- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Дәреттің парыздары
Дәреттің парыздары - төртеу. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلاةِ فاغْسِلُواْ وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُواْ بِرُؤُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَينِ﴾
«Ей иман келтіргендер! Намазға тұрар кездеріңде беттеріңді және қолдарыңды шынтақтарға дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсх жасап, аяқтарыңды тобықтарға дейін (жуыңдар)»6.
1. Бетті бір мәрте жуу. Беттің көлемі - ұзындығы жағынан маңдай төбесінен иектің түбіне дейін, ал ені жағынан екі құлақ сырғалықтарының арасына дейін жалғасады. Қас пен мұрт астындағы тері қоса жуылады. Сақал сирек болса, теріге судың тиюі уәжіп. Ал қалың болса, сақалдың беті жуылса жеткілікті. Сақалдың беттен асқан бөлігін жуу шарт емес.
2. Екі қолды шынтақтарға дейін бір мәрте жуу. Фиқһ ғалымдарының келісімімен екі қол шынтақпен бірге жуылады. Олардың сөзі келесі дәлелге негізделеді: Наъим ибн Абдуллаһ, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады:
(رأيت أبا هريرة يتوضأ، فغسل وجهه فأسبغ الوضوء، ثم غسل يده اليمنى حتى أشرع في العضد، ثم يده اليسرى حتى أشرع في العضد، ثم مسح رأسه، ثم غسل رجله اليمنى حتى أشرع في الساق، ثم قال: هكذا رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يتوضأ)
Мен Әбу Һурайраның, Аллаһ тағала оған разы болсын, дәрет алғанын көрдім. Ол бетін жуып дәретті жақсылап алды. Сосын оң қолын білекке (иық бұлшық етіне) дейін жуды, кейін сол қолын білекке дейін жуды. Кейін басына мәсх жасады. Сосын оң аяғын сираққа дейін жуды, кейін сол аяғын да сираққа дейін жуды. Сосын былай деді: «Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәретті осылай алғанын көрдім»1.
3. Басқа мәсх жасау. Мәсх жасау дегеніміз - белгілі бір дене мүшені сулы қолмен сипап өту. Мәсх бастың төрттен біріне жасалады. Өйткені қол алақанының көлемі бастың төрттен бірін ғана қамтиды. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады:
(رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يتوضأ وعليه عمامة قِطرية، فأدخل يده من تحت العمامة فمسح مُقدَّم رأسه ولم ينقض العمامة)
«Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәрет алғанын көрдім. Басында Катарда тігілген сәлдесі болатын. Қолын сәлденің астына кіргізіп, басының алдыңғы жағына мәсх жасады және сәлдесін шешпеді»2.
4. Екі аяқты тобыққа дейін бір мәрте жуу. Фиқһ ғалымдарының келісімімен аяқ тобықпен бірге жуылады. Нағим ибн Абдуллаһ, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: Мен Әбу Һурайраның, Аллаһ тағала оған разы болсын, дәрет алғанын көрдім. Ол дәретін жақсылап алды. Сосын оң қолын білекке (иық бұлшық етіне) дейін жуды, кейін сол қолын білекке дейін жуды. Кейін басына мәсх жасады. Сосын оң аяғын сираққа дейін жуды, кейін сол аяғын да сираққа дейін жуды. Сосын былай деді: «Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәретті осылай алғанын көрдім»3.
Абдулла ибн Амру, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Бірде Аллаһтың елшісімен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірге Меккеден Мәдинаға келдік. Жолда екінді намазына дәрет алу үшін суға қарай жүгіріскен адамдарды көрдік. Оларға біз де қосылдық. Дәретті асығып алғандықтан кейбірінің өкшесіне су тимегені пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) көрініп қалады. Сол кезде Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деп дауыстайды:
(ويل للأعقاب من النار)
«(Толық жуылмаған) өкшелерге от азабы болады»4.
