
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿لَقَدْ صَدَقَ اللَّهُ رَسُولَهُ الرُّؤْيَا بِالْحَقِّ لَتَدْخُلُنَّ الْمَسْجِدَ الْحَرَامَ إِن شَاء اللَّهُ آمِنِينَ مُحَلِّقِينَ رُؤُوسَكُمْ وَمُقَصِّرِينَ لَا تَخَافُونَ﴾
«Расында, Аллаһ елшісі көрген түсті ақиқат тұрғысынан растады. Әлбетте, сендер шаштарыңды қырып және шаштарыңды қидырып, аманшылықпен және қорқынышсыз ал-Харам мешітіне кіресіңдер...»1.
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم أتى منى، فأتى الجمرة فرماها، ثم أتى منزله بمنى ونحر. ثم قال للحلاق خذ وأشار إلى جانبه الأيمن والأيسر)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Минаға келіп, жамаратқа барып тас лақтырды. Сосын Минадағы шатырына келіп, құрбан шалды. Сосын шаш қиюшыға: «Шашымды ал»-деп, шашының оң жағы мен сол жағына сілтеді..»2.
Ер кісілерге шаштарын қырулары қысқартуларынан абзал. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم قال:"اللّهم ارحم المُحلِّقين"، قالوا: والمقَصِّرين يا رسول اللّه؟ قال: "اللّهم ارحم المحلقين". قالوا: والمقصرين يا رسول اللّه؟ قال: "والمقصرين")
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Аллаһым, шаштарын қырғандарды кешіре гөр»-деді. Адамдар: «Әй, Аллаһтың елшісі! Шаштарын қысқартқандарға да тіле»-деді. Ол тағы: «Аллаһым, шаштарын қырғандарды кешіре гөр»-деді. Адамдар тағы: «Әй, Аллаһтың елшісі! Шаштарын қысқартқандарға да тіле»-деді. Ол: «Шаштарын қысқартқандарды да»-деді3.
Ибн Хиббан өзінің сахихында пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(لكل من حلق رأسه بكل شعرة سقطت نور يوم القيامة)
«Шашын қырған әрбір кісіге жерге түскен әр тал шашы үшін Қиямет күні нұр болады»4.
Әйел кісі сүннет бойынша шашын қырмайды, тек қысқартады. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ليس على النساء حلق، إنما على النساء التقصير)
«Әйел кісілерге шаштарын қырулары уәжіп емес. Расында, әйелдерге шаштарын қысқартулары ғана уәжіп»1.
Хаттаб ұлы Омардан, Аллаһ тағала оған разы болсын, «Әйел кісі шашынан қанша қысқартуы қажет?»-деп сұралғанда ол: «Мұнша»-деп саусағының ұшын көрсетеді2.
Ер кісі шашын қырмай, тек қысқартатын болса, саусақ ұшынан сәл көбірек қысқартады.
Шашы өспейтін кісі басының үстінен ұстараны жүргізіп өтуі уәжіп. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا أمرتكم بأمر فأتوا منه ما استطعتم)
«Сендерге бұйырған нәрселерімнен шамаларың келетінін істеңдер»3. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(من جاء يوم النحر ولم يكن على رأسه شعر أجرى الموسى على رأسه)
«Құрбан шалынатын күні кімнің басында қыратын шашы болмаса, басының үстіне ұсатараны жүргізсін»4.
Шаш алдыратын уақыт
Шаш алу рәсіміне уақыты мен орны белгіленген. Уақыты - құрбан шалынатын күндер. Орны - ал-Харам территориясы. Кім бұл рәсімді өз уақытынан кешіктірсе немесе өз орнында жасамаса, қой шалуы уәжіп. Өйткені Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) шашын құрбан шалынатын күні ал-Харам территорисында алды.
Шаш алуға, тауаф жасауға және сағи жүруге арналған уақыттың басталу уақыты - құрбан шалынатын күн.
Кім шашын Мина күндерінен кешіктіріп алса немесе тас лақтырудан бұрын алса, немесе құрбан шалу мен тауафты тас лақтырудан бұрын жасаса, мал шалуы уәжіп емес.
Мағлұмат: Қажы кісі шашын алуымен ихрамнан жартылай шығады. Енді оған ихрамда тыйым салынған істердің барлығы рұқсат етіледі де, тек әйеліне жақындауына болмайды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا رميتم وحلقتم فقد حل لكم الطيب والثياب وكل شيء إلا النساء)
«Тас лақтырып, шаш алдырғандарыңнан кейін сендерге әтір себіну мен кәдімгі киімдеріңді киюлерің рұқсат етіледі. Сондай-ақ әйелге жақындаудан басқа нәрселердің бәрін істеулеріңе болады»5.
Шаш алуға қатысты сүннеттер
1 - Шашты толық алу.
2 - Аллаһты еске алу: «Аллаһым, міне менің кекілім. Менің әр тал шашыма Қиямет күні нұр берші, әй, рақымдылардың рақымдысы». Дұғаның арапша мәтіні:
"اللّهم هذه ناصيتي فاجعل لي بكل شعرة نوراً يوم القيامة، يا أرحم الراحمين"
3 - Оң жақтан бастап алдыру. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: «Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Минаға келіп, жамаратқа барып тас лақтырды. Сосын Минадағы шатырына келіп, құрбан шалды. Сосын шаш қиюшыға: «Ал»-деп, шашының оң жағы мен сол жағына сілтеді...»1.
4 - Алынған шашты жерге көму.
5 - Шаш алдырған соң мұртты басып, тырнақ алу мустахап. Ибн Омардың, Аллаһ тағала оған разы болсын, қажылық пен умрада шашын алдырғанда сақалы мен мұртынан да алғаны туралы хабар бар.