
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Іш дәреттің сүннеттері
1. Дәретханаға кірер алдын келесі дұғаны айту:
)بسم اللّه، اللّهم إني أعوذ بك من الخبث والخبائث(
«Аллаһтың атымен. Аллаһым! Еркек және ұрғашы жындарға қарсы Сенен пана тілеймін»1.
«Мажмағ әз-Зауаид» атты хадис жинағында Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегені келтіріледі:
(سَتْرُ ما بين أعين الجنّ وعورات بني آدم إذا وضعوا ثيابهم أن يقولوا: بسم اللّه)
«Адам балалары киімдерін шешкенде «Бисмиллаһ» айтулары олардың әуреттері мен жын көздерінің арасына перде болады».
2. Сол аяқпен бастап кіруі.
3. Адамдардың көзінен жасырыну және киімді жамбас жерге таяғанша шешпеу. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(ومن أتى الغائط فلْيَسْتَتِر)
«Кім дәретханаға барса, жасырынып отырсын»1.
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم إذا أراد الحاجة لم يرفع ثوبه حتى يدنو من الأرض)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) түзге отыруды қалағанда (жамбасы) жерге таямайынша киімін көтермеуші еді2. Сондай-ақ қажетін өтеген кісі орнынан тұрғанда іштік киімін кие түрегеледі.
4. Сол жағына сүйеніп отыру. Сарақа ибн Жағшам, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(علمنا رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا دخل أحدنا الخلاء أن يعتمد اليسرى وينصب اليمنى)
«Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) бізге дәретханада сол аяғымызға басылып, оң аяғымыздың тізесін тік ұстап отыруымызды үйреткен еді»3.
5. Қатты тегіс жерге отырмау. Өйткені зәр денеге шашырайды. Әбу Мұса, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: «Бір күні мен Аллаһтың елшісімен (алайһи ас-солату уа ас-салам) бірге болдым. Дәрет сындыру үшін жұмсақ жер таңдады. Кейін былай деді:
(إذا أراد أحدكم أن يبول فليرتَد لبوله موضعاً)
«Сендерден біреу дәрет сындырса, зәрі шашырамайтын жер таңдасын»4.
6. Оң аяқпен шығу . Дәретханадан шыққан соң мына дұғаны айту:
)غفرانك الحمد للّه الذي أذهب عني الأذى وعافاني(
«Кешіре гөр! Менен зиянды кетіріп, саулық беруші Аллаһқа мақтау айтамын»5
7. Дәретханадан келгенде қолды сабынмен жуу. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم إذا أتى الخلاء أتيته بماء في تَوْر أو رَكوة فاستنجى ثم مسح يده على الأرض ثم أتيته بإناء آخر فتوضأ)
«Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-саллам) дәретханаға кірерде мен оған құманмен су апаратынмын. Іш дәретін аяқтағанда қолын жерге ысқылайтын. Кейін басқа ыдыспен су әкелетінмін. Ол дәрет алатын»6.
Іш дәреттің мәкруһаттары
1. Дәретханаға кірерде қасында Аллаһтың есімі жазылған нәрсенің болуы. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا دخل الخلاء نزع خاتمه)
«Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) дәретханаға кірмей тұрып, сақинасын шешетін»1.
Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) сақинасында «Мұхаммед Аллаһтың елшісі» деген жазу болатын.
2. Желге қарсы отыру.
3. Құбылаға қарап отыру мәкруһ тахриман. Салман, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(لقد نهانا أن نستقبل القبلة لغائط أو بول أو أن نستنجي باليمين أو أن نستنجي بأقل من ثلاثة أحجار أو أن نستنجي برَجيع أو بعظم)
«Үлкен немесе кіші дәрет сындырғанда құбылаға қарап отыруымызға, оң қолмен тазалануымызға, үштен кем кесек таспен тазалануымызға, сүйек немесе тезекпен тазалануымызға тыйым салынды»2.
Әбу Аюптан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(إذا أتيتم الغائط فلا تستقبلوا القبلة ولا تستدبروها ببول ولا غائط، ولكن شرِّقوا أو غرِّبوا)
«Түзге шыққандарыңда құбылаға түзу қарап та, теріс қарап та кіші және үлкен дәрет сындырмаңдар. Алайда (құбыланы) оң жақтарыңда немесе сол жақтарыңда қалдырыңдар»3. Осының негізінде сәбиді де құбылаға қаратып тосуға болмайды.
