
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
Мәдина мешітінің көлемі
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешіті Мәдина қаласында. Оны Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Меккеден Мәдинаға һижра жасаған жылы сахабаларымен бірге тұрғызған. Кейін Омардың, Османның және Маруан ұлы Абдулмәликтің кездерінде кеңейтіледі. Соңғы кеңейту амалы Суъуд әулетінен болған король Абдулазиздің кезінде жүзеге асады. Қажылық кезінде жиналатын қалың жұртты сыйдыру үшін батыс жағындағы үлкен территория мешітке қосылған. Қазіргі аумағы ежелгі Мәдина қаласындай көлемді алып жатыр.
Мәдина мешітінің артықшылығы
Мәдина мешітінде атқарылатын намаз, ал-Харам мешітін есепке алмағанда, кез келген басқа мешіттегі намаздан мың есе артық. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(صلاة في مسجدي هذا أفضل من ألف صلاة فيما سواه إلا المسجد الحرام)
«Бұл мешітімде атқарылатын бір намаз, Ал-Харам мешітін есепке алмағанда, кез келген мешіттегі мың намаздан абзал»1.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(وصلاة في المسجد الحرام أفضل من مئة ألف صلاة )
«Ал-Харам мешітіндегі бір намаз басқа мешіттегі жүз мың намаздан абзал»2.
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(لا تشد الرحال إلا إلى ثلاثة مساجد: المسجد الحرام ومسجدي هذا والمسجد الأقصى)
«Құлшылық ниетімен тек үш мешітке ғана сапар жасалады: Ал-Харам мешіті, менің осы мешітім және Ал-Ақса мешіті»3.
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من صلى في مسجدي أربعين صلاة لا تفوته صلاة كتبت له براءة من النار ونجاة يوم القيامة)
«Кім менің мешітімде бір парыз намазын өткізбеген түрде қырық намаз оқыса, оттан аман қалуы және жалпы Қияметте құтылуы уәжіп болады»4.
Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару үкімі
Мәдина мешітіне сапар шегу мустахап амал. Өйткені ол - құлшылық ниетімен өзіне сапар шегуге шариғат заңды еткен ұлы үш мешіттің бірі. Мәдина мешітіне барумен қатар пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қабіріне бару амалының үкімі де мустахап.
1 - Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қабіріне барудың заңдылығы мына хадиске негізделеді: Ибн Хазима өзінің сахихында Ибн Омардан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(من زار قبري وجبت له شفاعتي)
«Қабіріме келген кісіге шапағатым уәжіп болады».
Тағы бір хадисінде:
(من صلى علي عند قبري وكل الله به ملكا يبلغني وكفي أمر دنياه وآخرته وكنت له شفيعا أو شهيدا يوم القيامة)
«Кім маған қабірімнің қасында салауат тілесе, Аллаһ оған бір періштені өкіл етіп, періште оны маған жеткізеді. Оның дүниесі мен ақиреті мұңсыз болады. Сондай-ақ оған Қиямет күні шапағатшы не куәгер боламын»-деді1.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қабіріне бару - Аллаһ тағалаға жақындатар амалдардың бірі. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من زارني بعد موتي فكأنما زارني في حياتي)
«Кім маған қайтыс болған соң келсе, маған тірі кезімде келген секілді болады»2.
2 - Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қабіріне Аллаһ тағалаға жақындау ниетімен бару. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ وَلَوْ أَنَّهُمْ إِذ ظَّلَمُواْ أَنفُسَهُمْ جَآؤُوكَ فَاسْتَغْفَرُواْ اللّهَ وَاسْتَغْفَرَ لَهُمُ الرَّسُولُ لَوَجَدُواْ اللّهَ تَوَّاباً رَّحِيماً ﴾
«..(Әй, пайғамбар!) Егер олар өздеріне зиян жасаған кездерінде саған келіп, Аллаһтан кешірім сұраса еді, елші де оларға кешірім сұрап, әлбетте, Аллаһты тәубаларын қабыл етуші әрі рахымды түрде табар еді»3.
3 - Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қабіріне бару сапарында Аллаһтың елшісіне көп салауат тілеу мустахап. Әсіресе, Мәдинаға жақындаған кезде.
4 - Мәдинаға кірерде ғұсыл құйынып, таза киім кию мустахап.
