
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
Бұл салтты орындауымен мұсылман бұдан бұрын өзіне адал болған істер мен нәрселерді қажылығын аяқтағанша арам етеді және Аллаһ тағаланы еске алумен ғана шұғылданады. Мұны ихрамға кіру дейді. Негізінде, ихрам қажылықтың сыртқы және ішкі парызы саналады.
Ихрамның шарттары:
1 - Ниет. Бұл дегеніміз - қажылықты немесе умраны бастауға ниеттену. Омардан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
إنما الأعمال بالنيات و إنما لكل امرئ ما نوى(
«Шындығында, іс-қимылдар - ниеттермен байлаулы және әркімге ниетіндегі болады..»3.
Ниетті: «Қажылыққа ниет еттім және Аллаһ тағала үшін ихрамға кірдім»-деп тілмен білдіру мустахап. Сондай-ақ ниетті: «Аллаһым, қажылыққа ниет еттім. Оны маған жеңілдете гөр және менен қабыл алғай»-деп дұғамен жанастыру да мустахап. Талбия кезінде ниетін: «Ләббайка умратан уа хажжан»-деп білдіру сүннет. Мұның қазақша мағынасы: «Аллаһым, қажылық пен умраны атқару үшін алдыңда тұрмын». Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:
" لبيك عمرة وحجاً "
«Ләббайка умратан уа хажжан»4.
2 - Тәлбия айту. Тәлбия дегеніміз - «Ләббайкаллаһумма ләббайк. Ләббайка лә шәрика ләка ләббайк. Иннал-хамдә уан-ниъматә ләка уал-мулк. Лә шәрика ләк»5 сөздерімен Аллаһ тағаланы зікір ету.
Бұл зікірдің арапша мәтіні:
"لبيك اللّهم لبيك، لبيك لا شريك لك لبيك، إن الحمد والنعمة لك والملك، لا شريك لك"
Қазақша мағынасы: «Міне, алдыңа келдім, Аллаһым, алдыңа келдім. Міне, алдыңа келдім, Сенің ортағың жоқ, алдыңа келдім. Расында, мақтау да, нығмет те, билік те Саған тән. Сенің ортағың жоқ».
Тәлбияның осы бейнеде ниетпен қатар айтылуы шарт. Арап тілінде айтылуы абзал, бірақ шарт емес.
Тәлбиянің сүннетері:
1 - Көтеріңкі дауыспен айту. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(أتاني جبريل فأمرني أن آمر أصحابي أن يرفعوا أصواتهم بالإهلال والتلبية)
«Маған Жебірейіл періште келіп, сахабаларыма тәлбия сөздерін дауыстап айтуларын бұйыруыма әмір берді»1.
2 - Қайта-қайта айту. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ما من محرم يَضْحَى للّه يومه، يلبي حتى تغيب الشمس إلا غابت ذنوبه فعاد كما ولدته أمه)
«Күн батқанға дейін Аллаһ үшін тәлбия айтумен күнін қиған ихрамдағы кісінің күнәсі жойылып, анасынан жаңа туғандай оралады»2.
Ихрамның уәжіптері:
Бірінші: Ихрамға миқатта кіру.
Екінші: Ихрамның тыйымдарын сақтау.
Ер кісінің ихрамына қатысты тыйымдар:
1 - Кәдімгі тігілген киімдердің ешқайсысын киюіне болмайды.
2 - Шәркейден басқа аяқкиім киюіне болмайды.
3 - Қолғап киюіне болмайды.
4 - Бас пен бетті жабуына болмайды. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إحرام المرأة في وجهها وإحرام الرجل في رأسه)
«Әйелдің ихрамы жүзінде, ал ер кісінің ихрамы басында»3.
Тағы бір хадисте былай делінеді:
(ما فوق الذقن من الرأس فلا يُخمره المحرم)
«Ирамдағы кісі иегінен басына дейін ешнәрсе бүркемейді»4.
