- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Намаздың ішкі парыздары
1. Тахрим тәкбірі. Тахрим тәкбірі дегеніміз - намазға кіруші адамның «Аллаһу әкбар» деп айтуы. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم كان يفتتح الصلاة بالتكبير والقراءة بالحمد للّه رب العالمين)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазды тәкбірмен, ал қирағатты «әл-хамду лилләһи раббил-ъаламин»-мен ашатын»1.
Тахрим тәкбірінсіз намазға кіруге болмайды. Бұл сөзді айтуымен мұсылман намаздан бұрын өзіне адал болған істер мен нәрселерді намазын аяқтағанша өзіне арам етіп, Аллаһ тағаланы еске алумен ғана шұғылданады. Аллаһ тағала айтады:
﴿ قَدْ أَفْلَحَ مَن تَزَكَّى وَذَكَرَ اسْمَ رَبِّهِ فَصَلَّى﴾
«Құтылды, кім тазарса және Раббысының есімін еске алып, намаз оқыса»2. Бұл аяттағы «Раббысының есімін еске алып» сөзі тахрим тәкбіріне сілтейді. Өйткені ол «намаз оқыды» сөзімен бірден байланысып тұр.
Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(مفتاح الصلاة الطّهور، وتحريمها التكبير، وتحليلها التسليم)
«Тазалық - намаздың кілті. Тәкбір3 намазға (қасиетті мінәжатқа) кіргізеді, ал сәлем беру шығарады»4.
Тахрим тәкбірінің дұрыстығына қажетті шарттар
1 - Тәкбірдің ниетпен қатар айтылуы.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا قمت إلى الصلاة فكبر ثم اقرأ ما تيسر معك من القرآن)
«Намазға тұрғаныңда тәкбір айт! Сосын Құраннан жаттағаның болса, жеңілдеуін оқы!»5.
Дәрет алғанда намазға ниет еткен кісі тахрим тәкбірін айтқанға дейін ниетін теріске шығаратын іспен шұғылданбаса, мысалы тамақ жеп, сусын ішпесе, сол ниеті намазын атқаруына әбден жеткілікті.
2 - Қиямға тұрарда немесе қиямға жақындағанда қылынуы. Рүкүғта қылынса, намаз дұрыс болмайды.
3 - Жалғыз тұрғанда өзі еститіндей дауыспен айтуы. Жамағатпен тұрғанда жамағат еститіндей дауыспен айтуы. Тахрим тәкбірін айтқанда, намазды ішінен оқығанда, сонымен қатар ташаһһудтің, зікірдің, талақ сөзінің, анттың кезінде дауыстың өзіне естілуі шарт.
4 - Имамға ұюшы кісі намазға ниет етуімен қатар имамға ұюына ниет етеді.
5 - Тәкбірді араб тілінде айту.
6 - «Аллаһ» сөзінің «һәмзә»-сі мен «әкбар» сөзінің «бә»-сін созуға болмайды.
7 - «Аллаһу әкбар» сөзін толық айту.
8 - Аллаһты ықыласпен еске алып, ұлықтау.
9 - Тәкбірмен қатар дүние сөздерінің айтылмауы.
2. Қиям (түрегеп тұру). Бұл парыз түрегеп тұруға шамасы келмейтін кісінің ғана мойнынан түседі. Қиямның парыздығын бекітетін дәлел:
﴿حَافِظُواْ عَلَى الصَّلَوَاتِ والصَّلاَةِ الْوُسْطَى وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِينَ﴾
«Барлық намаздарды және ортаңғы намазды көздің қарашығындай сақтаңдар! Әрі Аллаһқа бағынған күйде тұрыңдар!»1.
Ъимран ибн Хасин, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Мен көтеумен (геморроймен) ауырған едім. Бұл жайында пайғамбардан (саллаллаһу алайһи уа саллам) сұрадым. Ол маған:
(صلِّ قائماً، فإن لم تستطع فقاعداً، فإن لم تستطع فعلى جنب)
«Намазды тұрып оқы! Егер шамаң келмесе, отырып оқы. Оған да шамаң келмесе, жамбасыңа жатып оқы»-деді2.
