
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
Пайда табу мақсатымен егін егілген жерден шыққан әрбір өнімнен зекет берілуі қожайынға парыз. Өнім мейлі сақталуға жарамды болсын, мейлі жарамсыз болсын, бәрібір, одан зекет беріледі. Сақталуға жарамды өнімге бидай, арпа, тары секілді дәндер жатады. Ал сақталуға жарамсыз өнімге жемістер мен көкөніс түрлері жатады. Егістік пен бау-бақша өнімдерінен берілетін зекет «ъушр» - "العشر" деп аталады, яғни оннан бірі деген сөз.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿وَهُوَ الَّذِي أَنشَأَ جَنَّاتٍ مَّعْرُوشَاتٍ وَغَيْرَ مَعْرُوشَاتٍ وَالنَّخْلَ وَالزَّرْعَ مُخْتَلِفاً أُكُلُهُ وَالزَّيْتُونَ وَالرُّمَّانَ مُتَشَابِهاً وَغَيْرَ مُتَشَابِهٍ كُلُواْ مِن ثَمَرِهِ إِذَا أَثْمَرَ وَآتُواْ حَقَّهُ يَوْمَ حَصَادِهِ وَلاَ تُسْرِفُواْ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ﴾
«Ол - сондай Аллаһ, аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, әртүрлі жемісті өсімдіктерді, бір-біріне ұқсайтын әрі ұқсамайтын зәйтүн және анар ағаштарын өсіріп шығарды. Жемістерін берген кезде олардан жеңдер және жеміс жиған күні оның тиісті үлесін беріңдер. Сондай-ақ ысырап етпеңдер! Өйткені Раббыларың ысырап етушілерді жақсы көрмейді»1.
Абдулла ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(فيما سقت السماء والعيون أو كان عَثَرِياً العشر، وما سقي بالنَّضح نصف العشر)
«Жаңбыр суымен, жердегі су көздерімен және тасқын суымен суарылған өнімнің оннан бірі беріледі. Ал су қолмен тасылып, суарылған өнімнің бестен бірі беріледі»2.
Жердің түрлері
Жер ъушрия және харажия болып екіге бөлінеді. Ъушрия деп, пайда табу мақсатымен мұсылманның қолымен пайдаланылып жатқан жерді айтады. Бұған мынадай жерлер кіреді:
1 - Куфаға еретін ауылдардың бірі әл-Ъузәйбтән Йемен мен Аденнің қиыр шекараларына дейін созылып жатқан араб жерлері. Өйткені Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) және одан кейінгі әділетті халифалар да, Аллаһ тағала оларға разы болсын, араб жерлері үшін салық салмады.
2 - Халқы өз еркімен ислам дінін қабылдаған жерлер. Бұлар ислам жерлері саналады.
3 - Ислам дұшпандарынан жеңіп алынған және жеңіске жеткен мұсылмандардың иелігіне үлестірілген жерлер.
4 - Мұсылман адам жандандырған және мұсылманның иелігіндегі сумен суарылған жерлер. Егер салық салынған жердегі сумен суарылса, ъушрия үкімінен айрылады.
Бұл жерлерден алынған өнімнің 1/10-і төленеді.
Харажия деп, өзіне салық салынған жерді айтады. Бұған төмендегі жерлер кіреді:
1 - Ислам дұшпандарынан жеңіп алынғанымен, егіншілікпен айналысулары үшін, исламды қабылдамай, өз діндерін ұстауларына мұрсат берілген жергілікті жердің тұрғындарының иелігіне қалдырылған жерлер. Кәпірлер бұл жерлер үшін мұсылмандардың қаржы мекемесіне жер салығын төлейді. Ал жандарының амандығы үшін жан салығын төлейді. Шариғатта кәпірлерден алынатын жер салығы хараж, ал жан салығы жизья деп аталады.
2 - Зимми адам жандандырған жер. Зимми дегеніміз - мұсылмандармен соғыспауға және мұсылмандарға қарсы көмек көрсетпеуге серттесіп, жер салығы мен жан салығын төлеуші кәпірлер.
3 - Салық салынған жердегі кәпірлердің қолымен қазылған құдық суымен суарылатын мұсылманның жері.
4 - Ислам дұшпандарынан олжаланған мұсылмандар басшысының зимми кісіге бөліп берген жері.
Ъушрдың төленуіне ислам ғана себеп болады және ол құлшылыққа жатады. Ал хараж дегеніміз - мұсылман еместерге жаза ретінде жер үшін салынатын салық.
Ъушр мен хараждың парқы
Ъушр дегеніміз
1 - Ол - құлшылық. Өйткені, зекет - ислам дінінің тіректерінен.
2 - Оны төлеу тек мұсылманға ғана парыз.
3 - Ол егістік пен бау-бақша өнімдерінен ғана алынады.
4 - Егістік пен бау-бақша өнімдерінен зекет беру өнім жиналған күні ғана парыз болады.
Хараж дегеніміз
1 - Ол - құлшылық емес, жаза. Бұл жазаны шынайы дінді қабылдаудан бас тартқан кәпірлер үшін шариғат белгіледі.
2 - Ол мұсылман еместерге жер үшін салынатын салық.
3 - Оны зимми кісі өзіне пайдалануға берілген жер үшін төлейді.
4 - Мұндай жерге егін егілмесе де хараж төленеді.
