
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
1 - Жайылымдағы малдар.
2 - Алтын мен күміс.
3 - Сауда тауарлары.
4 - Пайдалы қазбалар және қазына.
5 - Егістік пен бау-бақша өнімдері.
Бірінші: Жайылымдағы малдар
Жайылымдағы малға немесе үй малына түйе, сиыр және қой-ешкі жатады.
Мал зекетін парыз ететін шарттар
1 - Түйе, сиыр және қой-ешкі секілді үй малы болуы. Жабайы малдан мүлде зекет берілмейді. Үй малы мен жабайы мал қатынасынан туған малдан зекет төлену, төленбеуі оның енесіне қатысты. Енесі үй малы болса, зекет төленеді. Ал жабайы болса, төленбейді.
2 - Нисабы толуы.
3 - Иесінің қолында бір жыл айналуы. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(ليس في مال زكاة حتى يحول عليه الحول)
«Бір жыл айналмаған малдан зекет берілмейді»1.
Ханафи, шафиғи және ханбали мәзһаптарының көзқарасында нисабы толған мал-мүліктің зекетін алдын-ала төлеуге болады. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аббастың Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) зекетті уақытынан алдын төлеу үкімі жайында сұрағанда бұлай істеуіне рұқсат етілді2.
Алайда зекетті алдын-ала төлеу келесі шарттарды қажет етеді:
- Зекет алдын-ала төленуі үшін мал-мүліктің нисапқа толуы.
- Жыл барысында және жыл соңында нисаптың кемімеуі.
4 - Жем берілмей өз бетінше жайылуы. Шариғаттың анықтамасында: сүт беруі, өсіп-өнуі, семіруі және көбеюі үшін бір немесе одан да көбірек жыл жайылған мал.
5 - Рұқсат етілген жерде жайылуы.
6 - Жайылымға жіберілуіндегі мақсат: сүт беруі, семіруі және көбеюі. Жайылымда жүк көтеруі және мінілуі үшін ұсталған малдан зекет берілмейді. Мал жайылымда сауда үшін ұсталса, мал зекеті емес, сауда зекеті беріледі. Егер де жыл барысында қожайынның саудалық мақсаты сүт алу, семірту және көбейту мақсатына өзгерсе, сол мезеттен алғашқы мақсатының жыл айналымы бұзылып, кейінгі мақсатының жыл айналымы басталады.
Түйе зекеті
Түйе малының нисабы мен одан берілетін зекет мөлшері Әбу Бәкірдің Бахрейнге әмір етіп жіберген Анасқа жазған хатында белгіленген. Оның мәтіні: «Бұл - Аллаһ тағаланың елшісіне бұйырғаны және Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) мұсылмандарға парыз еткен парыз садақасы (зекеті)... Жиырма төрттен және одан аздан қоймен беріледі. Әр бес түйеге бір қойдан беріледі. Жиырма бестен отыз беске дейінгі түйе санынан бір ұрғашы тайлақ беріледі. Отыз алтыдан қырық беске дейінгі түйе санынан бір ұрғашы інгешік беріледі. Қырық алтыдан алпысқа дейінгі түйе санынан бір ұрғашы інгенше беріледі. Алпыс бірден жетпіс беске дейінгі түйе санынан бір ұрғашы інген беріледі. Жетпіс алтыдан тоқсанға дейінгі түйе санынан екі інгешік беріледі. Тоқсан бірден жүз жиырмаға дейінгі түйе санынан екі інгенше беріледі. Жүз жиырмадан асқан түйе санынан әрбір қырық түйеден бір інгешік және әрбір елу түйеден бір інгенше беріледі. Кімнің төрт түйесі болса, әрине, қожайыны өз еркімен садақа бергісі келмесе, одан зекет төленбейді. Түйесінің саны беске толғанда одан бір қой зекет береді..»1.
Түйе малының нисабы бестен басталады және одан кем түйеден зекет берілмейді. Берілетін мал ұрғашы болуы шарт.
Түйе малының нисабы мен одан берілетін зекет мөлшері төменде кестеленген бейнеде ұсынылады:
Түйе саны |
Берілетін мал мөлшері |
|
5 |
1 қой |
|
10 |
2 қой |
|
15 |
3 қой |
|
20-24 |
4 қой |
|
25-35 |
1 тайлақ |
Тайлақ дегеніміз 1 жасар түйенің атауы |
36-45 |
1 інгешік |
Інгешік дегеніміз 2 жасар түйенің атауы |
46-60 |
1 інгенше |
Інгенше дегеніміз 3 жасар түйенің атауы |
61-75 |
1 інген |
Інген дегеніміз 4 жасар түйенің атауы |
76-90 |
2 інгешік |
|
91-120 |
2 інгенше |
|
Түйе малының саны 120-дан асса, есеп қайта басталады. Әрбір 40 түйеге 1 інгешік беріледі және әрбір 50 түйеге 1 інгенше беріледі.
Түйе саны |
Берілетін мал мөлшері |
121-129 |
3 інгешік |
130-139 |
2 інгешік және 1 інгенше |
140-149 |
1 інгешік және 2 інгенше |
150-159 |
3 інгенше |
160-169 |
4 інгешік |
170-179 |
3 інгешік 1 інгенше |
180-189 |
2 інгешік және 2 інгенше |
190-199 |
1 інгешік және 3 інгенше |
200-209 |
4 інгенше |
210-219 |
1 інгенше және 4 інгешік |
220-229 |
2 інгенше және 3 інгешік |
230-239 |
3 інгенше және 2 інгешік |
240-249 |
4 інгенше және 1 інгешік |
250-259 |
5 інгенше |
Сиыр зекеті
Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Муазды, Аллаһ тағала оған разы болсын, Йеменге жібергенде оған әр отыз сиырдан бір тайынша бұқа не бір тана зекет алуын және әр қырық сиырдан бір құнажын сиыр зекет алуын бұйырады1.
