
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Он төртінші бөлім: Жаназа
Жаназа дегеніміз - табыттағы мәйіт.
Өлім сәтінде жатқан кісімен не істеуіміз сүннет?
1 - Оң жағымен жатқызу. Құбылаға қарайтындай басын сәл көтеріп, арқасына жатқызуға да болады. Әбу Қатада, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Мәдинаға келгенде адамдардан Барра ибн Маърур жайлы сұрайды. Олар: «Әй, Аллаһтың елшісі, ол дүниеден озды және сізге малының үштен бірін берілуі туралы өсиет тастады. Сонымен қатар өлім сәтінде жүзінің құбылаға бағытталуын өсиет етті»-дейді. Сонда Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(أصاب الفطرة، وقد رددت ثلثه على ولده)
«Сүннетке сай істеген екен. Маған арнаған үштен бір бөлігін оның баласына қайтарамын»1.
2 - Кәлимәні айтқызу. Әбу Саъид Әл-Хұдри, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لقنوا موتاكم لا إله إلا اللّه)
«Өлім сәтінде жатқан кісілеріңе «Лә иләһа иллаллаһу»-ді айтқызыңдар»2. «Кәлимәні айт»-деп бұйырылмайды. Алайда қасында отырған кісі, ол еститіндей, кәлиманы жиі-жиі өзі айтып отырады. Ол бұған еріп, кәлимәні өзі айтуы қажет. Өлім сәтінде жатқан кісі кәпір болса, оған кәлимәні айтуы бұйырылады. Яғни, «Әшһаду әллә иләһа илләллаһу уа әшһаду әннә Мухаммадан расулуллаһу»-деп айтуы қажет. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان غلام يهودي يخدم النبي صلى اللّه عليه وسلم فمرض فأتاه النبي صلى اللّه عليه وسلم يعوده فقعد عند رأسه فقال له: (أسلم، فنظر إلى أبيه وهو عنده، فقال له: أطع أبا القاسم صلى اللّه عليه وسلم. فأسلم فخرج النبي صلى اللّه عليه وسلم وهو يقول: الحمد للّه الذي أنقذه من النار)
Бір яһуди бала пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) қызмет жасайтын. Бір күні ол ауырып қалады. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) оның көңілін сұрауға барады. Баланың бас жағына отырып: «Исламды қабылда!»-дейді. Бала қасында тұрған әкесіне қарайды. Әкесі оған: «Әбуқасымді (саллаллаһу алайһи уа саллам) тыңда!»-дейді. Бала исламды қабылдайды. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) үйден шығарда былай дейді: «Бұл баланы оттан құтқарған Аллаһқа мақтау айтамын»3.
3 - Оған отбасының, сол секілді кіріп шыққан туыстары мен көршілерінің қызмет көрсетуі. Шөлдесе, су ішкізуі, Сондай-ақ оған Аллаһ тағаланың рахымын есіне түсіруі. Егер Аллаһ тағалаға қатысты теріс сөйлесе, ойын дұрыстап отырулары қажет.
4 - Бас жағына жақын отырып «Йасин» сүресін оқу. Маъқал ибн Ясар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(اقرؤوا على مواكم يس)
«Өлілеріңе (өлім үстінде жатқан кісілеріңе) «Йасин» сүресін оқыңдар»4,5
5 - Періштелер қатысуы үшін етеккір және жүніп күйдегі кісілердің шығып тұруы абзал.
Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
1 - «Расында, барлығымыз – Аллаһтікіміз. Және барлығымыз Аллаһқа ораламыз»-деп қабылдау. Арапша мәтіні:
(إِنَّا لِلّهِ وَإِنَّـا إِلَيْهِ رَاجِعونَ)
2 - Жалпақ таңғышпен екі жағының астынан басына дейін таңып қою.
3 - Марқұмның көзін жұмдыру. Шаддад ибн Аус, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا حضرتم موتاكم فأَغْمِضوا البصر، فإن البصر يتبع الروح. وقولوا خيراً، فإن الملائكة تؤمِّن على ما قال أهل البيت)
«Өлген кісінің қасында болсаңдар, көзін жұмдырыңдар. Шынында, көз (денеден шыққан) рухқа ереді. Сондай-ақ жақсы сөз айтыңдар. Өйткені періштелер отбасының дұғасына “әмин” айтады»1.
