
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
Негізінде, шариғатта қажылықтың үш түрі заңды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(خرجنا مع رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم عام حَجّة الوداع، فمنا من أهلّ بعمرة، ومنا من أهل بحجة وعمرة، ومنا من أهلّ بالحج، وأهل رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم بالحج، فأما من أهلّ بالحج، أو جمع الحج والعمرة، لم يحِّلوا حتى كان يوم النحر)
«Қоштасу қажылығы атқарылатын жылы Аллаһтың елшісімен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірге жолға қажылық үшін жолға шықтық. Арамызда біреулер ихрамға умра үшін ғана кірді, енді біреулер ихрамға қажылық пен умраны бірге атқару үшін кірді. Тағы біреулер ихрамға қажылық үшін ғана кірді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) ихрамға қажылық үшін кірді. Қажылық үшін ихрамға кіргендер де, қажылық пен умраны қосқандар да құрбан шалынатын күнге дейін ихрамнан шықпаған еді»1.
Бірінші: Ифрад қажылығы
"الإفراد" - «ифрад» сөзінің тілдік мағынасы: бөлектеу, жекелеу. Ал шариғаттық тұрғыда ифрад қажылығы дегеніміз - ихрамға қажылықты ғана атқару үшін кіру. Ифрад қажылығын орындаушы кісі қажылығын толық аяқтамайынша умра жасамайды.
Жасалу жолы
Ифрад қажылығына ниет еткен кісі ихрамға кірудің алдында:
- Ғұсыл құйынады немесе дәрет алады. Әрине, дәретке қарағанда ғұсыл құйынғаны абзал.
- Сосын жаңа немесе жуылған ихрам киімін киініп, әтір себінеді.
- Сосын екі рәкат ихрам намазын оқиды. Намаз мәкрүһ емес уақытта оқылуы қажет. Намаз оқыған соң: «Аллаһым, қажылықты атқаруға ниет етемін. Маған оны жеңіл атқаруымды нәсіп етіп, оны менен қабыл ала гөр. Аллаһым! Қажылықты атқаруым үшін алдыңда тұрмын»-дейді. Бұл сөздің арапша мәтіні:
"اللّهم إني أريد الحج فيسره لي وتقبله مني لبيك اللّهم بحجةً"
- Ниеттеніп тәлбия айтуымен ихрамға кіреді. Енді оған қажылығын аяқтағанша қажылықты бұзатын сөздер мен істерден мүлде тыйылуы парыз.
- Меккеге кіргенде қолындағы заттарын қауіпсіз жерге тапсырып, ал-Харам мешітіне бет алады. Меккеге кіргенде жасалатын дұға: «Аллаһым, бұл - Сенің құлдарыңа арнаған қасиетті және қаіуіпсіз орның. Мені отқа арам етіп, құлдарыңды қайта тірілтетін күні мені азабыңнан аман алып қалшы. Сондай-ақ мені достарың мен бой ұсынушы құлдарыңнан қылшы». Дұғаның арапша мәтіні:
"اللهم هذا حرمك و أمنك فحرمني على النار وآمني من عذابك يوم تبعث عبادك واجعلني من أوليائك وأهل طاعتك"
Меккеге кірген соң Аллаһ тағаланың алдына келгенін есінен шығармай ал-Харам мешітіне жуасыған және бой ұсынған күйде кіреді. Қағба көзіне көрінген бетте үш мәрте тәкбір және тәһлил2 сөздерін айтып, Аллаһ тағаладан қалаған дұғасын тілейді. Өйткені бұл жағдайда дұғаның қабыл болуы үміт етіледі.
- Сосын келу тауафын жасайды. Мұнысы - Қағбаға сәлемдесекені. Тауафы қара тастың тұсынан басталады. Қара тасқа бағытталған қалыпта намаз кезінде секілді қолдарын көтеріп, тәкбір және тәһлил сөздерін айтады. Сосын алақандарын қара тасқа тигізеді және сүйеді. Бұл істерді қолдан келгенше орындауы қажет. Айналасындағы адамдарға зиян тигізуі күнә саналады. Сосын Қағбаны қара тастың тұсынан сағат тіліне қарсы бағытта айналуын бастайды. Қағбаны жеті мәрте айналады. Қағбаны айналғанда оның Ирактік қыры мен Сириялық қырына қарама-қарсы орналасқан Хижр дуалының сыртынан айналады. Өйткені Хижр дуалы Қағбаның бөлігі саналады. Әр айналымның кезінде қара тас пен йемендік қырға қолдарын тигізеді. Тауафты қара тастың тұсында бастағанындай қара тастың тұсында оны ұстауымен аяқтайды. Сосын «Мақам ал-Ибраһим»-нің артында екі рәкат намаз оқиды. Адамдардың көптігінен оның артында намаз оқуы мүмкін болмаса, оны басқа қолайлы жерде оқуына болады. Кім келу тауафын жасамастан Арафаға барып тұрса, келу тауафы мойнынан түседі және бұл үшін ешнәрсе өтемейді.
