
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Төртінші бөлім: Пітір садақасы
Пітір садақасы зекеттен бұрын ораза парыз болған жылы һижраның екінші жылында шаъбан айында шариғатқа уәжіп үкімімен енді. Бұл үкімге қарсы келуші кәпір болмайды. Бұған Ибн Омардың төмендегі сөзі дәлел болады:
(فرض رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم زكاة الفطر من رمضان على الناس صاعاً من تمر أو صاعاً من شعير على كل حر أو عبد ذكر أو أنثى من المسلمين)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) мұсылманнан болған әрбір ер кісіге де, әйел кісіге де, мейлі азат, мейлі құл болсын құрмадан бір сағ немесе арпадан бір сағ көлемде рамазанның пітір садақасын беруін парыз етті»2. Бұл хадис мутауатир болмағандықтан, ондағы «парыз етті» сөзі ханафи мәзһабінда «уәжіп» үкімін береді.
Уәжіп болуындағы сыры
Пітір садақасы рамазан айында ұсталған оразадағы ақаулықты (кемшілікті) жөндеу үшін, оның орнын толтыру үшін уәжіп етілді. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(فرض رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم زكاة الفِطر طُهرة للصائم من اللَّغو والرَّفَث وطعمة للمساكين)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) пітір садақасын мұсылманның оразасын айтып қойған бос сөзі мен жаман сөзінен тазарту үшін, сондай-ақ міскіндерге азық болуы үшін парыз етті»1.
Сондай-ақ пітір садақасы айт күні пақырлар мен міскіндерді қайыр тілеуден құтқарып, олардың көңілдерін көтереді. Уакиъ ибн Жаррах былай деді: «Рамазан айының пітір садақасы - намаздағы сәһу сәждесі секілді. Сәһу сәждесі намаздың кемшілігін жөндесе, пітір садақасы оразаның кемшілігін жөндейді»2.
Пітір садақасының уәжіп болуы келесі шарттарды қажет етеді:
1 - Мұсылман болу. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(فرض رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم زكاة الفطر من رمضان على الناس صاعاً من تمر أو صاعاً من شعير على كل حر أو عبد ذكر أو أنثى من المسلمين)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) мұсылманнан болған әрбір ер кісіге де, әйел кісіге де, мейлі азат, мейлі құл болсын құрмадан бір сағ немесе арпадан бір сағ көлемде рамазанның пітір садақасын беруін парыз етті»3.
2 - Азат болу. Негізінде, аталмыш хадисте: «..мейлі азат, мейлі құл болсын құрмадан бір сағ немесе арпадан бір сағ...»-делінген. Бұл хадистің жалпы мағынасына негізделуші тек ханбали мәзһабі. Ал ханафи, шафиғи және мәлики мәзһаптарында құлдың иелігінде ешнәрсе болмағандықтан, ол пітір садақасын төлемейді.
3 - Күнделікті тіршілік қажеттіліктерінен тыс және қарыздан аман нисап көлеміне ие болу. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا صدقة إلا عن ظهر غنى)
«Садақа тек мұқтаж емес жағдайда беріледі»4.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(خير الصدقة ما كان عن ظهر غنى)
«Садақалардың ең жақсысы - мұқтаж емес жағдайда берілгені»5.
Құлаққағыс: Есті болуы, кәмелетке толуы шарт емес. Сәбидің де, жындының да малынан пітір садақасын төлеу уәжіп. Егер ол екеуінің қамқоршысы пітір садақасын шығармаса күнәқар болады. Қашан жынды кісінің есі оралса және сәби кәмелетке толса өздерінің төлеулері уәжіп болады.
Пітір садақасы кім үшін төленеді?
Ханафи мәзһабында мұсылман кімді өз қарамағына толық қамқорлыққа және толық асырауға алса, ол үшін пітір садақасын шығарады.
Мұсылман пітір садақасын, алдымен, өзі үшін, сосын қарамағында асырап отырған әркім үшін төлейді, әрине, егер олардың ешқандай табысы болмаса. Мысалы, отағасы өзі үшін, кәсіппен шұғылдануға жасы жетпеген балалары үшін, құлы үшін (тіпті кәпір болса да) төлейді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(ليس على المسلم في عبده صدقة إلا صدقة الفطر)
«Мұсылман иелігіндегі құлы үшін пітір садақасын ғана болмаса, басқа садақа төлемейді»1.
Отағасы жеке табысы бар әйелі үшін және қарамағында тұрып жатқан аға-інілері, әпке-қарындастары және туыстары үшін пітір садақасын шығармайды. Сондай-ақ кәсіппен шұғылдануға шамасы келгенімен үйде отырған үлкен балалары үшін және жеке табыстары бар әке-шешесі үшін пітір садақасын төлеу отағасына уәжіп емес.
