
- •Құлшылықтар фиқһы (Ханафи мәзһабы бойынша) Имам Әбу Ханифа ан-Нұғман
- •Таһарат (Тазалық) Бірінші бөлім: Таһарат
- •Екінші бөлім: Судың түрлері
- •1. Таза және тазалаушы су
- •2. Таза және тазалаушы, бірақ пайдалануы мәкруһ су
- •3. Таза, бірақ тазалаушы емес су.
- •4. Нәжістенген су
- •5. Таза, бірақ тазалығы күмәнды су
- •Су қоймасындағы және цистернадағы судың үкімі
- •Ішілгеннен қалған сулар
- •1. Таза және тазалаушы
- •3. Таза, бірақ, таза болғанымен қолданылуы мәкруһ
- •4. Таза, бірақ, тазалығында күмән бар
- •Іш дәреттің сүннеттері
- •Іш дәреттің мәкруһаттары
- •Истинжа
- •Дәреттің шарттары
- •Дәреттің парыздары
- •Дәреттің сүннеттері
- •14. Дене мүшелерін жуу арасында үзілістің болмауы. Дәреттің әдептері
- •Дәреттің мәкруһаттары
- •Дәретті бұзатын нәрселер
- •Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?
- •Шұлықтың үстіне мәсх жасау мәселесі
- •Алтыншы бөлім: Ғұсыл
- •Жетінші бөлім: Таяммум
- •Сегізінші бөлім: Хайыз, нифас және истихада
- •Намаз Екінші тарау: Намаз Бірінші бөлім: Намаз бөліміне кіріспе
- •Намаздың мақсаты
- •Намаз қашан парыз болды?
- •Намазды парыз ететін шарттар
- •Намаз тастаған адамның үкімі
- •Намаз уақыттары
- •Нәпіл намаздарын оқуға мәкруһ уақыттар
- •Өткізіп алынған намаздардың қазасын өтеу
- •Екінші бөлім: Азан мен қамат
- •Үшінші бөлім: Намаздың парыздары Намаздың сыртқы парыздары
- •Намаздың ішкі парыздары
- •Төртінші бөлім: Намаздың уәжіптері
- •Бесінші бөлім: Намаздың сүннеттері
- •12. Рүкүғтағы сүннетер.
- •21. Сәлем тілегенде қадағаланатын істер
- •Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері
- •Жетінші бөлім: Намаздың мәкрүһтәрі
- •Сегізінші бөлім: Намазды бұзатын нәрселер
- •Тоғызыншы бөлім: Сәжде түрлері Бірінші: Сәһу сәждесі
- •Екінші: Тиләуат сәждесі
- •Үшінші: Шүкір сәждесі
- •Оныншы бөлім: Үтір намазы
- •Он бірінші бөлім: Нәпіл намаздар Бірінші: Парыз намазына еруші нәпіл намаздар
- •Екінші: Парыз намаздарына ермейтін нәпіл намаздар
- •Он екінші бөлім: Жамағатпен оқылуы парыз намаздар
- •Айт намазының қазасы өтеле ме?
- •Ташриқ1 тәкбірлері
- •Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?