Бір аяқта тұрып намаз оқу мәкруһ. Тұрып оқуға шама келсе де, нәпіл намазын отырып оқуға болады.
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) нәпіл намазы жайында былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يصلي ليلاً طويلاً قائماً وليلاً طويلاً قاعداً، فإذا صلى قائماً ركع قائماً وإذا صلى قاعداً ركع قاعداً)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) түнде ұзақ уақыт тік тұрып намаз оқитын және түнде ұзақ уақыт отырып намаз оқитын. Түрегеп оқығанында рүкүғті тұрып жасайтын. Отырып оқығанында рүкүғті отырып жасайтын»3.
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) нәпіл намазы жайында былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم كان يصلي جالساً، فيقرأ وهو جالس، فإذا بقي من قراءته نحو من ثلاثين أو أربعين آية قام، فقرأها وهو قائم ثم يركع، ثم سجد، يفعل في الركعة الثانية مثل ذلك)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) нәпіл намазын отырып та оқитын. Оқып отырған Құран аяттарын аяқтауына 30-40 аяттай қалғанда намазын түрегеп тұрып жалғастыратын. Сосын рүкүғ жасайтын. Сосын сәжде жасайтын. Екінші рәкатта да осылай істейтін»4.
Намазды себепсіз отырып оқыған адам тұрып оқығандағы сауаптың жартысына ғана ие болады. Абдулла ибн Амру, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(صلاة الرجل قاعداً نصف الصلاة)
«Отырып оқыған кісінің намазы - жарты намаз»5.
3. Қирағат. Қирағат дегеніміз - Құран оқу. Намазда Құран оқу - парыз. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ فَاقْرَؤُوا مَا تَيَسَّرَ مِنَ الْقُرْآنِ عَلِمَ أَن سَيَكُونُ مِنكُم مَّرْضَى وَآخَرُونَ يَضْرِبُونَ فِي الْأَرْضِ يَبْتَغُونَ مِن فَضْلِ اللَّهِ وَآخَرُونَ يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَاقْرَؤُوا مَا تَيَسَّرَ مِنْهُ ﴾
«Құраннан жеңілдеуін оқыңдар! Араларыңда науқастардың бар екенін Аллаһ біледі. Тағы біреулер Аллаһтың кеңшілігін іздеп, жер кезіп жүр. Енді біреулер Аллаһ жолында күресіп жүр. Сондықтан Құраннан жеңілдеуін оқыңдар»1.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا صلاة إلا بقراءة)
«Құран оқылмайтын намаз жоқ»2.
Аллаһ тағала: «Құраннан жеңілдеуін оқыңдар!»-деп бұйырғандықтан, имам Әбу Ханифа: «Қысқа бір аят оқылса, жеткілікті»-деді. Ал Әбу Юсуф пен Мұхаммед: «Бір ұзын аят немесе үш қысқа аят оқылуы қажет»-дейді.
Басқа мәзһабтарда намазда «Фатиха» сүресін оқу парыз болғанымен, ханафи мәзһабінда парыз емес, уәжіп. Яғни «Фатиха» сүресінің оқылмауы намаздың дұрыстығын жоққа шығармайды. Бұған дәлел: Аллаһ тағала: «Құраннан жеңілдеуін оқыңдар! Араларыңда науқастардың бар екенін Аллаһ біледі. Тағы бірулер Аллаһтың кеңшілігін іздеп, жер кезіп жүр. Енді біреулер Аллаһ жолында күресіп жүр. Сондықтан Құраннан жеңілдеуін оқыңдар!»-деді3.
Сүннеттен дәлел: Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) бір кісіге былай дегенін айтты:
(إذا قمت إلى الصلاة فأسبغ الوضوء ثم استقبل القبلة فكبر ثم اقرأ ما تيسر معك من القرآن)
«Намазға тұрарыңда жақсылап дәрет ал! Сосын жүзіңді құбылаға қаратып, тәкбір айт! Сосын жаттаған Құраннан жаттағаныңнан жеңілдеуі оқы!»4.
