
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Төртінші бөлім: «Һади» малы
Һади малы арап тілінде "الهدي" деп айтылады. Һади малы малы дегеніміз - қажы кісінің ал-Харамға жетектеп апарып, сонда шалатын малы. Қажы кісіге ал-Харамда шалатын һади малын жетектеп апару үкімі сүннет. Сондай-ақ қажылыққа барушылар һади малын өздерімен апармай Меккеде сатып алуларына болады. Оған түйе, сиыр және қой малдары кіреді. Бір адам бір қой шалады. Жеті кісі қосылып бір түйе немесе бір сиыр шалуларына болады.
Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) қажылықты атқаруына Худайбияда дұшпан тарапынан тосқауыл қойылғанда ихрамнан шығу үшін ол түйе малын шалған. Осы сүннеттің негізінде һади малының ең абзалы - түйе. Сосын сиыр, сосын қой, сосын ешкі.
Шалынатын жері
Һади малы ал-Харамда шалынуы шарт. Өйткені ал-Харам территориясынан басқа жерде шалынған мал һади малы емес. Мал шалынатын ең абзал орын - Мина. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(نحرت ههنا ومنى كلَها منحر فانحروا في رحالكم)
«Мен малды мына жерді шалдым. Мина - бүтіндей мал шалынатын орын. Минадағы тұрған орындарыңда шала беріңдер»1.
Һади малының түрлері
1 - Уәжіп һади. Уәжіп һадиге нәзір малы, қиран және таматтуъ малдары кіреді. Сондай-ақ олардың қатарына қажылықтың атқарылусыз қалған уәжіп амалдарының орындарын толтыру үшін және ихрам тыйымдарын бұзып қойғандығы үшін шалынатын малдар кіреді. Кім қажылыққа барғанда Аллаһ тағала үшін мал шалуға ант берсе, қажылықта мал шалуы уәжіп болады. Бұл нәзір малы деп аталады.
2 - Нәпіл һади. Нәпіл һади дегеніміз - Аллаһ тағалаға жақындау үшін қажы кісінің өз еркімен Минада шалатын малы. Әл-Бұхари мен Мүслімнің сахихтарында Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) ал-Харамға жүз түйе жетектеп әкелгені мен шалғаны айтылады. Осы сүннеттің негізінде қажылықты немесе умраны атқару үшін Меккеге келген әр мұсылманның мұндай ниетпен мал шалуы мустахап. Сондай-ақ шалынатын малдың семіз және жақсы мал болуы мустахап. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ ذَلِكَ وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ ﴾
«Бұл дегеніміз, кім Аллаһтың діннен еткен белгілерін ұлықтаса, онысы - жүректердің тақуалығынан болғаны»1.
Бұл аяттың тәпсіріне қатысты Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: «Малдың семізін, жақсысын және үлкенін таңдау да Аллаһтың діннен еткен белгілерін ұлықтауға жатады».
Шалынатын уақыты
1 - Нәпіл, таматтуъ және қиран малдары Құрбан айт күндерінің үш күнінің ішінде және одан кешікпей шалынуы шарт.
2 - Ихрамдағы ереже бұзушылықпен, кәфарат өтеумен және кедергімен байланысты шалынатын малдар айт күндерінен ертерек немесе кешігіп шалынса да болады. Әрине, жасалған қателіктен көп кешікпей шалынғаны абзал.
Һади малының шарттары
1 - Һади малының жасы, мысалы, түйе малы бес жасар, сиыр малы екі жасар, ал қой малы бір жасар және ешкі малы екі жасар болуы шарт.
2 - Малдың екі көзі де сау болуы шарт. Сондай-ақ құлағы кесілген, арық және соқыр болмауы шарт. Әбу Хасиннің айтуынша Ибн Зубайр, Аллаһ тағала оған разы болсын, өзіне сатып әкелінген һади малы түйенің бір көзі жоқ екенін көріп:
(إن كان أصابها بعدما اشتريتموها فأمضوها وإن كان أصابها قبل أن تشترها فأبدلوها)
«Егер көзіне зиян сатып алынған соң тисе, жетектей беріңдер. Алайда көзіне зиян сатып алуларыңнан бұрын тисе, басқасын айырбастаңдар»-дейді2.
3 - Ереже бұзушылықтың жазасы мен кәфарат ретінде шалынған малдың етінен дәм татуға болмайды. Тауыс пен Саъид ибн Жабир, Аллаһ тағала оларға разы болсын, былай деді:
(لا يأكل من جزاء الصيد ولا من الفدية)
«Аң өлтіріп қойған үшін шалынатын жаза малы мен пидъя малының етінен жеуге болмайды»3.
Нәпіл, таматтуъ және қиран малдарының еттерінен жеуге болады. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كنا لا نأكل من لحوم بدننا فوق ثلاث منى، فأرخص لنا رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم فقال: كلوا وتزودوا فأكلنا وتزودنا)
«Шалған түйелеріміздің еттерінен үш күндей жемедік. Сосын пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) жеуімізге рұқсат етіп: «Жеңдер және қамданыңдар»-деді. Біз одан жеп, қамданып алдық4.
4 - Һади малын бауыздаушы және мүшелеуші қасапшыға берілетін ақы құрбандық малының етінен берілмейді.
Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) маған жетектеп әкелген түйелерін шалуға тұруымды және олардың еттері мен терілерін бүтіндей міскіндерге үлестіріп беруімді және қасапшыға одан ешнәрсе бермеуімді бұйырды да: «Біз оған өз қасымыздан төлейміз»-деді5.
Һади малына қатысты мустахап істер
1 - Малды қажы кісінің өзі бауыздауы. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(ثم انصرف إلى المنحر فنحر ثلاثاً وستين بيده)
«..Сосын Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) құрбан шалынатын орынға барып, алпыс үш түйені өз қолымен бауыздады..»1.
Өзі бауыздай алмай біреуге бауыздатса, қасында тұруы мустахап. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Фатимаға, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(احضري أضحيتك يغفر لك بأول قطرة من دمها)
«Құрбандық малыңның қасында тұр. Одан аққан қанның бірінші тамшысымен саған кешірім нәсіп болады»2.
2 - Малдың мойнына һади малы екендігіне сілтейтін жіп байлау. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(فَتَلْتُ القلائد لهدي رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم. فيقلد هديه ثم يبعث به)
«Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) құрбандыққа арнаған һади малдарына алқалар өретінмін. Ол оларды һадьи малдарының мойындарына тағып, айдалуға жіберетін»3. Бұл сүннет тек нәпіл, қиран, таматтуъ және нәзір малдарына ғана жасалады.
3 - Минада бауыздалуы. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(نحرت ههنا ومنى كلَها منحر فانحروا في رحالكم)
«Мен малды мына жерді шалдым. Мина - бүтіндей мал шалынатын орын. Минадағы тұрған орындарыңда шала беріңдер»4.