
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Истинжа
Истинжа дегеніміз - кіші немесе үлкен дәрет сындырғанда былғанған жолдың аузын сумен жуып тазалау.
Истибра дегеніміз - кіші дәрет сындырғанда мүшенің бойында қалған зәрден мұқият тазалану.
Истижмар дегеніміз - екі жолдың аузын кесек таспен немесе топырақпен тазалау. Қағазбен тазалану да осыған кіреді.
Истинжаның үкімі
Екі жолдың аузын сумен жуып тазалау - бекітілген сүннет. Шыққан нәжістің көлемі дирхамның көлеміндей жайылса, не одан да көбірек болса, сумен тазалану - уәжіп. Әйел кісінің зәр шығатын жолы ер кісінікімен салыстырғанда көлемді болғандықтан, оған әрдайым сумен тазалану - уәжіп.
Анас ибн Мәлик, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(يا معشر الأنصار إن اللّه قد أثنى عليكم خيراً في الطهور فما طهوركم هذا، قالوا يا رسول اللّه نتوضأ للصلاة والغسل من الجنابة فقال رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم: هل مع ذلك غيره. قالوا: لا غير أن أحدنا إذا خرج من الغائط أحب أن يستنجي بالماء. قال: هو ذاك)
«Әй, ансарлар! Аллаһ тағала тазалану әдептеріңе қатысты сендерді мадақтады ғой! Бұл тазалықтарың жайлы білуге бола ма?». Олар: «Әй, Аллаһтың елшісі, намаз үшін және ғұсыл құйынудан бұрын дәрет алатын әдебіміз бар»-деді. Ол: «Бұдан басқа істейтіндерің бар ма?»-деп сұрады. Олар: «Бұдан басқасы істейтініміз жоқ. Алайда дәрет сындырғанда былғанған жолды сумен жуып тазалайтынымыз бар»-деді. Ол (саллаллаһу алайһи уа саллам): «(Сұрағаным) - осы ғой»-деді1.
Тек судың өзімен ғана тазалану - жеткілікті. Алайда, алдымен, кесек таспен тазаланып, сосын сумен жуу бұдан да абзал. Ибн Аббастың айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, ансарлардың тазалану әдебін мадақтаған түрде Аллаһ тағала мына аяттарды түсіреді:
﴿ فيه رجال يحبون أن يتطهروا واللّه يحب المطهرين ﴾
«..Онда тазаруды жақсы көретін еркектер бар. Расында, Аллаһ тазарушыларды жақсы көреді»2. Сол кезде пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) олардан бұның сырын сұрайды. Олар: «Кесек тасты пайдаланған соң, сумен жуып тазаланамыз»-деп жауап береді3. Осының негізінде истинжадан бұрын истижмарды қолдану - сүннет.
Дәрет сындырғанда жыныс жолында нәжіс қалмаған жағдайда кесек таспен немесе қағазбен тазаланса да жеткілікті. Алайда сумен жуу тазалықты мақсатына жеткізеді. Кесек тас пен қағазды пайдаланғанда жыныс жолын үш мәрте тазалаған дұрыс. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(ومن استجمر فليوتر، ومن فعل فقد أحسن، ومن لا فلا حرج)
«Кім кесек таспен тазаланса, тазалану санын тақ қылсын (үш рет, бес рет). Кім осылай істесе, жақсы істеді. Кім олай істемесе, оқасы жоқ»4.
Истинжаның сүннеттері
1. Екі жолдан да нәжіс шыққан жағдайда, алдымен, зәрден тазалану сүннет. Кейін артқы жыныс жолы тазаланады. Артқы жол ортан және одан төменгі саусақтардың көмегімен жуылады.
2. Мүше «қолданылған» сумен жуылса, сақтық үшін мүшедегі суды кептірген жөн.
3. Истинжадан кейін екі қолды сабынмен жуу. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم إذا أتى الخلاء أتيته بماء في تَوْر أو رَكوة فاستنجى ثم مسح يده على الأرض ثم أتيته بإناء آخر فتوضأ)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) дәретханаға кірерде оған құманмен су апаратынмын. Дәрет сындырған соң қолын жерге жақсылап ысқылайтын. Кейін дәрет алуы үшін басқа ыдыспен су әкелетінмін»1.
Истинжаның мәкруһаттары
1. Оң қолмен тазалану. Қатада, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(إذا بال أحدكم فلا يأخذنّ ذَكره بيمينه، ولا يستنج بيمينه، ولا يتنفّس في الإناء)
«Сендерден біреу дәрет сындырса, мүшесін оң қолымен ұстамасын. Сондай-ақ оң қолымен тазаланбасын және ыдыс ішіне дем алмасын»2.
2. Сүйекпен немесе тезекпен тазалану. Ибн Масғуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا تستنجوا بالروث ولا بالعظام فإنه زاد إخوانكم الجنّ)
«Тезекпен де, сүйекпен де тазаланбаңдар. Өйткені бұлар - жын бауырларыңның азығы»3.
Төртінші бөлім: Дәрет
Дәреттің мағынасы
1. Тілдік мағынасы: әдемілік, тазалық.
2. Шариғаттық мағынасы: арнайы, ерекше тазалық.
Дәреттің шариғаттық мағынасы тілдік мағынасына негізделеді. Өйткені дәретпен дене мүшелері тазарып, әдемі өңге келеді. Сондай-ақ дәрет тиген дене мүшелері ақиретте нұрша жарқырайды. Бұл жайында Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деген:
)إن أمتي يدعون يوم القيامة غرا محجلين من آثار الوضوء. فمن استطاع منكم أن يطيل غرته فليفعل(
«Расында, Қиямет күні менің үмметім дәрет орындары (аттың маңдайы мен аяқтарындағы ақтықтары секілді) жұлдызша жарқырап шақырылады. Іштеріңде кім (нұрлы) жұлдызшасын соза түсуге шамасы келсе, онда оны істесін»4.
Дәреттің артықшылығы
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(إذا توضأ العبد المسلم - أو المؤمن - فغسل وجهه خرج من وجهه كل خطيئة نظر إليها بعينيه مع الماء - أو مع آخر قطْر الماء - فإذا غسل يديه خرج من يديه كل خطيئة كان بطشتها يداه مع الماء - أو مع آخر قطْر الماء - فإذا غسل رجليه خرجت كل خطيئة مشتها رجلاه مع الماء - مع آخر قطْر الماء - حتى يخرج نقياً من الذنوب)
«Аллаһтың мұсылман (немесе мүмін) құлы дәрет алып, бетін жуғанда екі көзімен көрген барлық күнәсі жүзінен сумен бірге немесе соңғы тамшымен ағып түседі. Қолдарын жуғанда екі қолымен істеген барлық күнәсі қолдарынан сумен бірге немесе соңғы тамшымен ағып түседі. Аяқтарын жуғанда екі аяғымен барған барлық күнәсі аяқтарынан сумен бірге немесе соңғы тамшымен ағып түседі. Сөйтіп, күнәләрінән әбден тазарып шығады»1.
Осман ибн Аффан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(من توضأ فأحسن الوضوء خرجت خطاياه من جسده، حتى تخرج من تحت أظفاره)
«Кім дәрет алса және дәретті жақсылап алса, күнәләрі денесінен шығып кетеді. Олар, тіпті тырнақтарының астынан да шығады»2.