Көз жұмдырғанда мына дұға айтылады:
"بسم اللّه وعلى ملة رسول اللّه. اللّهم يسّر عليه أمره، وسهِّل عليه ما بعده، وأَسعِده بلقائك، واجعل ما خرج إليه خيراً مما خرج عنه"
«Аллаһтың атымен және Аллаһтың елшісінің сүннетіне сай. Аллаһым, ісіне жеңілдік жасап, бұдан (өлімнен) кейінгі жағдайын оңайлата көр. Сенімен кездесуі куанышты болсын. Кірген әлемін шыққан әлемінен жақсырақ қылшы».
Үмму Салама, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Әбу Салама көз жұмғанда Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) үйге кіріп, оның көзін жұмдырды. Сосын былай деді:
"اللّهم اغفر لأبي سلمة وارفع درجته في المهديين واخلفه في عقبه في الغابرين. واغفر لنا له يا رب العالمين. وافسح له في قبره. ونوّر له فيه"
«Аллаһым! Әбу Саламаны кешіріп, тура құлдарыңның арасында дәрежесін көтере гөр. Артында қалғандарға Өзің қамқор бол. Бізді де, оны да кешіре гөр. Қабірінің ішін кеңейтіп, нұрландыра гөр»2.
4 - Марқұмның үстіне жамылғы жабу. Жамылғы жабар алдын дәрігердің шақырылғаны жөн. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(سجّي رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم حين مات بثوب حبرة)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) көз жұмғанда оның үстіне жолақ киім жабылды»3.
5 - Ішіне, кеуіп көтерілмес үшін, ауыр зат қою. Анастың, Аллаһ тағала оған разы болсын, қызметшісі күн батқанда көз жұмады. Анас былай дейді:
(ضعوا على بطنه حديدة)
«Оның қарнына темір зат қойыңдар»-дейді4.
6 - Екі қолын екі жанына қою. Кітап иелері секілді қолдарын кеудесіне қоюға мүлде болмайды.
7 - Жуындыруға және кебіндеуге оңай болуы үшін, марқұмның дене буындары мен саусақтарын уқалап жұмсарту.
8 - Жаназа намазына қатысушылардың саны көп болуы үшін, өлімі жайлы адамдарға хабар беру. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم نعى زيداً وجعفراً وابن رواحة للناس قبل أن يأتيهم خبرهم)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Зайдтің, Жаъфардің және Ибн Раууаханың Аллаһ тағала оларға разы болсын, өлімі жайлы адамдарға хабар берді»1.
Марқұмның туыстары мен жолдастары Аллаһтың разылығы үшін, оның мойнында қалған парыздарының есесі мен қарыздарын көтереді.
9 - Марқұмды жаназа намазы мен жерлеу рәсіміне әзірлеу ісін тездету оған көрсетілетін құрмет. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) бұған қатысты былай деді:
(وعجلوا فإنه لا ينبغي لجيفة مسلم أن تحبس بين ظهراني أهله)
«Тездетіңдер! Мұсылманның денесі отбасының ортасында жатып қалуына мүлде болмайды»2.
Мәйіт нәжіс саналмайды. Оны қуаттайтын дәлелдер:
Айша анамыздан, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(رأيت رسول صلى اللّه عليه وسلم يقبّل عثمان بن مظعون وهو ميت حتى رأيت الدموع تسيل)
«Осман ибн Мазъун, Аллаһ тағала оған разы болсын, көз жұмғанда Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) оны сүйіп, көзінен жас аққанын көрдім»3.
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(المسلم لا ينجس حياً ولا ميتاً)
«Мұсылманның тәні тірі болсын, өлі болсын, нәжіс емес»4.
Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің былай дегенін айтты:
(لا تنجسوا موتاكم، فإن المسلم ليس بنجس حياً ولا ميتاً)
«Мәйіттеріңді нәжіс көрмеңдер. Өйткені мұсылман тірі болсын, өлі болсын, тәні нәжіс емес»5.