Осы хадистердің негізінде ихрамда ер кісі басына ешнәрсе кимейді.
Ихрамдағы кісі қайтыс болса, оның бетін бүркеуге болады, өйткені оның өлімі ихрами күйін тоқтатады.
Әйел кісінің ихрамына қатысты тыйымдар:
Ер кісіден өзгеше, ихрамда әйел кісіге күнделікті шариғат киімін киюіне болады. Алайда ниқап тағуына және қолғап киюіне болмайды. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ولا تنتقب المرأة المحرمة ولا تلبس القفازين)
«Ихрамдағы әйел ниқап тақпайды және қолғап кимейді..»1.
Еркек пен әйелге ортақ тыйымдар:
1 - Шашын кесуіне, қырқуына және денесіндегі қылды алуына болмайды. Сондай-ақ оған біреудің шашын алуына да болмайды. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ وَلاَ تَحْلِقُواْ رُؤُوسَكُمْ حَتَّى يَبْلُغَ الْهَدْيُ مَحِلَّهُ ﴾
«..Құрбандық малы өз орнына жетпейінше шаштарыңды алмаңдар..»2.
Шаш ұйпалақтанған болса да қажылықтың көркі саналады. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(قام رجل إلى النبي صلى اللّه عليه وسلم فقال: ما الحاج؟ قال النبي صلى اللّه عليه وسلم: (الشَّعِث التَّفِل)
Бір кісі пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) келіп: «Қажылық дегеніміз не?»-деп сұрады. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған: «Қажылық дегеніміз - жағымсыз иісті, ұйпалақтанған шаш»-деді3.
2 - Әтір қолдануы. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رجلاً قال: يا رسول اللّه ما يلبس المحرم من الثياب؟ قال رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم: (... ولا تلبسوا من الثياب شيئاً مسه الزعفران أو الورس)
Бір кісі: «Әй, Аллаһтың елшісі, ихрамдағы кісі қандай киім киеді?»-деп сұрайды. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам): «...Запырангүлмен хош иістенген және сары түске боялған киімдердің ешқайсысын кимеңдер»-дейді4.
Сол секілді ихрамды кісіге хош иісті нәрселерді иіскеуге және хош иіс араласқан сусын ішуге де болмайды. Жәбир ибн Абдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, өзінен:
(أنه سئل عن الريحان أيشمه المحرم، والطيب، والدهن، فقال: لا)
«Ихрамдағы кісінің райханды, әтірді және хош иісті майды иіскеуге бола ма»-деп сұралғанда ол: «Жоқ»-деп жауап береді5.
3 - Хош иіс пен әсемдік үшін пайдаланылатын майларды ихрамдағы кісі шашы мен денесіне жағуға болмайды. Емдік заттар мен вазелин секілді нәрселерді қолдануға болады.
4 - Тырнақ алуға болмайды. Ихрамдағы кісіге өз тырнағын да, біреудің тырнағын да алуға болмайды. Тек қана сынған тырнақты алып тастауға болады. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, ихрамдағы кісіге қатысты былай деді:
(وإذا انكسر ظفره طرحه)
«...Егер тырнағын сындырып алса, оны алып тастасын»6.
5 - Төсек қатынасқа түсу және ол туралы адамдарға, әсіресе әйелдерге айту. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ فَلاَ رَفَثَ وَلاَ فُسُوقَ وَلاَ جِدَالَ فِي الْحَجِّ ﴾
«..Қажылықта төсек қатынасына түсуге, сондай-ақ пасықтық жасауға және дауласуға болмайды..»7.
Қажы кісі жұбайымен төсектік қатынасқа Арафадағы тұрысқа дейін түссе, қажылығы бұзылады. Қажылығы бұзылуымен қатар сахабалардан жеткен хабардың негізінде бір қой шалуы уәжіп. Кім төсектік қатынасқа Арафадағы тұрыстан кейін, шаш қырқудан бұрын түссе, «Қажылық дегеніміз - Арафа» деген хадистің негізінде оның қажылығы бұзылмайды, алайда қателігін жуу үшін түйе шалуы уәжіп.