- Сосын Сафа мен Маруа арасындағы жүрісті атқарады. Сафа мен Маруа арасындағы әрі-бері жасалатын жүрістердің жалпы саны - жетеу. Сафа мен Маруаның әрқайсысына жеткен кезде оларға көтеріледі. Қағбаға бағытталып, тәкбір және тәһлил айтады, дұға жасайды. Сондай-ақ пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) салауат тілейді. Сафа мен Маруа арасында белгіленген екі жасыл сызықтың арасында жеңіл жүгіріс жасайды. Сафа мен Маруа арасындағы жүрісі Сафадан басталып, Маруада аяқталады.
- Сосын Меккеде тұрақтайды. Қолдан келгенше Қағбаны қайта-қайта тауап етуіне болады.
- Зүлхижжаның сегізінде Минаға барып, сонда қонады. Бесін, екінді, ақшам, құптан және таң намаздарын Минада оқиды.
- Зүлхижжаның тоғызында Арафаға қозғалады. Бесін азаны шақырылған соң имамның құтпасын тыңдайды. Сосын бесін мен екінді намаздарын тақдим сипатында қосып оқиды. Әрқайсысына қамат жеке айтылып, екеуі де қысқартылып оқылады. Арафадағы тұрысқа кірісерден бұрын ғұсыл құйынғаны мустахап. Сосын Арафадағы тұрыс орнына барады. Аллаһ тағаланы зікір етуімен және Оған жалбарынумен онда ұзақ тұрады.
- Күн батқанда адамдар имаммен бірге асықпай Мүздәлифаға қозғалады. Мүздәлифаға келгенде Қузах тауының қасында тоқтаған мустахап. Мұнда имам адамдармен бірге бір азанмен және бір қаматпен ақшам мен құптанды та'хир сипатында қосып оқиды. Құптан намазы қысқартылып оқылады.
- Құрбан шалынатын күннің таң намазын имам адамдармен таң сәріде (ертеректеу) оқиды. Өйткені Мүздәлифада тұру уақыты таң атқанда басталады. Сосын таң атқаннан күн шыққанша адамдармен бірге Мүздәлифада тұрып, тәкбір және тәһлил айтады. Тәлбия айтып дұға жасайды. Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) салауат тілейді. Сосын Мүздәлифадан жетпіс ұсақ тас теріп алады.
- Сосын күн шықпастан имам адамдармен бірге Минаға қозғалады. Минаға келгенде сайдың ортасында түсіп Ақаба жамратына терген тастарының жетеуін жеке-жеке лақтырады. Бірінші тасты лақтырарда тәлбия айтуын тоқтатады. Әр тасты тәкбір айтып лақтырады. Тас лақтырған соң онда тұрмайды.
- Сосын еркі қаласа, мал шалады.
- Сосын шашын толық алады немесе саусақ ұшындай мөлшерде шашын қысқартады. Шашын толық алдырғаны абзал. Бұдан кейін қажылық кезінде тыйым салынған нәрселердің бәрі, әйеліне жақындаудан басқасы, рұқсат етіледі.
- Сосын айт күні Меккеге келіп, Қағбаны жеті мәрте айналуымен тауаф ал-ифаданы орындайды. Оның алғашқы үш айналымын ер адам оң иығын ашық ұстап, жеңіл жүгіріспен орындайды. Сосын Сафа мен Маруа арасындағы жүрісті атқарады, әрине, егер оны келу тауафынан кейін атқармаған болса. Тауафты зүлхижжаның он бірінші, он екінші және он үшінші күндерінен кешіктіру мәкрүһ. Кім тауафты бұл күндерден кешіктірп атқарса, қой шалуы уәжіп.
