Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Дәреттің шарттары

І. Дәреттің парыз болуы келесі шарттар мен жағдайларға негізделеді:

1. Есті болуы.

2. Кәмелетке толуы.

3. Мұсылман болуы.

4. Суды пайдалана алуы.

5. Дәретсіз болуы.

6. Әйел кісі үшін хайыз3 бен нифастың4 тоқтауы.

ІІ. Дәреттің дұрыс болуы келесі шарттар мен жағдайларға негізделеді:

1. Мүшенің толық жуылуы. Жуылуға бұйырылған мүшенің ине ұшындай жеріне су тимей қалуы дәреттің дұрыстығын жояды.

2. Саусақ бастарына жабысып қалған қамыр, тырнаққа жағылған лак және балауыз (воск) секілді су өткізбейтін затты дәрет алардан алдын дене мүшелерінен толық кетіру шарт. Қолды жуғанда тар сақинаны айналдырып қозғау шарт.

3. Дәрет алып жатқанда немесе дәрет алып болғанда дәретті бұзатын нәрсенің пайда болмауы.

4. Хайыз бен нифасы тоқтамайынша әйел кісінің дәреті дұрыс болмайды.

5. Дене мүшелерін сулы қолмен сипалап емес, үстіне су құйып жуу шарт.

ІІІ. Дәреттің үкімі

1. Намаз үшін дәреттің үкімі парыз болады.

Аллаһ тағала Құран Кәрімде Былай дейді:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلاةِ فاغْسِلُواْ وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُواْ بِرُؤُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَينِ

«Ей иман келтіргендер! Намазға тұрар кездеріңде беттеріңді және қолдарыңды шынтақтарға дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсх жасап, аяқтарыңды тобықтарға дейін (жуыңдар)»5.

Негізінде, бұл аят Мәдинада түскен. Ал дәрет намазбен бірге Меккеде парыз етіледі. Жебірейіл періште пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәрет алуды Меккеде үйретеді. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:

(لا تُقبل صلاة بغير طهور)

«Тазалықсыз намаз қабыл етілмейді»1. Бұл хадистегі «тазалықсыз» сөзі «дәретсіз» деген мағына береді. Намаз түрі, мейлі парыз, мейлі уәжіп, мейлі нәпіл болсын, тіпті, тиләуат сәждесі дәретсіз мүлде дұрыс болмайды.

Құранды ұстау үшін де дәрет алу парыз. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:

﴿ لا يَمَسُّهُ إلا الْمُطَهَّرُونَ ﴾

«Оны тазарғандар ғана ұстайды»2. Тәпсір ғалымдарының пайымдауынша бұл аяттағы «Оны» сөзі негізінде «Лаух ал-Махфуз»-ды көздейді. Ал «таза болғандар» дегеніміз - періштелер. Қасиетті Құран «Лаух ал-Махфуз»-да жазулы. Осы тәпсірдің негізінде «Оны» сөзімен Құран да көзделеді. Сол себептен оны дәретсіз, бойдәретсіз кісі ұстауына болмайды.

Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(لا يَمَسَّ القرآن إلاّ طاهراً)

«Құранды тек дәретті кісі ғана ұстайды»3.

2. Қағбаны тауап ету үшін дәреттің үкімі уәжіп. Ибн Аббастан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(الطواف بالبيت صلاة، إلا أن الله قد أحل فيه النطق فمن نطق فيه فلا ينطق إلا بخير)

«Қағбаны тауап ету дегеніміз - намаз. Айырмашылығы, Аллаһ тауап кезінде сөйлесулеріңе рұқсат етті. Кім тауап кезінде сөйлесе, жақсылықтан басқасын сөйлемесін»4.

3. Ұйықтау алдында дәрет алу үкімі сүннет. Ал-Барра ибн Азиб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған былай дегенін айтты:

(إذا أتيت مضجعك فنتوضأ وضوءك للصلاة، ثم اضطجع على شِقّك الأيمن، ثم قل: اللّهم أسلمت وجهي إليك، فوضت أمري إليك، وألجأت ظهري إليك، رغبة ورهبة إليك، لا ملجأ ولا منجى منك إلا إليك، اللّهم آمنت بكتابك الذي أنزلت، وبنبيك الذي أرسلت، فإن مُتَّ من ليلتك فأنت على الفطرة، واجعلهن آخر ما تتكلم به)

«Төсегіңе жатарда намазға сияқты дәрет ал. Кейін оң жағыңа жатып, былай де: (Аллаһым, жүзімді Саған бағындырдым, ісімді Саған тапсырдым, тыл жағыма Сені қорған етемін. Осының бәрін Саған үміттеніп және Сенен қорқып істедім. Сенің қасыңда болмаса, Сенен қашып құтылатын да, паналайтын да жер жоқ. Аллаһым, түсірген кітабыңа және жіберген елшіңе иман келтірдім). Осы сөздерді айтқан түніңде өлсең, мұсылман күйінде өлесің. Сол себептен әр күнгі сөйлейтін соңғы сөзің осы болсын!»5.

4. Төмендегі жағдайларда дәрет алу ұнамды:

ә) Ашу қысқанда. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(إن الغضب من الشيطان، وإن الشيطان خلق من النار، وإنما تطفأ النار بالماء، فإذا غضب أحدكم فليتوضأ)

«Шындығында, ашу - шайтаннан. Шайтан оттан жаратылған, ал от сумен ғана өшеді. Сендерден біреу ашуланса, дереу дәрет алсын!»1.

а) Жүніп халіндегі кісі үшін. Егер тамақ жегісі келсе, не су ішкісі келсе, не ұйықтағысы келсе, не тағы да жұбайына жақындасуды қаласа, дәрет алғаны ұнамды болады. Айша анамыздан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жүніп кезінде тамақтануды немесе ұйықтауды қаласа, намазға сияқты дәрет алатын2. Әбу Саъид Әл-Худри, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

)إذا أتى أحدكم أهله ثم أراد يعود فليتوضأ(

«Сендерден біреу әйеліне жақындасса, кейін тағы қаласа, дәрет алсын»3.

б) Кіші күнәлардан кейін. Өйткені дәрет Аллаһтың қалауымен кіші күнәларды жуады. Осман ибн Уффан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай айтқанын жеткізді: «Кім дәретін жақсылап алса, күнәлары денесінен, тіпті, тырнақтарының астынан да шығып кетеді»4. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай айтқанын жеткізді: «Аллаһтың мұсылман (немесе мүмін) құлы дәрет алып, бетін жуғанда екі көзімен көрген барлық күнәсі жүзінен сумен бірге немесе соңғы тамшымен ағып түседі. Қолдарын жуғанда екі қолымен істеген барлық күнәсі қолдарынан сумен бірге немесе соңғы тамшымен ағып түседі. Аяқтарын жуғанда екі аяғымен барған барлық күнәсі аяқтарынан сумен бірге немесе соңғы тамшымен ағып түседі. Сөйтіп, күнәләрінән әбден тазарып шығады»5.

Жоғарыдағы жағдайларға қосымша Аллаһ тағаланы еске алу, жатталған сүрелерді қайталау, білім жиылыстарына қатысу, уағыз айту кездерінде дәрет алу ұнамды.