Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Екінші бөлім: Иътикаф

«Иътикаф» сөзі араптың "الاعتكاف" сөзінен алынған. Оның тілдік мағынасы: бір орында біраз уақыт болу және бір нәрсеге берілу.

Шариғаттағы мағынасы: парыз намазы жамағатпен оқылатын мешітте ораза ұстап, құлшылыққа берілу үшін, бірнеше күн мешітте болу.

Иътикафтің үкімі:

1 - Рамазан айының соңғы он күндерінде жасалатын иътикафтің үкімі сүннет. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم كان يعتكف العشر الأواخر من رمضان حتى توفاه اللّه عز وجل)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Мәдинаға келгеннен көз жұмғанға дейін рамазанның соңғы он күндерінде иътикаф жасайтын..»1.

2 - Аллаһ тағалаға берілген серттің негізінде жасалатын нәзір иътикафтің үкімі уәжіп. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде салиқалы құлдарына берген сипаттамасында былай дейді:

﴿ يُوفُونَ بِالنَّذْرِ وَيَخَافُونَ يَوْماً كَانَ شَرُّهُ مُسْتَطِيراً

«Олар нәзірлерін орындайды және жамандығы шашырайтын күннен қорқады»2.

Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(من نذر أن يطيع اللّه فليطعه)

«Кім Аллаһқа бағынуға нәзір берсе, Оған бағынсын..»3.

3 - Басқа айларда кез келген уақытта иътикаф жасау мүстахап.

Иътикафтің ұзақтығы

Рамазан иътикафінің ұзақтығы он күн болуы шарт. Нәзір иътикафтің ұзақтығы ең азы бір күн болуы ләзім. Ораза иътикафтің шарты болғандықтан, бір күннен аз жасалуы дұрыс емес. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(لا اعتكاف إلا بصوم)

«Оразасыз иътикаф болмайды»1.

Нәпіл иътикафтің ұзақтығы имам Әбу Ханифаның көзқарасында ең азы бір күн, ал Мұхаммедтің көзқарасында бір сағат және одан асырса болады, ал Әбу Юсуптің көзқарасында күндіздің көп бөлігі болуы қажет.

Иътикафтің дұрыстығына қажетті шарттар

1 - Ниет.

2 - Мешітте кідіру (тұру). Жамағат көп келетін мешітте жасалуы абзал. Нәзір сөзінде бір мешіт белгіленген болса, бәрібір, қай мешітте жасаса да, иътикафі дұрыс болады. Әйел кісі мешітке қарағанда өз үйінің жанынан иътикафқа арнап тігілген шатырда немесе арнайы бөлмеде жасағаны дұрыс.

3 - Ораза ұстау. Ораза тек нәпіл иътикафта ғана шарт емес.

Иътикаф жасаушыға қатысты шарттар

1 - Мұсылман болу.

2 - Ақыл есі дұрыс болу.

3 - Бойдәретті болу.

Иътикафтің мәкрүһтәрі

1 - Сауда жасау немесе дүние ісімен шұғылдану.

2 - Мүлде сөйлеспеу.

3 - Дүниелік және бос сөз сөйлеу.

Иътикафті бұзатын нәрселер

1 - Мешіттен себепсіз немесе ұмытып бір сағатқа шығу. Алайда білім отырысына қатысу үшін, науқастың көңілін сұрау үшін, жаназаға қатысу үшін, қазының шақыруымен куә болу үшін, кенеттен ауырып қалғандықтан шығуға болады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(وإن كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم ليدخل عليّ رأسه وهو في المسجد فأرجله، وكان لا يدخل البيت إلا لحاجة إذا كان معتكفاً)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) басын бөлмеме кіргізгенімен, аяқтары мешітте болатын. Иътикаф кезінде қажетсіз үйге мүлде кірмейтін»2.

2 - Себеп аяқталғанда мешітке оралмауы.

3 - Әйел кісі үшін хайыз бен нифастың келуі.

4 - Төсектік қатынасқа түсу немесе құшақтап аймалау.