Ханафи, мәлики және ханбали мәзһаптарында бір мәселеге қатысты жеткен екі хадистің мәтіндері қарама-қарсы болса, яғни біреуі оның істелуін бекітсе, ал екіншісі істелуін теріске шығарса, амал бекітуші хадиске негізделеді. Мысалы, Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) Қағба ішінде намаз оқығанын жеткізді, ал Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, оқымағандығын жеткізді. Бұл хадистің екеуі де сахих. Жоғарыдаға мәзһаптардың қарарымен Ибн Омардың, Аллаһ тағала оған разы болсын, хадисі алға шығады. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) Қағба ішінде намаз оқығанда Ибн Омар қасында болған, ал Ибн Аббас болмаған5.
Сол секілді «Құранның «Фатиха»-сі оқымаған кісінің намазы жоқ» деген хадис пен «..Сосын жаттаған Құраннан жатағаныңнан жеңілдеуін оқы»-деген хадистің бетпе-бет кездесуіндегі үкім де осылай. Бұл хадистің екеуі де сахих. Немесе Аллаһ тағаланың: «Құраннан жеңілдеуін оқыңдар! Араларыңда науқастардың бар екенін Аллаһ біледі. Тағы біреулер Аллаһтың кеңшілігін іздеп, жер кезіп жүр. Енді біреулер Аллаһ жолында күресіп жүр. Сондықтан Құраннан жеңілдеуін оқыңдар»6-деген сөзін негізге алсақ, ол тіпті алға шығады.
Имамға ұйыған адамның Құран оқуы1.
Имамға ұюшының Құран оқуы ханафи мәзһабінда мәкруһ тахриман. Бұның дәлелі:
1. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿وَإِذَا قُرِئَ الْقُرْآنُ فَاسْتَمِعُواْ لَهُ وَأَنصِتُواْ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ﴾
«Құран оқылғанда оны тыңдаңдар және үндемеңдер! Мүмкін, сендерге рахымшылық жасалар»2.
Ғұламалардың келіскен шешімінде бұл аяттың талабы намазға да, намаздан тыс уақытқа да қатысты. Бұл аят Құран естушіге оны тыңдауын және үндемей, мағынасына ой жүгіртуін бұйырады. Намаз дауыстап оқылғанда имамға ұюшылар оны тыңдауы қажет.
2. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إنما جعل الإمام ليؤتم به فإذا كبر فكبروا و إذا قرأ فأنصتوا)
«Негізінде, имам өзіне (жамағат) ілесу үшін ғана қойылған. Ол тәкбір айтқанда, сендер де айтыңдар. Ал Құран оқығанда үндемеңдер»3.
Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من صلى خلف الإمام فإن قراءة الإمام له قراءة)
«Кім имамның артында намаз оқыса, әлбетте, имамның Құран оқығаны оның да Құран оқығаны болады»4. Бұл хадистің мағынасы іштей оқылатын намазды да, дауыстап оқылатын намазды да қамтиды.
Имран ибн Хасин, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن نبي صلى الله عليه و سلم صلى الظهر. فجعل رجل يقرأ خلفه: سبح اسم ربك الأعلى. فلما انصرف قال: "أيكم قرأ" أو أيكم القارئ. فقال الرجل: أنا. فقال: لقد ظننت أن بعضكم خالجنيها)
Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) бесін намазын оқығанда артта тұрғандардың бірі: «Саббихисма Раббикал-Аъла»-ні оқи бастады. Намазды аяқтағанда пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Құран оқыған қайсың?»-деп сұрады. Бір кісі: «Мен»-деп жауап берді. Ол былай деді: «Кейбіреуің менен намазды (имамдықты) алғалы тұр ма?»-деп ойладым5.
Осы хадистің негізінде имамның артында тұрған кісіге дауыстап оқылатын намаз түгіл, іштей оқылатын намазда да Құран оқуы мәкруһ.
