
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
1 - Миқатта ихрамға кірген кісінің дұшпан кесірінен Меккеге кіре алмауы. Меккеге кіре алмаған кісі қажылықтың екі ішкі парызын: Арафада тұру мен ифада тауафын атқара алмайды.
2 - Ихрамға кірген кісінің кенеттен қатты науқастануы.
3 - Ихрамдағы кісінің қайтыс болуы.
4 - Қаражаттың жоғалуы және соның себебінен қажылықты атқара алмау.
5 - Әйел кісі күйеуінің рұқсатынсыз ихрамға кірсе, күйеуі оны бұдан тоқтатып, ихрамнан шығара алады.
Бірінші: Меккеге кірмей тұрып пайда болған кедергіге қатысты үкімдер
1 - Мұндай кедергіге жолыққан кісі ал-Харамға құрбандық малын жіберуі уәжіп. Құрбандық малы ал-Харамға жетіп, шалынғаны өзіне айқындалғанда ихрамнан шығады. Бұл амал мына аятқа негізделеді:
(وَأَتِمُّواْ الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلّهِ فَإِنْ أُحْصِرْتُمْ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ)
«Аллаһ үшін қажылық пен умраны толық атқарыңдар. Егер (оларды атқаруларыңа) кедергі пайда болса, мал түрінен мүмкіншілігі жеткенін шалыңдар..»1.
Малды пәлен күні шалуын жіберген кісісімен келісіп алып, сол күні ихрамнан шыға береді. Сондай-ақ мал құрбан шалынатын күннен бұрын шалынса да болады. Малдың ал-Харамнан басқа жерде шалынуы дұрыс емес. Қиран қажылығына ниет еткен кісі екі мал шалады.
2 - Келер жылы қазасын өтеуі уәжіп. Ансарлық Хажжаж ибн Амру, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من كُسِر أو عرج فقد حلّ وعليه الحج من قابل)
«Кім бір мүшесін сындырып алса немесе ақсаңдап қалса, ихрамнан шыққан болды. Және қажылықты келер жылы атқаруы уәжіп»1.
Кімнің ниетінде умра болса, келесі келгенінде умра атқаруы ғана уәжіп. Кімнің ниеті қажылық болса, келесі келгенде қажылық пен умра атқаруы уәжіп. Кімнің ниетінде қиран қажылығы болса, қажылық пен екі умра атқаруы уәжіп. Екі жағдайда да бір умраның қосылу себебі - қажылықтың парыздарын атқарусыз өткізіп алған қажы ихрамнан умра амалдарын атқаруымен шығады. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Худайбия жылында бастаған және толық атқара алмаған умрасынан Худайбияда ихрамнан шыққанымен келер жылы оның қазасын өтейді және ол умрасы «қаза умра» деп аталады2.
Екінші: Арафадағы тұрыс атқарылған соң пайда болған кедергіге қатысты үкімдер
1 - Кедергі дұшпан болса, қажылықтың әр уәжіп амалы үшін қой шалады да қажылығы дұрыс болады.
2 - Кедергі ауру не өлім болса, «Қажылық дегеніміз - Арафа» деген хадистің негізінде қажылығы дұрыс саналады.
Үшінші: Меккенің ішінде пайда болған кедергіге қатысты үкім
Арафадағы тұрыс пен ифада тауафын кедергінің себебінен атқарусыз өткізіп алған кісі қой шалуымен ихрамнан шығады.
Төртінші: Кедергінің жойылуына қатысты үкім
Қажы кісі ихрамнан шықпай кедергі жойылса және ол қажылық күндері Меккеге жетіп үлгерсе, қажылықты толық атқарады. Бұл жағдайда кедергінің себебінен ал-Харамға жіберген құрбандық малын шалмаса да болады. Кедергі қажылық күндері өтіп кеткенде жойылса, ихрамнан құрбандық малын шалуымен шығады.