- Сосын Минаға оралады. Минада қалған тастарын үш жамаратқа лақтыру үшін тоқтайды. Тас лақтыру уақыты он екінші зүлхижжаның тал түсінен кейін кіреді. Алдымен, кіші жамаратқа жеті тас лақтырады. Оның қасында тұрып дұға жасайды. Сосын орта жамаратқа барып, оған жеті тас лақтырады. Оның қасында да тұрып дұға жасайды. Сосын Ақаба жамратына жеті тас лақтырады. Мұнда тұрмайды.
- Сосын он үшінші зүлхижжада тал түстен кейін тас лақтыру рәсімін жалғастырады. Үш жамаратқа жеті тастан лақтырады және кіші жамарат пен орта жамараттың қасында дұға жасайды. Бұдан кейін оған асыққан болса, Меккеге түсуіне болады. Асықпаған болса, келесі күнге қалып, тал түстен кейін қалған тастарын лақтырады. Сосын Меккеге түсерінде Мухассаб сайында сәл тұрып дұға жасауына болады.
- Сосын еліне оралуды қаласа, Қағбаны жеті мәрте айналуымен қоштасу тауафын атқарады. Бұл тауафты орындауы уәжіп. Осылайша қажылықты аяқтап, еліне оралады.
Ескерту: Әйелдер ер кісілер секілді тауафтың алғашқы үш айналымы мен Сафа мен Маруа арасындаға екі жасыл сызықтың арасында жеңіл жүгіріс жасамайды. Сондай-ақ тәлбия айтқанда дауыстарын көтермейді. Шашын толық алмайды, тек саусақ ұшындай көлемін қысқартады. Ер кісілерден тағы бір айырмашылығы, олар ихрамда тігілген киім және аяқкиім киеді. Қажылық кезінде етеккірі келген әйелдер тауафты қоспағандағы қажылықтың бүкіл амалдарын жасауына болады.
Екінші: Таматтуъ қажылығы
"التمتع" - «таматтуъ» сөзінің тілдік мағынасы: ыңғайлы жағдайды пайдалану, қажетіне жарату, рақаттану . Ал шариғаттық тұрғыда таматтуъ қажылығы дегеніміз - қажылық атқарылатын айда умра жасау. Сосын қажылық басталатын күнге дейін Меккеде тұрып, қажылықты атқару.
Дәлелі: Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбармен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірге қажылыққа бардым. Ол өзімен түйе малын айдап әкелді. Адамдар ифрад қажылығы үшін ихрамға кіріп қойған еді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оларға:
(أحِلّوا من إحرامكم بطواف البيت وبين الصفا والمروة، وقصروا، ثم أقيموا حلالاً، حتى إذا كان يوم التروية فأهلوا بالحج، واجعلوا التي قدمتم بها متعة)
«Қағбаны тауаф етумен және Сафа мен Маруа арасындағы жеңіл жүрісті атқарумен, сосын шаштарыңды алуларыңмен бұл ихрамдарыңнан шығыңдар да тәруия күніне дейін (Меккеде) тұрыңдар. (Таруия күні) қажылық үшін ихрамға кіріңдер. Сөйтіп, алдында жасағандарың мутъа (таматтуъ) болсын»1.
Таматтуъ қажылығының жасалу жолы
- Миқатта умра үшін ихрамға кіреді.
- Меккеге кіргенде умра тауафын жасайды. Тауафты бастауымен тәлбия айтуын тоқтатады.
- Сосын Сафа мен Маруа арасындағы жеңіл жүгірісті атқарады.
- Сосын шашын толық алдырады немесе қысқартады. Осы амалдарды атқаруымен умраның ихрамынан шығып, зүлхижжаның сегізінші күніне дейін Меккеде тұрақтайды.
- Зүлхижжаның сегізінші күні ал-Харам территориясында қажылық ихрамына кіреді. Ихрамға миқатта емес, ал-Харамда кіруінің себебі - таматтуъ қажылығын атқарушы Меккеде тұруымен меккелік үкіміне кіреді. Ал меккеліктердің миқаты - ал-Харам.
- Сосын қажылық амалдарын ифрад қажылығындағыдай атқарады.
Таматтуъ қажылығын жасаушы кісі өзімен бірге құрбандық малын әкелген болса, умраның тауафы және Сафа мен Маруа арасын жүруімен шектеліп, шашын алмайды және зүлхижжаның сегізіне дейін умраның ихрамында болуын жалғастырып, қажылық ихрамына кіреді. Сөйтіп, қажылығын аяқтағанда екі ихрамнан бірге шығады.
