Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1

Бірінші: Нәпіл садақасының үкімі

Нәпіл садақалардың үкімі - мустахап және кез келген уақытта беруге болады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:

﴿ مَّن ذَا الَّذِي يُقْرِضُ اللّهَ قَرْضاً حَسَناً فَيُضَاعِفَهُ لَهُ أَضْعَافاً كَثِيرَةً

«Аллаһқа жақсы қарыз бергісі келетін кім екен? Ол оған оны бірнеше есе еселеп қайтарады..»2.

Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(من أطعم جائعا أطعمه الله من ثمار الجنة و من سقى مؤمنا على ظمأ سقاه الله عز و جل يوم القيامة من الرحيق المختوم و من كسا مؤمنا عاريا كساه الله من خضر الجنة)

«Кім аш кісіні тамақтандырса, Аллаһ оны жәннат жемістерімен тамақтандырады. Кім мүміннің шөлін қандырса, Қиямет күні Аллаһ оны ар-рахиқ ал-махтумнан суғарады. Кім киімсіз мүмінді киіндірсе, Аллаһ оны жәннат киімімен киіндіреді»3.

Екінші: Рамазан айында және жасырын берілуі

Жасырын берілген садақа ашық берілген садақадан абзал. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:

﴿ إِن تُبْدُواْ الصَّدَقَاتِ فَنِعِمَّا هِيَ وَإِن تُخْفُوهَا وَتُؤْتُوهَا الْفُقَرَاء فَهُوَ خَيْرٌ لُّكُمْ وَيُكَفِّرُ عَنكُم مِّن سَيِّئَاتِكُمْ وَاللّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ

«Садақаларды ашық берсеңдер, бұларың қандай керемет! Ал оны пақырларға жасырын берсеңдер, бұл - өздерің үшін жақсы, әрі жаман істеріңді жуады. Аллаһ істеп жатқандарың жайлы хабардар»1.

Қиямет күні Аллаһ тағала Өз көлеңкесінің астына алатын жеті түрлі адамның бірі Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) айтқандай:

(و رجل تصدق بصدقة فأخفاها حتى لا تعلم شماله ما تنفق يمينه)

«..оң қолының не бергенін тіпті сол қолына білдірмей садақа берген кісі»2.

Садақаның рамазан айында берілуі басқа айлардан гөрі абзалырақ. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(سئل رسول الله صلى الله عليه و سلم: أي الصدقة أفضل؟ قال: صدقة في رمضان)

Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Қандай садақа абзал?»-деп сұралғанда ол: «Рамазан айындағы садақа»-деп жауап береді3. Өйткені пақырлар бұл айда ораза ұстауларымен қатты әлсіреп, кәсіп қылулары да ауыр болады. Сондай-ақ бұл айда жақсы істер еселеніп жазылады.

Үшінші: Бүкіл малды садақа ету

Мұсылман қоғамын экономикалық дағдарыс қысқанда немесе мемлекеттен дұшпан шапқыншылығын қайтару жолында мұндай амал әр мұсылманнан талап етіледі. Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бізге садақа беруімізді бұйырды. Бұл бұйрық шығуы менде мал пайда болуына сай келді. Мен: «Егер Әбу Бәкірден озатын күнім бар болса, ол осы күн шығар?!»-дедім. Мен оған (саллаллаһу алайһи уа саллам) жарты малымды әкелдім. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) маған: «Отбасыңа қалдырдың ба?»-деп сұрады. «Оларға осы көлемде қалдырдым»-дедім. Әбу Бәкір оған бүкіл малын әкелді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған: «Отбасыңа не қалдырдың?»-деп сұрайды. Ол: Аллаһты және елшісін қалдырдым»-дейді. Сонда мен: «Бұдан кейін мен сенімен еш нәрседе жарыспаймын»-дедім4. Міне, бұл Әбу Бәкірдің күшті иманы мен зор тәуекеліне негізделген керемет артықшылығы. Сондай-ақ ол табыс тілін жақсы білетін саудагер еді.

Кімнің табыс түсірер кәсібі болмаса, иманы мен тәуекелі әлсіз және өзіне сенімсіз болса, кәсібі көтерілгенше біраз уақыт жоқтыққа сабыр ете алмаса, мұндай іске баруы мәкрүһ5.