Кім төсектік қатынасқа түспей, құмарлықпен жұбайын ұстаса, құшақтаса, сүйсе немесе аймаласа, нәтижесінде шәует бөлінсе де, бөлінбесе де қажылығы бұзылмайды. Бірақ кәффаратын өтейді.
6 - Пасықтық жасау. Пасықтық дегеніміз - Аллаһ тағалаға бой ұсынудан жалтару, шариғат ережелерін ұстанудан бұлтарып, күнә жасау. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ومن حج هذا البيت فلم يَرْفُث ولم يفْسُق رجع كيوم ولدته أمه)
«Бұл үйге (Қағбаға) қажылық жасаушы кісі төсек қатынасына түспесе, сондай-ақ пасықтық жасамаса, анасынан туған күндегідей оралады»1.
7 - Дауласу. Ихрамдағы кісі қасына еріп шыққан адамдармен болсын, бөтен адамдармен болсын, мүлде таласуына, дауласуына, ұрысуына болмайды. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ فَلاَ رَفَثَ وَلاَ فُسُوقَ وَلاَ جِدَالَ فِي الْحَجِّ ﴾
«..Қажылықта жыныстық қатынасқа түсуге, сондай-ақ пасықтық жасауға және дауласуға болмайды..»2.
8 - Құрлықтағы аң-құстың еті желінетінін аулауға, ал еті желінбейтінін өлтіруге болмайды. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ أُحِلَّ لَكُمْ صَيْدُ الْبَحْرِ وَطَعَامُهُ مَتَاعاً لَّكُمْ وَلِلسَّيَّارَةِ وَحُرِّمَ عَلَيْكُمْ صَيْدُ الْبَرِّ مَا دُمْتُمْ حُرُماً وَاتَّقُواْ اللّهَ الَّذِيَ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ ﴾
«Балық аулауларың және теңіз тағамы рақаттануларың үшін сендерге: тұрғылықтыларыңа да, жолаушыларыңа да адал етілді. Сондай-ақ ихрамнан босағандарыңша, құрлықта аңшылық жасауларың арам етілді»3.
Тағы бір аятта былай делінеді:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تَقْتُلُواْ الصَّيْدَ وَأَنتُمْ حُرُمٌ ﴾
«Әй, иман келтіргендер, ихрам кездеріңде аң-құс өлтірмеңдер!..»4.
Ихрамдағы кісіге жай кісінің аңшылығына көмектесуіне немесе аң-құстың тарапына жол сілтеуіне болмайды. Алайда оған жай кісі аулаған аң-құстың етінен жеуге болады. Әбу Қатаданың баласы Абдулла былай деді:
(كان أبو قتادة في نفر محرمين وأبو قتادة محل. واقتص الحديث وفيه "أنه اصطاد حمار وحش فسألوا رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم عن أكله" قال: (هل أشار إليه إنسان منكم أو أمره بشيء، قالوا: لا يا رسول اللّه. قال: فكلوا)
«Әбу Қатада бір топ ихрамдағы кісілердің арасында болады. Әбу Қатада өзі ихрамда емес. Ол аңшылық жасап, бір құланды қолға түсіреді. Сонда ихрамдағы адамдар Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) оны жеу үкімі жайлы сұрайды. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) олардан: «Сендерден біреу оған аңға жол сілтеді ме? Немесе сендерден біреу оған бұйырды ма?»-деп сұрайды. Олар: «Әй, Аллаһтың елішісі, жоқ»-дейді. Ол: «Онда жей беріңдер»-дейді»1.
