
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
Тауаф ал-Ифада - ихрам мен Арафада тұру секілді қажылықтың ішкі парыздарының үшіншісі. Бұлай аталуы оның Минадан Меккеге түскенде жасалуына байланысты. Сондай-ақ ол Тауаф аз-Зияра (кіріп шығу тауафы) деп те аталады. Өйткені қажылар Минадан Меккеге Қағбаны тауаф етуге келіп, сосын Меккеде тұрақтамай қайтадан Минаға аттанады. Бұл тауафтың үкімі - парыз және онсыз жасалған қажылық дұрыс емес. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ وَلْيَطَّوَّفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ ﴾
«Олар көне үйді (Қағбаны) тауаф етсін»5. Аятағы «ъатиқ» сөзінің бір мағынасы: көне. Тағы бір мағынасы: тәуелсіз, еркін. Екі мағынасын қосып айтқанда Қағба - Аллаһ тағаланың ежелден бері Өзіне ғана тәуелді етіп, құлдарының тауаф етуіне арнаған үйі.
Тауаф ал-Ифаданың жасалу уақыты
Тауаф ал-Ифада құрбан шалынатын күні зүлхижжаның оныншы күні таң атқанда басталады және одан кейінгі екі күнге жалғасады. Осы үш күнде жасалуы уәжіп. Оны бірінші күнінен кешіктіру мәкрүһ танзиһан. Бұл күннен ерте жасап қойған кісі оны өз уақытында қайта жасауы уәжіп. Құрбан шалынатын күндерден тауафты себепсіз кешіктіріп жасаған кісі қатесін жуу үшін қой шалуы уәжіп.
Тауафтың шарттары
1 - Мұсылман болу.
2 - Ихрамда болу.
3 - Тауафтан бұрын Арафада тұру.
4 - Өз орнында жасалуы. Тауаф Қағбаны айналып жүру арқылы жасалады. Тауафты Ал-Харам мешітінің төменгі қабатынан да, үстіңгі қабатынан да жасауға болады.
5 - Қажының өзі жасауы. Біреуге жасатуына болмайды.
6 - Өз уақытында жасауы.
7 - Шамасы келген кісіге тауафты жаяу жүріп жасау. Ал жүруге шамасыз және науқас адамның тауафына келер болсақ, әл-Бұхаридің сахихында Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) соңғы қажылықтағы тауафын түйенің үстінде отырып жасағаны айтылады.
8 - Тауаф ниетінің болуы.
Тауафтың уәжіптері
1 - Әуреттің жабық болуы. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ألا يحج بعد العام مشرك، ولا يطوف بالبيت عريان)
«Бұл жылдан кейін мүшрік кісі қажылық жасамасын және Қағбаны жалаңаш адам тауаф етпесін»1.
2 - Кіші дәретсіздік пен бой дәретсіздіктен таза болу. Қажылық кезінде Айша анамыздың, Аллаһ тағала оған разы болсын, етеккірі келгенде пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған: «Қажы кісі істейтін нәрселердің бәрін істей бер және тазарғаныңша Қағбаны тауап етпесең болды»-дейді2.
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қажылығын сипаттаған хадисінде былай деді:
(أن أول شيء بدأ به حين قدم مكة أنه توضأ ثم طاف بالبيت)
«Меккеге келгенінде оның бірінші бастаған ісі - дәрет алды, сосын Қағбаны тауаф етті..»3.
Тауаф жасаушының дәреті бұзылса, дәретін жаңартып, үзген жерінен жалғастырады. Жүніп күйінде тауаф жасаған кісінің тауафы дұрыс болуы үшін бір ірі қара (түйе не сиыр) шалуы уәжіп. Кіші дәретсіз тауаф жасаған кісі қой шалуы уәжіп.
3 - Қағбаның оң жағынан айналып жүру. Бұл дегеніміз - тауаф жасаушы Қағбаны сағат тіліне қарсы бағытпен айналады.
4 - Тауафты қара тастың қасынан бастау. Қағбаның басқа бұрышынан басталған тауаф дұрыс болмайды. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم لما قدم مكة أتى الحجر فاستلمه، ثم مضى على يمينه)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Меккеге келгенде қара тасқа таяп, оны сүйді. Сосын Қағбаның оң жағымен жүрді»4.
