Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вто шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
343.06 Кб
Скачать
  1. Қазақстан Республикасының Кедендік одақ аясында өнеркәсіптік тауарлармен алмасуына талдау жүргізіңіз

2013 жылы қаңтар – қыркүйек Қазақстаның Кедендік Одақ мемлекеттерімен сауда 17692,3млн доллар құрады, ол 1,8 % 2012 жылға қарағанда жоғары. Экспорт 4555,8 млн долларов 4,1% төмендеді, импорт 13136,5 млн. доллар 4,0% көбейді. Экспорт құрамында минералды өнімдер 40,6%, металлдар және металлдардан жасалған өнім 24,8%,химиялық өнеркәсіп өнімдері 14,3% құрайды.

  1. Қазіргі таңдағы халықаралық сауда саясаты және дсұ қызметіне сипаттама беріңіз.

Халықаралық сауда саясаты мемлекеттер арасындағы тауар және қызмет алмасуының халықаралық реттеудің формалары және әдістерінің жиынтыңы болып табылады.

Халықаралық сауданы реттеу аймақтық экономикалық ұйымдармен, бірлестіктермен, топтармен және әлемдік деңгейдегі ұйымдармен іске асырылады.

Ең дамыған аймақтық экономикалық топ қазіргі Еуропалық Одақ (1958жылы құрылған) болып табылады. Оған 28 еуропалық мемлекет кіреді.

Аймақтық одақтар және топтар бір жағынан халықаралық сауданың дамуына ықпалдасады, мүше мемлекеттер арасында сауда кедергілерді жояды. Ал екінші жағынан «үшінші» мемлекеттерге қатысты протекционистік саясатты іске асырады, мүше емес мемлекеттер және басқа экономикалық одақтар үшін белгілі кедергілер орнатады.

   Барлық мемлекеттер үшін сыртқы сауда саясатында ұлттық мүддесі маңызды болады, сондықтан олар халықаралық сауда субъектілері бола отырып оның дамуына мүдделі. Сол үшін халықаралық сауданы әлемдік масштабта реттейтін ұйымдар пайда болды.

Халықарақ сауданы реттеуде ДСҰ ықпалды орын алады. Ол ГАТТ келісімі негізінде 1995 жылы 1 қаңтарда құрылған. 2013жылғы 2 март бойынша 159 мемлекет құрамында. Қазақстан бақылаушы мемлекеттер қатарына кіреді.

  • ДСҰ – бұл тауармен қызметтің халықаралық саудасы аясында үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын көпжақты келісім-шарт, құқықтық құжаттардың кешенді ұйымы.

  • ДСҰ-ның құқықтық негізін Тауар саудасы туралы бас келісім (ГАТТ,1994), қызмет саудасы туралы Бас келісім (ГАТС) және интеллектуальдық меншік құқығының сауда мәселелері туралы келісім (ТРИПС) және басқа құжаттар құрайды.

ДСҰ негізгі мақсаттарының бірі протекционистік саясатпен күресу: тарифтік емес шектеулерден бас тарту және тарифтік шектеулерді азайту. Нәтижесінде 40 ж. аяғынан 2000ж. аяғына дейін мүше мемлекеттердің кедендік баждары 40 – 60% дан 3 – 5 % ға дейін төмендеді.

ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:

— Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатындадемпингтік бағаларды пайдалану;

— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

19. Қазақстанның сыртқы саудасы және ДСҰ кіру үрдісін ТМД елдері экономикасымен салыстыра отырып сараптаңыз

ДСҰ-ның аясындағы келісімшарттардың өзектілігі қазіргі таңдағы ДСҰ негіздеген маңызды келісімшарттар негізінде халықаралық сауданың жүру процесін анықтау. ДСҰ мүшелері ратификациялаған келісімшарттар осы мүше елдер арасындағы сауда ережелерін қалыптастырып, халықаралық сауда барьерлерінің жойылуын көздейді. Яғни, ДСҰ келісімшарттар халықаралық тауар, қызмет, капитал, қаржы, еңбек және тағы басқа айналымдар үшін тарифтік ставкаларды қалыптастырып, әлемдік нарықтың маңызды механизміне айналып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі ДСҰ-ға негізгі төрт бағыттары бойынша көп жақты және екі жақты деңгейінде келіссөздер жүргізеді:

1. Жүйелік мәселелері  бойынша келіссөздер.

2. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша келіссөздер.

3. Тауар нарығына қол жеткізу бойынша келіссөздер.

4. Қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша келіссөздер.

