
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
Қажылықтың уәжіптері бесеу: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс, Муздалифада тоқтау, шайтанға тас лақтыру, шаш қырқу (немесе шаш алу) және қоштасу тауафы.
Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِن شَعَآئِرِ اللّهِ فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اعْتَمَرَ فَلاَ جُنَاحَ عَلَيْهِ أَن يَطَّوَّفَ بِهِمَا ﴾
«Расында, Сафа мен Маруа - Аллаһтың діннен еткен белгілері. Кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса, ол екеуінің (Сафа мен Маруаның) арасын жүріп өтуі күнә емес..»2. Сафа мен Маруа ал-Харам мешітінің шығыс тарапында орналасқан төбешіктер.
Жасалатын уақыты. Бұл уәжіп тауаф ал-ифададан кейін жасалады.
Сағидің уәжіптері:
1 - Жеңіл жүгіріс Сафа тарапынан басталады. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) қажылығын сипаттаған хадисте былай деді:
(فلما دنا من الصفا قرأ: {إن الصفا والمروة من شعائر اللّه} أبدأ بما بدأ اللّه به فبدأ بالصفا)
«..Сафаға таяғанда пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Расында, Сафа мен Маруа - Аллаһтың құлшылық үшін бекіткен белгілері. Кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса, ол екеуінің (Сафа мен Маруаның) арасын жүріп өтуі күнә емес» аятын оқып: «Аллаһ бастаған нәрседен бастаймын»-деп Сафадан бастады»1. Керісінше бастаған кісінің сағиі есепке алынбайды.
2 - Сағидің жеті мәрте жасалуы. Сафадан - Маруаға, Маруадан - Сафаға, Сафадан - Маруаға, Маруадан - Сафаға, Сафадан - Маруаға, Маруадан - Сафаға, Сафадан - Маруаға.
Абдулла ибн Әбу Ауфа, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أتى الصفا والمروة فسعى بينهما سبعاً)
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Сафа мен Маруаға келіп, олардың арасында жеті сағи жасады»2.
3 - Жаяу жасалуы.
Жеңіл жүгірістің сүннеттері:
1 - Тауафты аяқтағанда қара тасты ұстау және сүю. Сосын Сафа мен Маруаның арасында сағи жасау үшін Сафа есігінен кіру.
2 - Сафа мен Маруаға Қағбаны көретіндей биіктікте көтерілу. Сафа мен Маруаға көтерілмеу мәкрүһ танзиһан.
3 - Сафа мен Маруаның үстіне көтерілгенде: «Расында, Сафа мен Маруа - Аллаһтың құлшылық үшін бекіткен белгілері. Кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса, ол екеуінің (Сафа мен Маруаның) арасын жүріп өтуі күнә емес» аятын оқу. Аяттың арапша мәтіні жоғарыда келтірілген.
4 - Жеңіл жүгірісті бастарда екі қолын иықтарының деңгейіне көтеру.
5 - Сафа мен Маруаға көтерілгенде Қағбаға қарап, көтеріңкі дауыспен мына дұғаны айту:
"اللّه أكبر، اللّه أكبر، لا إله إلا اللّه، وحده لا شريك له، له الملك وله الحمد يحيي ويميت وهو حي لا يموت بيده الخير وهو على كل شيء قدير. لا إله إلا اللّه ولا نعبد إلا إياه مخلصين له الدين ولو كره الكافرون. لا إله إلا اللّه أهل التكبير والتحميد والتهليل. لا إله إلا اللّه وحده، أنجز وعده، ونصر عبده، وهزم الأحزاب وحده. فله الملك وله الحمد"
«Аллаһ ұлы! Аллаһ ұлы! Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқ! Оның серігі жоқ! Билік те Оған тән, мақтау да Оған тән! Тірілтеді және өлтіреді. Ол мәңгі тірі, өлмейді. Бүкіл жақсылық Оның қолында және Оның әр нәрсеге құдіреті жетеді. Аллаһтан басқа тәңір жоқ! Одан өзгеге құлшылық етпейміз. Кәпірлер жеккөрсе де дінді Оған ықыласпен беріліп ұстанамыз. Ұлықтауға, мақтауға және жалғыз тәңір тұтылуға лайықты Аллаһтан басқа тәңір жоқ! Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқ! Уәдесін орындады және құлына жәрдем берді. Сондай-ақ кәпірлердің топтарын Бір Өзі талқандады. Билік те Оған тән, мақтау да Оған Тән!»
