
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Оразаның артықшылығы
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(الصيام جُنَّة، فلا يَرفُث ولا يجهل، وإن امرؤ قاتله أو شاتمه، فليقل إني صائم - مرتين - والذي نفسي بيده، لخلوف فم الصائم أطيب عند اللّه تعالى من ريح المسك)
«Ораза дегеніміз – қалқан. Ораза ұстаушы жаман сөз айтпасын және білместік жасамасын. Егер бір кісі оған төбелес ашса немесе тіл тигізсе, екі мәрте: “Негізінде, мен – оразамын”-десін. Жаным Өз қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін! Ораза ұстаушының ауыз иісі, Аллаһтың қасында, жұпар иісінен де жақсырақ»5.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты: «Адам баласының әр амалы еселенеді. Бір жақсылық оннан жеті жүзге шейін еселенеді. Аллаһ тағала айтады: «Алайда, оразаның сауап есебі – бөлек. Ораза – Мен үшін. Оның сыйы Өзіме байланысты. Мен үшін құмарлығы мен тамағын тастады». Ораза ұстаушы үшін екі қуаныш бар. Бір қуаныш аузын ашқанда, бір қуаныш Раббысына жолыққанда болады. Ораза ұстаушының ауыз иісі, Аллаһтың қасында, жұпар иісінен де жақсырақ»1.
Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
1 - Мұсылман болу.
2 - Кәмелетке толу. Алайда жеті жастағы бала намазға секілді ораза ұстауға бұйырыла бастайды. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ وَأْمُرْ أَهْلَكَ بِالصَّلَاةِ وَاصْطَبِرْ عَلَيْهَا ﴾
«Отбасыңа намаз (оқуларын) бұйыр! Әрі өзің де оған сабыр ет!»2.
Оң жасқа толғанда намаз секілді, ораза ұстамағаны үшін таяқталады. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді: «Балаларыңа намазды жеті жастарында бұйырыңдар және он жастарында намаз үшін таяқтаңдар, сондай-ақ оларды (бұл жаста) бөлек жатқызыңдар»3.
3 - Ақыл-ес дұрыс болу. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді: «Қалам үш адамның амалын жазбайды: ұйқыдағы адам, оянғанша; кәмелетке толмаған сәби; жындылығы басылмаған кісі»4.
Құлаққағыс: Талып қалған кісі, тіпті рамазан айы бойы ессіз болса, кейін оразаның қазасын толық өтейді. Өйткені мұндай ауруда әл-қуат әлсірегенмен, адам ақылынан айрылмайды. Рамазан айы бойы жындылығы басылмаған кісі қазасын өтемейді.
Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
1 - Десаулық. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضاً أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ﴾
«..Кім сендерден науқас немесе сапарда болса, басқа күндері қайтарады..»5.
2 - Әйел кісінің хайыз бен нифастан тазаруы.
3 - Тұрғылықты болу. Кім сапарда болса, ұстамаған күндерін кейін қайтарады. Алайда, кім сапарға ауыз бекіткен соң аттанса, сол күні аузын ашпайды.
Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
1 - Ниет. Ораза ұстау үшін ниет жүректің қалауымен және шешімімен жүзеге асады. Сәресіне тұру ниет саналады. Өйткені ниетті тілмен айту шарт емес, сүннет. Омар ибн ал-Хаттаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естіді:
(إنما الأعمال بالنيات، وإنما لكل امرئ ما نوى)
«Негізінде, іс-қимылдар ниеттермен байлаулы және әркімге ниеттенгені болады..»6.
Ниет түнде немесе таң ата жасалуы шарт. Хафса, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من لم يبيِّت الصيام من الليل فلا صيام له)
«Кім оразаға таң атпастан ниеттенбесе, оның оразасы болмайды»1.