Қазақстанның 29 мүше–елдерімен ДСҰ кіру шеңберінде қазақстандық тауарлары мен қызметтерге қол жеткізу бойынша екі жақты келіссөздерді аяқтау туралы хаттамаларға қол қойылған:

ТМД елдерінің ішінде ең алғаш болып Қырғызстан кірді. ДСҰ-ға кіру процесі тек 2,5 жылға созылды. Бұл жедел уақыт болып табылады. Кіру шарттарының жеткіліксіз өңделуі теріс салдарға айналды. Қызғызстан үкіметі елді дамушы елдер статусына кіргізбегендіктен, дамыған елдердің ең қиын да қатал міндеттемелері жүктелді. Отандық өндірілген тауарлар мен қызметтердің төмен бәсекеқабілеттілігі дамыған елдердің нарығына кіруге жол бермеді. Ал ішкі нарық арзан және сапалы сырттан келетін туарларға ашылды. ДСҰ-ға кіру шарты бойынша, Қырғызстан ауылшаруашылық өнімдер экспортын субсидияламауға мәжбүр болып, аграрлы импортты лицензиялау мен квоталауды жасамауға қол қойды.

Ресей ДСҰ-ға кіру туралы 1993 жылы маусымда өтінім білдірді. Ресей ДСҰ-мен келісімшарттарды 18 жылдан аса жасады. Ресейдің келіссөз жүргізушілері 57 екіжақты тауар нарығына рұқсат келісімшартын және 30 екіжақты қызмет нарығына рұқсат келісімшартына қол қойды.

Келісілген келісімшарт бойынша 2012-2020 жылдар аралығында Ресей 15000 өндірістік және 4000 тұтынушылық тауар бойынша тарифтік өзгертулер жүргізеді.

Экспорттық нарықтың кеңеюімен байланысты ұтқан өндіріс салаларына жатады: металлургия(қара металл, құбырлар, түсті металлдардың кейбір түрлері), минералды тыңайтқыштар, химиялық өндіріс, сүректі жеткізу. Шикі мұнай мен қару-жарақтар ДСҰ-мен реттелмейді. Сондықтан, мұнай мен газ сату көлемі өспейді, бірақ кішкене сыртқы инвестициялар үшін ашылады.

Ал импорттық тауарлардың ағылымынан бәсекеқабілеттілігі төмен деп күтілетін өндіріс салалары: машинажасау(құралдар жасау, ауылшаруашылық машиналар жасау, автопром), тамақ және жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі. Ауылшаруашылық өнеркәсібі де төмендеу тәуекелінде тұр, оның себебі тек тарифтердің төмендеуі емес, сонымен қатар, ауылшаруашылықты қолдау шараларына(субсидия, дотация) тыйым салынуы. Банктер мен сақтандыру нарықтары ұзақ уақытқа дейін жабық қалпында қалады, бұл уақыт кезеңінде олар жаңа шарттарға бейімделіп үлгереді.

Тәжікстан (2013) ДСҰ-ға мүшелік сыртқы саясаттың көпвекторлығын көрсетеді. Тәжікстан үшін экспорттық тауар артықшылықтары(алюминий, мақта, ауылшаруашылық өнімдері) әлемдік нарықта әлі көрінбейді. Елдің экономикасының аса сезімтал зоналары – текстильді және аграрлы өндіріс.

Белорусь ДСҰ-ға 2015 жылы кіруі мүмкін. Ел экономикасының изоляциясы және жеке сектордың әлсіздігі келіссөздер жүргізу үрдісін ақырындатады.

Қазақстан Белоруське қарағанда алдыңғы қатарда, Паскаль Лами 2013 жылдың қаңтарында Қазақстанның осы жылы мүше болуына мүмкіндік бар деді. Қазақстанның негізі міндеті ауылшаруашылық пен автопромдық локальді өндірушілерді қорғау.

Өзбекстан ДСҰ-ға кіруі бастапқы сатыда. Оның кіруін АҚШ қолдап отыр. Еврокомиссия ДСҰ-ға кіру процесін қамтамасыз етуге 1млн евро бөлді. Әзербайжан ДСҰ-дың баұылаушы статусін иемденіп отыр. Ал Түркменстан ДСҰ-дың не мүшесі, не бақылаушысы емес.

21. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: жеңіл өнеркәсіп негізінде сараптама жүргізіңіз

Кедендік одаққа мүше мемлекеттер арасында жасалған келісім базасы негізінде жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне 10-15 пайыз көлемінде импорт баждары салынады. Осылайша жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне бұрынғы жеңілдіктер алынып тасталып, жалпыға бірдей тәртіп енгізіледі.

Бұл туралы бүгін аталмыш мәселеге қатысты журналистерге сұхбат берген Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті. Қазақстанның Жеңіл өнеркәсіпшілер қауымдастығының өкілдері Кедендік одаққа қатысты бұрынғы тәртіпті өзгерту жөнінде Үкіметке арнайы ұсыныс жасаған. «Бұл ретте айта кететін мәселе, біз алып тастаған талаптар бұрын ресейліктерде де беларуста да да болмаған. Алайда бұл Қытай мен Түркияның тауарлары бізге келмейді деген сөз емес. Олар бізге келеді және бұрынғыдай бәсекеге қабілеттілігін сақтайды. Бірақ олар жалпыға бірдей тәртіппен әкелінеді», деді министр.