- •Екінші: Науқас кісінің намазы
- •Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
- •Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
- •Үшінші: Қауіп намазы
- •Он төртінші бөлім: Жаназа
- •Көз жұмған соң жасалатын сүннеттер
- •Мәйіттің алдындағы міндетіміз
- •Ораза Үшінші тарау: Оразалар Бірінші бөлім: Оразаға кіріспе
- •Шариғатқа енгізілу сыры
- •Оразаның артықшылығы
- •Оразаны жалпы парыз ететін шарттар
- •Ораза ұстауға мүмкіндік беретін шарттар
- •Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар
- •Екінші бөлім: Оразаның түрлері
- •Бірінші: Парыз ораза
- •Рамазан оразасы
- •Екінші: Уәжіп ораза
- •Үшінші: Сүннет ораза
- •Төртінші: Мәкрүһ ораза
- •Екінші бөлім: Иътикаф
- •Зекет Төртінші тарау: Зекет Бірінші бөлім: Зекет бөліміне кіріспе
- •Екінші бөлім: Зекет төленетін мал-мүлік түрлері
- •Бірінші: Жайылымдағы малдар
- •Екінші: Егістік пен бау-бақша өнімдері
- •Үшінші: Алтын мен күмістің зекеті
- •Төртінші: Пайдалы қазбалар мен қазына зекеті
- •Бесінші: Сауда тауарларының зекеті
- •Үшінші бөлім: Зекет берілетін адамдар
- •Төртінші бөлім: Пітір садақасы
- •Бесінші бөлім: Нәпіл садақалар1
- •Қажылық және умра Бірінші тарау: Қажылық Бірінші бөлім: Қажылық бөліміне кіріспе
- •Қажылық пен умраның исламдағы орындары
- •Екінші бөлім: Қажылықтың ішкі парыздары Бірінші ішкі парыз: Ихрам
- •Екінші ішкі парыз: Арафада тұру
- •Үшінші ішкі парыз: Тауаф ал-Ифада
- •Үшінші бөлім: Қажылықтың уәжіптері
- •Бірінші: Сафа мен Маруа арасында жасалатын жеңіл жүгіріс (Сағи)
- •Екінші: Муздалифада тұру
- •Үшінші: Тас лақтыру
- •Төртінші: Шаш қыру немесе шаш қидыру
- •Бесінші: Қоштасу тауафы
- •Төртінші бөлім: Қажылықтың сүннеттері
- •Бесінші бөлім: Қажылықтың түрлері
- •Алтыншы бөлім: Біреу үшін қажылық жасау
- •Екінші тарау: Умра Бірінші бөлім: Умраға кіріспе
- •Екінші бөлім: Ереже бұзушылық
- •Қажылық пен умраны атқаруды тоқтататын кедергілер
- •Төртінші бөлім: «Һади» малы
- •Бесінші бөлім: Құрбандық малы
- •Алтыншы бөлім: Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) мешітіне бару
- •Мәдинаның көрікті орындарын аралау
- •Қажылыққа барушы және оралушы кісіге қатысты әдептер Бірінші: Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер
- •Екінші: Қажылық сапарынан оралумен байланысты әдептер
Бесінші: Арқаға жатқанда ишара жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы
Басымен ишара жасауға шамасы келмейтін кісі намазын біраз уақытқа күші оралғанша кешіктіреді. Бұл - бес намаздың уақыты. Егер бес намаздың уақыты шығуға айналса, амал екі пәтуәнің біріне негізделеді. Бірінші пәтуә: Есі жоғалмаса, кейін қазасын өтейді. Есі жоғалса, мойнынан түседі. Екінші пәтуә: Есі жоғалмаса да, мойнынан түседі. Екінші пәтуә «Һидая» кітабінің иесі Әл-Марғилани ғалымның сөзі. Көпшіліктің ойы да осы пәтуәға негізделеді. Басымен ишара жасауға шамасы келмейтін кісі оны көзімен де, қастарымен де, жүрегімен де жасауға шамасын жоғалтады. Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(يصلي المريض قائماً، فإن لم يستطع فقاعداً فإن لم يستطع فعلى قفاه يومئ إيماء، فإن لم يستطع فاللّه أحق بقبول العذر منه)
«Науқас адам намазды тұрып оқиды. Оған шамасы келмесе, отырып оқиды. Оған шамасы келмесе, екі жамбасына жатып ишарамен оқиды. Оған да шамасы келмесе, оның үзірін қабыл ету - Аллаһтың құзіретінде».
Егер алты намаз бойы есі кірмесе, жындылықпен ауыратын кісі мен талып қалған кісінің жағдайы да осы пәтуаға негізделеді.