Егістік пен бау-бақша өнімінен зекет төленуін парыз ететін шарттар:
1 - Өнім алынатын жер ъушрия болуы шарт. Бұл шарт тек ханафи мәзһабінә тән.
2 - Жердің өнім беруі. Өйткені зекет - осы өнімнің оннан бірі.
3 - Өнімнің дәнді дақыл, немесе жеміс, немесе көкөніс болуы. Отынға, қамысқа, пішенге және үй қасындағы ағаш жемісінен немесе үй бақшасындағы жемістен зекет берілмейді.
4 - Жер жаңбыр суымен, жердегі су көздерімен немесе тасқын суымен суарылған болуы шарт. Шелекпен немесе бөшкемен су тасып, қолмен суарылған жердің өнімінен бестен бірі беріледі. Жарты жыл жердегі су көздерімен және жарты жыл қолмен суарылған жерден жиналған өнімнің 1/10-дің жартысы немесе 3/4-ші беріледі.
Мысал: Жиналған өнімнің салмағы 5000кг. Алдымен, оның 1/10-ін шығарайық: 5000*1/10 = 500кг. Оның жартысы: 500/2 = 250кг. Ал енді оның 3/4-шін есептеп шығарайық: 500*3/4 = 1500/4кг = 375кг.
Зекет төленетін мал-мүлік түрлерінің ішінде егістік пен бау-бақша өнімінен алынатын зекеттің дұрыстығына төмендегі шарттар қажет емес.
1 - Толық бір жылдың айналуы. Өйткені жер жылына бінеше рет өнім беруі мүмкін. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтқандай: «...Жемістерін берген кезде олардан жеңдер және жеміс жиған күні оның тиісті үлесін беріңдер..»..1.
2 - Нисаптың толмауы. Егістік өнімі аз болсын, көп болсын, бәрібір зекет беріледі. Бұл шарт тек Имам Әбу Ханифаның көзқарасында қажет емес. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ أَنفِقُواْ مِن طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُم مِّنَ الأَرْضِ ﴾
«Әй, иман келтіргендер! Тапқан жақсы нәрселеріңнен, сондай-ақ сендер үшін жерден шығарған нәрселерімізден де жұмсаңдар!..»2.
Әбу Юсуп пен Мұхаммедтің және басқа мәзһаптарда нисаптың толуы шарт. Оларда егістік нисабының көлемі бес уасқ2. Әбу Саъид әл-Хұдри, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ليس فيما دون خمسة أوسق صدقة)
«Бес уасқтан кем нәрседен зекет алынбайды»3.
3 - Қожайынның ақыл-есі дұрыс болуы және балиғатқа толуы шарт емес.
4 - Өнім беретін жер қожайынның өз меншігі болуы шарт емес. Жерді пайда табу мақсатымен жалдаған кісі өнімін жиған кезде зекетін береді. Жерді егін егілгенмен әлі өнім бермеген күйде сатып алған кісі өнім жиған кезде оның зекетін шығарады.
5 - Оның төленуін қарыз тоқтатпайды.
Егістік зекеті кімге парыз?
Жерге пайда табу мақсатымен егін егіп, өнім алған әрбір мұсылманға оның зекетін төлеу парыз. Егер ол меншігіндегі жерді біреуге жалға берсе, онда зекет жалға алған кісіге парыз болады. Егер жерді біреуге уақытша тегін пайдалануға берсе, онда зекет жерді пайдаланған кісіге парыз болады. Кім қожайыннан егістікті өнім алынбай тұрып сатып алса, онда оның зекетін сатып алушы өнім алған кезінде береді. Егер ол жерді өнім түскен соң сатып алса, оның зекетін төлеу сатушыға парыз. Бірлесіп істеген егістікте егілген дән қожайындыкі болса, зекетті қожайын төлейді. Дән жұмысшыныкі болса, зекетті екеуі бөліп төлейді.
Өнім жиналған соң жұмсалып қойылса, оның зекеті қожайынның мойнына қарыз болады. Осы қарызбен өмірден озса, артында қалған мал-мүлкінен алынып, тиісті орнына беріледі.
Балдың зекеті
Ханафи мен ханбали мәзһаптарының көзқарасында балдан да зекет беріледі. Бал зекетінің үкімі егістік пен бау-бақша өнімдерінен берілетін зекеттің үкіміне ереді.
Жібек құртынан алынатын жібектен зекет берілмейді. Өйткені ол жапырақтармен қоректенеді, ал жапырақтарға зекет берілмейді.
Балдан берілетін зекет мөлшері
Ханафи мәзһабінда бал зекетіне нисаптың толуы мен жыл айналымы шарт емес. Екі мәзһаптың арасындағы айырмашылық мынада: ханафи мәзһабінда нисап шарт емес. Ал ханбали мәзһабінда нисап шарт және оның көлемі он фарқ4. Имам Әбу Ханифаның көзқарасында ъушрия жерінде қоректенген араның балынан өнім аз болсын, көп болсын 1/10-і беріледі. Абдулла ибн Амру, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты: «Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) балдан 1/10-ін алатын»5. Әбу Саййара, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінен:
(يا رسول الله إن لي نحلا, قال: فأد العشور)
«Мен омарташымын»-деп сұрағанында, ол: «Оның оннан бірін бер!»-деді6.