
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Екінші: Муздалифада тұру
Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ فَإِذَا أَفَضْتُم مِّنْ عَرَفَاتٍ فَاذْكُرُواْ اللّهَ عِندَ الْمَشْعَرِ الْحَرَامِ ﴾
«Арафадан (Мүздәлифаға) қозғалған кездеріңде ал-Машъар ал-Харамда Аллаһты еске алыңдар!»1. Бұл аяттағы ал-Машъар ал-Харам дегеніміз - Мүздәлифаның екінші атауы. Сондай-ақ оның «Жамъ» деген тағы бір атауы бар.
Сүннеттен дәлел: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(من شهد صلاتنا هذه ووقف معنا حتى ندفع وقد وقف بعرفة قبل ذلك ليلا أو نهارا فقد تم حجه)
«Кім осы намазымызға2 қатысса және осы жерден кеткенімізше бізбен бірге тұрса, сондай-ақ мұның алдында Арафада түннің немесе күндіздің бір бөлігін тұрса, қажылығы атқарылған болды..»3.
Мүздәлифада тұруға белгіленген уақыт - зүлхижжаның онында таң атқанда басталып, күн шыққанда аяқталады. Өйткені Жәбир мен Ибн Омардың хадисінде пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) Мүздәлифадан күн шығардан бұрын кеткен. Мүздәлифада бір сағат көлемінде тұрумен уәжіп мойыннан түседі. Мүздәлифада тұру оныншы зүлхижжада таң сәрі қараңғылығында имаммен бірге таң намазы оқылған соң жасалғаны абзал. Кім оны атқармаса, қой шалуы уәжіп.
Жәбирден, Аллаһ тағала оған разы болсын:
(ثم ركب القصواء حتى أتى المشعر الحرام فاستقبل القبلة فدعاه وكبره وهلله ووحده فلم يزل واقفا حتى أسفر جدا فدفع قبل أن تطلع الشمس)
«..Сосын Қасуаға мініп, ал-Машъар ал-Харамға келіп тоқтады. Құбылаға бағытталып, дұға жасады. Аллаһ тағаланы ұлықтау және бірлеу сөздерін айтып, әбден жарық түскенше тұрды. Сосын (Мүздәлифадан) күн шықпай тұрып қозғалды..»4.
Мүздәлифа Мина мен Арафаның аралығында орналасқан. Мүздәлифа мен Минаның арасында «Батн Мухассир» атты сай жатыр. Мүздәлифаның осы сайдан басқа кез-келген жерінде тұруға болады. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты: «Арафа бүтіндей тұруға болатын орын, бірақ Батн Ъуранадан түрегеліңдер. Мүздәлифа да бүтіндей тұруға болатын орын, бірақ Мухассир сайынан түрегеліңдер»1.
Мүздәлифада тұрудың сүннеттері
1 - Арафадан Мүздәлифаға келген түнді, яғни зүлхижжаның онына қараған түнді Жабал Қузах деген жерде өткізу.
2 - Ақшам мен құптан намазын «жамъ ат-та’хир» сипатында қосып оқу. Жәбирден, Аллаһ тағала оған разы болсын:
(حتى أتى المزدلفة فصلى بها المغرب والعشاء بأذان واحد وإقامتين ولم يسبح بينهما شيئا ثم اضطجع رسول الله صلى الله عليه وسلم حتى طلع الفجر وصلى الفجر حتى تبين له الصبح بأذان وإقامة)
«..Мүздәлифаға келді. Онда ақшам мен құптанды бір азанмен және екі қаматпен оқыды. Ол екеуінің арасында нәпіл оқымады. Сосын Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) таң атқанша сонда түнеді. Таңның атқаны айқындалғанда азан мен қамат айтып таң намазын оқыды»2. Әбу Дәуд жеткізген хадисте Ибн Омардың, Аллаһ тағала оған разы болсын, Мүздәлифада ақшам мен құптанды бір қаматпен оқығаны айтылады.