Пәтер ішіндегі әжетханада құбылаға қаратылып қойылған унитазға дәрет сындырудың үкімі, негізінде, мәкрүһ тахриман. Алайда мәжбүрлі жағдайды және құбыла мен адам арасында дуалдың бар екенін есепке алумен мұндай әжетхананы қолдануға әбден болады. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
)نهى النبي صلى الله عليه وسلم أن نستقبل القبلة ببول فرأيته قبل أن يقبض بعام يستقبلها(
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) құбылаға қарап дәрет сындыруымызға тиым салған еді. Қайтыс боларынан бір жыл бұрын (дуал артында) құбылаға қарап отырғанын көрдім»4.
4. Аллаһты зікір ету. Түшкіргенде «Әл-хамду лилләһи»-деу, біреудің сәлеміне жауап қайыру, азаншыға еріп азан сөздерін қайталау. Мүһәжир ибн Қанфаз, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарға (алайһи ас-солату уа ас-салам) сәлем береді. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) кіші дәрет сындырып жатқандықтан оған сәлем қайырмайды. Дәрет алған соң сәлем қайтарып, ғапу етуін сұрайды:
(إني كرهت أن أذكر اللّه عز وجل إلا على طهر)
«Расында, мен тазаланып жатқанда Үстем әрі Ұлы Аллаһты еске алуды мүлдем ұнатпаймын»5.
Әбу Саъид әл-Худри, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:
(لا يخرج الرجلان يضربان الغائط كاشفين عن عورتهما يتحدثان فإن اللّه عز وجل يمقت على ذلك)
«Дәретханаға барған екі адам әуреттерін ашып, түзге отырғанда сөйлесіп отырса, әрине, бұл істері - Аллаһқа жеккөрінішті»6.
5. Адамдар жүретін жолдың үстіне, тынығатын көлеңкелерде, әсіресе, жемісті ағаштардың түбінде дәрет сындыру. Әбу Һурайрадан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Екі қарғалушыдан сақтаныңдар!»-дейді. Олар: «Әй, Аллаһтың елшісі! Екі қарғалушы дегеніңіз кім?»-деп сұрайды. Ол:
)الذي يتخلى في طريق الناس أو ظلّهم)
«Адамдар жүретін жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы»1.
6. Жануарлардың індеріне дәрет сындыру. Абдулла ибн Саржас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (алайһи ас-солату уа ас-салам) жануарлардың індеріне дәрет сындыруға тыйым салғанын жеткізді. Қатададан: «Жануарлардың індеріне дәрет сындыруға неліктен болмайды?»-деп сұралғанда ол: «Өйткені, олар - жындардың мекені»-деп жауап береді2.
7. Ақпайтын тоспа суға дәрет сындыру. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дегенін жеткізді:
(لا يَبُولنَّ أحدكم في الماء الدائم الذي لا يجري)
«Сендерден ешкім ақпайтын тоспа суға дәрет сындырмасын..»3.
Көлемі аз суға дәрет сындыру харам іс. Ал көлемі үлкен суға дәрет сындыру мәкрүһ тахриман. Ағынды суға дәрет сындыру мәкрүһ танзиһан.
8. Жағдай қыспаса, түрегеп тұрып дәрет сындыру. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деген:
(من حدثكم أن النبي صلى اللّه عليه وسلم كان يبول قائماً فلا تصدقوه، ما كان يبول إلا قاعداً)
«Сендерге біреу Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) түрегеп дәрет сындыратын десе, оған сенбеңдер. Өйткені ол отырып қана дәрет сындыратын»4.
9. Мүшеге және одан шыққан нәрсеге қарау. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұлай істеген адам ұмытшақ болады.
10. Дәрет алатын жерде дәрет сындыру. Ғалымдардың айтуы бойынша бұлай істеген адам шайтанның азғыруына ұшырайды. Абдулла ибн Мағфал, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дегенін жеткізеді:
(لا يبولن أحدكم في مستحمه، ثم يغتسل فيه)
«Ешкім жуынатын жеріне дәрет сындырмасын. Соңыра ол жерге жуынады ғой»5.
Имам Ахмад: «Соңыра ол жерге дәрет алады ғой, расында, барлық азғырушы осыны пайдаланады»-деді.
11. Қабір басы мен мешіт қасында дәрет сындыру. Сүйек пен тезек секілді нәрсемен астыңғы жақты тазалау және олардың үстіне дәрет сындыру. Өйткені сүйек пен тезек - жындардың азығы.
12. Ұзақ отыру. Өйткені ұзақ отыру геморрой дертін келтіреді.