Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі

"السَّهْو" «сәһу» сөзінің тілдік мағынасы: алаңғасарлық, байқаусыздық, жаңылысу. Сәһу сәждесі дегеніміз - намазда тұрған кісі жаңылысып, намаздың парыз емес істерінің бірін артық істегенде немесе атқарусыз қалдырғанда соның орнын толтыру үшін жасалатын екі сәжде. Сәһу сәждесін жасау - уәжіп. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(إذا شكّ أحدكم في صلاته فليتحرَّ الصواب، فليُتم عليه ثم ليسلم ثم ليسجد سجدتن)

«Кім намазында күдіктенсе, екі ойының дұрысын ұстанып, намазын соған негіздеп толықтырсын. Сосын сәлем берсін. Сосын екі сәжде жасасын»1.

Сәһу сәждесі намазда байқаусыздан жасалған қателіктердің орнын толтырады. Сәһу сәждесін атқарусыз тастау - күнә. Бірақ намаз бұзылмайды. Намаздағы сүннеттердің атқарусыз қалуы сәһу сәждесін талап етпейді.

Сәһу сәждесін жасау имамға және жалғыз оқушыға уәжіп. Ал имамға ұюшы кісі намазда қателессе, сәһу сәждесін жасамайды. Алайда қате имамнан болса, сәһу сәждесін имаммен қоса жасайды.

Сәһу сәждесінің жасалу жолы

Сәһу сәждесі - оң жақ сәлемнен кейін жасалатын екі сәжде. Екі сәждеден кейін ташаһһудті оқу уәжіп. Сосын сәлем беріледі. Абдулла ибн Жаъфар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(من شك في صلاته فليسجد سجدتين بعد ما يسلم)

«Кім намазында күмәнданса, сәлем берген соң екі сәжде жасасын»2.

Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أن النبي صلى الله عليه وسلم صلى الظهر خمسا فقيل له: أزيد في الصلاة؟ فقال: و ما ذلك؟ فقالوا: صليت خمسا فسجد سجدتين بعد ما سلم)

Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) бесін намазын бес рәкәт етіп оқып қояды. Сонда оған: «Намазға рәкәт саны қосылды ма?»-делінді. Ол: «Бұларың не?»-деді. Олар: «Бес рәкәт оқыдыңыз»-дейді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәлем берген соң екі сәжде жасады»3. Кім сәһу сәждесін сәлемнен бұрын жасап қойса, қайта жасамайды.

Қорытынды: Сәһу сәждесі оң жаққа сәлем берілген соң екі сәжде етіп жасалады. Сосын ташаһһуд оқылады. Сосын сәлем беріледі.

Сәһу сәждесінің жасалу себептері

1 - Намаздың бір уәжібі байқаусыз кешіксе, не озса, не артық жасалса, не мүлде жасалмаса.

- «Фатиха» сүресі оқылмаса.

- «Фатиха»-дан кейін қосымша бір сүре, не аят оқылмаса.

- «Фатиха» мен қосымша сүренің орындары ауысып оқылса.

- Мұрын мен маңдай сәждеге қоса қойылмаса.

- Намаздың ішкі парыздарының реттік тәртібі қадағаланбаса.

- Әр ішкі парыз асығып жасалса.

- Бірінші отырысты атқармаса.

- Бірінші отырыста тәшәһһуд оқылмаса.

- Тәшәһһудтан кейін үшінші рәкатқа бірден тұрмаса.

- Соңғы отырыста тәшәһһудті оқымаса.

- Сәлем бермесе.

- Үтір намазында құнұт дұғасы оқылмаса және оның алдында тәкбір айтылмаса.

- Айт намазының тәкбірлері айтылмаса.

- Дауыстап оқылатын намаз іштей, ал іштей оқылатын намаз дауыстап оқылса.

Имам немесе жалғыз оқушы бірінші отырысты ұмытып, үшінші рәкатқа түрегелген жағдайда тік тұрмастан кері қайтуы уәжіп. Сөйтіп, отырысты атқарады. Сосын үшінші рәкатқа тұрады. Намазын аяқтағанда жаңылысқаны үшін сәһу сәждесін жасайды. Егер тік тұрып қойса, кері қайтпайды және атқармағандығы үшін намазын аяқтағанда сәһу сәждесін жасайды.

Мұғира ибн Шаъба, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(إذا قام الإمام في الركعتين، فإن ذكر قبل أن يستوي قائماً فليجلس، فإن استوى قائماً فلا يجلس ويسجد سجدتي السهو)

«Имам екі рәкәттан кейін отыруды ұмытып, көтерілсе, сосын тік тұрмастан есіне түсе, қайтып отырсын. Ал тік тұрып қойса, отырмайды және намаз аяғында саһу сәжделерін жасайды»1.

2 - Намаздың ішкі парызы ерте жасалса. Мысалы, намаз оқушы қиямда Құран оқымастан байқаусыз рүкүғ жасаса, кері қайтып Құран оқиды. Кейін рүкүғ жасайды. Намаздың соңында жаңылысқаны үшін сәһу сәждесін жасайды. Рүкүғтан Құран оқу үшін қиямға оралмаса, намазы бұзылады. Өйткені Құран оқу - намаздың ішкі парызы.

