
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
1 - Ихрамға ғұсыл құйынып кіру және екі рәкат ихрам намазын оқу.
2 - Ихрамға кіргенде және әр намаздың соңында тәлбия айту. Күндіз бен түн ауысқан уақыттарда, көлікке мінгенде, көліктен түскенде, биікке көтерілгенде, төмен түскенде тәлбия айту. Ал-Харам мешітінде көп намаз оқу.
3 - Келу тауафы. Келу тауафы Меккеге қажылық немесе умра жасау үшін келген кісіге сүннет. Меккеліктер мен миқаттардың қасында тұратындар келу тауафын жасамайды. Бұл тауафтың сыры - Қағбаға сәлемдесу. Сол себептен ол сәлем тауафы деп те аталады.
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтуынша пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Меккеге келгенде ең бірінші атқарған нәрсесі, дәрет алып, тауаф жасады»1. Бұл сүннеті орындаусыз қалдыру мәкрүһ.
4 - Зүлхижжаның сегізінші күніне қараған түні Минада қону. Ол түндері Минадан басқа жерде қону мәкрүһ танзиһан. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(لم يرخص النبي صلى اللّه عليه وسلم لأحد أن يبيت بمكة إلا للعباس من أجل السقاية)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Меккеде түнеуге ешкімге рұқсат етпеді. Адамдарға су беруі үшін Аббасқа ғана (Меккеде қонуына) рұқсат етті»2. Зүлхижжаның сегізінші күні бес намазды Минада оқу сүннет.
5 - Құрбан шалынатын күнге қараған түні Мүздәлифада қону және таң атып жарық түскенше сонда болу.
6 - Ташриқ күндеріне қараған түндері Минада қону.
7 - Минадан Меккеге қозғалғанда Мухассаб сайында сәл кідіріп дұға жасау. Нафиътің айтуынша Ибн Омар Мухассабта тұруды сүннет көретін3.
8 - Қажылықты ташриқ күндерінің соңғы күнінде аяқтау. Аллаһ тағала Құранда бұл жайында былай дейді: «Белгіленген ташриқ күндері Минада болғандарыңда Аллаһты еске алыңдар! Сонда кім асыққан болса, екі күнде аяқтауында күнә жоқ және (үшінші күнге) қалған кісіге де күнә жоқ, әрине, егер (қажылықта және үйлеріне оралғанда) тақуалық қылса. Аллаһтан қорқыңдар және Оның алдына жиналатындарыңды біліңдер!»4. Бұл аят қажы кісіге екі нұсқаның біреуін таңдауына ерік береді. Әрине, абзалы - екінші нұсқа.
9 - Зәмзәм суынан ішу. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم جاء إلى السقاية فاستسقى، فقال العباس: يا فضل، اذهب إلى أمك، فأت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم بشراب من عندها. فقال: اسقني. قال: يا رسول اللّه، إنهم يجعلون أيديهم فيه. قال: اسقني. فشرب منه، ثم أتى زمزم، وهم يسقون ويعملون فيها، فقال: اعملوا، فإنكم على عمل صالح)
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) су берілетін орынға келіп, су сұрады. Сонда Аббас: «Әй, Фадыл, анаңның қасына барып, Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) сусын әкел»-деді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Мына суыңнан берші»-деді. Аббас оған: «Әй, Аллаһтың елшісі, адамдар оған қолдарын салады ғой»-деді. Ол: «Су берші»-деді. Аббастың берген суын ішіп, зәмзәмға барды. Оның қасындағылар адамдарға зәмзәм ішкізіп, еңбек етіп жатыр екен. Ол оларға: «Еңбек етіңдер, расында, сендер салиқалы амал жасаудасыңдар»1.
Зәмзәм ішкенде демді үш үзіп және Қағбаға қарап ішу мустахап. Осман ибн Әсуад, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(جاء رجل إلى ابن عباس - رضي اللّه عنهما - فقال: "من أين جئت؟ فقال: شربت من زمزم. فقال له ابن عباس: أشربت منها كما ينبغي؟ قال: وكيف ذاك يا أبا عباس؟ قال: إذا شربت فاستقبل القبلة واذكر اسم اللّه وتنفس ثلاثاً وتضلع منها فإذا فرغت فاحمد اللّه، فإن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم قال: (آية بيننا وبين المنافقين أنهم لا يتضلعون من زمزم)
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, өзіне келген бір кісіден: «Қайдан келесің?»-деп сұрады. Ол: «Зәмзәм суын іштім»-деді. Ибн Аббас одан: «Оны дұрыстап іштің бе?»-деп сұрады. Ол: «Әй, Ибн Аббас, дұрыстап ішуің қалай?»-деді. Ибн Аббас: «Зәмзәм ішкеніңде Қағбаға қарап, Аллаһтың атын айт. Деміңді үш үзіп, көкірегің толғанша іш. Ішіп болғаныңда Аллаһты мадақта. Расында, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді: «Бізді мұнафықтардан ажырататын белгі - олар зәмзәмді кеуделері толғанша ішпейді»2.
