Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Үшінші: Тас лақтыру

Тас лақтыру рәсімінің сыры. Тас лақтыру рәсімі дегеніміз - күнәлі істерді әсемдеу тәсілімен адамдарды Аллаһ тағалаға бағынбауға шақыратын азғырушы шайтанға күрес жариялау рәмізі. Аллаһ тағала Ибраһимге (алайһи ас-салам) баласы Исмайылды (алайһи ас-салам) құрбандыққа шалуын бұйырғанда азғырушы шайтан оларды бұл бұйрықты орындаудан қайтаруға талпынады. Сонда Ибраһим, Исмайыл және Һажар үшеуі оның азғыруын өздеріне жақындатпас үшін, оны ұсақ тастармен атқылайды. Сөйтіп, өздеріне Раббылары бұйырған әмірді орындауға бой ұсынады. Олардың бой ұсынушылықтарын кейінгі ұрпақтарға өнеге ету үшін, олардың шайтанға тас лақтырған орындарын Аллаһ тағала қажылыққа келген құлдарына құлшылық рәсімі етіп бекітуді қалады. Негізінде, шайтанның азғыруын мұсылман адам күнделікті қайтарып отыруы қажет. Әйтпесе, оның Аллаһ тағалаға бой ұсынуының оңдалуы мен тұрақталуы қиынға соғады. Сол себептен қажылықта шайтанға лас лақтыруымен мұсылман шайтанға деген дұшпандығын жаңартады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:

﴿ إِنَّ الشَّيْطَانَ لَكُمْ عَدُوٌّ فَاتَّخِذُوهُ عَدُوّاً إِنَّمَا يَدْعُو حِزْبَهُ لِيَكُونُوا مِنْ أَصْحَابِ السَّعِيرِ

«Расында, шайтан - сендердің дұшпандарың. Сондықтан сендер де оны дұшпан көріңдер! Расында, ол өз тобын тек тозақ тұрғындарынан болуларына шақырады»1.

Минаның аумағы

Мина - Мухассир сайы мен Жамрат ал-Ақабаның арасында ұзындығы екі мильге созылып жатқан сай.

Тас лақтыруға арналған орын үшеу. Реттік тәртіппен айтқанда олар: Кіші жамрат, Орта жамрат және Үлкен (Ақаба) жамраты. Кіші жамрат Ибрахим мешітіне жақын. Ибрахим мешіті Меккеден бір мильге жетпейтін қашықтықта орналасқан. Үлкен жамрат Минаның Мекке тарапындағы соңғы бетінде. Үлкен жамрат Орта жамраттан 155м қашықтықта орналасқан.

Тас лақытыратын уақыт

1 - Ақаба жамратына тас лақтыру уақыты. Ханафи мен мәлики мәзһаптарында Ақаба жамратына тас лақтыратын уақыт айт күні күн шыққанда басталады. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(لا تَرموا الجمرة حتى تطلع الشمس)

«Күн шыққанша жамратқа тас лақтырмаңдар!»1. Ең абзал уақыт аралығы - күн шыққаннан бесінге дейінгі аралық. Кім тас лақтыруды түскі уақыттан кеш түскенге дейін кешіктірсе, бұған рұқсат бар. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أن رجلاً قال للرسول صلى اللّه عليه وسلم: رميت بعد ما أمسيت، فقال: لا حرج)

«Бір кісі Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) келіп: «Мен кеш түскенде тас лақтырдым»-деді. Ол: «Оқасы жоқ»-деді2. Кім бұл уақыт аралығынан кешіктірсе, қой шалуы уәжіп болады.

2 - Ташриқ күндері жамараттарға тас лақтыру. Ташриқ күндері дегеніміз - Минада тас лақтыратын күндер: зүлхижжа айының он бірінші, он екінші және он үшінші күндері. Осы күндердің әрқайсысында қажы кісі тал түстен кейін Кіші жамратқа, сосын Орта жамратқа, сосын Үлкен (Ақаба) жамратқа тас лақтырады. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(رمى رسول الله صلى الله عليه وسلم الجمار حين زالت الشمس)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) тал түстен кейін тас лақтырды»3.