4. Рукуғ. Рукуғ дегеніміз - бел бүгіп, бас пен арқаны бір деңгейде еңкейту.
Рукуғтың парыздығына дәлел:
Аллаһ тағал Құран Кәрімде айтады:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا ارْكَعُوا وَاسْجُدُوا وَاعْبُدُوا رَبَّكُمْ وَافْعَلُوا الْخَيْرَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ﴾
«Ей иман келтіргендер! Рабыларыңа бел бүгіңдер, сәжде жасаңдар және құлшылық етіңдер! Сондай-ақ жақсылық істеңдер! Мүмкін құтыласыңдар»6.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ثم اركع حتى تطمئن راكعاً)
«..Сосын беліңді бүгіп, денең жайланғанша (көтерілме)..»1.
Бүкір адам басын еңкейтсе, жеткілікті. Намазды отырып оқушы бел бүккенде маңдайы екі тізесіне қарама-қарсы қалыпта болуы қажет.
5. Сәжде. Сәжде дегеніміз - маңдайдың жерге тиюі. Аллаһтың алдында маңдайын жерге қоюымен мұсылман өзінің әлсіз әрі мұқтаж құл екенін мойындап, Оған бой ұсынады.
Сәжденің парыздығына дәлел:
Аллаһ тағал Құран Кәрімде айтады:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا ارْكَعُوا وَاسْجُدُوا وَاعْبُدُوا رَبَّكُمْ وَافْعَلُوا الْخَيْرَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ﴾
«Ей иман келтіргендер! Рабыларыңа бел бүгіңдер, сәжде жасаңдар және құлшылық етіңдер! Сондай-ақ жақсылық істеңдер! Мүмкін құтыласыңдар»2.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم دخل المسجد، فدخل رجل فصلى، ثم جاء فسلم على النبي صلى اللّه عليه وسلم، فرد النبي صلى اللّه عليه وسلم عليه السلام، فقال: ارجع فصلِّ، فإنك لم تصلِّ. فصلى، ثم جاء فسلم على النبي صلى اللّه عليه وسلم فقال: ارجع فصل، فإنك لم تصلِّ ثلاثاً، فقال: والذي بعثك الحق، فما أُحسِنُ غيره، فعلمني، قال: إذا قمت إلى الصلاة فكبِّر، ثم اقرأ ما تيسر معك من القرآن، ثم اركع حتى تطمئن راكعاً، ثم ارفع حتى تعتدل قائماً، ثم اسجد حتى تطمئن ساجداً، ثم ارفع حتى تطمئن جالساً، ثم اسجد حتى تطمئن ساجداً، ثم افعل ذلك في صلاتك كلِّها)
Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітке кірді. Сол уақытта мешітке бір кісі кіріп намаз оқыды. Сосын келіп, пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәлем береді. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған сәлем қайтарып, былай дейді: «Бар да, намазыңды қайта оқы! Өйткені сен намаз оқымадың!». Ол намазын қайта оқиды. Сосын пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) келіп, сәлем тілейді. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған: «Бар да, намазыңды қайта оқы! Өйткені сен намаз оқымадың!»-деп, осылай үш мәрте айтады. Сонда ол кісі пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Сені шындықпен жіберген Аллаһпен ант етемін! Мен бұдан жақсырақ істей алмаймын. Сондықтан маған үйрет»-дейді. Ол (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған: «Намазға тұрғаныңда тәкбір айт! Сосын жадыңдағы Құраннан жеңілдеуін оқы. Сосын беліңді бүгіп, денең жайланғанша (көтерілме). Сосын көтеріліп, тік тұр. Сосын сәжде жасап, денең жайланғанша (көтерілме). Кейін отырыс жасап, денең жайланғанша (сәжде жасама). Сосын сәжде жасап, денең жайланғанша (қиямға тұрма). Сосын намазыңның барлық рәкәтінда осылай істе!»-дейді3.
Сәжде маңдай мен мұрынның, екі алақанның, екі тізенің, екі аяқ саусақтарының нәжіссіз таза жерге, құбылаға бағытталып қойылуымен іске асады.