5 - Қағбаның қасындағы «Хижр» дуалын қоса айналу. Өйткені ол - Қағбаның бір бөлігі. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(سألت النبي صلى اللّه عليه وسلم عن الجَدْر أمن البيت هو؟ قال: نعم)
Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) дуал жайында: «Ол Қағбаның бөлігі ме?»-деп сұрадым. Ол: «Иә»-деді1.
6 - Қағбаны жеті мәрте айналу. Әр айналым қара тастың қасынан басталып, қара тастың қасынан аяқталады. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(قدم النبي صلى اللّه عليه وسلم فطاف بالبيت سبعاً)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Меккеге келгенде Қағбаны жеті мәрте айналды...»2.
Қанша мәрте айналғанынан жаңылысқан кісі тауафты қайта бастайды. Қайта жасау парыз және уәжіп тауафтарында ғана талап етіледі. Алайда нәпіл тауафта жаңылысқан адам тауафты қайта жасамай, ойындағы ең аз санға негізделіп толықтырады.
7 - Өз уақытында атқарылып бітуі. Яғни 10,11,12 зүлхижжа күндерінен кешіктірмеу. Кім оны уақытынан кешіктіріп атқарса, қой шалуы уәжіп.
8 - Тауафтан кейін Мақамның артында екі рәкат намаз оқу. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(قدم النبي صلى اللّه عليه وسلم فطاف بالبيت سبعاً وصلى خلف المقام ركعتين)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Меккеге келгенде Қағбаны жеті мәрте айналды және Мақамның артында екі рәкат намаз оқыды3. Бұл екі рәкәттә «Кафирун» мен «Ихлас» сүрелерін оқу сүннет.
Тауафтың сүннеттері
1 - Тауафқа ниет жасаларда қара тастың қасына келу. Оны қолмен ұстау және сүю. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم لما قدم مكة أتى الحجر فاستلمه)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Меккеге келгенде қара тасқа таяп, оны сүйді..»4.
2 - Қара тасты қолмен ұстау, сүю және оған маңдайын тигізу. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(رأيت عمر بن الخطاب رضي اللّه عنه قبله وسجد عليه ثم قال: رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم فعل هكذا ففعلت)
«Хаттаб ұлы Омардың қара тасты сүйгенін және оған маңдайын тигізгенін көрдім және былай дегенін естідім: «Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) осылай істегенін көрдім және солай істедім»5.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(قَبَّل عمر بن الخطاب الحجر ثم قال: أما واللّه لقد علمت أنك حجر، ولولا أني رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يقبلك ما قبلتك)
«Хаттаб ұлы Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, қара тасты сүйіп былай деді: «Аллаһпен ант етемін, сенің тас қана екеніңді білемін. Сені Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) сүйгенін көрмегенімде сені мүлде сүймес едім1. Сүннет бойынша қара тас әр айналымның басында және тауафтың соңында ұсталады және сүйіледі.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه لا يدع أن يستلم الركن اليماني والحجر في كل طوفة)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Қағбаның йемендік қабырғасы мен қара тасты ұстауын ешбір тауафында тастамаған2.
Бұл хадистің негізінде сүннет бойынша әр айналымның соңында Қағбаның йемендік қырын ұстауға болады. Бірақ сүюге және маңдайын тигізуге болмайды.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أنه صلى الله عليه وسلم كان لا يستلم إلا الحجر والركن اليماني)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Қағбаның тек қана қара тасы мен йемендік қабырғасын ұстайтын»3.
Ескерту: Бұл сүннетті атқару ісі адам саны аз болса ғана оңай түседі. Адамдардың көптігінен қыспақ болғанда қара тасты ұстау үшін айналасындағы адамдарды итеріп кіруге болмайды. Өйткені бұл адамдарға зиян тигізуге жатады. Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған былай дегенін айтты:
(يا عمر, إنك رجل قوي لا تزاحم على الحجر فتؤذي الضعيف إن وجدت خلوة وإلا فهلل وكبر)
«Әй, Омар! Сен - күшті адамсың. Тасты ұстау үшін қыспақ жасама! Әйтпесе, әлсіз кісіге зиян тигізесің. Бос орын тапсаң (тасты ұста). Әйтпесе «Лә иләһа илләллаһу» мен тәкбір айтуың да жеткілікті»4.