Тас лақтыру уақыты күн батқанша созылады. Тас лақтыруды негізгі уақытынан түнге дейін кешіктіріп алған кісі оны таң атқанда істеуі мәкрүһ болғанымен, істелуі қажет.

Асыққан кісіге бұл рәсімді үш емес, екі күнде аяқтаса да болады. Аллаһ тағала Құранда бұл жайында былай дейді:

﴿وَاذْكُرُواْ اللّهَ فِي أَيَّامٍ مَّعْدُودَاتٍ فَمَن تَعَجَّلَ فِي يَوْمَيْنِ فَلاَ إِثْمَ عَلَيْهِ وَمَن تَأَخَّرَ فَلا إِثْمَ عَلَيْهِ لِمَنِ اتَّقَى وَاتَّقُواْ اللّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ

«Белгіленген ташриқ күндері Минада болғандарыңда Аллаһты еске алыңдар! Сонда кім асыққан болса, екі күнде аяқтауында күнә жоқ және (үшінші күнге) қалған кісіге де күнә жоқ, әрине, егер қажылықта және үйлеріне оралғандатақуалық қылса. Аллаһтан қорқыңдар және Оның алдына жиналатындарыңды біліңдер!»4.

Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, бұл аяттағы «күнә жоқ» деген сөздің мағынасын «күнәсі кешірілді»-деп түсіндіреді.

Тас лақтырудың дұрыс атқарылуына қажетті шарттар

1 - Лақтырылатын заттың тас болуы.

2 - Әр күні әр жамратқа жеті тастан лақтыру. Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) сүннетіне сай әр тастың жеке-жеке лақтырылуы шарт. Бір мәртеде жетеуін лақтыру дұрыс емес.

3 - Үш жамараттың реттік тәртібінің сақталуы. Тас, алдымен, Кіші жамаратқа, сосын Орта жамаратқа, сосын Үлкен жамаратқа лақтырылады. Әр жамаратқа жеті тастан болғанда әр күні жиырма бір тас лақтырылады. Сонда үш күнде лақтырылатын тастың жалпы саны - алпыс үш. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم (كان يرمي الجمرة إذا زالت الشمس، كل جمرة بسبع حصيات)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) күн тал түстен шалқайғанда әр жамаратқа жеті тастан лақтырды...»5.

Тас лақтырудың сүннеттері

1 - Тастың көлемі атбас бұршақтай болуы. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(قال لي رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم غداة العقبة وهو على راحلته: (هات اُلقط لي، فلقطت له حصيات هن حصى الخَذْف فلما وضعتهن في يده قال: بأمثال هؤلاء وإياكم والغُلُوَّ في الدين، فإنما أهلك من كان قبلكم الغلو في الدين)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ақаба күнінің таңында түйесінің үстінде отырып маған: «Маған жерден тас теріп берші»-деді. Мен оған екі саусақпен лақтыруға ыңғайлы ұсақ тастан теріп, оны алақанына салдым. Ол: «Лақтыратын тастарың осы секілді болсын. Дінде шектен шығудан сақ болыңдар! Сендерден бұрынғыларды дінде шектен шығулары ғана құртқан еді»-деді»1.

2 - Тастарды саусақ ұштарымен лақтыру. Тас оң қолдың бас бармағы мен сұқ саусағы арасына қыстырылып ұсталады.

3 - Тас лақтырушы мен жамараттың арасы екі зираъ2 не одан көбірек болуы.

4 - Ақаба жамратына тас лақтырғанда сайдың ортасына кіруге тырысу және Мекке сол жақта, Мина оң жақта, ал Ақаба алдында болатындай бағытта тұру. Абдулламен бірге қажылық жасаған Абдрахман ибн Язид былай деді:

(فرمى الجمرة بسبع حصيات وجعل البيت عن يساره ومنى عن يمينه وقال: هذا مقام الذي أنزلت عليه سورة البقرة)

«Жамаратқа жеті тас лақтырғанда Қағба сол жағында, ал Мина оң жағында болатындай етіп тұрды. Сосын: «Бұл - «Бақара» сүресі түскен орын»-деді3. Ақаба жамратына тас лақтырған соң ол жерде дұға айту үшін тұрмай, кетіп қалу сүннет.