Сиыр малының зекет төленетін нисабы отыздан басталады және берілетін малдың ұрғашы болуы шарт емес. Отыздан аз сиырдан зекет төленбейді.
Сиыр саны |
Берілетін зекет мөлшері |
30-39 |
1 тайынша бұқа не 1 тана (бір жастан екі жасқа аттаған сиыр баласы) |
40-59 |
1 құнажын (екі жастан үш жасқа аттаған сиыр баласы) |
Сиыр саны елу тоғыздан асқанда әрбір 30 сиырға 1 тайынша бұқа не 1 тана және әрбір 40 сиырға 1 құнан бұқа не 1 ақ тамақ беріледі. |
|
|
|
60-69 |
2 тайынша бұқа не екі тана |
70-79 |
1 құнажын мен 1 тайынша бұқа немесе 1 тана мен 1 құнан бұқа |
80-89 |
2 құнажын |
90-99 |
3 тайынша бұқа не 3 тана не екеуінен араластырылып беріледі |
100-109 |
2 тана мен 1 құнажын не 2 тайынша бұқа мен 1 құнажын |
Қой мен ешкінің зекеті
Әбу Бәкірдің Анасқа, Аллаһ тағала оларға разы болсын, жазған хатының мәтінінен: «...Қой-ешкі зекетіне қатысты, қырықтан жүз жиырмаға дейінгі қой санынан бір қой беріледі. Жүз жиырмадан асқанда екі қой беріледі. Екі жүзден асып, үш жүзге дейінгі қой санынан үш қой беріледі. Үш жүзден асқанда әрбір жүз қойдан бір қой беріледі. Кімнің қойы қырықтан бір қой кем болса, одан зекет берілмейді...»2.
Қой мен ешкі малының зекет төленетін нисабы қырықтан басталады. Қырыққа жетпеген қой-ешкіден зекет берілмейді. Қой зекеті еркегімен де, ұрғашысымен де беріле береді. Сондай-ақ бір жасқа толыңқырамаса да жарайды. Алайда бір жасар болғаны жөн. Қой-ешкі аралас болған жағдайда қайсысының саны көп болса, зекет сонысынан беріледі. Екеуі тең болған жағдайда қайсысынан берілуі иесінің еркінде.
-
Қой-ешкі саны
Берілетін зекет мөлшері
40-120
1 қой
121-200
2 қой
201-300
3 қой
Қой саны 300-ден асқанда әрбір 100 қойдан 1 қой зекет беріледі
301-399
3 қой
400-499
4 қой
500-599
5 қой
Жылқының зекеті
Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің көзқарасында жылқы малынан мүлде зекет берілмейді. Ал имам Әбу Ханифаның көзқарасында жылқы малы жайылымда сүт беруі, семіруі және көбеюі үшін немесе сауда мақсатымен жайылса, тағы бір шарты, еркек, ұрғашы аралас болса не тек ұрғашы болса, сондай-ақ оған бір жыл айналса, зекет беріледі. Алайда тек еркек жылқы болса, одан зекет берілмейді. Әр жылқыға бір динар немесе бар жылқысын ақшалай бағалап, әр екі жүз дирхамнан бес дирхам зекет береді. Ад-Дарақутни жеткізген хабарда Омар Әбу Убайдаға, Аллаһ тағала оларға разы болсын, жылқы зекетіне қатысты жазған хатында былай дейді: «Жылқы иелерін өз еріктеріне қой! Егер олар қаласа, әр жылқы үшін бір динар төлесін. Немесе барлығын ақшалай бағалап, әр екі жүз дирхамнан бес дирхам ал!»1.
Егер жылқы қолдан жем беріліп бағылса, сондай-ақ жүк тасымалдау, міну және соғыс үшін бағылса, одан мүлде зекет төленбейді.
Мағлұмат: Құран мен сүннет мәтіндерінде сенімді дәлел жетпегендіктен, имам Әбу Ханифаның екі шәкірті мен басқа мәзһаптардың көзқарасында жайылымдағы жылқы малынан мүлде зекет төленбейді. Тек қана сауда мақсатымен бағылған жылқы малынан сауда зекеті беріледі.
Жайылымдағы малдардың зекетіне қатысты жалпы үкімдер
1 - Қашыр мен есектен, тіпті жайылымда болса да зекет төленбейді.
2 - Малдың үлкендері қырылып қалып, құрамын тек жаңа туылған төл құраса, олардан бір жыл өтпейінше зекет берілмейді. Алайда олар үлкен малға аралас болса, нисапқа кіргізіліп, олардан зекет беріледі.
3 - Нисабына бір жыл айналған мал қырылып қалса, иесінің мойнынан зекет парызы түседі. Алайда мал қожайынның селқостығынан қырылған болса, немесе тұтынылса, немесе сатылса, ол малдың зекеті мойнына қарыз болады.
4 - Еркек-ұрғашысы аралас түйе малынан және қой малынан еркек мал зекетке берілмейді. Жоғарыдағы хадистің негізінде тек сиыр малынан ғана ұрғашысын да, еркегін де беруге болады. Ұрғашы малдың абзал болуы - сүт беруі мен көбеюінде. Нисап түгелімен еркек малдан құралған жағдайда ғана малдың барлық түрінен еркегін беруге болады.
5 - Арық, ақсақ, соқыр, кәрі, ауру малды зекетке берілмейді.
6 - Жыл барысында туған төл, сондай-ақ сырттан сатып алынған, сыйланған және мұраланған мал саны нисапқа қосылып, зекет барлығынан беріледі.