- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
Пайдалы қазбалар дегеніміз - Аллаһ тағала жермен қоса жаратқан пайдалы қазбалар. Ал қазына дегеніміз - ъушрия, харажия, таулы немесе шөлді жерлерде кәпірлер көміп, кейін не мұсылман не зимми кісі тауып алған қазыналар.
Пайдалы қазбалар үшке бөлінеді:
1 - Темір, мыс, қорғасын, мырыш, алтын және күміс секілді отқа балқып, қалыпқа құйылуға бейім қатты заттар.
2 - Гипс және әк секілді отқа балқымайтын қатты заттар.
3 - Мұнай секілді сұйық заттар.
Берілетін мөлшері:
1 - Жердің астынан табылған қазба жоғарыда аталған пайдалы қазбалардың бірінші түрінен болса немесе жаһилият уақытында көмілген қазына болса, ханафи мәзһабінда бұл олжа саналады. Қазынадағы пұт, крест секілді белгілер оның жаһилият уақытында көмілгенін білдіреді. Оның бестен бірі мұсылмандардың қаржы мекемесіне төленеді. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿وَاعْلَمُواْ أَنَّمَا غَنِمْتُم مِّن شَيْءٍ فَأَنَّ لِلّهِ خُمُسَهُ وَلِلرَّسُولِ وَلِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ﴾
«Естеріңде болсын, қайсыбір олжаға ие болсаңдар, оның бестен бірі - Аллаһқа, елшісіне, туыстарға, жетімдерге, міскіндерге және жолда қалғандарға..»1.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(وفي الركاز الخمس)
«..Және қазынадан бестен бірі беріледі»2.
Бестен бірінен қалғаны жердің иесінде қалады, тіпті жердің иесі зимми кісі болса да. Кім үйінің қасынан тауып алса, одан ешнәрсе төлемейді, ал өзінің ъушрия немесе харажия жерінде тауып алса, бестен бірін төлейді. Мұсылман көмген қазынадан бестен бірі төленбейді.
2 - Кәпірлердің жеріне бейбіт кірген мұсылман олардың біреуінің үйінің алаңынан қазына тапса, одан бестен бір бөлігі алынбайды және олжа үй иесіне беріледі. Ал ешкімге тәуелсіз далада тауып алса, олжа бүтіндей өзіне тиесілі болады.
3 - Таулы немесе шөлді жерлерде табылған бағалы тастардан ешнәрсе берілмейді.
4 - Табылған қазынада ислам белгілері болса, одан бестен бірі берілмейді. Өйткені ол олжа емес, табыс. Иесіне бір жылдай іздеу салынады. Иесі табылмаған жағдайда қазына тауып алушы кісінің пайдасына беріледі, әрине, егер ол кедей болса. Тауып алушы кісі бай болса, олжаны садақа етеді.
5 - Жердің астынан табылған нәрсені кімнің көмгені белгісіз болса, оған жаһилият уақытында көмілді деген үкім беріледі. Және тауып алушы бестен бірін береді. Ал қалғаны жердің иесіне беріледі. Жер иесіз болса, тауып алушыға беріледі.
6 - Пайдалы қазбалардың соңғы екі түрі сауда тауарына айналмайынша, олардан зекет берілмейді. Сұйық заттардың ішінде тек сынаптан қана бестен бірі беріледі.
7 - Пайдалы қазбалардың бірінші түрінен және қазынадан бестен бірі табылған күні беріліп, кейін нисапқа толуымен бір жыл айналғанда 2,5℅-і беріледі.
Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
Сауда тауарлары дегеніміз - жылжымайтын мүліктер, үй малдары, киім-кешек, тұрмыс жабдықтары секілді сатуға ұсынылған тауарлар. Самура ибн Жундәп, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(إن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم كان يأمرنا أن نُخرِج الصدقة من الذي نعد للبيع)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) сатуға дайындаған заттарымыздан зекет беруімізді бұйыратын»3.
Сауда тауарлары зекетін парыз ететін шарттар:
1 - Тауардың саудаға нақты қойылуы. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ليس في العروض زكاة إلا ما كان للتجارة)
«Саудаға қойылмаған тауарлардан зекет берілмейді»4.
2 - Тауар құны алтын мен күмістің нисабын құрауы.
3 - Тауарды біреуден тіршілікке пайдалану үшін емес, сауда жасау ниетімен сатып алу.
4 - Нисапқа толған тауарға бір жыл айналуы.
Сауда тауарының зекеті қалай беріледі?
Қолдағы сауда тауарлары бір-біріне қосылып алтын немесе күмістің нисабы бойынша бағаланады. Құны алтынның немесе күмістің нисабын құраған тауар бір жыл айналғанда, жалпы соманың 2,5℅-і төленеді. Зекет кедейлерге аймақтағы ең өтімді ақшамен берілгені дұрыс.
Саудаға ұсынылған тауарлардың иесі екі түрлі болады:
1 - Мудир. Мудир деп, сатып алған тауарының қымбаттауын күтпей, сата беретін саудагерді айтады. Өзінің белгіліп қойған бір айы бар. Әр жылдың сол айында қолдағы бар ақшасына тауарларының құнын қосып, алдымен, қарыздарынан құтылады. Сосын қалған малы нисапты құраса, одан зекет береді.
2 - Мухтакир. Мухтакир деп, сатып алған тауарының қамбаттауын күтуші саудагер. Мұндай тауардың зекеті жыл айналымы есепке алынып, сатылғанда бірақ беріледі.
Жалға берілген үйлердің зекеті
Жалға беруге дайындалған жылжымалы мүліктің, малдың және көліктің өз құнынан зекет төленбейді. Зекет тек жалдан түскен пайдадан беріледі. Ол үшін пайда нисапты құрауы қажет және оған бір жыл айналуы шарт.
Өндіріс заттарына берілетін зекет
Өндірісте пайдаланылып жатқан құрал-жабдықтар мен станоктардың өз құнынан зекет берілмейді. Өйткені олар саудалық мақсаттағы заттар емес. Зекет өндірісте саудаға шығарылатын тауарлардан ғана төленеді.
