
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
Анықтамасы
Зекет сөзінің арап тіліндегі атауы – " الزكاة ". Оның тілдік мағынасы: тазару, өсу, өну, арту және береке.
Зекеттің шариғаттық мағынасы: Аллаһ тағалаға ықыласпен бағыну ниетімен мұсылманның өз малынан шариғат белгілеген мөлшердегі бөлігін шығарып, оны пақыр мұсылманның иелігіне беруі. Берілетін мал да зекет деп аталады. Оның пақырға берілуі арқылы мұсылманның жалпы малына береке қонады.
Зекет арқылы мұсылман күнәләрінан және сараңдық қасиетінен тазарады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ خُذْ مِنْ أَمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِم بِهَا ﴾
«Ей пайғамбар! Олардың малдарынан садақа ал. Бұл - олардың күнәләрін кетіріп, жан дүниелерін тазарту үшін..»1.
Зекеттің үкімі
Зекет - ислам тіректерінің бірі. Зекет төлеуге шамасы келетін әрбір мұсылманның зекет беруі парыз айн.
Құраннан дәлел:
﴿ وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ ﴾
«Намазды орындаңдар және зекет беріңдер!»2.
Сүннеттен дәлел:
(بني الإسلام على خمس: شهادة أن لا إله إلا اللّه، وأن محمداً رسول اللّه، وإقام الصلاة، وإيتاء الزكاة، والحج، وصوم رمضان)
«Ислам бес нәрсеге негізделген: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беруге, намазды орындауға, зекет төлеуге, шамасы келген кісіге Аллаһтың үйіне қажылық қылуына, рамазан оразасын ұстауға»1.
Аллаһ тағала ислам үмметі үшін зекеттің парыздығын шариғатқа һижраның екінші жылында шәууәл айында рамазан оразасы мен пітір садақасынан кейін Мәдинада енгізді. Оның парыздығы Құранның 82 жерінде намазбен қоса айтылған. Бұл аяттар намаз бен зекеттің бір-бірінен еш ажырамайтын берік байланыста екенін білдіреді. Шариғат үкімі орнаған елде зекеттің парыздығын жоққа шығарушы кісі кәпір саналады.
Зекеттің сыры2
Аллаһ тағала құлдарының арасына ризық пен қабілеттілік тұрғысынан өзгешелік жасады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿ وَاللّهُ فَضَّلَ بَعْضَكُمْ عَلَى بَعْضٍ فِي الْرِّزْقِ ﴾
«Аллаһ ризықта біреулеріңді екіншілеріңнен артық етті»3.
Қоғамдағы мұсылмандар арасында өзара қарайласуды аяғына тұрғызуда және пақырлар мәселесін шешуде зекеттің рөлі өте зор. Байлардың малдарында пақырлардың қақылары бар. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:
﴿ وَفِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ لِّلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ ﴾
«Сондай-ақ олардың малдарында сұраушыға да, жоқ-жітікке де лайықты үлес бар»4.
Дәулетке бөлеген құлдарын малға қатысты сынау үшін, Аллаһ тағала шариғатқа зекетті парыз етіп, садақаны ерікті етіп енгізді.
Зекеттің сырына келетін болсақ, біріншіден, ол мал-мүлікті арам көздерден, ұрлықшылардан қорғайды. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(حصنوا أموالكم بالزكاة وداووا مرضاكم بالصدقة وأعدوا للبلاء الدعاء)
«Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар және ауруларыңды садақамен емдеңдер, сондай-ақ бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер»5.