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің былай дегенін айтты:
(ماء زمزم لما شرب له، فإن شربته تستشفي به شفاك اللّه، وإن شربته مستعيذاً عاذك اللّه، وإن شربته ليقطع ظمأك قطعه)
«Зәмзәм суы қандай ниетпен ішілсе, сол ниет орындалады. Егер оны шипа тілеп ішсең, Аллаһ саған шипа береді. Егер оны зиянға қарсы сақтық тілеп ішсең, Аллаһ сені сақтайды. Егер оны шөліңді қандыру үшін ішсең, шөліңді басады»3.
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, зәмзәм ішкенде:
"اللّهم أسألك علماً نافعاً ورزقاً واسعاً وشفاء من كل داء"
«Аллаһым, Сенен пайдалы білім, мол нәсіп және бүкіл дертке қарсы шипа тілеймін»-дейтін4.
10 - Имамның үш құтпа айтуы.
- Бірінші құтпа зүлхижжаның жетінші күні бесін намазынан кейін Қағбаның қасында айтылады. Бұл бір ғана құтба етіп айтылады. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا كان قبل التروية خطب الناس فأخبرهم بمناسكهم)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) таруиядан5 бұрын құтпа айтқанда адамдарға қажылық амалдарын білдіретін»6.
- Екінші құтпа Арафа күні бесін намазынан бұрын Намирада екі құтпа етіп айтылады. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(فأجاز رسول الله صلى اللّه عليه وسلم حتى أتى عرفة فوجد القبة قد ضربت له بنمرة، فنزل بها، حتى إذا زاغت الشمس أمر بالقصواء فرحلت له, فأتى بطن الوادي فخطب الناس)
«..Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) (Мүздәлифадан) өтіп, Арафаға келді. Намирада өзіне тігілген шатырды көріп, сонда тоқтады. Күн тал түстен шалқайғанда Қасуа атты түйесін орнынан тұрғызып, оған мінді. Ъурана сайының ортасына келіп, адамдарға құтпа айтты...»1
Бұл құтпаның бірінші бөлігінде имам қажыларға Арафада тұру уақыты, одан Мүздәлифаға қозғалу уақыты, Мүздәлифада қону, тас теру секілді қажылық амалдарының үкімдерімен таныстырады.
- Үшінші құтпа зүлхижжаның он бірінші күнінде Минада бір құтпа етіп айтылады. Бұл құтпада қажылықты ташриқ күндерінің екі күнінде тездетіп аяқтағысы келгендерге тездетіп атқару, асықпай атқару, қоштасу тауафы секілді амалдармен байланысты үкімдер айтылады. Бәну Бәкір руынан болатын екі кісі былай деді:
(رأينا رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يخطب بين أوسط أيام التشريق، ونحن عند راحلته. وهي خطبة رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم التي خطب بمنى)
«Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) ташриқ күндерінің ортасында адамдарға құтпа айтқанын көрдік. Сол кезде біз оның түйесінің қасында тұрдық»2.
Қажылықтың әдептері
1 - Қажылыққа шығардан бұрын тәубә келтіру.
2 - Отбасымен қоштасу және қамқоршысынан сұрану. Хаттаб ұлы Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, умраға бару үшін пайғамбардан (саллаллаһу алайһи уа саллам) рұқсат сұрайды. Сонда Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған:
(أي أخي أشركنا في دعائك ولا تنسنا)
«Әй, бауырым, бізді дұғаңнан мақрұм қалдырма және бізді ұмытпа»-дейді3.
3 - Қажылыққа бейсенбі күні шығу. Каъб ибн Мәлик, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(قلما كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يخرج في سفر إلا يوم الخميس)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) кейбір сапарында болмаса, жолға көбінесе бейсенбі күні шығатын»4.
4 - Дәретті сақтау.
5 - Қаражатты мол жұмсау.
6 - Көп садақа беру.