5 - Мәдинаға кіргенде оның Меккеден кейінгі артықшылғы мен дәрежесін сезіну.
6 - Мәдина мешітіне кіргенде Раудаға бет алу. Рауда дегеніміз - Мәдина мешітінің ішіндегі мінбе мен пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) қабірінің ортасындағы орын. Рауда сөзі қазақ тіліндегі мағынасы - бақша. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ما بين بيتي ومنبري روضة من رياض الجنة)
«Үйім4 мен мінбемнің арасындағы жер жәннат бақшаларының бірі (саналады)..»5.
Мешітке сәлем намазы сол жерде мінбенің қасында оқылады. Раудада сәлем намазы оқылған соң осы нығмет үшін Аллаһ тағалаға шүкір айтады. Дұға жасап, сапарының қабыл болуын тілейді. Сосын пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қабіріне жақындайды.
7 - Қабірге жақындағанда ішінен: «Ас-саламу ъалайка, әй, Аллаһтың елшісі. Ас-саламу ъалайка, әй, пайғамбар. Ас-саламу ъалайка, әй, Аллаһтың таңдаулысы. Саған және әулетіңе, әйелдеріңе, ұрпақтарыңа және сахабаларыңа есендік болсын! Елшілікті толық жеткізгеніңе, аманатты толық атқарғаныңа, үмметіңе адал болғаныңа, қараңғылық пердесін кетіріп, ақиқатты түсіндіргеніңе, Аллаһ жолында лайықты күрескеніңе, өзіңе ажал келген сәтке шейін дінді орнатқаныңа куәлік етемін. Аллаһым, оған жәннаттағы дәрежені және жоғарғы орынды сыйлашы. Оны Өзің уәде еткен мақтаулы орында тірілте гөр». Арапша мәтіні:
"السلام عليك يا رسول اللّه، السلام عليك يا نبيّ اللّه، السلام عليك يا صفيَّ اللّه, السلام عليك وعلى أهل بيتك الطيبين الطاهرين، أشهد أنك قد بلغت الرسالة، وأديت الأمانة، ونصحت الأمة، وكشفت الغمة، وأوضحت الحجة، وجاهدت في سبيل اللّه حق جهاده، وأقمت الدين حتى أتاك اليقين، اللهم وآته الوسيلة والفضيلة وابعثه مقاما محمودا الذي وعدته وآته "
Сосын оң жағына қарай кішкене жылжып Әбу Бәкірге, Аллаһ тағала оған разы болсын, сәлем тілейді. Тағы кішкене жылжып, Омарға, Аллаһ тағала оған разы болсын, сәлем тілейді. Сосын пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қабірінің басына қайта оралып, сол тұстан жүзін құбылаға қаратады. Аллаһ тағалаға мақтаулар айтып, шүкір етіп, өзіне, ата-анасына, отбасына, туыстарына, бауырларына және жалпы мұсылмандарға дұға тілейді. Сосын Раудаға келеді.
8 - Раудаға келгенде мінбеге жақынырақ тұрып Аллаһқа көп жалбарынады. Сосын Әбу Лубаба1 бағанасының қасына барады. Бағананың қасында екі рәкат намаз оқып, Аллаһ тағалаға тәуба келтіреді. Сосын Ханана бағанасына2 келеді.
9 - Мәдинада тұрақтаған күндері бүкіл намазды Мәдина мешітінде оқылуы қажет. Мәдинадан кетер кезде екі рәкат намаз оқып:
«Аллаһым, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне келген бұл сапарымды соңғы қыла гөрме және тірі болғанымша тағы келуімді нәсіп ет. Дүние мен ақиретте кешірім мен азаптан құтылуымды нәсіп ете гөр»-деп дұға жасайды.
"اللهم لا تجعله آخر العهد بحرم رسولك وسهل لي العود إلى الحرمين سهلة وازقني العفو والعافية في الآخرة والدنيا وردنا إليه سالمين غانمين"
10 - Пайғамбарымыздың қабірін құшақтауға, сүюге, айналуға, оған жалбарынуға шариғатта мүлде болмайды. Мұндай істерден үмметіне ескерту жасап Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Раббысына былай жалбарынған еді:
"اللهم لا تجعل قبري وثنا يعبد"
«Аллаһым, қабірімді ғибадат қылынатын пұт жасай көрме».
Жетінші бөлім: