
- •1. Халықаралық сауда теориясының мәні мен эволюциясын сипаттаңыз
- •2. Дсұ кіру және ұйымнан шығу ережелерін жүйелі түрде сипаттаңыз
- •3. Дсұ аясында құрылатын жұмысшы топ елдері атқаратын негізгі қызметтерді пайымдаңыз
- •4. Халықаралық сауданы реттеуде қолданылатын құралдарды жүйелендіріңіз
- •5. «Протекционистік саясат» отандық өндірүшілерді қолдау саясаты атты ұғымды тұжырымдаңыз
- •6. Халықаралық сауданы реттеудегі «Кедендік тарифтер» рөлін сипаттаңыз
- •7. Халықаралық саудада қалыптасқан Мерканталистік теорияның негізгі қағидаларына талдау жасаңыз
- •8. Абсолюттік және салыстырмалы артықшылық теорияларының алғышарттарын тұжырымдаңыз.
- •Хекшер-Олин теориясының алғышарттарын жүйелендіріңіз
- •В.Леонтьев парадоксының қалыптасу себептерін нақтылаңыз.
- •Әлемдік ауылшаруашылық нарықтарына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Тмд елдерінің азық-түлік және ауыл шаруашылық шикізат нарықтарының сипаттамасын беріңіз
- •Дсұ мүше елдердегі қара және түсті металлдар нарықтарындағы жағдайға сипатттама беріңіз
- •Брикс елдерінің сауда экономикалық қарым қатынасына түсініктеме беріңіз.
- •Қазақстан Республикасының Кедендік одақ аясында өнеркәсіптік тауарлармен алмасуына талдау жүргізіңіз
- •Қазіргі таңдағы халықаралық сауда саясаты және дсұ қызметіне сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: еңбек нарығы, капитал нарығы тұрғысынан пайымдаңыз
- •23. Қазақстан, Ресей және Беларустың кеден одағы: артықшылықтары мен кемшіліктерін әр ел тұрғысынан қарастыра отырып салыстырмалы талдау жасаңыз
- •25. Қазақстан Республикасының дсұ на кіру маселелерінің саласы бойынша жүйелендіріңіз.
- •26. Халықаралық нарықта сақтандыру қызметін көрсетудің ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •27. Әлемдік экономикадағы қызмет саласын жіктей отырып ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •28. Дсұ аясындағы қызмет саудасының ерекшеліктерін
- •29. Еуропадағы сауда-экономикалық ынтымақтастығына дсұ аясынан түсініктеме беріңіз
- •30. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және дсұ кіру мәселелерін жүйелі түрде пайымдаңыз
- •31.Халықаралық саудадағы елдердің интеграциялық топтары мен халықаралық экономикалық ұйымдардың орны мен рөлін сипаттаңыз.
- •Саудадағы қорғаныс шаралары
- •33.Дсұ келісімдері және олардың сипаттамаларын жүйелендіріңіз
- •34. Тауарларға арналған кедендік декларация: түсінігі, оларды табыс етуге қойылатын талаптар, декларацияда көрсетілетін негізгі мәліметтер, тапсыратын мерзімдері жайлы сипаттама беріңіз
- •35. Халықаралық сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз
- •36. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері жайлы жүйелендірілген анықтама беріңіз
- •37. Халықаралық саудадағы мемлекеттік реттеудің рөліне сипаттама беріңіз
- •38. Трансұлттық корпорациялардың халықаралық сауданы реттеудегі рөлін пайымдаңыз
- •39.Гатт халықаралық сауда жүйесінің дсұ өту эволюциясына талдау жүргізіңіз
- •40. Халықаралық сауданы реттеудегі тарифтік және тарифтік емес реттеулерге салыстырмалы талдау жүргізіңіз
- •Дсұ аясында сауда келіссөздеріне байланысты қалыптасқан шиеленістерді шешу үрдісін сипаттаңыз
- •Юнктад ұйымының халықаралық сауданы реттеудегі рөліне сипаттама беріңіз
- •Трипс және тримс бірлестіктерінің мәні және мазмұны жайлы салыстырмалы пайымдама беріңіз
- •Қызмет саудасы бағытындағы көпсалалық сауда келісімдері мен зияткерлік меншік саудасына сипаттама беріңіз
- •Қазақстан Республикасының негізгі сауда ұйымдарына қатысты орнына тұжырымдама жасаңыз (дсұ, бұұсдк (юнктад), опек)
- •Қазақстан Республикасының аймақтық интеграцияға қатысуына талдау жүргізіңіз.
- •Қр сыртқы саудасына статистикалық талдау жүргізе отырып сауданың тауарлық және географиялық құрылымын сипаттаңыз
- •Халықаралық тасымалдау қызметін жүзеге асыруда Инкотермстің теңіздік тасымалдауды реттейтін шарттарын сипаттаңыз
- •49.Қр импорттық реттеу бойынша ұстанылатын негізгі шарттарға сипаттама
1. Халықаралық сауда теориясының мәні мен эволюциясын сипаттаңыз
Халықаралық сауда – халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді. Халықаралық сауда дамуын ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысқан бірнеше теориялар бар. Олардың қатарында:
· Меркантилизм – феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның, күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жеткізуге тырысты. олар әлемдегі барлық байлық шектеулі, сондықтан бір елдің баюы, екінші елдің кедейленуі арқылы жүргізіледі. Елдің байлығын қазынадағы алтын мен күмістің көлеміне байланысты деп есептеген олар, мемлекеттің мүддесін нығайту үшін алтынның сырттан әкелуіне қолайлы жағдайлар жасау керек деді.