Екіншіден, зекет пақырлар мен мұқтаждарға қолғабыс. Өздеріне берілген зекет малымен олар шаруаларын аяғына тұрғызады. Қоғам қайыршылық дертінен аман болады. Қоғамдағы дәулетті кісілер пақырлар үшін жауап береді. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ويل للأغنياء من الفقراء يوم القيامة يقولون: ربنا ظلمونا حقوقنا التي فرضت لنا عليهم فيقول الله تعالى: وعزتي وجلالي لأدنينكم و لأباعدنكم)
Қиямет күні байларға пақырлар тарапынан қайғы жетеді. Олар: «Раббымыз! Мыналар өздеріне берулері парыз етілген лайықты қақымызға әділетсіздік жасады. Сонда Аллаһ тағала: «Үстемдігіме және Ұлылығыма серт! Әлбетте, оларды төмен түсіріп, алыстатамын»-дейді1. Бұл хадис әлсіз дәрежеде болғанымен мағынасын мына аят қуаттайды: «Сондай-ақ олардың малдарында сұраушыға да, жоқ-жітікке де лайықты үлес бар»2.
Үшіншіден, зекет мұсылман адамның жан дүниесін сараңдық пен ашкөздіктен тазартып, басқалардың жағдайына қарайласуға, тек зекет берумен шектелмей, өзінде бар жақсылықты жоқ-жітіктермен бөлісе алуға дағдыландырады. Өзінің қоғамдық бұл міндетін атқаруымен, ол тіпті, мемлекетті дұшпаннан қорғау қажеттілігі туғанда кідірмей мал-мүлкімен демеу көрсетуге дайын тұрады. Жаңадан дамып келе жатқан мұсылман қоғамында имани бағытта тәлім-тәрбие беретін қажетті оқу орындар мен бала-бақшалар салу мәселесі де осы дәулетті мұсылмандардың демеуімен ғана шешіледі.
Төртіншіден, зекет беру мал-мүлік нығметі үшін шүкір ету саналады.
Зекет бермеуші мұсылманның жазасы
Дүниедегі жазасы: Әбу Бәкір, Аллаһ тағала оған разы болсын, халифа болған заманда көптеген мұсылмандар өздеріне Раббылары парыз еткен міндеттерден намазды мойындап, зекет малын төлеуден бас тартады. Сонда Әбу Бәкір былай дейді:
(واللّه لأقاتلن من فرَّق بين الصلاة والزكاة، فإن الزكاة حق المال، واللّه لو منعوني عناقاً كانوا يؤدونها إلى رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم لقاتلتهم على منعها)
«Аллаһқа серт! Әлбетте, намаз бен зекеттің арасын бөлуші әркіммен соғысамын. Расында, зекет - мал-мүліктің қақы. Аллаһқа серт! Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) болған заманда төлеп жүрген бір ешкіні менің кезімде төлеулерінен бас тартса, сол үшін, әлбетте, олармен соғысамын»3.
Ақиреттегі жазасы: Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿وَالَّذِينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلاَ يُنفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ اللّهِ فَبَشِّرْهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ {34} يَوْمَ يُحْمَى عَلَيْهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ فَتُكْوَى بِهَا جِبَاهُهُمْ وَجُنوبُهُمْ وَظُهُورُهُمْ هَـذَا مَا كَنَزْتُمْ لأَنفُسِكُمْ فَذُوقُواْ مَا كُنتُمْ تَكْنِزُونَ {35}﴾
«Алтын мен күмісті қазына етіп жинаушыларды және оны Аллаһ жолында жұмсамаушыларды, (әй, Мұхаммед), оларды қинаушы азаппен сүйіншіле! Қазыналары жәһаннам отына қыздырылған күні: «Бұл - өздерің үшін жиған қазыналарың. Енді, жиған нәрселеріңнің дәмін татыңдар»-делініп, онымен олардың маңдайлары, жамбастары және арқалары күйдіріледі»4.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من آتاه الله مالا فلم يؤد زكاته مثل له شجاعا أقرع له زبيبتان يطوقه يوم القيامة يأخذ بلهزمتيه يعني شدقيه ثم يقول: أنا مالك أنا كنزك)
«Аллаһ тағала мал берген біреу оның зекетін төлемесе, Қиямет күні малы екі зәбибәлі1 қасқа бас жылан бейнесінде көз алдына келіп, оны орап алады және жақ сүйегімен аузына алып: «Мен - қожайыныңмын. Мен - қазынаңмын»-дейді..»2.