Намаз бен ораза мойыннан түсетін жағдайлар
1 - Ишара жасауға шамасы келмеген кісі сол күйі өліп кетсе, мойнында қарыз болмайды. Ауру немесе сапар үшін ауыз ашып, жазылмаған күйі немесе сапардан оралмаған күйі өмірден озған кісінің жағдайы да осылай.
2 - Намаздарын үзірсіз және үзірмен өткізген кісі оның қазасын өтеуіне мүмкіндік беретін бір тәуліктен аз уақыт өтпей өмірден озса. Ауру немесе сапар үшін ауыз ашып, жазылғанына немесе сапардан оралғанына біраз уақыт өтіп, сол уақыт ішінде қазасын өтеуі мүмкін бола тұра дүниеден озған кісінің артында қалған адамдарға парыздың есесін төлеулері өсиет етіледі. Тіпті үтір намазы үшін, өйткені ол - уәжіп. Сол секілді оразаның ұсталмаған әр күні үшін.
Парыздың есесін төлеу дегеніміз - жарты сағ2 ұнмен немесе бір сағ құрма, мейіз, арпа немесе оларды ақшалай беру жолымен міскінді тамақтандыру. Ақшалай берген абзал. Барлық қазаларының есесін бір ғана пақырға беруге де болады. Мұрагер кісі өзіне марқұм өсиет еткен мұраның үштен бірінен парыздың есесін төлейді. Төленетін ақшаның көлемі бұдан асса, асқан құнды төлеу міндет емес. Өсиет тастауға үлгермеген марқұм үшін мұрагердің өз малынан төлеген ақшасымен марқұмның мойнынан парыз түседі. Марқұм үшін оразасын немесе намазын қайтару дұрыс емес. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(لا يصلي أحد عن أحد ولا يصوم أحد عن أحد ولكن يطعم عنه مكان كل يوم مد من الحنطة)
«Ешкім біреу үшін ораза ұстамайды және ешкім біреу үшін намаз оқымайды. Алайда, оған біреудің әр күні үшін бір муд1 бидаймен (пақырды) тамақтандыруы қажет»2.
Үшінші: Қауіп намазы
Қауіп намазы Құранның мәтінімен және пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) сүннетімен бекіген. Мұндағы «қауіп» дегеніміз - қорқу емес, алайда жаудың көрінуі немесе қауіп төну.
Үкімі
Жау көрінгенде, кемені бату апатынан құтқару барысында, өрт сөндіру барысында парыз намаздарын қауіп намазы бейнесімен оқуға болады.
Аллаһ тағала Құран Кірімде айтады:
﴿وَإِذَا كُنتَ فِيهِمْ فَأَقَمْتَ لَهُمُ الصَّلاَةَ فَلْتَقُمْ طَآئِفَةٌ مِّنْهُم مَّعَكَ وَلْيَأْخُذُواْ أَسْلِحَتَهُمْ فَإِذَا سَجَدُواْ فَلْيَكُونُواْ مِن وَرَآئِكُمْ وَلْتَأْتِ طَآئِفَةٌ أُخْرَى لَمْ يُصَلُّواْ فَلْيُصَلُّواْ مَعَكَ وَلْيَأْخُذُواْ حِذْرَهُمْ وَأَسْلِحَتَهُمْ وَدَّ الَّذِينَ كَفَرُواْ لَوْ تَغْفُلُونَ عَنْ أَسْلِحَتِكُمْ وَأَمْتِعَتِكُمْ فَيَمِيلُونَ عَلَيْكُم مَّيْلَةً وَاحِدَةً﴾
«(Әй, пайғамбар!) Олардың арасында болып, намаздарына имамдық еткеніңде (екіге бөлген) топтың біреуі сенімен (қауіп намазын) оқысын. Және олар қаруларын қастарына алсын. Сәжде жасаған (намаз оқыған) соң артқа барып тұрсын. Сосын намаз оқымаған екінші топ келіп, сенімен намаз оқысын. Олар да сақтық жасап, қаруларын қастарына алсын. Бар күшімен сендерге тап берулері үшін, кәпірлер қаруларың мен жарақтарыңды ұмытуларыңды қалауда..»1.