Таматтуъ малын шалу
Төмендегі шарттардың орындалуымен таматтуъ қажылығын атқарушы кісінің шүкір ретінде «таматтуъ малын» шалуы уәжіп:
1 - Умрасы қажылық айында жасалуы.
2 - Алдымен умраны, сосын қажылықты атқаруы.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ فَمَن تَمَتَّعَ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ ﴾
«..Кім умраны атқаруымен қажылыққа дейін ермек етсе, мал түрінен мүмкіншілігі жеткенін шалсын..»1. Бұл аяттағы «ермек етсе» дегеніміз - таматтуъ қажылығын атқарушы кісі қажылық айында умрасын атқаруымен зүлхижжаның сегізіне дейін ихрамнан шығып, әйелімен көңіл көтеруіне және басқа да рұқсат етілген ермек түрлерімен алдануына болады. Негізінде, әйелімен көңіл көтеру және жалпы рұқсат етілген ермек түрлерімен алдану - ихрамдағы кісіге мүлде арам. Сол себептен оның атқарған умрасы мен атқаратын қажылығы біртұтас кәміл болуы үшін және Аллаһ тағаланың оған қажылық ихрамына дейін умра ихрамынан шығуына рұқсат еткені үшін Аллаһ тағалаға шүкір ретінде таматтуъ малын шалуы уәжіп. Бұл малдың шалынуымен қажылық пен умрасының толық атқарылуы жүзеге асып, кемшіліктердің орындары жабылады. Таматтуъ малы Минада Ақаба жамратын тас лақтырылған соң және шаш алдырудан бұрын айт күні шалынады. Таматтуъ малын шалуға мүмкіншілігі жетпеген кісі үш күн ораза ұстайды. Ең абзалы зүлхижжаның 5,6,7 күндері ұстауы. Сондай-ақ 6,7,8 күндері ұстаса да болады. Қажылық кезінде әлсіздік басуынан қауіптенген кісіге бұл үш күнді умра ихрамына кіргенінде бастап, араларын үзіп ұстауына да болады. Әйтеуір Арафа күніне жеткізбеуі мустахап. Сосын еліне оралғанда тағы жеті күн ораза ұстап, оразасын он күнге толтырады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿ فَمَن لَّمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلاثَةِ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ وَسَبْعَةٍ إِذَا رَجَعْتُمْ تِلْكَ عَشَرَةٌ كَامِلَةٌ ﴾
«..Кім (мал) таба алмаса, қажылықта үш күн ораза және (елге) оралғандарыңда жетеуін ұстаңдар. Толық он күн - осы..»2.
Аллаһ тағала: «..қажылықта үш күн ораза..» -дегендіктен кім бұл оразасының алғашқы үшеуін қажылық күндерінен кешіктіріп алса, бұл қателігін орнына қой шалумен ғана өтейді. Сөйтіп оған енді екі мал шалуы уәжіп болады. Біріншісі - таматтуъ малы, өйткені оразаны кешіктіруімен оның орнын жаба алмады. Екіншісі мал шалмастан ихрамнан шыққаны үшін шалынады.
Құлаққағыс: Қажылық айларында умраны атқарған соң қажылық басталатын күнге дейін Меккеде тұрып, қажылықты атқарған кісінің қажылығы таматтуъ болады да оған мал шалуы уәжіп болады. Умраны аяқтаған соң қажылық басталғанша Мәдинаға барса, сосын қажылықты атқарса, таматтуъі дұрыс болады және оған мал шалуы уәжіп. Кім умраны атқарған соң еліне барып келіп қажылықты атқарса, таматтуъі дұрыс болмайды да таматтуъ малын шалу уәжібі мойнынан түседі. Атқарған қажылығы ифрад үкімінде болады.
Үшінші: Қиран қажылығы
"القران" - «қиран» сөзі тілде «екі нәрсені қосу» деген мағына береді. Шариғаттағы мағынасына келсек, қиран қажылығы дегеніміз - бір сапарда қажылық пен умраны бірге жасау. Қиран қажылығы меккеліктерден басқаларға ғана арналған.
