
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Екінші: Уәжіп ораза
Уәжіп ораза үшке бөлінеді:
1 - Бұзып алынған нәпіл оразасының қазасын өтеу.
2 - Бастаған нәпіл оразасын толық ұстау. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ وَلَا تُبْطِلُوا أَعْمَالَكُمْ ﴾
«Амалдарыңды жоймаңдар!»1.
3 - Нәзір иътикафтің2 оразасын ұстау. Мысалы, кім бір апта бойы мешітте иътикаф жасаймын деп Аллаһ тағалаға ант берсе, оны орындауы және оразасын ұстауы уәжіп болады.
Үшінші: Сүннет ораза
Сүннет оразалардың мақсаты мұсылманның Раббысымен байланысын күшейтіп, Оған жақындату. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(من صام يوما في سبيل الله باعد الله تعالى وجهه عن النار سبعين خريفا)
«Кім Аллаһ жолында бір күн ораза ұстаса, Аллаһ тағала оның жүзін оттан жетпіс күзге (жылға) алыстатады»1.
1 - Бір күн ораза, бір күн ауыз ашу. Абдулла ибн Амру, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(أفضل الصيام صوم داود كان يصوم يوما ويفطر يوما)
«Ең абзал ораза - Дәудтің (алайһи ас-салам) оразасы. Ол бір күн ораза ұстайтын және бір күн ауыз ашатын»2.
2 - Һижра есебі бойынша әр айдың он үшінші, он төртінші және он бесінші күндерін ораза ұстау. Әбу Зарр, Аллаһ тағала оған разы болсын, өзіне Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا صمت من الشهر ثلاثة أيام فصم ثالث عشرة و رابع عشرة و خامس عشرة)
«Бір айда үш күн ораза ұстайтын болсаң, он үшінші, он төртінші және он бесінші күндерінде ұста»3.
3 - Дүйсенбі және бейсенбі оразасы. Усама ибн Зайд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) дүйсенбі мен бейсенбі күні ораза ұстайтын. Мұның себебі жайында сұралғанда:
(تعرض الأعمال يوم الاثنين والخميس، فأُحبّ أن يعرض عملي وأنا صائم)
«Адамдардың амалдары дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсынылады. Амалымның ораза болған күйде ұсынылуын ұнатамын»-деп жауап береді4.
4 - Шәууәл айының алты күн оразасы. Әбу Аййуп, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من صام رمضان، ثم أتبعه ستاً من شوال كان كصيام الدهر)
«Кім рамазанды ұстаса, сосын ізінше шәууәлдің алты күнін ораза ұстаса, мұнысы дәуір оразасы болады»5.
5 - Арафа оразасы. Бұл - ораза қажылықтағы кісілерден басқалар үшін және зүлхижжа айының тоғызында ұсталады. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(صيام يوم عرفة أحتسب على اللّه أن يكفر السنة التي قبله والسنة التي بعده)
«Арафа күнгі оразамен Аллаһтан тілейтін сауабым - өткен жыл мен келер жылды (күнәләрін) жууы»6. Тағы бір хадисте:
(ما من يوم أكثر من أن يعتق الله فيه من النار من يوم عرفة)
«Аллаһ басқа күндердің ешбіреуінде Арафа күніндегідей етіп, құлдарын оттан құтқармайды»7.
6 - Зүлхижжа айының Арафа күнінен бұрынғы сегіз күн оразасы. Хафса, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أربع لم يكن يدعهن رسول الله صلى الله عليه وسلم صيام عاشوراء والعشر و ثلاثة أيام من كل شهر و الركعتين قبل الغداة)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) төрт нәрсені тастамайтын: Ашура оразасын, зүлхижжа айының он күнін, әр айдың үш күнін, таң намазы алдындаға екі рәкат сүннетті»1.
Зүлхижжа айының алғашқы он күнінде, жалпы, істелетін амалдардың сауабы өте ерекше. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ما من أيام العمل الصالح فيهن أحب إلى اللّه من هذه الأيام العشر، فقالوا: يا رسول اللّه ولا الجهاد في سبيل اللّه؟ فقال، ولا الجهاد في سبيل اللّه إلا رجل خرج بنفسه وماله فلم يرجع من ذلك بشيء)
«Бұл күндері істелетін ізгі амалдардан Аллаһ тағалаға сүйкімдірек болатын ешқандай амал жоқ!»-деді. Сахабалар одан: «Әй, Аллаһтың елшісі, ол тіпті Аллаһ жолында күресуден де сүйкімдірек пе?»-деп сұрады. Ол: «Иә, тіпті, Аллаһ жолында күресуден де сүйкімдірек! Алайда, біреу жаны мен малын Аллаһ тағаланың жолында құрбан ету ниетімен аттанып, сосын үйіне одан ешнәрсе оралмаса, әрине, оған тең келер еш амал жоқ»-деді2.