Оқылу бейнесі
Мұсылмандарды жау аңдып тұрған уақыттарда пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) оқыған қауіп намазы жағдайлардың өзгешелігіне байланысты әртүрлі бейнелерде атқарылған болатын. Құранда келген бейнеге ең жақыны - келесі бейне: Жау көрінген жағдайда имам жауынгерлерді екі топқа бөледі. Бір топ қаруын қолына алып, жауды күзетеді. Олардың арттарына тұрған имам екінші топпен парыз намазын оқиды. Намаз төрт рәкат немесе ақшам болса, екі рәкәтін оқиды. Ал екі рәкат немесе жолаушы намазы болса, бір рәкат оқиды. Екі рәкат намазда имам екінші сәждеден басын көтергенде бұлар орындарынан тұрып, жауды күзету орнына барады. Ал төрт рәкат намазда бірінші ташаһһудтан кейін күзет орнына барады. Алайда, намаздары әлі аяқталмағандықтан, егер олар осы кезде көлікке мінсе немесе басқа тарапқа жүрсе, намаздары бұзылады. Бұлардың орнына, енді, бірінші топ келеді. Олар тахрим тәкбірін айтуларымен имамға қосылады. Имам бұл топпен намаздың қалған бөлігін аяқтайды. Намаз аяқталғанда имам ғана сәлем береді. Имамның сәлемінен кейін бұл топқа намаздың қалған бөлігін осы орындарында немесе күзет орнына барып толықтыруға болады. Бұлар намазға кейін қосылғандықтан, толықтыратын рәкәттәрінда Құран оқулары қажет. Екінші топқа да намаздарының қалған бөлігін не күзет орындарында, не намаз бастаған орындарына келіп толықтыруына болады. Олар намазды имаммен бірге бастағандықтан, толықтыратын рәкәттәрінда Құран оқымаса да болады. Кейін сәлемдерін беріп, бәрі майдан ісіне кіріседі.
Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(صلى رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم صلاة الخوف في بعض أيامه، فقامت طائفة معه وطائفة بإزاء العدو، فصلى بالذين معه ركعة ثم ذهبوا، وجاء الآخرون فصلى بهم ركعة، ثم قضت الطائفتان ركعة ركعة. قال: وقال ابن عمر: فإذا كان خوف أكثر من ذلك فصلِّ راكباً، أو قائماً تومئ إيماءاً)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) кейбір күндері қауіп намазын оқыған еді. Бір топ оған ұйып, бір топ жау тарапын күзететін. Өзімен қалған топпен бір рәкат оқып, олар күзет орнына баратын. Сосын оған екінші топ келіп, олармен бір рәкат оқитын. Сосын әр топ қалған рәкәттәрін өтейтін»1.
Жау шабуылының күштілігінен намазды бұл бейнеде оқу мүмкін болмаған жағдайда мұсылмандар намазды не тұрған жерлерінде, не көліктерінің үстінде кез келген бағытқа қарап оқуларына болады.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады:
﴿فَإنْ خِفْتُمْ فَرِجَالاً أَوْ رُكْبَاناً فَإِذَا أَمِنتُمْ فَاذْكُرُواْ اللّهَ كَمَا عَلَّمَكُم مَّا لَمْ تَكُونُواْ تَعْلَمُونَ﴾
«Егер қауіптенсеңдер, түрегеп немесе көлік үстінде (оқыңдар). Қашан бейбіт болсаңдар, Аллаһты өздеріңе білмеген нәрселерді үйреткеніндей еске алыңдар»2.