Қажылық түрлерінің абзалы - қиран қажылығы. Хаттаб ұлы Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(سمعت النبي صلى اللّه عليه وسلم بوادي العقيق يقول: (أتاني الليلة آتٍ من ربي فقال: صلِّ في هذا الوادي المبارك، وقل: عُمرة في حجة)
Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ақиқ сайында былай дегенін естідім: «Түнде маған Раббымнан келген келуші: Осы берекелі сайда намаз оқып: «Қажылық ішіндегі умра»-деп айт,-деді1.
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің былай дегенін естіді:
(لبيك بعمرة وحج)
«Аллаһым, қажылық пен умраға ниет етіп, алдыңда тұрмын»2.
Сондай-ақ ғұламалардың іштерінде ифрад қажылығын да, таматтуъ қажылығын да абзал деушілер бар.
Қиран қажылығының сипаты
- Миқатта екі рәкәт ихрам намазын оқыған соң умра мен қажылықты бірге атқару үшін: «Аллаһым, қажылық пен умра жасауға ниет етемін. Маған ол екеуін жеңіл атқаруымды нәсіп етіп, менен қабыл ала гөр. Аллаһым, умра мен қажылықты бірге жасау үшін, алдыңда тұрмын»-деп қиран қажылығының ихрамына кіреді. Бұл сөздің арапша мәтіні:
"اللّهم إني أريد الحج والعمرة فيسرهما لي وتقبلهما مني. لبيك اللّهم بعمرة وحجة معاً"
- Меккеге кіргенде умра үшін тауаф жасап, Сафа мен Маруа арасындағы жүрісті атқарады.
- Сосын қажылық амалдарын орындауды бастайды: келу тауафын жасап, Сафа мен Маруа арасындағы жүрісті атқарады. Умра амалдарын әрдайым қажылық амалдарының алдында орындайды. Умраның шаш алу рәсімін ғана атқарусыз қалдырады. Өйткені қиран қажылығында шаш құрбан шалынатын күні бірақ алынады. Әйтпесе шаш алуымен қажылық ихрамын бұзып алады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(خرجنا مع رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم عام حجة الوداع، فأهللنا بعمرة. ثم قال رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم: من كان معه هدي فليهل بالحج مع العمرة، ثم لا يحل منهما جميعاً)
«Қоштасу қажылығы атқарылатын жылы Аллаһтың елшісімен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірге жолға қажылық үшін жолға шығып, умра үшін ихрамға кірдік. Сосын Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді: «Өзімен бірге құрбандық малын әкелген кісі ихрамға қажылық пен умраны бірге атқару үшін кірсін. Екеуін толық атқарып болмайынша, (умра) ихрамынан шықпасын»3.
Қиран малын шалу
Таматтуъ қажылығын атқарушыға таматтуъ малын шалуы уәжіп болғандай қиран қажылығын атқарушыға да шүкір ретінде қиран малын шалуы уәжіп. Қиран малын шалуға мүмкіншілігі жетпеген кісі қажылықта үш күн, еліне оралғанда жеті күн ораза ұстайды.
Қажылықты аяқтау немесе ихрамнан шығу
Қажы кісі ихрамнан екі мәрте шығады. Бірінші мәрте ихрамнан жартылай шығады. Ал екінші мәрте ихрамнан толық шығады. Ифрад қажылығын атқарушы қажы Ақаба жамратына тас лақтыру мен шаш алдыру рәсімдерінің атқарылуымен жартылай ихрамнан шығады. Сосын ифада тауафын атқаруымен толық ихрамнан шығады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا رميتم الجمرة فقد حللتم من كل شيء كان عليكم حراماً إلا النساء، حتى تطوفوا بالبيت)
«Тас лақтырып болғандарыңда шаш алуларыңмен сендерге арам етілген нәрселердің бәрі өздеріңе енді адал етілген болды. Алайда Қағбаны тауаф етпегендеріңше әйелдеріңе жақындауларыңа болмайды»1.
Қажы кісіге ихрамнан толық шыққанына қарамастан, жамараттарға қалған тастарын лақтырып болғанға дейін әйеліне жақындасу рұқсат етілсе де, оны кешіктіре тұруы мустахап.
Таматтуъ пен қиран қажылығын атқарушы кісі Ақаба жамратына тас лақтыру мен шаш алудың арасында мал шалады. Осы үшеуі атқарылғанда жартылай ихрамнан шығады. Кейін ифада тауафын атқаруымен толық ихрамнан шығады.