Адамдарды итеріп, оларға зиян тигізіп, күшпен өтудің нәтижесінде қара тасты сүю күнә саналады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا أمرتكم بأمر فأتوا منه ما استطعتم)
«Сендерге бұйырған нәрселерімнен шамаларың келетінін істеңдер»5.
Қара тасқа жақындауға шамасы келмеген кісі қара тасқа қолын немесе қолындағы нәрсесін сілтесе де болады. Әбу ат-Туфайл, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يطوف بالبيت، ويستلم الركن بمحجن معه ويقبل المحجن)
«Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) Қағбаны айналғанын және қара тасқа аса таяғын тигізіп, аса таяғын сүйгенін көрдім6.
3 - Дұға жасау. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) қара тасты ұстағанда: «Аллаһым, Өзіңе деген иманмен, кітабыңды растаушы сеніммен, Өзіңе берген сертімді орындауыммен, сондай-ақ пайғамбарың Мұхаммедтің сүннетіне еруіммен»-дейтін.
Бұл дұға әр айналымның басында айтылуы сүннет. Бұл дұғаның арапша мәтіні:
"اللّهم إيماناً بك، وتصديقاً بكتابك، ووفاء بعهدك، واتباعاً لسنة نبيك محمد صلى اللّه عليه وسلم "
Қағбаның есігіне қарама-қарсы тұрғанда мына дұғаның айтылады:
"اللّهم إن البيت بيتك، والحرم حرمك، والأمن أمنك، وهذا مقام العائذ بك من النار"
«Аллаһым! Расында, Қағба да - Сенікі, Ал-Харам да - Сенікі, қауіпсіздік те - Сенікі. Сондай-ақ бұл жер - отқа қарсы Сенен пана тілеушінің тұрған орны».
Қағбаның йемендік қабырғасына қарама-қатар болғанда мына дұға айтылады:
"ربنا آتنا في الدنيا حسنة وفي الآخرة حسنة وقنا عذاب النار" , " رب قنعني بما رزقتني وبارك لي فيه، واخلف عليّ كل غائبة لي بخير"
«Раббымыз, дүниеде жақсылық бер және ақиретте жақсылық бер және от азабынан сақтай гөр», «Раббым, берген нәсібіңе қанағатты қыл және оны маған берекелі ете гөр. Сондай-ақ қандай бір нәрседен айрылған болсам, оны артынан маған жақсылық бере гөр».
Қағбаның йемендік қырының қасында мына дұға жасалады:
"اللّهم اجعله حجاً مبروراً وسعياً مشكوراً وعملاً مقبولاً وتجارة لن تبور، يا عزيز، يا غفور"
«Аллаһым, мұнымды игі, әрі кең, әрі мақтарлық қажылық ете гөр. Сондай-ақ оны қабыл етілуші амал және пайдасы таусылмайтын сауда ете гөр, әй, Үстем, әй, Кешірімді (Аллаһым)».
Жалпы тауафтың кезінде жасалатын дұға:
"اللّهم إني أعوذ بك من الشِّرك والشك والنفاق والشِّقاق وسوء الأخلاق وسوء المنقلب في الأهل والمال والولد"
«Аллаһым, расында, ширктен, күмән келтіруден, нифақтан, қарсы келуден, жаман мінезден, сондай-ақ отбасыма, мал-мүлкіде және балама қатысты жаман өзгеріске ұшыраудан Саған сиынамын».
Дұға жасау осы дұғалармен ғана шектелмейді. Сонымен қатар қажы кісі Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) жеткен дұғалардан жадында жаттағаны болса, нұр үстіне нұр. Ал жаттаған дұғалары болмаса, Құран оқыса болады. Өйткені Құран оқу - зікірлердің ең абзалы. Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) құдси хадистерінің бірінде Аллаһ тағала былай дейді:
(من شغله ذكري عن مسألتي أعطيته أفضل ما أعطي السائلين وفضل كلام الله تعالى على سائر الكلام كفضل الله تعالى على سائر خلقه)
«Менен сұрай берудің орнына Мені еске алумен шұғылданған құлыма сұраушыларға беретінімнен де абзалырағын беремін. Аллаһ тағаланың қадір-қасиеті бүкіл жаратылған нәрселерден қаншалықты артық болса, Аллаһ тағаланың сөзінің де қадір-қасиеті бүкіл сөздерден соншалықты артық тұрады»1.