9 - Жәндіктерді өлтіруге болмайды. Алайда бүргені, кенені, шыбынды, жыланды, шаянды, тышқанды, қасқырды, қарғаны және лашынды өлтіруге болады. Өйткені бұлар зиянкестер қатарынан саналады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(خمس فواسق يُقتَلْن في الحِلِّ والحرم: الحية والغراب الأبقع والفأرة والكلب العقور والحديا)
«Бес нәрсе - зиянкестерден. Оларды кәдімгі жағдайларыңда да, ихрамда да өлтіріңдер. Олар: жылан, теңбіл қарға, тышқан, қабаған ит және лашын»2.
10 - Меккенің ағаштарын кесуге және сындыруға болмайды. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Мекке алынған соң Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) адамдардың алдына шығып, Аллаһ тағаланы пәктеді және мадақтады. Сосын былай деді: «Аллаһ тағаланың тиым салуымен Меккеге (Абраха әкелген) піл де кіре алмады. Алайда бұл қалаға елшісі мен мүміндердің кіруіне рұқсат етті. Менен бұрын ешкімге Меккеде соғысуы адал етілмеді. Тек маған ғана Меккеде күндіздің бір ғана сағат уақытын соғысуға рұқсат етілді. Бұл рұқсат, енді ешкімге берілмейді. Бұл жерде аңшылық жасауға және тікенекті сындыруға болмайды. Бұл жерде біреудің жоғалған мүлкі табылса, оны тек табылғанын жариялау үшін ғана алуға болады. Мұнда біреудің туысы өлтірілсе, зардап шегуші тарап екі шешімнің бірін қабылдай алады». Бұл кезде пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) немере ағасы Аббас былай деді: «Әй, Аллаһтың елшісі, бұл тыйым изхирден басқасына айтылсын. Біз оны қабірлерге және үйлеріміздің төбелерін жабуға пайдаланымыз». Ол (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Изхирден басқасына»-деді3.
Ихрам кезінде рұқсат етілетін нәрселер
1 - Теңізден балық және басқа нәрселерді аулау. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ أُحِلَّ لَكُمْ صَيْدُ الْبَحْرِ وَطَعَامُهُ مَتَاعاً لَّكُمْ وَلِلسَّيَّارَةِ وَحُرِّمَ عَلَيْكُمْ صَيْدُ الْبَرِّ مَا دُمْتُمْ حُرُماً وَاتَّقُواْ اللّهَ الَّذِيَ إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ ﴾
«Балық аулауларың және теңіз тағамы рақаттануларың үшін сендерге: тұрғылықтыларыңа да, жолаушыларыңа да адал етілді...»4.
2 - Түйе, сиыр және қой-ешкі сойып жеу. Өйткені бұлар аңшылық олжасына жатпайды.
3 - Жеңіл-желпі жуыну. Негізінде, бой дәретсіздіктен тазару үшін ғана жуынғаны дұрыс. Дененің бастан өзгешелігі - басын жуғанда бір тал шашы түспеуі қажет. Сол себептен шаштарының арасын тырнақтарымен қатты ысқылап жууға мүлде болмайды. Өйткен пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) айтқандай: «Қажылық дегеніміз - жағымсыз иісті ұйпалақтанған шаш»5. Ысқылау нәтижесінде түскен бір немесе бірнеше тал шаш үшін қалауына сай садақа беруі қажет.
4 - Күнге қарсы үйдің ішін, шатырдың астын немесе ағаштың көлеңкесін пайдалану. Қолшатыр секілді нәрсені пайдалануы болмаса, басына ешнәрсе бүркеуге болмайды.
5 - Қару асынуы және мәжбүрлік қысқанда жаумен соғысуы.
6 - Сүндетке отыру, хижама жасату, тіс жұлдырту, денені қасу, жараны орау және сынықты салу. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم احتجم وهو محرم)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) ихрам күйінде хижама жасатты»1.
7 - Айнаға қарау.
8 - Зиянды жәндіктерді өлтіру.
9 - Ақша салатын белбеу.
10 - Сөйлесу. Дегенмен ихрамдағы кісіге қажетті және пайдалы сөз болмаса, көп сөйлемегені абзал.
