
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
Су қоймасындағы және цистернадағы судың көлемі құдық суының көлемімен өлшенбейді. Цистернада бетінің көлемі 49м2 , ал тереңдігі 25см суға нәжіс түссе, судың толық төгілуі шарт. Көлемі бұдан көбірек болса, су үкімі нәжіс әсерінің көлеміне байланысты болады. Бұған түскен жануар өлгенімен, әлі шіріп бастамаған күйде шығарылса, бұл сумен дәрет немесе ғұсыл алып намаз оқыған кісі, лайықты көлемде су шығарылмағандықтан, бір күндік намазын қайта оқиды. Жануар ісініп, шіріген күйде шығарылса, үш күндік намазын қайта оқиды. Бұл сумен жуылған киім қайта жуылады.
Ішілгеннен қалған сулар
Ішілгеннен қалған су дегеніміз - адам немесе жануар ішкен ыдыстағы су.
Үкімі: ішілген судың тазалығы - оны ішкен жануардың етінің тазалығына байланысты. Өйткені сілекей еттен бөлінеді. Ішілгеннен қалған су төртке бөлінеді:
1. Таза және тазалаушы
ә) Адам ішкен су. Мұсылман немесе кәпір болса да, жүніп немесе етеккір халде болса да. Әл-Бұхари жеткізген хадисте пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сүт ішкенде оң жағында бәдеуи, ал сол жағында Әбу Бәкір отырады1. Сонда пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сүтті, алдымен, бәдеуиге беріп: «Оң жақтан, оң жақтан»-дейді.
Айша анамыз, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Мен еттекір күйде болғанымда пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) ыдысымен сусын ішетінмін. Менің аузым тиген жерге аузын тигізіп, сол ыдыстан ол да ішетін»2.
а) Қаны ақпайтын жәндіктерден қалған су.
б) Жылқы және еті адал жануарлар ішкеннен қалған су.
2. Нәжіс
ә) Доңыз, ит, жыртқыш аңдар және еті арам болған жануар ішкеннен қалған су.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ قُل لاَّ أَجِدُ فِي مَا أُوْحِيَ إِلَيَّ مُحَرَّماً عَلَى طَاعِمٍ يَطْعَمُهُ إِلاَّ أَن يَكُونَ مَيْتَةً أَوْ دَماً مَّسْفُوحاً أَوْ لَحْمَ خِنزِيرٍ فَإِنَّهُ رِجْسٌ ﴾
«(Әй, Мұхаммед!) Маған уахи етілген нәрседе тамақтанушы үшін өлекседен, аққан қаннан және доңыз етінен басқа нәрселерді арам көрмеймін...»3.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді: «Біреудің ыдысын ит жалап кетсе, жеті мәрте жусын және біріншісін топырақпен»4.
а) Арақ ішкен адам арақтан кейін бірден ыдыстан су ішсе, ол ыдыстағы ішкенінен қалған су нәжіс саналады. Өйткені арақ - нәжіс.
б) Аузы нәжістенген мысық, тауық, түйе және сиыр ішкеннен қалған су.
3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
ә) Қоқыс аралаған мысық пен тауық ішкеннен қалған су.
а) Жыртқыш құс ішкеннен қалған су.
б) Үй жәндіктерінен болған тышқан және жылан ішкеннен қалған су. Өйткені олардың еттері арам.
Мұндай су тиген киіммен намаз оқу мәкруһ.
4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
Бұл - қашыр мен есек ішкеннен қалған су. Егер өзінен басқа таза су табылмаса, онымен дәрет алуға болады. Алайда дәреттен кейін таяммум алу қажет.
Тер араласқан судың үкімі ішілген судың үкіміне ереді. Өйткені тер де сілекей секілді еттен бөлінеді.
Үшінші бөлім: Іш дәрет