Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лшылы фиы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.53 Mб
Скачать

Екінші: Науқас кісінің намазы

Бірінші: Намаздың қиямына шамасы келмейтін науқастың намазы

1 - Қиямға мүлде тұра алмаса, немесе тұруы қиын болса, немесе білікті дәрігердің нұсқауымен түрегеп тұруы зиян болса, намазды отырып оқиды. Рүкүғ пен сәждені отырып жасайды. Имран ибн ал-Хасин, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كانت بي بواسير فسألت النبي صلى اللّه عليه وسلم عن الصلاة فقال: (صلِّ قائماً، فإن لم تستطع فقاعداً، فإن لم تستطع فعلى جنب)

Менің ісіктер (немесе геморрой) болатын. Пайғамбардан (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазым жайлы сұрадым. Ол: «Намазды түрегеп оқы. Егер шамаң келмесе, отырып оқы. Оған да шамаң келмесе, жамбасыңа жатып оқы»-деді1.

2 - Қиямға тұра алса, шамасы келгенше тұрып оқиды.

3 - Намазды жамағатпен атқару үшін шығуға шамасы келмегенмен үйінде түрегеп оқуға шамасы келсе, үйінде жалғыз оқиды.

4 - Отырып оқуы үзірінің шықпауына пайдалы болса, ал түрегеп оқуы үзіріне зиян тигізсе, отырып оқиды.

5 - Намазға тұрғанда денесі сау болып, кейін түрегеп тұруға шамасы келмей бір жері ауырса, отырып оқиды.

Екінші: Рүкүғ пен сәжде жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы

Рүкүғ пен сәжде жасауға шамасы келмегенімен отыруға шамасы келген кісі намазын отырып оқиды, тіпті бір нәрсеге сүйеніп отырса да. Рүкүғ пен сәжденің орнына басымен ишара жасайды. Сәжде ишарасы рүкүғ ишарасынан төмендеу жасалады. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сахабаларының бірінің көңілін сұрауға барғанда оған былай деді:

(إن استطعت أن تسجد على الأرض وإلا فأومِ إيماء، واجعل سجودك أخفض من ركوعك)

«Шамаң келсе, сәждені жерге тигізіп жаса. Ал шамаң келмесе, ишарамен жаса және сәжде ишарасын рүкүғ ишарасынан төменірек жасайтын бол»2.

Рүкүғ пен сәждені ишарамен жасап жүрген кісі уақыт өте толық жасай алатынын намаз үстінде байқаса, намазын қайта бастап оқиды.

Үшінші: Сәжде жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы

Сәжде жасай алмағанымен қиям мен рүкүғ жасауға шамасы келетін кісі рүкүғ пен сәждені ишарамен жасайды. Рүкүғ пен сәжде ишаралары бір деңгейде жасалса, сәжденің мәні болмағандықтан намазы дұрыс болмайды. Сонымен қатар сәжде орнына бір нәрсені маңдайына көтеріп тигізуге болмайды. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(من استطاع منكم أن يسجد فليسجد، ومن لم يستطع فلا يرفع إلى جبهته شيئاً يسجد عليه ولكن ركوعه وسجوده يومئ إيماءً)

«Кім сәжде жасауға шамасы келсе, сәждені толық жасасын. Ал шамасы келмеген кісі сәжде орнына бір нәрсені маңдайына тигізуге көтермесін, алайда рүкүғі мен сәждесін ишарамен жасасын»3.

Сәжде жасай алғанымен маңдайында немесе мұрнында жара болса, оны жерге тигізу шарт емес. Бұл жағдайда да ишарамен жасайды.

Төртінші: Отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы

Отыруға шамасы келмейтін кісі намазды бір нәрсеге сүйеніп отырып оқиды. Бұған да шамасы келмесе, арқасына жатып, немесе оң жамбасына жатып, ол ауыр болса, сол жамбасына жатып намазды ишарамен оқиды. Ең абзалы - арқаға жатып оқу. Өйткені бұл қалып - намазды құбылаға бағытталып оқуға әбден қолайлы. Басының астына жастық қоюы ишара жасауға ыңғайлы болады. Әли ибн Әбу Талип, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(يصلي المريض قائماً إن استطاع، فإن لم يستطع أن يصلي قاعداً صلى على جنبه الأيمن مستقبل القبلة، فإن لم يستطع أن يصلي على جنبه الأيمن صلى مستلقياً ورجلاه مما يلي القبلة)

«Науқас адам шамасы келсе, намазды тұрып оқиды. Егер оған шамасы келмесе, отырып оқиды. Отырып оқуға шамасы келмесе, құбылаға бағытталған күйде оң жамбасына жатып оқиды. Оң жамбасына жатып оқуға шамасы келмесе, екі аяғы құбылаға бағытталған қалыпта арқасына жатып оқиды»1. Негізінде, екі аяғын құбылаға созбау үшін, намазды арқасына жатып оқитын кісі тізелерін көтеріп ұстағаны абзал.