3 - Мүздәлифада атбас бұршақ көлеміндей жетпіске жуық ұсақ тас жинау. Оның жетеуі жамараттарға құрбан айт күні, ал алпыс үші ташриқ күндері лақтырылады. Тастың атбас бұршақтың көлемінен үлкен болуы мәкрүһ.
4 - Аллаһ тағаланы көп зікір ету, истиғфар айту және дұға жасау. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿ ...فَإِذَا أَفَضْتُم مِّنْ عَرَفَاتٍ فَاذْكُرُواْ اللّهَ عِندَ الْمَشْعَرِ الْحَرَام...{198} ثُمَّ أَفِيضُواْ مِنْ حَيْثُ أَفَاضَ النَّاسُ وَاسْتَغْفِرُواْ اللّهَ إِنَّ اللّهَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ{199}﴾
«Арафадан (Мүздәлифаға) қозғалған кездеріңде Ал-Машъар ал-Харамда Аллаһты еске алыңдар...(198). Сосын адамдар қозғалған жерден (Айт күнінің таңында Мүздәлифадан) қозғалыңдар және Аллаһтан кешірім сұраңдар, расында, Аллаһ өте кешірімді әрі аса мейірімді(199)»3.
Мүздәлифада ақшам мен құптан намаздарынан бұрын айтылатын дұға:
"اللّهم إني أسألك أن ترزقني جوامع الخير، وأن تجعلني ممن سألك فأعطيته، ودعاك فأجبته، وتوكل عليك فكَفَيْتَه، وآمن بك فهدَيْتَه"
«Аллаһым, бәрін қамтушы жақсылықты нәсіп етуіңді сұраймын. Сондай-ақ Өзіңнен сұраса болды, Сен оған беретін, Өзңіе дұға жасаса болды, Сен оған жауап беретін, Өзіңе тәуекел етсе болды, Сен оған жеткілікті болатын, Өзіңе иман келтірсе, Сен оны тура жолға түсіретін құлдарыңнан етуіңді тілеймін».
Намаздан кейін айтылатын дұға:
"اللّهم حرِّم لحمي وشعري ودمي وعظمي وجميع جوارحي على النار، يا أرحم الراحمين"
«Аллаһым, етім мен шашымды, қаным мен сүйегімді және бүкіл дене мүшелерімді отқа арам ете гөр. Әй, рақымдылардың рақымдысы».
Таң намазынан кейін тәлбия, тәкбір, тәһлил айтылған соң жасалатын дұға:
"اللّهم أنت خير مطلوب وخير مرغوب إليه، إلهي لكل وفد جائزة وقِرى، فاجعل اللّهم جائزتي وقِراي في هذا المقام أن تتقبل توبتي وتتجاوز عن خطيئتي وتجمع على الهدى أمري. اللّهم ارحمني، وأجرني من النار، وأوسع عليَّ الرزق الحلال. اللّهم لا تجعله آخر العهد بهذا الموقف، وارزقنيه أبداً ما أحيَيْتَني برحمتك يا أرحم الراحمين"
«Аллаһым! Сен - қажетті нәрселердің ең жақсырағысың! Сондай-ақ сүйіктілердің де ең жақсырағысың! Тәңірім, әр қонақ үшін сыйлық пен қонақжайлық бар ғой. Аллаһым, тәубамды қабыл етуің, қателіктерімді кешіруің және ісімді туралықпен жарастыруың - осы тұрған жерімде маған берілетін сыйлығың мен қонақжайлығың болсын. Аллаһым, мені рақыма бөлеші, оттан құтқаршы және адал ризықты молынан береші. Аллаһым, бұл жерде тұрған тұрысымды соңғы қыла гөрме және тірі болғанымша тағы келуімді нәсіп ет. Әй, рақымдылардың ең рақымдысы».
5 - Мүздәлифадан қозғалғанда тыныштық сақтау.
6 - Мүздәлифадан Минаға қозғалғанда, Жамрат ал-Ақабаға тас лақтыру үшін, қыспаққа жолықпау мақсатымен, алдыға әйел кісілер мен әлсіз адамдарды жіберу.