7 - Ашура оразасы. Бұл ораза мүхаррам айының онында ұсталады. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(قدم النبي صلى الله عليه وسلم فرأى اليهود تصوم عاشوراء فقال: ما هذا؟ قالوا: يوم صالح نجى الله فيه موسى وبني إسرائيل من عدوهم فصامه موسى فقال: أنا أحق بموسى منكم فصامه و أمر بصيامه)
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Мәдинаға келгенде яһудилердің ашура оразасын ұстап жүргендерін байқайды. Сосын олардан: «Бұларың не үшін?»-деп сұрайды. Олар: «Бұл - игі күн. Аллаһ тағала бұл күні Мұсаны және Исраил ұрпақтарын дұшпандарынан (перғауыннан) құтқарған болатын. Мұса осы күні ораза ұстаған»-дейді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оларға: «Сендерге қарағанда Мұсаға мен жақынырақпын»-деп, ораза ұстайды және басқаларға да ораза ұстауларын бұйырады3.
Мүхаррам айының оныншы күнімен қатар тоғызыншы күнін ораза ұстау сүннет. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لئن بقيت إلى قَابِل لأصومن التاسع)
«Келесі жылы тірі болсам, әлбетте, тоғызыншы күнін де ораза ұстаймын»4. Әбу Қатада, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты: «Арафа күнгі ораза екі жылды: өткен және келер жылдарды жуады. Ал Ашура күнгі ораза өткен жылды жуады»5.
8 - Мүхаррам айындағы ораза. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(أفضل الصلاة بعد المكتوبة جوف الليل وأفضل الصيام بعد رمضان شهر الله المحرم)
«Парыз намаздарынан кейін, ең абзал намаз - түнгі (нәпіл) намаз. Рамазаннан кейін, ең абзал ораза - Аллаһтың мүхаррам айы»6.
9 - Шағбан оразасы. Үмму Салама, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى الله عليه وسلم لم يكن يصوم من السنة شهرا تاما إلا شعبان يصل به رمضان)
«Аллаһтың елшісі рамазанмен байланыстырып, бір жылда шағбаннан басқа айда толық ай ораза ұстамайтын»1.
Ханафи мен мәлики мәзһаптарында бұл оразалардың ішінде Ашура оразасынан басқасының үкімі бекітілмеген сүннет. Бекітілмеген сүннет дегеніміз - пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірде істеп, бірде істемеген іс. Істелуі сауап, істелмеуі мәкруһ емес. Бекітілмеген сүннеттің басқа атаулары: мәндуп, мустахап және әдеп.
Нәпіл оразаларын үзу үкімі
1 - Нәпіл оразаны себепсіз үзу мәкрүһ. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا دعي أحدكم فليجب، فإن كان مفطراً فليطعم، وإن كان صائماً فليصل)
«Сендерден кім (асқа) шақырылса, шақыруды қабыл алсын. Ораза болмаса, тамақтансын. Ал ораза болса, оразасын жалғастырсын»2. Ханафи мен мәлики мәзһаптарында кім нәпіл намазға кірсе немесе нәпіл ораза ұстаса, аяғына жеткізуі ләзім. Егер бұзса, қазасын өтеуі уәжіп. Өйткені кез келген нәпіл амалдың мақсаты Аллаһ тағалаға жақындау. Олай болса, оның қадірін жоймай, қорғаған абзал. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: «Амалдарыңды жоймаңдар!»-дейді3. Имам Мәлік жеткізген хабарда Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(من صام متطوعا ثم أفطر من غير ضرورة فذلك الذي يلعب بدينه)
«Кім нәпіл ораза ұстап, сосын оны себепсіз үзсе, бұл кісі дінімен ойнап жүрген болды»4.
2 - Әбу Юсуптің көзқарасында нәпіл оразаларын себепті, себепсіз үзуге болады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(دخل عليّ النبي صلى اللّه عليه وسلم ذات يوم فقال: (هل عندكم شيء؟ فقلنا: لا. قال: فإني إذن صائم، ثم أتانا يوم آخر فقلنا: يا رسول اللّه أُهدي لنا حَيْس، فقال: أرينيه فلقد أصبحت صائماً، فأكل)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бір күні үйіме кіріп: «Жейтін бір нәрселерің бар ма?»-деп сұрады. Біз: “Жоқ”-деп жауап бердік. Ол: «Онда мен оразамын»-деді. Басқа бір күні келгенінде біз оған: «Әй, Аллаһтың елшісі, үйімізге тоң майға араласқан құрма әкелінді»-дедік. Ол: «Ораза болып таң атырған едім. Оны маған көрсетші»-деп, одан жеді»5.