Ханафи мәзһабіндағы ерекшелік, оразаға қатысты ниет екіге бөлінеді:
ә - Түнде жасалуы шарт ниет. Мұндай ниет уақыты бекітілмеген, алайда мұсылманның мойнына қарыз үкімімен байланған оразаларға жасалады. Ниетпен қатар қай ораза екені де баяндалады. Олар: рамазан оразасының қазасы, бұзып алған нәпіл оразаның қазасы, кәффарат оразалар және мутлақ нәзір ораза кіреді. Мутлақ нәзір ораза дегеніміз - біреудің: “Егер Аллаһ тағала ауруымды жазып жіберсе, бір күн ораза ұстаймын”-деп уәде беруімен уәжіп болған ораза.
б - Түнде жасалуы шарт емес ниет. Бұл айы немесе күні бекітілген оразаларға ғана қатысты. Сондай-ақ бұл оразалардың атауы ниет кезінде баяндалуы шарт емес. Мысалы, рамазан оразасы, уақыты белгілі нәзір ораза және белгілі күндері ұсталатын нәпіл оразалар. Бұл оразаларға ниет түннен бастап, дұха уақытына дейін жасалса болады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бір күні үйіме кіріп:
(هل عندكم شيء؟ فقلنا: لا. قال: فإني إذن صائم)
«Жейтін бір нәрселерің бар ма?»-деп сұрады. Біз: «Жоқ»-деп жауап бердік. Ол: «Онда мен оразамын»-деді2.
Құлаққағыс: Ханафи, шафиғи және ханбали мәзһаптарында рамазан оразасының әр күніне жеке ниет жасалуы шарт.
2 - Бұзатын нәрседен аман болуы.
ә - Саналы түрде жеп-ішу. Кім ұмытып жесе, оразасы бұзылмайды. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من أكل أو شرب ناسياً فلا يفطر فإنما هو رزق رزقه اللّه)
«Кім ұмытып тамақ жесе немесе су ішсе, аузын ашпасын. Расында, бұл - Аллаһтың оған берген ризығы»3.
Сондай-ақ алдыңғы және артқы жыныс жолдарына бір нәрсенің кіруі. Әйел кісі қынабына саусағын салса, немесе еркек пен әйелдің артқы жыныс жолына қызуөлшегіш немесе басқа бір нәрсе кіргізілсе, мұрын мен құлаққа бір тамшы су кетсе, ораза бұзылады. Өйткені ораза тек қана асқазанға емес, жалпы адамның денесінің ішкі жағына ешнәрсе бармауымен қорғалады.
а - Саналы түрде жұбайымен төсек қатынасына түсу. Кім бұны ұмытып істесе, оразасы бұзылмайды.
б - Өзін-өзі құстыру. Құсық өзі келсе, ораза бұзылмайды. Алайда келген құсықты саналы түрде жұтып қойса, мысалы, адамдардан қысылып, онда ораза бұзылып, кейін сол күннің қазасы өтеледі. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(من ذَرَعه القيء فليس عليه قضاء، ومن استقاء عمداً فليقض)
«Кімге құсық келсе, оразасының қазасын өтемейді. Ал саналы түрде өзін-өзі құстырса, қазасын өтейді»4.
3 - Дұрыстығын теріске шығаратын нәрседен аман болуы.
ә - Басқа діндегі кісінің немесе атеистің ұстауы. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿ لَئِنْ أَشْرَكْتَ لَيَحْبَطَنَّ عَمَلُكَ ﴾
«Егер ширк1 жасасаң, күдіксіз, амалың жойылады»2.
а - Әйел заты үшін хайыз бен нифастан тазару. Егер таң атқан соң тазарса, бұл күнгі оразасы дұрыс болмағанымен аузын ашпайды. Бірақ кейін сол күннің қазасын өтейді. Етеккірі ақшам азанын кейін басталған әйелдің сол күнгі оразасы дұрыс болады, тіпті аз уақыт өтсе де. Хайыз бен нифастан таң атпай тұрып тазарған әйелдің оразасы дұрыс болады, тіпті ғұсыл құйынып үлгермесе де. Өйткені ғұсыл оразаның дұрыстығына қажетті шарт емес. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم كان يدركه الفجر، وهو جنب من أهله، ثم يغتسل ويصوم)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) таң атқанда кейде (әйелінің қасынан) жүніп күйде шығатын. Сосын ғұсыл құйынып, оразасын ұстай беретін»3.