3 - Намаздың ішкі парызы кеш жасалса. Соңғы отырысты байқаусыз атқармай, артық рәкатқа көтерілсе және сәжде жасамай есіне түссе, кері қайтып, соңғы отырысты атқарады. Кейін соңғы отырысты өз орнынан кешіктіргендігі үшін сәһу сәждесін жасайды. Ал артық рәкаттің сәждесін жасап қойса, намазды алты рәкат етіп аяқтағаны жөн. Сөйтіп, бұл намазы парыз емес, нәпілге айналады. Өйткені соңғы отырыс атқарусыз қалды, ал оның үкімі парыз. Сондықтан парыз намазын қайта оқиды.

4 - Ішкі парыз байқаусыздан артық жасалса немесе артық бір рәкат істелсе.

Имам соңғы отырыста ташаһһудті оқып, мұны бірінші отырыс деген оймен сәлем айтпай байқаусыз бесінші рәкатқа тұрса, тік тұрған бетінде немесе қайта отырып, сәлем береді. Жамағат имамға ілесіп, бесінші рәкәтқа тұрмайды. Имам бесінші рәкәттің сәждесін жасап қойса, жамағат сәлем беріп намаздарын аяқтайды. Намаздары жағдайға сай дұрыс болады. Ал, имам болса, намазын алты рәкат етіп аяқтауы мустахап. Негізінде, имам сәлемді кешіктіргені болмаса, соңғы отырысты атқарған болатын. Сол себептен сәлемді кешіктіргені үшін сәһу сәждесін жасайды. Сөйтіп намазы дұрыс болады да артық екі рәкәті нәпіл саналады.

Төрт немесе үш рәкәт намаздың екі рәкәтінан кейін «намазды аяқтадым деген оймен» сәлем бергенде қателескендігі есіне түссе, қиямға тұрып, қалған рәкәтін толықтырады. Кейін жаңылысқаны үшін сәһу сәждесін жасайды.

Намаздың бір ішкі парызы байқаусыз атқарылмаса және бір уәжібі әдейі атқарылмаса, бұл кемшіліктердің орнын толтыруға сәһу сәждесі мүлде жарамайды. Мұндай намаз қайта оқылады.

Қандай жағдайларда сәһу сәждесі мойыннан түседі?

1 - Сәһу сәждесі жасалуға тиісті таң намазының сәлемінен кейін бірден күн шықса.

2 - Сәһу сәждесі жасалуға тиісті екінді намазының сәлемінен кейін бірден күн қызарса.

3 - Сәһу сәждесін жасауға еңкейгенде дәреті бұзылса.

Имамға еріп сәһу сәждесін жасау

Жамағат сәһу сәждесін имамға ілесіп жасайды. Өйткені, имамға еру - уәжіп.

Имамға ұюшы байқаусыздығы үшін сәһу сәждесін жасамайды. Имам - жамағатқа кепіл. Сондықтан имамның намазының дұрыстығы жамағат үшін жеткілікті. Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(ليس على من خلف الإمام سهو، فإن سها الإمام فعليه وعلى من خلفه السهو، وإن سها من خلف الإمام فليس عليه سهو والإمام كافيه)

«Имамға ұюшының жаңылысуы есепке алынбайды. Ал егер имам жаңылысса, имамға да, оның артындағыларға да сәһу сәждесін жасаулары уәжіп. Имамға ұюшы жаңылысса, оған сәһу сәждесі уәжіп емес. Өйткені, имамнің кепілдігі оған жеткілікті»1.

Жамағатқа кешігіп қосылған кісі, егер имам сәлемнен бұрын сәһу сәждесін жасаса, ілесіп жасайды. Ал сәлемнен кейін жасаса, ұюшы үлгермеген рәкәттәрін толықтыру үшін қиямға тұрады.

Намазда күдіктенудің үкімі

1 - Күмән әдет болмаса, намаз бұзылады және қайта оқылады. Ғибада ибн ас-Самит, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم سئل عن رجل سها في صلاته فلم يدر كم صلى قال: (ليعد صلاته وليسجد سجدتين قاعداً)

Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазында қанша рәкат оқығанын білмей жаңылысқан кісі жайында сұралды. Ол: «Намазын қайта оқысын да, отырып екі сәжде жасасын!»-деді2.

2 - Күмән намаздың оқылған, оқылмағынында болса, оқылмаған болып саналады.

3 - Соңғы отырыстың ташаһһуді оқылған соң, немесе сәлем берген соң: «Бір нәрсені тастап кеткен жоқпын ба?»-деген күмән күмәнға жатпайды. Алайда, тастап кеткендігіне сенімді болса, ережеге сай толықтырады.

4 - Қанша рәкат оқығаны турасында ойлары қабаттасқан кісі дұрысқа жорыған ойына негізделіп, намазын толықтырады. Ойланып кідіргендігі үшін намаздың соңында сәһу сәждесін жасайды. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(إذا شكّ أحدكم في صلاته فليتحرَّ الصواب، فليُتم عليه ثم ليسلم ثم ليسجد سجدتن)

«Кім намазында күдіктенсе, екі ойының дұрысын ұстанып, намазын соған негіздеп толықтырсын. Сосын сәлем берсін. Сосын екі сәжде жасасын»3.

5 - Бірінен соң бірі келген күмән - күмән емес, шайтанның уәсуәсі (азғыруы).

6 - Дәретті екендігінде күмәндәніп, кейін дәретті екені айқындалса, дәретті болғаны. Дәретті екеніне сенімді болып, кейін дәретсіз екені айқындалса, дәретсіз болғаны.

7 - Тахрим тәкбірін айтқан, айтпағанына күмәнді болған кісі намазын қайта оқиды.