Ихрамға кіруші кісі үшін сүннет болатын істер:
1 - Тырнақтарын алуы, мұртын қысқартуы және қолтық пен мүшедегі қылдарды қыруы.
2 - Ғұсыл құйынуы және дәрет алуы. Харижа ибн Зайдтың айтуынша оның әкесі, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қажылықты бастауға беріліп, ғұсыл құйынғанын көрген2. Сондықтан етеккір немесе нифас күйдегі әйел кісіге ғұсыл құйынып, дәрет алуы мүстахап болады. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) қажылығын сипаттай отырып, былай деді:
(فخرجنا معه حتى أتينا ذا الحليفة. فولدت أسماء بنت عميس محمد بن أبي بكر. فأرسلت إلى رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم كيف أصنع؟ قال: اغتسلي، واستثفري بثوب وأحرمي)
«Онымен бірге қажылық жасау үшін жолға шығып, Зүл-хулайфаға келіп тоқтағанда Мұхаммед ибн Әбу Бәкір Ъамистің қызы Асма босанады. Асма Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Не істеймін?»-деп хабар жібереді. Ол: «Ғұсыл құйын және астыңа киім ора, сосын ихрамға кір»-дейді3.
3 - Изар4 мен ридә киюі. Бұл екеуі жуылған, жаңа, ақ және таза болуы қажет. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ليحرم أحدكم في إزار ورداء ونعلين)
«Сендерден әркім ихрамға кіру үшін изар, ридә және шәркей кисін»5.
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(البسوا من ثيابكم البياض، فإنها من خير ثيابكم)
«Киімдеріңнің ақ түстісін киіңдер, расында, олар киімдеріңнің ең жақсысы»6.
4 - Денесіне әтірді ихрамнан бұрын жағуы. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كنت أطيِّب رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم لإحرامه قبل أن يحرم)
«Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) ихрамы үшін әтірді ихрамға кірмей тұрғанда жағатынмын»7.
Ихрамнан бұрын жағылған әтірдің бірнеше күнге созылған әсері ихрамға ешқандай зиян тигізбейді.
5 - Ғұсылдан кейін және ихрамнан бұрын ихрам сүннеті ниетімен екі рәкат намаз оқу. Нафиъ былай деді:
(كان ابن عمر رضي اللّه عنهما إذا أراد الخروج إلى مكة ادهن بدهن ليس له رائحة طيبة، ثم يأتي مسجد ذي الحليفة فيصلي ثم يركب، وإذا استوت به راحلته قائمة أحرم ثم قال: هكذا رأيت النبي صلى اللّه عليه وسلم يفعل)
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Меккеге аттанарында хош иісі әлсіздеу майдан жағынды. Сосын Зү ал-хулайфа мешітіне келіп, (екі рәкат) намаз оқыды. Сосын шөккен түйесіне мінді. Түйесі тік көтерілгенде ихрамға кірді. Сосын былай деді: «Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) тура осылай істегенін көрдім»1. Сүннет бойынша бірінші рәкәтта «Кәфирун» сүресі, екінші рәкәтта «Ықылас» сүресі оқылады.
6 - Тәлбияні көбірек айту. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يلبي إذا رأى راكباً أو صعد أكمة، أو هبط وادياً، وفي إدبار المكتوبة، وآخر الليل)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) салт аттыны көрсе, төбеге көтерілсе, алқаптан түссе, парыз намаздарының соңында және түннің ақырғы уақытында тәлбия айтатын».
Сонымен қатар тәлбияні көтеріңкі дауыспен айту да сүннет. Әбу Бәкір, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбардан (саллаллаһу алайһи уа саллам):
(سئل أي الحج أفضل؟ قال: (العَجُّ والثَّجُّ)
«Қандай қажылық абзал?»-деп сұралғанда ол: «Көтеріңкі дауыспен тәлбия айту және құрбан шалу»-деп жауап береді2.