Төртінші: Садақа берушінің жағдайы қандай болуы қажет?

Негізінде, мұсылман садақаны өзінің және асырап отырған адамдарының күнделікті қажеттіліктерінен артылып тұрған малдан бергені жақсы. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам):

(خير الصدقة ما كان عن ظهر غنى وابدأ بمن تعول)

«Садақалардың ең жақсысы - мұқтаж емес жағдайда берілгені. Асырап жатқандарыңнан баста!»-деді6.

Садақа беремін деп, асырап отырған адамдарды аш қалдыруы күнә болады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(كفى بالمرء إثما أن يضيع من يقوت)

«Қамқорлығындағы кісіні құртып алуы адам үшін жеткілікті күнә саналады»7.

Бесінші: Жеңіл болған нәрсемен садақа беру

Мұсылман өзіне жеңіл болған нәрсемен садақа бергені мустахап. Сондай-ақ оны азсынып садақа беруден тоқтауына болмайды. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:

﴿ فَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْراً يَرَهُ

«Кім шаң тозаңындай салмақта жақсылық жасаса, (ақиретте) оны көреді»1.

Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(اتقوا النار ولو بشق تمر)

«Жарым құрмамен болса да оттан қорқыңдар!»2.

Алтыншы: Садақаны салиқалы адамдарға беру. Мұсылман садақа беруі үшін пақырлығын білдірмейтін салиқалы кедейлерді іздегені мустахап.

Жетінші: Садақа кімге беріледі?

1 - Туысқандар. Садақаны алуға ең лайықтылар - туысқандар. Сосын көршілер. Садақа, алдымен, ең жақын туыстарға және есігі жақын көршіге, сосын одан кейінгілерге беріледі. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(الصدقة على المسكين صدقة وهي على ذي الرحم اثنين: صدقة وصلة)

«Міскінге берілген садақа - бір садақа. Ал туысқа берілгені екі амал: садақа және туыстық байланыс»3. Тағы бір хадисте пайғамбарымыздан (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Менің екі көршім бар. Екеуінің қайсысына берейін?»-деп сұралғанда ол:

(إلى أقربهما منك بابا)

«Қайсысының есігі саған жақын болса, соған бер»-дейді4.

2 - Өте мұқтаж адамға. Аллаһ тағала Құранда міскінді топырақтан басқа ешнәрсесі жоқ түрінде сипаттап, былай дейді:

﴿ أَوْ مِسْكِيناً ذَا مَتْرَبَةٍ

«Топыраққа былғанған міскінді»5.

Сегізінші: Қарыздар адамның садақасы

Қарызды өтеу уәжіп болғандықтан, қарыздар адам қарызынан құтылғанша садақа бермегені дұрыс.

Тоғызыншы: Арам жолмен табылған малдың садақасы

Ханафи мәзһабінда күнәләрді өзіне адал етуіне қарамастан, Аллаһ тағалаға жақындау ниетімен мүлде арам табыстан садақа беру немесе мүлде арам ақшаға мешіт тұрғызу күпірлікке жатады.

Садақаға қатысты тиымдар, мәкрүһтәр және мүстахаптар.

- Малы мен кәсібі бола тұра қайыр тілеу. Мұсылманға Аллаһтың жүзін атап тек қана жәннәтті сұрауына болады. Бұдан басқасын Аллаһтың жүзімен сұрау және бұлай сұрағанға бермеу мәкрүһ болады.

- Берген садақасын міндет қылу садақаның сауабын жояды.

- Арам малдан садақа беруге мүлде болмайды.

- Нашар нәрсені саналы түрде садақаға беру жеккөрінішті іс. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:

﴿ لَن تَنَالُواْ الْبِرَّ حَتَّى تُنفِقُواْ مِمَّا تُحِبُّونَ وَمَا تُنفِقُواْ مِن شَيْءٍ فَإِنَّ اللّهَ بِهِ عَلِيمٌ

«Жақсы көретін нәрселеріңнен жұмсамайынша, игілікке мүлде жетпейсіңдер. Не жұмсаған болсаңдар, Аллаһ оны жақсы біледі»1.

- Таза көңілімен беру мустахап. Өйткені сауаптың еселену себебі - осы.