
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Бесінші: Қоштасу тауафы
Бұл тауафтың қоштасу деп аталу себебі - қажы кісі бұл тауафты жасауымен Қағбамен қоштасып, еліне оралады. Бұл тауаф Меккелік еместерге ғана уәжіп. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أُمِرَ الناس أن يكون آخر عهدهم بالبيت، إلا أنه خُفِّف عن الحائض)
«Адамдарға ең соңғы міндет етіліп Қағбаны тауап етулері әмір етілді. Бұл әмір етеккірі келген әйелге ғана жеңілдетілді»2.
Қоштасу тауафының уәжіптілігі алғашқы төрт айналымның жасалуымен мойыннан түседі. Кейінгі үшеуінің жасалуы сүннет. Оны жасамастан жолға шыққан кісі миқаттан аспаған болса, оны жасау үшін қайта оралуы уәжіп. Егер миқаттан асып кетсе, орнына қой шалуы уәжіп. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, қоштасу тауафын жасамай Заһран деген жерге жеткен бір кісіні қоштасу тауафын орындап, Қағбамен қоштасуы үшін Меккеге қайтарады3.
Қоштасу тауафын уәжіп ететін шарттар
1 - Меккелік болмауы.
2 - Әйел кісінің етеккір мен нифастан таза болуы. Етеккірі келген әйелге бұл уәжіпті орындамағаны үшін мал шалуы уәжіп емес.
Қоштасу тауафын дұрыс ететін шарттар
1 - Ниет.
2 - Оның алдында тауаф ал-ифаданың жасалған болуы.
Қоштасу тауафының жасалу уақыты
1 - Қажылық амалдары толық жасалып болған соң жасалады.
2 - Жасалуы мүмкін уақыт. Сапарға асыққан кісіге қоштасу тауафын тауаф ал-ифададан кейін жасауына болады. Егер ол бұдан кейін сапарын біраз күнге кешіктірген болса да қоштасу тауафы, бәрібір, дұрыс болады. Оның дұрыстығына ниеті жеткілікті болады.
3 - Жасалуы мустахап уақыт. Сапарға аттанарда жасалуы. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Адамдар (қажылықтарын жасаған соң) жан-жаққа тарай бастады. Сонда оларға Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дейді:
(لا ينفرن أحد حتى يكون آخر عهده بالبيت)
«Қағбаны тауап етуі ең соңғы міндеті болмайынша ешкім (үйіне) кетпесін»4.
Қоштасу тауафының сүннеттері
1 - Жеті айналым жасау.
2 - Зәмзәм суын ішуі. Зәмзәм ішкенде ниеттің сүннетке сай болуы: Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің былай дегенін айтты:
(ماء زمزم لما شُرِب له)
«Зәмзәм суы қандай ниетпен ішілсе, сол ниет орындалады»1.
3 - Қағбаның қара тас орныққан қыры мен есігінің арасындағы қабырғаға жабысу. Ъамру ибн Шуъайб әкесінен, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Абдулламен бірге тауаф жасадым. Қағбаның артқы бұрышына жеткенімізде мен оған: «Аллаһтан пана тілемейсің бе?»-дегенімде ол: «Отқа қарсы Аллаһтан пана тілейміз»-деді. Сосын қара тасты ұстағанша жүрісін жалғастырды. Қара тас орныққан қыр мен есік арасындағы қабырғаға кеудесімен, жүзімен, қолдарымен және екі алақанымен, былай, жабысты»-деп алақандарын жайып көрсетті. Сосын маған: «Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) осылай істегенін көрдім»-деді2.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(استقبل رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم الحجر واستلمه، ثم وضع شفتيه عليه يبكي طويلاً، فالتفت فإذا عمر يبكي فقال: يا عمر ههنا تسكب العبرات)
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) қара тасқа келіп, оны ұстады (сүйді). Сосын оған еріндерін тигізіп, ұзақ жылады. Мойнымды бұрсам, Омар да жылап тұр. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді: «Әй, Омар, көз жасы төгілуге лайықты жер осы!»3.
Қажылықтың алтыншы уәжібі: Қарин қажылығы мен таматтуъ қажылғын жасаушыға қой шалуы
Қажылықтың жетінші уәжібі: Тас лақтыру, шаш алдыру және құрбан шалу рәсімдерінің арасындағы реттік тәртіпті сақтау