4 - Ер адамдардың алғашқы үш айналымды тез жүрулері, ал қалған төртеуін кәдімгі жүріспен жүрулері сүннет. Әйел кісілер жеті айналымды да кәдімгі жүріспен жүреді. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) мен сахабалары Меккеге келгенде Мәдинаның ыстығынан әбден әлсіреп қалған болатын. Олардың келе жатқанын естіген мүшріктер: «Ертең сендерге Мәдинаның ыстығынан әлі кетіп, әбден болдырған адамдар келеді»-деп, оларды мазақ қылу үшін «Хижр» дуалына қарама-қарсы отырады. Мүшріктер мұсылмандардың төзімділігін көрулері үшін, пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сахабаларына алғашқы үш айналымды тез жүрулерін...бұйырады. Сонда мүшріктер бір-бірлеріне: «Ыстықтан әлсіреді,-деп пайымдаған кісілерің мыналар ма? Мыналарың пәленшеден де, пәленшеден де төзімдірек қой»-дейді1.
5 - Ер адам алғашқы үш айналымның кезінде оң иығын ашық ұстауы сүннет. Бұл үшін үстіндегі ридәнің оң жағын оң қолының астынан өткізіп, сол иығының үстіне тастайды. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم وأصحابه اعتمروا من الجعرانة فرملوا بالبيت وجعلوا أرديتهم تحت آباطهم ثم قذفوها على عواتقهم اليسرى)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) мен сахабалары Жиъранадан умра жасағанда Қағбаның айналып тез жүреді және ридаларын қолтықтарынан өткізіп, сол иықтарының үстілеріне тастады»2.
6 - Айналымдар арасында себепсіз үзіліс жасамау сүннет. Тауафты парыз намазы үшін, немесе жаназа намазы үшін, немесе дәрет алу үшін үзуге болады. Кейін үзген жерінен жалғастырады.
7 - Ер адамның, әрине, егер мүмкін болса, Қағбаға жақын жүруі. Бұл қара тасты ұстауы мен сүюіне оңайлық тудырады. Алайда бұл үшін итерісіп, қыспақ тудыруына мүлде болмайды.
8 - Тауаф пен (Мақам артында оқылатын) екі рәкат намаз арасында үзілістің болмауы. Екі рәкат намазды кешіктіру мәкрүһ танзиһан.
9 - Зікір мен дұғадан басқа сөздің айтылмауы. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من طاف بالبيت سبعاً، ولا يتكلم إلا بسبحان اللّه والحمد للّه ولا إله إلا اللّه واللّه أكبر ولا حول ولا قوة إلا باللّه، محيت عنه عشر سيئات وكتبت له عشر حسنات، ورفع له بها عشرة درجات)
«Кім Қағбаны жеті мәрте айналса және «Субханаллаһи, әл-хамду лиллаһи, лә иләһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар, Лә хаула уа лә қууата илла билләһи»-ден басқа сөз сөйлемесе, оның он жамандығы өшіріліп, оған он жақсылық жазылады. Сондай-ақ он дәрежеге көтеріледі»3.
Тауафтың әдептері
1 - Қағбаның йемендік қырын ұстау, бірақ сүймеу.
2 - Мақам артындағы екі рәкат намаздан кейін зәмзәмға бару.
3 - Қағбаның қара тас орныққан қыры мен есігінің арасындағы қабырғаға жабысу. Ъамру ибн Шуъайб әкесінен, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(طفت مع عبد اللّه، فلما جئنا دُبُر الكعبة قلت: ألا تتعوَّذ، قال: نعوذ باللّه من النار، ثم مضى حتى استلم الحجر، وأقام بين الركن والباب، فوضع صدره، ووجهه، وذراعيه، وكفيه هكذا، وبسطهما بسطاً، ثم قال: هكذا رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يفعل)
Абдулламен бірге тауаф жасадым. Қағбаның артқы бұрышына жеткенімізде мен оған: «Аллаһтан пана тілемейсің бе?»-дегенімде ол: «Отқа қарсы Аллаһтан пана тілейміз»-деді. Сосын қара тасты ұстауға келгенше жүрісін жалғастырды. Қара тас орныққан қыр мен есік арасындағы қабырғаға кеудесімен, жүзімен, қолдарымен және екі алақанымен, былай, жабысты»-деп алақандарын жайып көрсетті. Сосын маған: «Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) осылай істегенін көрдім»-деді1.