Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вто шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.06 Кб
Скачать

22. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: еңбек нарығы, капитал нарығы тұрғысынан пайымдаңыз

Қазақстанның Кеден одағына кіруі нәтижесінде туындайтын кадрлық бәсекелестік артып, отандық жұмыс берушілердің алдында одақтас елдердің жұмыс күшінің үлкен нарығы ашылады.

Егер сұраныс туралы айтсақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық талдау орталығының деректері бойынша телекоммуникация, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға сұраныс жоғары. Білікті бухгалтерлер мен қаржы аналитиктері де сұранысқа ие. Интернеттің дамуы нәтижесінде бүгінгі күні нарықта онлайн ортаны терең түсінетін мамандардың, әлеуметтік медиамен жұмыс жасайтын менеджерлердің, іздестіруді оңтайландыру мамандарының тапшылығы сезіледі, әсіресе ағылшын тілін меңгерген, тәжірибелі SEO-мамандар жетіспейді

Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында  тауар,  қызмет, капитал және еңбек  нарығы  толығады.

Қазақ­стан, Ресей және Беларусь елдерінің жұ­мысшы азаматтарының аталған үш ел аумағында еңбек етуіне, емін-еркін қоз­ғалуына мүмкіндік береді. Қазір әр мемлекет өзінің ішкі еңбек нарығын қор­ғау мақсатында жұмыс істеуге арналған тәр­тіптерін, квота белгілеу шараларын қолданып жүр. Бірақ бұл – аталған үш елдің жұмысшыларының емін-еркін жү­руіне әжептәуір кедергі. Сондықтан келісім бойынша ендігі ретте біздің елдерден өзара шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талаптары жойылады. Яғни Қазақстан, Ресей мен Беларусь өзара аталған шектеулерді алып тастауды көздеп отырХалықаралық келісімнің тобықтай түйіні – осы: жұмыс күшін еркіне жіберу. Мұндай еркіндіктен қайсы елдің еңбек нарқы көп жапа шегетінін әлі болжап айту мүмкін емес тәрізді. Қазақстанның еңбек нарығына тоқтала келсек, Кеден одағының аясындағы басқа екі елдің, яғни Ресей мен Беларусьтің біздің елге ешқандай да қауіп емес екендігін, олардың көші-қондық тәуекелге жатпайтындығын әрі олардағы еңбек күштерінің Қазақстанға экспортталуы болмашы ғана сипатта. Бұдан бөлек, Бірың­ғай экономикалық кеңістік аясында еңбекшілер үшін рұқсат алуды болдырмаудың адам капиталының еркін қозғалысы жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкес. Сонымен қатар еңбекшілер министрі Гүлшара Наушақызы келіс­сөздер барысында ұлттық мүдде­лерді қорғайтын бірқатар ұстанымдарға да тоқталды. Біріншіден, ұлттық қауіп­сіздік мүдделерімізді қамтамасыз ету мақ­сатында стратегиялық маңызы бар эко­номика салаларындағы қазақстан­дық қамту талаптарын белгілейтін заң­нама­лық шектеулер қолданатын болады. Бүгінде, мәселен, жер қойнауын пайдалану саласында заң жүзінде шетелдік мамандар санына шектеулер қа­рас­тырылған. Осындай шектеулерді Қа­зақстан әрбір стратегиялық маңызы бар салада заңмен орнатады. Екіншіден, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырыла­тын әртүрлі бағдарламалар келісімнің шеңберінде қарастырылмайды. визасыз тәр­тіппен екі күнге шекарадан кіріп-шы­ғуға рұқсат қарастырылған. Осының сал­дарынан Ресейдің өзінде «кірген із бар, шыққан із жоқ» дегенге келетін жағдай жеткілікті орын алып отыр. Жылына орта есеппен алғанда Ресейден бізге – 1,5 мың адам, Беларусь елінен 100-ақ адам келеді. Ал Қазақстаннан осы елдерге баратындар саны 10 мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар бізге керегі – білікті мамандар. Маңғыстау, Ақтау портында теңіз флоты қызметкерлері мүлдем жоқтың қасы. Сондықтан Ресейден мамандар шақырамыз, олар өздері қалаған мерзімге келіп, отбасымен осында тұруы керек. Сондай-ақ біздің елде тұрған уақытында әлемде қалыптас­қан тәжірибелер бойынша әлеуметтік тетіктер іске қосылмаса болмайды», – деп ақталады министр. Ведомство басшысының сөзінен аңғарғанымыз, біліктілігі жоқ мамандар онсыз да екі-үш айға маусымдық шараларға келіп-кететін көрінеді. Ал оларға әлеуметтік қамсыздандыру еш қарастырылмайды. Дәл осы тұста білікті маманға қатысты тағы бір мәселе көлденеңдейді. Қазақстанда ғана емес, білікті мамандар Ресейде, Беларусьта да тапшы. Ендеше, еркін қозғалған еңбекші қызметкерлер қайда жалақы жоғары болса, сонда баруға әрқашан да дайын. Нарықтық жағдайда адамдар арасындағы бәсекелестік болмай тұрмайды. Ендеше, бұл да – ойланатын мәселе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]