
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
Бірінші: Ал-Харам территориясымен байланысты ереже бұзушылық
Ал-Харам территориясында аң аулау немесе ағаш сындыру қылмыс саналады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Мекке алынған соң Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) адамдардың алдына шығып, Аллаһ тағаланы пәктеді және мадақтады. Сосын былай деді:
(إن الله حبس عن مكة الفيل وسلط عليها رسوله والمؤمنين , ألا وإنها أحلت لي ساعة من النهار ,ألا وإنها ساعتي هذه حرام , لا يختلى شوكها ولا يعضد شجرها , ولا يلتقط ساقطتها إلا منشد , ومن قتل له قتيل فهو بخير النظرين : إما أن يقتل وإما أن يفادي أهل القتيل)
«Расында, Аллаһтың тиым салуымен Меккеге Абраха әкелген піл де кіре алмады. Алайда бұл қалаға елшісі мен мүміндердің кіруіне рұқсат етті. Менен бұрын ешкімге Меккеде соғысуы адал етілмеді. Тек маған ғана Меккеде күндіздің бір ғана сағат уақытын соғысуға рұқсат етілді. Бұл рұқсат, енді ешкімге берілмейді. Бұл жерде аңшылық жасауға және тікенекті сындыруға болмайды. Бұл жерде біреудің жоғалған мүлкі табылса, оны тек табылғанын жариялау үшін алуға болады. Мұнда біреудің туысы өлтірілсе, зардап шегуші тарап екі шешімнің бірін қабылдай алады: қылмыскер не өлтіріледі, не өлтірілген кісінің отбасына төлем төлейді...»1.
Ал-Харамда аң аулап қойған кісінің жазасы сол аңның құнын садақа етіп ақшалай пақырларға үлестіреді. Орнына ораза ұстауға болмайды. Міндетті түрде ақшамен төленуі шарт. Аулаған аң өлексе саналады. Етін жеуге де, сатуға да болмайды.
Сонымен қатар ал-Харамда өсіп тұрған ағаштарды кесу мен өсімдіктерді жұлу қылмыс саналады. Сындырған немесе жұлған өсімдіктің құны пақырларға садақа етіледі.
Екінші: Ихраммен байланысты ереже бұзушылық
Ихрам кезіндегі қылмыстар:
1 - Төсек қатынасы. Кім Арафадағы тұрысынан бұрын төсек қатынасына түсіп қойса, қой шалуы және бұзылған қажылығын аяғына жеткізуі уәжіп. Сосын келесі жылы қажылығының қазасын өтейді. Кім әйелімен Арафадағы тұрысын атқарған соң және шашын алғанға дейін төсек қатынасына түсіп қойса, бір түйе не сиыр шалып, қажылығын толық аяқтайды. Кім шашын алған соң төсек қатынасына түсіп қойса, ифада тауафын атқаруға ихрамының жалғасуы үшін бір қой шалады.
2 - Жұбайын құмарлықпен ұстау, аймалау, құшақтау және сүю. Нәтижесінде шәует бөлінсе де, бөлінбесе де бір қой шалады.
3 - Кім шәуетті қол әркетімен шығарса, бір қой шалады. Кім құмарлықпен біреуге қараса не ойланса, ешнәрсе өтемейді.
4 - Кім дене мүшелеріне әтір жақса немесе бір күн бойы әтір себілген киім кисе, бі қой шалады.
5 - Кім бүкіл денесіне толық немесе бір мүшесіне май жақса, бір қой шалады.
6 - Кім бір күн бойы тігілген киім кисе немесе басын бүркесе, қой шалады. Бір күннен аз уақыт болса, садақа береді. Сол секілді бетін бүркеген әйел кісі де осылай істейді.
7 - Шаштан, сақалдан, қолтықтан және мүшеден төрттен бірі қырылса, қой шалады. Бұдан аз болса, бидайдан жарты сағ (1900г) садақа береді.
8 - Кім бір отырғанда барлық тырнағын алса, бір қой шалады. Кім бірнеше мәрте отырып алса, әр бес саусақтың тырнағы үшін бір қойдан шалады. Кім бес саусақтан аз алса, бидайдан жарты сағ садақа береді.
Себепсіз әтір себінген, шашын алған, тігілген киім киген кісінің еркінде: не бір қой шалады, не алты міскінге үш сағ көлемінде тамақ береді, не үш күн ораза ұстайды. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿ وَلاَ تَحْلِقُواْ رُؤُوسَكُمْ حَتَّى يَبْلُغَ الْهَدْيُ مَحِلَّهُ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضاً أَوْ بِهِ أَذًى مِّن رَّأْسِهِ فَفِدْيَةٌ مِّن صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُكٍ ﴾
«Құрбандық малы өз орнына жетпейінше шаштарыңды алмаңдар. Кім сендерден науқас болса не басынан зиян шексе (басы ауырса не биттесе), онда оны ораза ұстауымен, не садақа беруімен, не мал шалуымен өтейді..»1.