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(أمرت أن أسجد على سبعة أعظم، على الجبهة - وأشار بيده على أنفه - واليدين والركبتين وأطراف القدمين)
«Сәждені жеті мүшемен жасауым бұйырылды: қолымен мұрнын көрсетіп, маңдаймен, - деді, әрі екі қолмен, екі тіземен, екі аяқтың башпайларымен..»1.
Сәжденің дұрыстығына қажетті шарттар
1- Жеті мүшемен жасалуы.
2- Маңдаймен қоса мұрынның тиюі. Әбу Хамид Ас-Саъиди, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم كان إذا سجد أمكن أنفه وجبهته من الأرض)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәжде жасағанда жерге мұрны мен маңдайын тигізетін»2.
Жағдайсыздық туғанда сәждеге бас қойылатын орын аяқ орнынан жарты шынтақ деңгейінде биік болса, сәжде дұрыс болады. Ал одан биігірек жерге сәжде жасау дұрыс емес. Жамағат қысылысқандықтан сәжде жасайтын орын болмаса, сәждені алдыңғы адамның арқасына жасауға болады. Бұл үшін алдыңғы кісінің сәждеде толық болуы шарт. Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(إذا اشتد الزحام فليسجد أحدكم على ظهر أخيه)
«Қатты қыспаққа жолыққан кісі сәждені бауырының арқасына жасасын»3.
Мәжбүрлік жағдайда сәжде жасау үшін жерге бір алақанның, бір тізенің және бір башпайдың тиюі жеткілікті болады.
3- Рүкуғтан кейін жасалуы.
4- Екі мәрте жасалуы. Бірінші сәждеге қажетті шарттар екінші сәждеге де қатысты.
Сәжденің екі мәрте жасалуы - парыз. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) бір кісіге былай дегенін айтты: «..Сосын сәжде жасап, денең жайланғанша (көтерілме). Кейін отырыс жасап, денең жайланғанша (сәжде жасама). Сосын сәжде жасап, денең жайланғанша (қиямға тұрма)...»-дейді4.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا سجد أحدكم فليضع يديه، فإذا رفع فليرفعهما، فإن اليدين تسجدان كما يسجد الوجه)
«Сәжде жасағанда әркім екі қолын жерге қойсын. Көтерілген кезде қолдарын да көтерсін. Әлбетте, беттің сәжде жасауы секілді екі қол да сәжде жасайды»5.
6. Соңғы отырыс. Соңғы отырыстың ұзақтығы тәшәһһудпен өлшенеді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ибн Масъудқа, Аллаһ тағала оған разы болсын, тәшәһһудті үйреткенде былай деді:
(إذا قلت هذا أو قضيت هذا فقد قضيت صلاتك، إن شئت أن تقوم فقم، وإن شئت أن تقعد فاقعد)
«Мұны (осы сөздерді) айтып болғаныңда немесе мұны аяқтағаныңда намазды тәмәмдаған болдың. Сосын тұрғың келсе, тұр. Отырғың келсе, отыр»6.
Ташаһһуд сөздері:
التحيات لله، والصلوات، والطيبات، السلام عليك أيها النبي ورحمة الله وبركاته، السلام علينا وعلى عباده الصالحين، أشهد أن لا إله إلا الله، وأشهد أن محمداً عبده ورسوله
Ташаһһудтың қазақша мағынасы:
«Барлық қошемет сөздер, намаздар және жақсылықтар - Аллаһ үшін. Әй пайғамбар! Саған Аллаһтан есендік, рахымы мен берекесі болсын. Сондай-ақ есендік бізге де, және Аллаһтың салиқалы құлдарына болсын. Аллаһтан басқа тәңір жоқтығына куәмін және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәмін».
Ішкі парыздардың дұрыстығына қажетті шарттар
1 - Реттік тәртіппен орындалуы. Алдымен тәкбір, сосын қиям, сосын қирағат, сосын рукуғ, сосын сәжде, сосын отырыс.
2 - Ұйықтамау.