Сафа мен Маруадан түскенде айтылатын дұға:
"اللّهم يسِّر لي اليُسرى وجنِّبني العُسرى، واغفر لي في الآخرة والأولى"
«Аллаһым, маған жәннатқа апаратын амалдарды атқаруымды жеңілдеші. Және мені тозаққа апаратын амалдарды істеуімнен алыстатшы. Сондай-ақ мені ақиретте және дүниеде кешіре гөрші»
Сафа мен Маруаның арасында жүргенде мына дұғаны жасау:
"رب اغفر وارحم وتجاوز عما تعلم إنك أنت الأعز الأكرم"
«Раббым, мені кешірші және рахым етші. Мен жайында білетініңді кешіре гөрші. Расында, Сен - ең айбындысың және өте жомартсың»
6 - Көп зікір жасау. Негізінде, сағи кезінде Аллаһты көп зікір ету сүннет. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إنما جعل الطواف بالبيت وبين الصفا والمروة ورمي الجمار لإقامة ذكر اللّه)
«Қағбаны тауаф ету, Сафа мен Маруаның арасындағы сағи және Минада тас лақтыру Аллаһты зікір ету үшін ғана арналған»1.
7 - Сафа мен Маруаның ортасындағы жеңіл жүгіріп өтетін аралық бар. Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) заманында ол аралық сай болатын. Қазіргі күні Сафа мен Маруаның арасындағы жердің беті теп-тегіс. Жеңіл жүгіріп өтілетін аралық дуалдың іргесіне жасыл түсті екі сызықпен белгіленген. Осы екі сызықтың арасын жеңіл жүгіріп өту сүннет. Жәбирден, Аллаһ тағала оған разы болсын:
(ثم نزل إلى المروة حتى إذا انصبت قدماه رمل في بطن الوادي، حتى إذا صعد مشى حتى أتى المروة، فصنع على المروة مثل ما صنع على الصفا)
«...Сосын Сафадан Маруаға қарай түсті. Аяқтары сайдың ортасына жеткенде жеңіл жүгіріс жасады. Сайдан көтерілгенде Маруаға дейін кәдімгі жүріспен келді. Маруаның үстінде Сафада істегенін қайталады..»2.
8 - Тауафты аяқтағанда сағи үзіліссіз бірден жасалуы сүннет. Үзіліс жасамау уәжіп болмағандықтан, шаршаған кісіге сәл тынығып барып, жасауына болады. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(قدم النبي صلى اللّه عليه وسلم، فطاف بالبيت سبعاً، وصلى خلف المقام ركعتين، فطاف بين الصفا والمروة سبعاً)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Меккеге келіп, Қағбаны жеті мәрте тауап етті. Мақам артында екі рәкат намаз оқыды. Сафа мен Маруаның арасында жеті мәрте айналып жүрді»3.
9 - Дәретті болуы.
Ескерту: Сафа мен Маруа арасындағы жүрісті өз уақытынан кешіктіріп жасаған кісі ешнәрсе өтемейді. Кім оны жасамастан еліне оралса, уәжіпті мойнынан түсіру үшін қой шалуы уәжіп. Егер Меккеге қайта келуге бел байласа, қой шалуы уәжіп емес. Алайда Меккеге кіру үшін ихрамға жаңадан кіруі шарт. Өйткені бұрынғы ихрамы тауаф ал-ифаданы аяқтауымен жарамсыз болады.
Сағи кезінде парыз намазына қамат айтылса, жамағатпен парыз намазын оқиды. Сосын сағиді үзген жерінен жалғастырады.