Зекет төлеуді парыз ететін шарттар
Бұл шарттар екіге бөлінеді:
1 - Мал-мүліктің иесіне қатысты шарттар.
2 - Мал-мүліктің өзіне ғана қатысты шарттар.
Бірінші: Мал-мүліктің иесіне қатысты шарттар
1 - Мұсылман болуы.
2 - Ақыл-есі дұрыс болуы. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(رفع القلم عن ثلاثة: عن النائم حتى يستيقظ، وعن الصبي حتى يحتلم، وعن المجنون حتى يعقل)
«Қалам үш адамның амалын жазбайды: ұйқыдағы адам, оянғанша; кәмелетке толмаған сәби; жындылығы басылмаған кісі»3.
3 - Балиғат жасқа толуы. Сәби бала әке-шешесінен жетім қалса және дәулетке мұрагер болса, оны бағушы кісіге бұл малдан зекет төлеу парыз емес. Бұл малдың иесі сәбидің өзі болғандықтан, зекет парызын атқару одан балиғатқа толғанда ғана талап етіледі.
4 - Азат болуы. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(ليس في مال المكاتب ولا العبد زكاة حتى يعتق)
«Мукатибтің де, құлдың да мал-мүлкінен, азат болғандарынша, зекет алынбайды»4. Мукатиб дегеніміз - келісімді құнға азаттығын сатып алу үшін қожайынымен келісімге отырған құл.
5 - Зекет төлеуді уәжіп ететін мал-мүліктің мөлшері шариғатта нисап деп аталады. Нисабы толмаған мал-мүліктен зекет төленбейді. Мал-мүлік түрлерінің өзгешелігіне сай, олардың нисаптары да бір-бірінен өзгешеленеді. Нисаптың толуы жыл басындағы мал-мүліктің жыл соңындағы мөлшерімен есептеледі. Жыл бойы түсіп жатқан пайда нисапқа қосылып, жыл соңында барлығынан зекет малы төленеді. Пайда нисаптың өзінен түскен өнім бола ма, әлде сыйлық бола ма, әлде әке-шешесінен қалған мұра бола ма, бәрібір.
Мағлұмат: Басқа мәзһаптарда мал-мүлік иесінің ақыл-есі дұрыс болуы және балиғатқа толуы шарт емес. Оның малына кім жауапты болса, малдың зекетін сол төлейді.
Екінші: Мал-мүліктің өзіне ғана қатысты шарттар
1 - Мал-мүлік зекет төлеушінің өз қолында болуы. Жоғалған, ұрланған, бір жерге көміліп, орны ұмытылған мал-мүліктен зекет төленбейді. Сол секілді мемлекет тарапынан билеп алынған немесе тәркіленген мал-мүліктен де зекет төленбейді.
2 - Мал-мүліктің қайтару уақыты келген қарыздан аман болуы. Зекет төленетін уақыт пен қарыз қайтару уақыты қатар келіп, қайтарылатын қарыз көлемі нисапты кемітсе, зекет төленбейді. Жеміс пен көкөністер зекеті өзінен берілетін болғандықтан, оның төленуін қарыз тоқтатпайды.
3 - Нисаптың күнделікті тіршілік қажеттілігіне жұмсалатын қаражаттан артық болуы. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ابدأ بنفسك فتصدق عليها، فإن فضل شيء فلأهلك، فإن فضل عن أهلك شيء فلذي قرابتك شيء فهكذا وهكذا)
«Алдымен, өзіңе жұмсаудан баста. Егер артылып жатса, отбасыңа жұмса. Егер тағы артылып жатса, туысыңа жұмса. Міне, осылай, осылай жұмса»1.
Үй сатып алу немесе үйлену секілді негізгі қажеттіліктер үшін жиналған қаражатқа бір жыл уақыт өтсе, оның зекеті төленеді.