· А.Смиттің «Абсолютті артықшылықтар теориясы». Бұл теория бойынша - әрбір ел өзінде аз шығын жұмсап өндірген өнімін экспортқа шығарады (өндіруде абсолютті артықшылықтарға ие), ал импорттан өндірістерде көп шығын жұмсалатын тауарларды сатып алады (өзі өндірген тиімсіз).
· Салыстырмалы артықшылық теориясы. Д.Рикардо «Саяси экономияның және салық салудын принциптері» деген еңбегінде (1817ж.) көрсетті.Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді, яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс. Рикардо «Салыстырмалы артықшылық теориясын» (заңын) ашты: ол бойынша, «әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала алады».
· Хекшер-Олин теориясы. Оны шведтің екі экономисі құрастырды: Эли Хекшер және Бертиль Олин. Сондықтан бұл теорияны «Хекшер-Олин теориясы» деп атайды. Бұл теорияның басқаша атауы - «факторлық пропорция теориясы». Хекшер-Олин теоремасы бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін өндірістік факторлар жетіспеушілігі байкалған тауарларды импорттайды.Бұл теория тауарларға әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар айырмашылығы және олардың арасындағы сауда әр елдің өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігімен түсіндіріледі.
· Леонтьев парадоксы. Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын тәжірибелік тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисі, Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. Леонтьев парадоксы - Хекшер-Олиннің өндіріс факторлар арақатынасы теориясының іс-жүзінде расталмағаны: енбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер - еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады.
· Халықаралық бәсекелестік теориясы. Американ экономисі М.Портер 1991 жылы«Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді жариялады. Майкл Портердің теориясы «Халықаралық бәсекелестік теориясы» - елдердің бәсекеге қабілеттілігі оның алдыңғы қатарлы фирмаларының бәсекеге төзімділігімен анықталады.
· Халықаралық құн теориясы. Стюарт Милль өзінің «Саяси экономияның принциптері» (1848 ж) атты еңбегінде айырбас қандай баға арқылы жүзеге асырылатынын анықтады.С.Милльдің пікірінше, айырбас бағасы әрбір елдің экспортының жиынтығы оның импортының жиынтығын төлеуге мүмкіндік беретін деңгейдегі сұраныс пен ұсыныс заңы бойынша белгіленеді. Әрбір елдің экспорты мен импорты нақты және құндық көрсеткіштер бойынша есептеледі. Халқықаралық салыстырулар жүргізу мақсатында экспорт FOB бағасымен, ал импорт CIF бағасымен есептеледі.
· Өнімнің өмірлік циклі теориясы. ХХ ғ. 60-ж. ішінде американ экономисі Р.Вернон өнімнің өмірлік циклі теориясын ұсынды. Бұл теория арқылы өнімнің рыноктағы өмірге бейімділігі мен сатушының мақсатына жетуін қамтамасыз ететін уақыт аралығында дайын өнімнің әлемдік саудасының дамуын түсіндіруге ұмтылды. Өнімнің өмірлік циклі 4 кезеңнен тұрады: ендіру, өсу, жетілу және құлдырау.
· Масштаб эффектісі теориясы. 80 жылдың басында Крюгман, Ланкастер және т.б. экономистер масштаб тиімділігі теориясын ұсынды. Теорияның мазмұны дамыған елдер негізгі өндіріс факторларымен тең деңгейде қамтамасыз етілген, сондықтан осы жағдайда олар бір – бірімен өндіріс тиімділігі бар салаларға маманданып сауда жасағандықтары тиімді. Бұл кезде мамандану - өндіріс көлемін арттыруға және өнімді аз шығынмен өндіруге және арзан бағамен сатуға мүмкіндік береді.
· Рыбчинский теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысын бір қалыпты емес өсуінің маңызы ерекше, себебі: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторларының бірінің өсуі осы факторларды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқа тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.
· Самуэльсон–Джонс теориясы – сауда нәтижесінде экспорттық салалар үшін ерекше факторларын (елдер арасында қозғалмайтын) иелерінің табыстары өседі, ал импортпен бәсекеге түсетін ерекше салықтық факторлар иелерінің табыстары азаяды.
· Столпер–Самуэльсон теориясы – халықаралық сауда бағасы өсіп келе жатқан тауарды өндіру үшін белсенді қолданылатын факторлар бағасының өсуіне әкеледі, бағасы төмендеп келе жатқан тауарды өндіру үшін қолданылатын факторлардың бағасының төмендеуіне әкеледі.
Халықаралық сауданың стандартты моделі Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды. Бұл теория бойынша Стандартты модель төмендегідей белгілермен сипатталады: -әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін өндірістік мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып, оларды бір-бірімен сауда жасауға итермелейді. -ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады; -халықаралық сауда пайдаланатын тепе-теңдік баға салыстырмалы әлемдік сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.