Каъб ибн Ъажараның, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтуынша Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Худайбия кезінде оның қасынан өтіп:
(آذاك هوامّ رأسك. قال: نعم. فقال له النبي صلى اللّه عليه وسلم: (احلق رأسك ثم اذبح شاة نسكاً أو صم ثلاثة أيام أو أطعم ثلاثة آصُعٍ من تمر على ستة مساكين)
«Басыңдағы бит мазаңды алды ма?»-деп сұрайды. Ол: «Иә»-деп жауап береді. Сонда пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған: «Шашыңды алып таста. Сосын бір қойды құрбан шал. Не үш күн ораза ұста. Не болмаса, алты мәскінді үш сағ құрмамен тамақтандыр»-дейді2.
Мал Ал-Харам территорисында шалынуы шарт. Басқа жерде шалынса, пидья (төлеу) жүзеге аспайды. Ал ораза мен садақа елге оралғанда атқарылса да болады.
9 - Аң аулау. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تَقْتُلُواْ الصَّيْدَ وَأَنتُمْ حُرُمٌ وَمَن قَتَلَهُ مِنكُم مُّتَعَمِّداً فَجَزَاء مِّثْلُ مَا قَتَلَ مِنَ النَّعَمِ يَحْكُمُ بِهِ ذَوَا عَدْلٍ مِّنكُمْ هَدْياً بَالِغَ الْكَعْبَةِ أَوْ كَفَّارَةٌ طَعَامُ مَسَاكِينَ أَو عَدْلُ ذَلِكَ صِيَاماً لِّيَذُوقَ وَبَالَ أَمْرِهِ عَفَا اللّهُ عَمَّا سَلَف وَمَنْ عَادَ فَيَنتَقِمُ اللّهُ مِنْهُ وَاللّهُ عَزِيزٌ ذُو انْتِقَامٍ ﴾
«Әй, иман келтіргендер, ихрамда болғандарыңда аң өлтірмеңдер. Сендерден кім оны біле тұра өлтірсе, оның жазасы тура сондай (құнды) мал төлеуімен өтеледі. Қағбаға1 жететін құрбандық малдың (құнына қатысты) үкімді екі әділ кісі береді. Немесе кінәсін өтеу үшін міскіндерді тамақтандырады. Немесе орнына ораза ұстайды. Бұның бәрі - ісінің кесірін тату үшін. Өткенді Аллаһ кешірді. Кім тағы қайталаса, Аллаһ оған сазайын тартқызады. Аллаһ - үстем әрі жазалаушы»2.
Бұл аяттың негізінде ихрам кезінде еті адал аң өлтірген кісі тура сондай құнды мал шалады. Немесе малдың құнын міскіндерге садақа етеді. Әр міскінге 3800г құрма не арпа, немесе 1900г бидай береді. Немесе әр міскінге берілетін тамақтың орнына бір күн ораза ұстайды.
Кім ихрам кезінде еті арам аңды өлтірсе, жазасы бір қойдан аспайды. Сол секілді кім құс-жануардың жүнін жұлса, жұмыртқасын сындырса, құнын төлейді.
Үшінші: Тауафпен байланысты ереже бұзушылық
1 - Ифада тауафын дәретсіз атқарған кісі бір қой шалады. Ал жүніп немесе етеккір күйінде атқарса, түйе немесе сиыр шалады.
2 - Кім умра тауафын толық немесе көп бөлігін дәретсіз немесе жүніп күйінде атқарса, бір қой шалады.
3 - Келу тауафы мен қоштасу тауафын дәретсіз атқарған кісі садақа береді. Ал жүніп күйінде атқарған кісі бір қой шалады.
4 - Кім нәпіл тауафын дәретсіз атқарса, садақа береді.
5 - Кім ифада тауафының үш не одан да аз айналымын атқарусыз қалдырса, бір қой шалуы уәжіп. Кім оның төрт айналымын атқарусыз қалдырса, тауафты толық атқармайынша ихрамнан мүлде шыға алмайды.
6 - Кім қоштасу тауафын толық немесе оның төрт айналымын атқарусыз қалдырса, бір қой шалады. Ал кім оның үш айналымын атқарусыз қалдырса, садақа беруі уәжіп.
Ескерту: Меккеден әлі шықпаған болса, екі жағдайда да ең абзалы - тауафты дәретпен қайта орындауы. Өйткені тауафын дәретпен қайта орындаған кісінің мойнынан мал шалу уәжібі түседі.
Төртінші: Қажылық уәжіптерінің бірін атқарусыз қалдыру немесе парыздарын кешіктіру
1 - Кім Сафа мен Маруа арасындағы жүрісті атқарусыз қалдырса, бір қой шалуы уәжіп. Сонымен қажылығы атқарылған болады.
2 - Кім Арафадан имамнан бұрын және күн батпай қозғалса, күн батпай қайта оралуы уәжіп. Әйтпесе бір қой шалуы уәжіп болады.
3 - Кім Мүздәлифада тұруды атқарусыз қалдырса, бір қой шалуы уәжіп.
4 - Кім мүлде тас лақтырмаса немесе бір күнді тас лақтырусыз қалдырса, бір ғана қой шалады. Үш жамараттың бірін тас лақтырусыз қалдырса, садақа береді.
5 - Кім Ақаба жамаратын тас лақтырусыз қалдырса, бір қой шалады.
6 - Кім шаш алуды құрбан шалынатын күндерден кешіктірсе, бір қой шалуы уәжіп. Сол секілді ифада тауафын кешіктірген кісінің де жазасы осылай.
Үшінші бөлім: