Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Төртінші: Мәкрүһ ораза

1 - Ашура оразасында бір ғана оныншы күнді ұстау мәкрүһ танзиһан. Яғни тоғызын немесе он бірін қосып ұстаған жөн.

2 - Жұма күні арнайы ораза ұстау мәкрүһ танзиһан.

(لا تختصوا ليلة الجمعة بقيام من بين الليالي، ولا تَخُصُّوا الجمعة بصيام من بين الأيام، إلا أن يكون في صوم يصومه أحدكم)

«Жұманың түнін басқа түндерден ерекшелеп, түнгі (нәпіл) намазға арнамаңдар! Сондай-ақ басқа күндерден ерекшелеп, жұма күні арнайы ораза ұстамаңдар! Алайда біреулерің ұстап жүрген (бірнеше күндік) ораза сол күнге келіп қалса, ұстауына болады»1.

3 - Сенбі күні арнайы ораза ұстау мәкрүһ танзиһан. Абдулла ибн Буср әпкесінен, Аллаһ тағала оларға разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(لا تصوموا يوم السبت إلا فيما افترض اللّه عليكم)

«Аллаһ тағала өздеріңе парыз еткен оразада болмаса, сенбі күні ораза ұстамаңдар!»2.

4 - Өмір бақи ораза ұстау мәкрүһ танзиһан. Абдулла ибн Амру, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(لا صام من صام الأبد)

«Өмір бақи ораза ұстаушының оразасы жоқ!»3.

5 - Күмәнді күні ораза ұстау мәкрүһ тахриман. Күмәнді күн дегеніміз - шағбан айының жиырма тоғызыншы күнінен кейінгі күн. Күн бұлтты болғандықтан, оның не шағбанның соңы екені, не рамазанның басы екені белгісіз.

6 - Уисал ораза. Уисал ораза дегеніміз - бүгінгі күнгі оразаны ауыз ашпай, сәресі ішпей келесі күннің оразасымен жалғастыру. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(إياكم والوصال. قالوا: فإنك تواصل يا رسول اللّه. قال: إنكم لستم في ذلك مثلي. إني أبيت يطعمني ربي ويسقيني فاكلفوا من الأعمال ما تطيقون)

«Уисал жасаудан сақтаныңдар!». Сонда адамдар: «Әй, Аллаһтың елшісі! Сіз солай жалғастырасыз ғой?»-дейді. Ол (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Бұл істе сендер мен секілді емессіңдер. Мені түнде Раббым тамақтандырып, шөлімді қандырады. Шамаларың келетін істерді атқарыңдар»-дейді1.

7 - Жолаушы кісіге қиналып ораза ұстау мәкрүһ тахриман. Жәбир ибн Абдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(ليس من البر أن تصوموا في السفر)

«Сапарда ораза ұстау жақсылық емес»2.

8 - Әйел кісіге күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстау мәкрүһ танзиһан. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(لا تصوم المرأة وبَعْلُها شاهد إلا بإذنه)

«Әйел кісіге күйеуі қасында бола тұра, оның рұқсатынсыз ораза ұстауына болмайды»3. Біріншіден, әйел кісі әлсіз жан саналады. Екіншіден, жүкті немесе бала емізген болуы мүмкін. Үшіншіден, үй шаруасы мен балаларына қарауы одан әжептәуір күш-жігерді талап етеді. Әйел затына осы міндеттерін толық атқаруға қажетті әл-қуатын нәпіл ораза алатын болғандықтан, күйеуінің келісімінсіз ұстауына болмайды.

9 - Сөйлемей ораза ұстау мәкрүһ танзиһан. Бұл - ислам шариғатына жат ораза. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(بينما النبي صلى اللّه عليه وسلم يخطب إذا هو برجل قائم، فسأل عنه فقالوا: أبو إسرائيل نذر أن يقوم ولا يقعد، ولا يستظل ولا يتكلم، ويصوم. فقال النبي صلى اللّه عليه وسلم: (مره فليتكلم وليستظل وليقعد وليتم صومه)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) құтпа айтып тұрғанда бір кісінің түрегеп тұрғанын көреді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оның отырмай түрегеп тұруының мәнісін сұрағанда, адамдар: «Ол - Әбу Исраил. Отырмай, түрегеп тұруға, көлеңке қолданбауға және сөйлеспей ораза ұстауға серт беріпті»-дейді. Сонда пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Оған сөйлесуін, көлеңкені қолдануын, отыруын және оразасын жалғастыруын бұйырыңдар!»-дейді»4.

10 - Ораза айты мен Құрбан айтында ораза ұстау мәкрүһ тахриман. Әбу Саъид әл-Хұдри, былай деді:

(نهى النبي صلى اللّه عليه وسلم عن صوم يوم الفطر والنحر)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ораза мен Құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салды»5.

11 - Ташриқ күндері ораза ұстау мәкрүһ тахриман. Нубайша Әл-Һузали, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(أيام التشريق أيام أكل وشرب)

«Ташриқ күндері - тамақ жеп, сусын ішетін күндер»1.

Бесінші: Нәзір

Нәзір дегеніміз - Мұсылманның Аллаһ тағалаға бір істі орындауына серт беруі. Нәзірді орындаудың үкімі - парыз. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде салиқалы құлдарына берген сипаттамасында былай дейді:

﴿ يُوفُونَ بِالنَّذْرِ وَيَخَافُونَ يَوْماً كَانَ شَرُّهُ مُسْتَطِيراً

«Олар нәзірлерін орындайды және жамандығы шашырайтын күннен қорқады»2.

Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(من نذر أن يطيع اللّه فليطعه)

«Кім Аллаһқа бағынуға нәзір берсе, Оған бағынсын!..»3.

Орындалатын нәзірдің шарттары:

1 - Намаз, ораза, қажылық секілді құлшылық болуы.

2 - Орындаушының шамасы жетуі.

Нәзірдің түрлері:

1 - Еркін нәзір. Бұл - «Раббым үшін екі рәкат намаз оқимын» немесе «Раббым үшін бір күн ораза ұстаймын» деген сертпен кез келген уақытта және кез келген жерде орындалуы парыз болған нәзір.

2 -Тәуелді нәзір. Бұл нәзір өз ішінде екіге бөлінеді:

Бірінші: Шарттың жүзеге асуына тәуелді нәзір. «Аллаһ тағала маған бала нәсіп етсе, он міскінді тамақтандырамын» немесе «Аллаһ тағала осы ісімді жеңілдетсе, бір апта ораза ұстаймын» деген сертпен берілген нәзірдің орындалуы шарттың жүзеге асуына тәуелді. Аллаһ тағаланың оған бала нәсіп етуі жүзеге асса, нәзірін орындауы уәжіп болады.

Екінші: Шартқа тәуелді болғанымен оның жүзеге асуын қаламайтын нәзір. «Пәленшемен сөйлеспеуге серт беремін. Егер онымен сөйлесіп қойсам, Аллаһ үшін бір ай ораза ұстаймын» деген сертпен берілген нәзірдің орындалуы пәленшемен сөйлесіп қоюына тәуелді. Егер сөйлесіп қойса, не нәзірін орындайды, не ант бұзу кәффәрәтін өтейді.

Оразаның мүстахаптары

1 - Ауыз ашуды кешіктірмеу. Саһіл ибн Саъд, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(لا يزال الناس بخير ما عجلوا الفطر)

«Адамдар ауыз ашуды кешіктіру әдетін шығармайынша жақсылықта жалғаса береді»1.

2 - Алдымен, үш құрмамен ауыз ашып, сосын ақшам намазын оқу. Салман ибн Ъамир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(إذا أفطر أحدكم فليفطر على تمر، فإن لم يجد فليفطر على الماء فإنه طهور)

«Сендерден кім ауыз ашса, құрмамен ашсын. Егер құрма табылмаса, сумен ашсын. Расында, су - таза»2.

3 - Ауыз ашқанда дұға жасау. Абдулла ибн Амру, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(إن للصائم عند فطره لدعوة ما ترد)

«Ораза ұстаушының ауыз ашарда жауапсыз қалмайтын дұғасы бар»3.

4 - Сәресі ішу. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(تسحروا، فإن في السحور بركة)

«Сәресі ішіңдер! Негізінде, сәресінде береке бар»4. Аз нәрсе қабылданса да, сәресі ішу сүннет. Сол секілді сәресін кешіктіріп қабылдау мүстахап. Әбу Ад-Дарда, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(ثلاث من أخلاق المرسلين: تعجيل الإفطار، وتأخير السحور، ووضع اليمين على الشمال في الصلاة)

«Үш қасиет елшілерге тән: ауыз ашуға асығу, сәресін кешіктіріп қабылдау және намазда оң қолды сол қолдың үстіне қою»5.

5 - Жүніп кісіге таң атпай ғұсыл құйыну.

6 - Көп Құран оқу және Құран дәрістерін алу. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم أجود الناس، وكان أجود ما يكون في رمضان حين يلقاه جبريل، وكان يلقاه في كل ليلة من رمضان فيدارسه القرآن)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) ең жомарт кісі болатын. Рамазанда өзімен Жебірейіл кездескенде сондай жомарт болатын. Жебірейіл онымен рамазанның әр түнінде кездесіп, Құран дәрісін беретін»6.

7- Отбасына және қарамағындағы адамдарға кеңшілік жасау.

8 - Көп садақа беру. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم أجود الناس بالخير، وكان أجود ما يكون في رمضان)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) жақсылық жасауда ең жомарт кісі болатын. Ерекше жомарттығы рамазанда көрінетін»1.

9 - Рамазанның соңғы он күндерінде иътикаф жасау. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يجتهد في العشر الأواخر ما لا يجتهد في غيره)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) рамазанның соңғы он күндерінде жасаған іждағаты басқа айлардағы іждағатынан ерекше болатын»2.

Оразаның мәкрүһтәрі

1 - Организмді әлсірететін болғандықтан, хижама жасату, қан алдыру және ауыр жұмыс істеу. Анас ибн Мәлик, Аллаһ тағала оған разы болсын, өзінен:

(أكنتم تكرهون الحجامة للصائم؟ قال: لا، إلا من أجل الضَّعف)

«Ораза ұстаған кісіге хижаманы ұнатпаушы едіңдер ме?»-деп сұралғанда: «Жоқ. Тек әлсіздік келтіре ме деп, ұнатпағанымыз болмаса (жек көрмейтінбіз)»-деп жауап береді3.

2 - Тамақтың дәмін тату. Күйеуінің мінезі нашар болған әйелге тамақтың тұзын байқауына болады.

3 - Дәмсіз шайыр (смола) шайнау. Егер ауызда бірігіп тұрса, мәкрүһ болады. Ал үгітілсе, ораза бұзылады. Кейін қазасын өтейді. Үмму Хабиба анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(لا يمضغ العلك للصائم)

«Ораза ұстаушыға шайыр шайнауға болмайды»4. Қазіргі кездегі сағыздарда дәм болғандықтан, оны ораза кісіге мүлде шайнауға болмайды.

4 - Шәһуат сезіміне ұстамды емес кісіге жұбайын құшақтау немесе сүю. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أن رجلاً سأل النبي صلى اللّه عليه وسلم عن المباشرة للصائم فرخص له، وأتاه آخر فسأله فنهاه، فإذا الذي رخص له شيخ، والذي نهاه شاب)

«Бір кісі пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) келіп, жұбайын құшақтау жайында сұрайды. Аллаһтың елшісі оған рұқсат береді. Сосын тағы біреу келіп сұрайды. Оған рұқсат бермейді. Сөйтсе, өзіне рұқсат берілген кісі шал екен. Ал рұқсат берілмеген жас жігіт екен»5.

5 - Ауыз бен мұрынды тереңірек шаю.

6 - Ауыз ашуды әдейі кешіктіру.

7 - Ауызға сілекей жинау және оны жұту.

Ораза ұстаушыға мәкрүһ емес істер:

1 - Шәһуат сезіміне ұстамды кісіге жұбайын құшақтауы және сүюі. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يقبل وهو صائم ويباشر وهو صائم)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) ораза бола тұра сүйетін және ораза бола тұра құшақтайтын»1.

2 - Мұртты майлау.

3 - Сүрме жағу. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(اكتحل رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم وهو صائم)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) ораза бола тұра сүрме жағатын»2.

4 - Организм әлсіремейтін болса, хижама жасату, қан алдыру және ауыр жұмыс істеу.

5 - Мәсуек қолдану. Амир ибн Рабиъа, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(ما أحصي ولا أعد ما رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يتسوك وهو صائم)

«Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) ораза бола тұра мәсуек қолданғанын қанша мәрте көргенімді санай алмаспын»3.

6 - Шомылу және ыстық күні салқындау мақсатымен суға малту немесе киімін сулап кию. Әбу Бәкір ибн Абдурахман сахабалардың бірінің былай дегенін айтты:

(لقد رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم بالعَرَج يصب على رأسه الماء وهو صائم من العطش أو قال من الحر)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) ораза бола тұра, шөл қысқандықтан, басына су құйғанын көрдім. Немесе ыстық қысқандықтан,-деді»4.