4 - Нисап шариғат белгілеген мал-мүлік түрінен ғана болуы.
5 - Көкөніс пен жемістен басқа мал-мүлік нисабы, ай есебі бойынша, бір жыл айналуы. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ليس في مال زكاة حتى يحول عليه الحول)
«Қолдағы мал-мүлік бір жыл айналмайынша, одан зекет төленбейді»2.
Қолдағы мал-мүлік өсіп-өнуі үшін, шариғат бір жыл уақыт белгіледі. Ессіз адамның иелігіндегі мал-мүліктің жыл айналымы есі кірген күннен саналады. Ал сәби үшін кәмелетке толған күнінен басталады. Семіртіп сату үшін сатып алынған малдың жыл айналымы сатып алынған күнінен емес, семіртіп бастаған күнінен саналады.
6 - Мал-мүліктің өсіп, көбейіп тұруы. Яғни ақшаның құнды болуы, малдың жайылымда болуы, ал тауар үшін сауда ниетінің болуы.
Зекеттің дұрыстығына қажетті шарттар
1 - Ниет. Зекет парызын өтеу ниеті, негізінде, малдың пақырға берілуімен қатар жасалады. Мал иесі малының зекетін пақырларға үлестіру міндетіне сенімді біреуді өкіл етуіне болады. Зекет ниетін мал иесі ғана жасаса, жеткілікті болады.
2 - Зекет төлеушінің мұсылман болуы.
3 - Зекет нисапқа бір жыл толысымен іле-шала төленуі. Зекетті кешіктіру үкімі мәкрүһ тахриман болғандықтан, күнә саналады. Мұның кесірінен пақырдың мұқтаждығы созылады.
Зекет беруші мал-мүлкі зекетінің қалай берілетіндігін зекет фиқһін білетін әділ кісіден сұрап, зекетінің есебін дұрыс жасауы шарт.
4 - Зекеттің лайықты кісіге берілуі. Бұл - шариғат белгілеген сегіз түрлі кісінің бірі.
5 - Зекет, міндетті түрде, пақырдың иелігіне өтуі шарт.
6 - Зекет, ең алдымен, жиналған жердегі жергілікті пақырларға үлестірілуі шарт. Басқа жердегі пақырларға апарылмай, үміттеніп күтіп жүрген өз жеріндегі пақырларға үлестіру лайықтырақ. Әрине, егер басқа жерде пақыр туыстары болса немесе бұл жерден де мұқтажырақ пақырлар болса, онда оларға апаруға әбден болады. Муаз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Йемендегі байлардан жиналған зекеттердің біразын Мәдинадағы пақырларға жіберетін. Өйткені олар Йемендегі пақырларға қарағанда мұқтажырақ болатын.
7 - Өз жынысынан төленетін мал-мүлік, мысалы, мал мен жемістер сипаты жөнінен орташа болуы шарт. Егер зекет жинаушылар малдың жақсысын алса, мал иесі зиян шегеді. Ал жаманын алса, керісінше, пақыр зиян шегеді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Муазды, Аллаһ тағала оған разы болсын, Йеменге жібергенде оған былай ескертеді:
(فإياك وكرائم أموالهم)
«Малдарының ең жақсысын алудан сақтан..»1.
8 - Малдың адал болуы. Өйткені арам малдан мүлде зекет алынбайды.
Берілетін зекет малының орнына құнын төлеуге болады. Жайылымдағы малдың құны зекет берілетін күні жергілікті жердегі мал бағасымен өлшенеді. Мал айдалада болса, сол далаға ең жақын қаладағы немесе ауылдағы малдың құнымен бағаланады.
Бір пақырға бір нисаптың зекетінен артық мал берілу - мәкруһ. Тек қарыздар пақырға қарызын қайтара алатындай етіп қана беруге болады.
Ханафи мәзһабінда мал иесі зекет беретін кезде қайтыс болса, зекет мойнынан түседі.