі келісім: Өтемдік шаралар мен субсидияны қолдану жағдай, процедураларын анықтайды.
Демпингге қарсы келісім: Демпингге қарсы шаралар қолдану жағдайы мен процедураларын анықтайды.
Қорғау шаралары жөніндегі келісім: Импорттың өсуіне қарсы шаралар қолдану жағдайы, процедураларын анықтайды.
ДСҰ-ның келісімдерін қатысушы барлық елдердің парламенттері бекітеді.