Әкелерінен айырылған ұл балалалар үшін кәмелетке толғанша пітір садақасын аталары төлейді. Бай әйелге пітір садақасын өзі үшін ғана төлеуі уәжіп. Ол балалары мен күйеуі үшін ешнәрсе төлемейді.
Берілетін мөлшер
Ханафи мәзһабінда пітір садақасы төрт нәрседен беріледі: бидай, арпа, құрма және мейіз. Саълаба ибн Саъир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бізге құтпа айтып, былай деді:
(أدوا عن كل حر و عبد نصف صاع من بر أو صاعا من تمر أو صاعا من شعير)
«Әр азат үшін және әр құл үшін жарты сағ бидай, немесе бір сағ құрма, немесе бір сағ арпа беріңдер»2.
Пітір садақасы берілетін нәрсе |
Берілетін мөлшер |
Бидай |
0,5 сағ = 1кг 900г |
Арпа |
1 сағ = 3 кг 800г |
Құрма |
1 сағ = 3 кг 800г |
Мейіз |
1 сағ = 3 кг 800г |
Ханафи мәзһабінда пітір садақасын бұл нәрселердің өзімен де, құнымен де беруге болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) айтқандай:
(أغنوهم عن المسألة في مثل هذا اليوم)
«Мұндай күндері оларды қайыр тілеуден құтқарыңдар!», пітір садақасының мақсаты - пақырды мұқтаждықтан құтқару. Ал мұқтаждықтан құтқару заттың өзін емес, құнын берумен жүзеге асады3. Сол себептен молшылық уақытта заттың құнын, ал таршылық уақытта заттың өзін берген абзал.
Мағлұмат: Басқа мәзһаптарда бидайдан да бір сағ беріледі. Сондай-ақ оларда аталмыш нәрселердің құны емес, өздері берілуі қажет.
Берілетін уақыты
Пітір садақасы берілетін уәжіп уақыт - айт күнінің таңғы уақыты. Пітір садақасын алдын-ала төлеу, мейлі рамазан айы кіргенде болсын, мейлі айт күнінен бұрын болсын, мәкрүһ емес. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كانوا يعطونها قبل الفطر بيوم أو يومين)
«Сахабалар пітір садақасын Ораза айтынан бір не екі күн алдын беретін»1.
Алайда айт күнінен кешіктіріп беру мәкрүһ. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(فرض رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم زكاة الفِطر طُهرة للصائم من اللَّغو والرَّفَث وطعمة للمساكين فمن أداها قبل الصلاة فهي زكاة مقبولة و من أداها بعد الصلاة فهي صدقة من الصدقات)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) пітір садақасын мұсылманның оразасын айтып қойған бос сөзі мен жаман сөзінен тазарту үшін, сондай-ақ міскіндерге азық болуы үшін парыз етті. Кім оны намаздан бұрын төлесе, онда ол - пітір садақасы. Ал кім намаздан кейін төлесе, онда ол - жай садақалардың бірі»2.
Дегенмен пітір садақасының айт күнінен кешігуімен оның уәжіптілігі мұсылманның мойнынан мүлде түспейді. Ол оны кешіктірсе де беруі қажет. Әйтпесе мұсылманның мойнында қарыз болып қала береді.
Пітір садақасы айт күнінің таңынан айт намазына жеткізбей берілуі мустахап.
Пітір садақасы кімге беріледі?
Негізінде, Аллаһ тағала зекет пен садақа түрлерін «Тәуба» сүресінің 60-шы аятында жинақы «садақалар» атауымен атады:
﴿إِنَّمَا الصَّدَقَاتُ لِلْفُقَرَاء وَالْمَسَاكِينِ وَالْعَامِلِينَ عَلَيْهَا وَالْمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمْ وَفِي الرِّقَابِ وَالْغَارِمِينَ وَفِي سَبِيلِ اللّهِ وَابْنِ السَّبِيلِ فَرِيضَةً مِّنَ اللّهِ وَاللّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ﴾
«Расында, садақалар тек пақырларға, міскіндерге, оны жинап үлестірушілерге, жүректері келісімге келгендерге, құлдарға, қарызға батқандарға, Аллаһ жолындағыларға және жолда қалғандарға ғана беріледі. Бұл - Аллаһтың парыз еткен үкімі. Сондай-ақ Аллаһ - бәрін білуші және өте дана». Осы аяттың негізінде пітір садақасы да зекет берілетін адамдарға беріледі.