5 - Бірінші тасты лақтырарда тәлбия айтуды тоқтату. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, өзіне Фадылдың, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай дегенін айтты:

(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم لم يزل يلبي حتى رمى جمرة العقبة)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ақаба жамратына тас лақтырғанша тәлбия айтуын тоқтатпады»4.

6 - Әр тасты лақтырғанда тәкбір айту. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم (كان يرمي الجمرة إذا زالت الشمس، كل جمرة بسبع حصيات، يكبر مع كل حصاة)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) күн тал түстен шалқайғанда әр жамаратқа жеті тастан лақтырды және әр тасты лақтырғанда тәкбір айтты...»5.

Ибн Масъуд пен Ибн Омар, Аллаһ тағала оларға разы болсын, тас лақтырғанда: «Аллаһым, мұнымды игі қажылық, әрі кешірілген күнә және шүкірлі амал ете гөр»-деп айтатын6. Бұл дұғаның арапша мәтіні:

"اللّهم اجعله حجاً مبروراً و ذنبا مغفورا و عملا مشكوراً"

7 - Жеті тасты арасын үзбей кезек-кезек лақтыру.

8 - Терілген тастардың тазалығында күмән болса, оларды жуу. Ибн Омардың, Аллаһ тағала оған разы болсын, тастарының жуғаны жайында хабар бар7.

9 - Кіші жамарат пен Орта жамаратқа тас лақтырғанда екеуінің әрқайсысына тас лақтырып болған соң Аллаһты зікір етіп, дұға жасау сүннет. Ал Ақаба жамратына тас лақтырған соң зікір мен дұға жасау үшін тұрмау сүннет. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم (كان يرمي الجمرة إذا زالت الشمس، كل جمرة بسبع حصيات، يكبر مع كل حصاة، ويقف عند الأولى والثانية فيطيل القيام ويتضرع، ويرمي الثالثة ولا يقف عندها)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) күн тал түстен шалқайғанда әр жамаратқа жеті тастан лақтырды және әр тасты лақтырғанда тәкбір айтты. Бірінші мен екінші жамараттан кейін түрегеп тұрды. Аллаһ тағалаға жалынып ұзақ тұрды. Ал үшінші жамараттан кейін оның қасында мүлде тұрмады»2.

10 - Жамараттарға, әсіресе, Кіші жамарат пен Орта жамаратқа жаяу барып, жаяу қайту. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, құрбан шалынатын күннен кейін ташриқ күндерінің үшеуінде де жамараттарға жаяу барып, олардан жаяу оралатын. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) осылай істеген деп хабарлайтын3.

Минада қону

Зүлхижжаның сегізінші күніне қараған түні Минада қону сүннет. Сонымен қатар Минада зүлхижжаның он бірінші мен он екінші күндеріне қараған түндері қону үкімі де сүннет. Кім бұл сүннетті толық атқарса, жақсы істеген болды. Ал атқарусыз қалдырса, күнә емес.

Тас лақтырудың мәкрүһтәрі

1 - Ақаба жамратына тасты сайдың үстінен лақтыру.

2 - Тасты лақтырылған жерден теру. Өйткені ол тастар қажылығы қабыл етілмеген кісілердікі. Әбу Саъид ал-Худри, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің былай дегенін айтты:

(ما تقبل منها يرفع ولولا ذلك لرأيتها مثل الجبال)

«Тастардың қабыл етілгені көтеріледі. Әйтпесе, оларды тау болып үйілгенін көрер едің»4.

Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(وكل به ملك ما تقبل منه رفع، وما لم يتقبل ترك)

«Бұл іске жауапты періште бекітілген. Қабыл етілгені көтеріледі. Ал қабыл етілмегені орнында қалады»5.

3 - Ұсақ тас жасау үшін, үлкен тасты алып сындыру.

4 - Лақтыруға нәжістенген тасты пайдалану.

Тас лақтыруды біреуге тапсырудың үкімі

Кім тас лақтыруға шамасы келмейтіндей ауырса, орнына басқа адамның тас лақтыруына болады. Біреудің орнына тас лақтырушы кісі, алдымен, үш жамаратқа өзінің тастарын лақтырған болуы шарт. Ал, енді себепсіз, біреуге тапсыруға мүлде болмайды. Кім мұны себепсіз істесе, қой шалуы уәжіп болады.