Елімізде отандық тауар өндірушілер үшін инвестициялық тетіктер бар. Олар қолданыстағы заңнамаларда да көрініс тапқан. Оған сәйкес, үшінші елдерден тасымалданатын құрал-жабдықтар кедендік баждардан босатылады. Қазір Кедендік одақ аясындағы келісімдерге сәйкес, біз осындай тәртіппен әкелінетін тауарлардың тізімін кеңейтіп отырмыз. Бұл ереже материалдар мен шикізатқа да қатысты қолданылады. Яғни материалдар мен шикізаттар шетелдіктер немесе қазақстандықтар тарапынан үшінші елдерден тасымалданып және олар елдегі инвестициялық жобаларға пайдаланылатын болса, сондай-ақ осы тауарлар Кедендік одаққа мүше елдерде өте аз көлемде өндірілетін болса, оларға да жеңілдіктер жасалатын болады

Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында импорттық тауарлар үлесінің жылдан-жылға ұлғайып жатқаны үш елдің жеңіл өнеркәсіп мамандарын алаңдатуда.

Бүгінде қазақстандықтар киетін киімнің 85 пайызы шетелде жасалады. Бұл ретте, әсіресе Қытай тауарларының үлесі басым. Алматыда бас қосқан Ресей, Беларусь және Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, импорттық тәуелділік жоғары салықтар технологияның  батыстан кенжелеп  қалуы және ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру ісіндегі мәселелер  - Кеден Одағына мүше елдерге ортақ түйткіл. Мұны шешуге үш мемлекеттің шикізат әлеуеті жетіп артылады. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінде оның басым бөлігі сол шикізат күйінде экспортқа шығарылып, жеңіл өнеркәсіп саласының даму қарқыны бүгінгі талапқа сай келмей отыр. Сондықтан, Алматыдағы кездесуде тараптар бірлескен пилоттық жобаларды белгілеп, бірыңғай экономикалық кеңістік аясында ортақ даму стратегиясын айқындамақ.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі Беларусьте 18%, Ресейде 6%, ал Қазақстанда 4 %. Осы орайда, Кеден Одағына мүше елдердің келісіміне сай мемлекеттік қолдау деңгейі 10%-дан аспауы қажет», - деді министр Мамытбеков.

Үлкен мемлекеттік қолдаудың арқасында белорустық шикізат өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары Қазақстанға қарағанда үздік технологиялар мен техникаға ие.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша салада өсім байқалады. 2012 жылдың қаңтар-қарашсында жеңіл өнеркәсіп өнімі 40837 млн. теңге сомаға өндірілді нақты көлемінің индексі 108,7 %, оның ішінде 16592 млн.теңгеге тоқыма бұйымдары (НКИ - 107,5%), 20256 млн.теңгеге киімдер (НКИ - 110,5%), 3990 млн.теңгеге былғары өнімдері мен оған қатысты өнімдер өндірілді (НКИ - 118,5%).

Ұлғаю негізінен мақта-мата жіптері мен мата, сыртқы трикотаж киімдер, бас киімдер мен қалпақтар, свитерлер, жемпірлер, пуловерлер, кардигандар, жилеттер және соған ұқсас бұйымдарды шығару есебінен болды.

Төмендеу дайын тоқыма бұйымдары, тоқылмаған материалдар және тоқылмаған материалдардан жасалған бұйымдар, сыртқы киімдерден басқа, трикотаждан басқа, үсті былғарыдан жасалған аяқ киімдер, спорттық аяқ киімдерден басқа, металды қорғаныс тұмсығы бар аяқ киімдер және әртүрлі қорғағыш аяқ киімдер өндірісінде байқалады.

Істеп тұрған ірі және орта тоқыма кәсіпорындардың және өңірлердің саны 68 құрады, тоқыма бұйымдар өндірісінде – 34, киім өндірісінде – 27, былғары және оған жататын өнімдер өндірісінде -7.

КО-ның техникалық регламентіне дәлелдеу базасының шеңберінде мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі Бағдарламаға сәйкес техникалық регламентті қолдану және орындау үшін қажетті мемлекетаралық стандарттарды үйлесімдіру және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Экспортты ынталандыру шеңберінде мақта талшықтары, жүннен жасалған бұйымдар, былғары тауары, аяқ киім, тігін бұйымдары, балаларға және ересектерге арналған тоқыма бұйымдары және т.б. сияқты тауар түрлерін шетелге жылжыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]